★ФАКУЛЬТЕТ

«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті

5кафедра
59оқытушы
22бағдарлама

Факультет туралы

Жалпы мәліметтер

Факультет 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет құрамындағы «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультеті болып құрылды. 2006 жылдың тамыз айынан, «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультеті. М. Әуезов атындағы университет құрамындағы мұнай және газ институт болып қайта құрылды.

Институт құрамында 5 кафедра болды. 2009 жылы тамыз айынан бастап мұнай және газ институты мен техникалық институт базасында «Құрылыс,машина жасау және көлік факультететі» болып біріктірілді.

2011 жылдың наурыз айынан 19-шы жұлдызынан білім беру сапасын жақсарту мен мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында «Құрылыс,машина жасау және көлік» факультететі «Құрылыс және көлік» және «Механика және мұнайгаз ісі» факультеттері болып екіге бөлінді. Факультет құрамында 5 кафедра бар.

1. Механика және машинажасау кафедрасы;

2. Мұнайгаз ісі кафедрасы;

3. Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы;

4. Стандарттау және сертификаттау кафедрасы

5. Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика кафедрасы.

Миссия

Факультеттің миссиясы-заманауи нарық талаптарына және халықаралық стандарттарға жауап беретін машина жасау және мұнай-газ индустриясындағы жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер үшін кадрлар даярлау болып табылады.

Заманауи білім беру технологияларын енгізу және факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік қызметін үнемі жетілдіру негізінде тұтынушылардың талаптарына жауап беретін машина жасау және мұнай-газ мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандарды, бакалаврлар мен магистранттарды даярлау сапасын арттыру.

Факультет түлектерінің білім беру қызметтерінің жаһандық нарығында және Қазақстан Республикасының кадр нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау мақсатында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің өсуін қамтамасыз ету.

Машина жасау және мұнай-газ саласы бойынша мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған бірлескен қызметті жүргізу мақсатында Батыстың жетекші университеттерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнату жолымен әлемдік білім беру процесіне ықпалдасу.

Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс беруші кәсіпорындармен байланысты кеңейту. Іргелі техникалық білімді жоғары адамгершілікпен, руханилықпен және патриотизммен үйлестіретін мамандар даярлауды жүзеге асыру.

Профессор-оқытушы құрамы

Қазiргi таңда факультеттің 5 кафедрасында оқытушылар құрамының жалпы саны 108 болса, олардың iшiнде 15 ғылым докторлары, профессорлар, 39 ғылым кандидаттары мен доценттері бар.

Олардың ішінде ҚР білім және ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері т.ғ.д., профессор Надиров К.С., ҚР инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Айнабеков А.И. және ҚР «Шарыктау» фондының премия иегері, т.ғ.к., доцент Жантасов М.К. қызмет атқарып келеді.

Білім беру бағдарламалары

Механика және мұнай-газ ісі факультеті бакалавриаттың 12 білім беру бағдарламасы, магистратураның 8 білім беру бағдарламасы және PhD докторантураның 2 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Бакалавриат

  1. 6В07120 - Машинажасау
  2. 6В07121 - Машинажасау технологиясы
  3. 6В07122 - Құю өндірісі және металдарды қысыммен өңдеу
  4. 6В07180- Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
  5. 6В07181 - Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары
  6. 6В07182 - Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары
  7. 6B07210 - Мұнайгаз ісі
  8. 6B07211 - Мұнайгаз ісі
  9. 6B07215 - Мұнай және газ өндіру объектілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету
  10. 6B07216 - Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын пайдалану
  11. 6В07510 - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  12. 6В07513 - Метрология

Магистратура

  1. 7M07120 – Машинажасау
  2. 7M07123 - Машинажасаудағы 3D-модельдеу
  3. 7M07180 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
  4. 7M07183 - Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының технологиялық машиналары мен жабдықтары
  5. 7М07210 – Мұнайгаз ісі
  6. 7М07212 – Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде басқару
  7. 7M07510 - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  8. 7M07513 - Метрология

Докторантура

  1. 8D07210 - Мұнайгаз инжинирингі
  2. 8D07180 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)


8D07120 – Машинажасау

Студенттік өмір

Жыл сайын факультет студенттерінің оқытудың барлық түрлері бойынша контингенті өсуде. Олардың барлығы оқу-әдістемелік әдебиеттер қорымен, компьютерлік сыныптармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен, жеткілікті аудиториялық қормен қамтамасыз етілген.

Студенттердің қарамағында спорт залдары, стадиондар мен жүзу бассейндері бар.
Факультетіміздің студент жастарының алдыңғы қатарлы топтары үшін оқу жоспарының бірқатар пәндерін ағылшын тілінде оқытатын топтар ашылды.

Сабақты жақсы тілдік базасы бар, арнайы тілдік курстарда, сондай-ақ университеттің Лингвистикалық орталығында оқудан өткен оқытушылар жүргізеді.
Факультетте әр түрлі бағыттағы тұрақты шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді: хореографиялық ансамбльдер, КТК ("Балдырған" және "В корпусы" командалары университетте ең мықты болып табылады және облыс пен республикада барған сайын үлкен танымалдылыққа ие болады).
Факультет студенттері "Ақиқат"дебат клубының мүшелері болып табылады.

Бізде 3 ғылыми үйірме жұмыс істейді. Ал факультеттің спорт командасы көптеген студенттік спартакиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.
Қазіргі уақытта факультетте 1060-қа жуық студент оқиды.
Механика және мұнай-газ ісі факультетінің студенттері университеттегі ең тату ұжымдардың бірі болып табылады деп асыра айтпай-ақ айтуға болады.

М.Ауезов атындагы "Механика және мұнай газ ісі" факультетінің белсенді студенттері Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды!

«ЗИЯТКЕР-2024»: «МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттер арасында өткен «Зияткер» интеллектуалды ойыны мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Факультетаралық танымдық сайысқа 15 команда қатысып, өз білімдерін көрсетті. Екі күндік білім сайысы тартысты да, қызықты өтті.

Танымдық сайысты өткізудегі басты мақсат – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, бос уақыттарын мазмұнды өткізу, дарынды студенттерге қолдау жасау, тұлғалық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Қорытынды есепте, «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің «ММГ» командасы 1 орын алып, өздерінің үздік екенін дәлелдеді, 2 орын «Филология» факультетінің «Кербез» командасына бұйырды. Үшінші орынға «Заң» факультетінің «Фемида» командасы лайық деп танылды. «Кербез» командасынан Жасмин Кемелхан «Үздік капитан», «Фемидадан»

Эмиль Сейдахметов «Үздік ойыншы» атанды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хат және сертификат табысталды. «ММГ» командасы алдағы жылы өтетін өңірлік сайысқа жолдама алды.

"Механика және мұнай газ ісі" факультетінде "Жарқын жол - студенттік шақ" атты 1-курс студенттеріне арналған арнау кеші

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары

Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша студенттерді сапалы оқыту үшін факультетте мамандандырылған зертханалар жұмыс істейді:" Имитациялық Тренажер: АМТ-41 ұңғымаларын күрделі жөндеу"," машина жасау технологиясы зертханасы"," машиналар және жабдықтар технологиясы зертханасы " және компьютерлік сыныптар.

"Ғылым арқылы" оқыту мамандарды даярлауда маңызды фактор болып табылады. Факультетте машина жасау және мұнай-газ ісінің перспективалық бағыттары бойынша ғылыми орталықтар, СҒҚ, ҰҚК дамып, жұмыс істейді.

Талапкерге

Талапкерге

Факультет деканы

т.ғ.к., доцент Байысбай Өмірбек Пернебайұлы 87252-21-19-30

«Мұнайгаз ісі» кафедра меңгерушісі

т.ғ.к., доцент Жантасов Манап Курманбекович 87252- 30-05-70

«Механика және машинажасау» кафедра меңгерушісі

PhD, доцент Ибрагимова Зауре Асилбековна 87252- 30-09-70

«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедра меңгерушісі

т.ғ.к. Хусанов Алишер Евадиллаевич 87252- 21-19-79

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедра меңгерушісі

т.ғ.к., доцент Тулекбаева Айжамал Қонысбайқызы 87252- 30-07-63

«Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедра меңгерушісі

ф-м.ғ.к., доцент Утенов Науат Мырзанович 87252- 30-02-49

Білім беру бағдарламалары

Факультет бағыттары бойынша докторантура бағдарламалары нақтылануда. Ақпарат деканатпен келісілгеннен кейін жарияланады.

Ғылым

2023 жылдың «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ЕСЕБІ

1. Университеттің мемлекеттік бюжеттік тақырыптық жоспарына сәйкес келесі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар орындалуда: 8

  1. ГБ НИР-21-07-01 «Тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде менеджмент жүйелерін жобалау әдістемесі» Ғылыми жетекшілер: т.ғ.к., доцент Тулекбаева А.К.
  1. ГБ НИР 21 -08- 01 «Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарында метрологияның ғылыми аспектілерін және өндірістерді, сынақтар мен өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз етуді практикалық қолдануды жетілдіру». Ғылыми жетекшілер:т.ғ.д., профессор Бекибаев Н.С., т.ғ.к, доцент Алтынбеков Р. Ф.
  2. ГБ НИР-21-05-05 «Пайдалану жағдайларын ескере отырып, машиналар мен механизмдердің беріктігі мен беріктігін болжаудың ғылыми-техникалық негіздерін зерттеу және беріктігін арттыру әдістерін әзірлеу» Ғылыми жетекшілер: т.ғ.д., профессор Айнабеков А.И. Бөлім орындаушылар:т.ғ.д., профессор Арапов Б.Р., т.ғ.д., профессор В.Н. Печерский, т.ғ.д., профессор Сейтказенова К.К., т.ғ.д., профессор Сулейменов У.С.
  1. ГБ НИР-21-06-05 «Қалыптастыру және беткі беріктендіру процестері негізінде сапа мен ұзақ мерзімділікті арттыру мақсатында машина бөлшектері мен механизмдерін өңдеудің технологиялық процестерін зерттеу». Ғылыми жетекшілер: т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.
  2. 5. ГБ НИР 21-04-05 «Жоғары тиімді жылу-масса алмасу аппараттары мен жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы құрылғыларды құрастыру және есептеу әдістемесін әзірлеу».Ғылыми жетекшілер: т.ғ.д., профессор Волненко А.А.
  3. ГБ НИР-21-03-04. «Ұңғымаларды бұрғылаудың, мұнай мен газды өндірудің, дайындаудың және тасымалдаудың жаңа технологияларын әзірлеу». Ғылыми жетекшілер: х.ғ.д., профессор Надиров К.С.
  4. ГБ 21-06-01. «Математиканы оқыту әдістемесін жетілдіру». Ғылыми жетекшілер: к.п.н., доцент Жунисбекова Д.А.
  5. ГБ 21-05-01. «Қазіргі жағдайда жоғары мектеп студенттерін физикаға оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері». Ғылыми жетекшілер: п.ғ.д., профессор Пономаренко Е.В.
  1. Қаржыландыратын гранттар бойынша ҒЗЖ тақырыптары:

    ҚР БжҒМ ҒК тарапынан гранттық қаржыландыру тақырыптары 2023 жылында ҚР БжҒМ 2021-2023 жж. тапсырысы бойынша келесі гранттық жобаларды қаржыландыруы басталды: 4

  1. «Мұнай-газ саласы үшін коммерциялық реагенттер ала отырып, мақта гудронын қайта өңдеу» (Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Надиров К.С., жобаның қаржыландыру соммасы 50 млн. тенге, 2023жылға 24 млн тенге);
  2. «Байланыс аймағындағы температураны реттеу мүмкіндігімен ағындардың құйынды өзара әрекеттесу әдісін жасау және оның негізінде газ тазарту жүйелерін құру» (Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Волненко А.А., жобаның қаржыландыру соммасы 21,14 млн. тенге, 2023жылға 13,7 млн тенге)
  3. «Магистральдық құбырлардың коррозиясынан электрохимиялық қорғауды бақылау және басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесін әзірлеу».(Ғылыми жетекшілер: т.ғ.к., доцент Хусанов Ж.Е., жобаның қаржыландыру соммасы 16,1 млн. тенге, 2023жылға 5 млн тенге)
  4. «Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және өндірістік аумақтық кешендердің энергия тиімділігін арттыру үшін интеграцияланған технологияларды қолдану». (Ғылыми жетекшілер:Ph.D., доцент Калдыбаева Б.М., жобаның қаржыландыру соммасы млн. тенге, 2023жылға17,84 млн тенге)

2023 жылында ҚР БжҒМ 2022-2024 жж. тапсырысы бойынша келесі гранттық жобаларды қаржыландыруы басталды: 2

  1. «Парафинді мұнайды тасымалдау үшін депрессорлық мақсаттағы химиялық реагенттерді алу», (Ғылыми жетекшісі Х.ғ. д., профессор К. С. Надиров, қаржыландырудың жалпы сомасы 65 000 000 теңгені құрайды. 2023 жылға 12 млн. теңге.)
  2. «Сейсмикалық аудандарда пайдаланылатын мұнайға арналған магистральдық құбырлардың ресурсын арттыру». (Ғылыми жетекшісі Т.ғ. к., доцент А. Б. Молдағалиев, қаржыландырудың жалпы сомасы 49 541 184 теңгені құрайды. 2022 жылға 28,45 млн. теңге.)
  1. Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша: жоқ
  2. Шаруашылық келісім-шарт орындалатын ҒЗЖ тақырыптары. - жоқ
  3. ҒЗЖ нақты қаржыландыру – жалпы факультет бойынша 114 млн. 677мың. тенге («Мұнайгаз ісі» кафедрасы -36 млн.тенге; «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы – 21,68 млн.тенге; «Механика және машинажасау» кафедрасы- 6,5 млн.тенге; «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасы – 32,653 млн.тенге).
  4. Университет басымды бағыттар бойынща болып саналатын ҒЗЖ орындалатын жобалар мен бағдарламалар - жоқ

«Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ҒЗЖ тақырыптарының қаржыландыру сипаттамасы


7. Гранттарды алу, түрлі бағдарламалар конкурстарына қатысу бойынша факультеттің жұмысын талдау:
10

«Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің 2022-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға берілген тақырыптар тізімі

  1. «Модифицирленген госсипол шайырын қолдану арқылы бұрғылау ерітінділерін алу технологиясын әзірлеу» (құны 15 млн. т.), жет. К. С. Нади-ров х. ғ. д., проф., каф.Мұнайгаз ісі.
  2. «ҚР БҒМ жаңа материалдар алу мақсатында мақта майын қайта өңдеу қалдықтарынан мемсипол алу» конкурсына берілді(құны 12 млн. т.), жет. Надиров К. С. х. ғ. д., профессор
  3. «Жергілікті шикізатты пайдалана отырып, сұйық, газ тәрізді және қатты пайдалы қазбаларға ұңғымаларды бұрғылау процестерін қарқындату үшін модификацияланған ерітіндінің компоненттерін алу технологиясы». (Жобаның құны 120 млн.т., жетекшісі х. ғ. д., профессор Надиров К. С.).
  4. «Импульстік жану камераларындағы жану теориясының заңдылықтарын зерттеу» Жет. Бондаренко В. П. к. т.н., доценті. Каф. «МГІ».
  5. «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған болат тік цилиндрлік резервтердің динамикасын зерттеу және сейсмикалық аудандар үшін конструктивтік шешім әзірлеу». Жет. Айнабеков А. И., т. ғ. д., профессор 32 млн. теңге.
  6. «Ұзақ пайдалану кезінде құбыр металының қасиеттерінің тозуын ескере отырып, магистральдық құбырлардың жұмыс істеу қабілетін зерттеу және олардың беріктігін, ұзақ мерзімін және қирауға қарсылығын бағалау бойынша салалық стандартты әзірлеу». Жет. Айнабеков А. И., т. ғ. д., профессор 30 млн. теңге.
  7. «Сыртқы жылу жеткізумен қос әрекетті қозғалтқыштың тәжірибелік үлгісін жасау». Жет. Арапов Б. Р., т. ғ. д., профессор 21 млн. теңге.
  8. «Топырақтың біртектілігі мен реологиялық қасиеттерін есепке алуды қамтамасыз ететін механиканың математикалық модельдерін жасау». Жет. Дасибеков А. Д., т. ғ. д., профессор 12 млн. теңге.
  9. «Топырақ консоциясының сызықты емес есептерінің механико-математикалық модельдерін әзірлеу» (жетекшісі т. ғ. д., проф. Дасибеков А.Д., қаржыландыру 21 млн теңге);
  10. «Мұнай мен газды жинау және дайындау жүйесі құбыржолдарын тоттанудан қорғау үшін жабындарды алу». жет. проф, т. ғ. к. Жантасов М. К.
  11. «Мұнайды кәсіптік дайындау үшін реагенттерді алу технологиясын әзірлеу».жет. PhD, доцент Шуханова Ж. К.

Халықаралық байланыс

Факультеттің миссиясы-заманауи нарық талаптарына және халықаралық стандарттарға жауап беретін машина жасау және мұнай-газ индустриясындағы жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер үшін кадрлар даярлау болып табылады.

Студенттік өмір

Бөлім материалдарын факультет дайындайды.

Университеттің студенттік өмірі Студенттік ғылым

«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі

2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»

Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орт

Факультет түлегі – Азия ойындарының чемпионы!

Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің түлегі, Қазақстанның мақтанышы Софья Берульцеваны 2026 жылғы Азия ойындарында каратэ

«Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің негізі»: студенттермен кездесу өтті

10 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы оқу әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы, «Механика, машина ж

«Жеңіске бірге қадам басамыз!» — Шымкент марафонында

Шымкент қаласында салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған марафон өтті. Спорттық шараға университетім

Байланыс

Байысбай Омирбек Пернебаевич

Декан, к.т.н., доцент

  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Декан орынбасарлары

—

  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.