
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры
Философия докторы (PhD), профессор
ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі
Басшылық, Ғылыми кеңес, Оқу-әдістемелік кеңес және университет бөлімшелері.

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры
Философия докторы (PhD), профессор
ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі

Сарыкулов Курмангалы Рахимбердиевич
Басқарма мүшесі-бірінші проректор,
заң ғылымдарының кандидаты, доцентТолығырақ

Құдретуллаева Рысгүл Орынбасарқызы
Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Карбозова Гүлнара Күмісбеккызы
Басқарма мүшесі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
Толығырақ

Бурибаев Жолдас Алладинович
Басқарма мүшесі, Цифрлық трансформация жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
Толығырақ

Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы
Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының кандидатыТолығырақ

Бейсенбаев Садыбек Калмаханұлы
Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторыТолығырақ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ғылыми кеңесі
Ғалым хатшы: п.ғ.к., доцент
Нуралиева Артык Жарылкасыновна
Телефон:+7 (7252) 21-19-87, 8-778-945-28-58
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУЗ-дың Ғылыми кеңесі сайланбалы өкілетті орган ретінде университетте жалпы басшылық атқарып, жоғары оқу орнын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Ғылыми Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың Жарғысын, сондай-ақ , жоғары оқу орны Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережелерін (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.11.07 жылғы № 574 бұйрығы) басшылыққа алады.
Ғылыми Кеңестің отырыстары тиісті оқу жылында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.
Ғылыми Кеңес қызметінің мақсаттары: университетті дамытудың басымдықтары мен принциптерін жасау, бітірушілерді сапалы дайындау үшін заңнамалық құрылым әзірлеу, материалды ресурстар мен жұмыскерлердің біліктілігін, ұжымның нәтижелі қызметін сақтау және ұлғайту.
Ғылыми Кеңестің құзіретіне:
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ 2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ХАБАРЛАНДЫРУЛАРЫ
Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер бойынша проректор, ф-м.ғ.к. оқу - әдістемелік кеңестің төрағасы Иманғалиев Е.И.
Әдістемелік кеңесінің хатшысы э.ғ.к., профессор Куланова Д.А.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-әдістемелік кеңесінің 2024-2025 оқу жылына жұмыс жоспары ОӘК құрамының бұйрығы 2025
Негізгі қызметі
Оку-әдістемелік кеңес М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің коллегиялық басқару органының бірі болып саналады, қоғамға қажетті оқытушылар мен студенттерді қанағаттанарлық деңгейін талдау негізінде университетте әдістемелік жұмыстарды үлестіреді. ОӘК мамандарды кәсіптік дайындаудағы оқу үрдісінің сапасын және тиімділігін арттыру бағытындағы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады.
Қызметінің нормативтік негіздері
Оқу-әдістемелік кеңес өз қызмет бабында:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңын,
2. 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы № 644 ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу-әдістемелік кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін,
3. 2015 жылғы 9 қазанында Ғылыми кеңес мақұлдаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің сапа саласындағы саясатын басшылыққа алады
Оқу-әдістемелік кеңесінің негізгі міндеттері
Негізгі міндеттері:
1) Оқу үрдістегі әдістемелік қамтамасыз етудің мониторингін ұйымдастыру;
2) Университетте шығарылатын оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми- әдістемелік әдебиеттерді, көмекші құралдарды және басқа материалдарды сараптамадан өткізіп ұсынуды ұйымдастыру және жоспарлау;
3) Университетте оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
4) Факультеттерде (жоғары мектептерде) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;
5) Оқу үрдісінің мазмұнын талдау, педагогикалық және ғылыми кадрларды аттестациялау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
6) Сапа менеджмент жүйесін дамыту және оқу үрдісіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
7) Факультеттердегі (жоғары мектептердегі) әдістемелік жұмыстарды үлестіру;
8) Кафедраларда оқыту әдістерді, технологияларды, құралдарды жетілдіру және жаңаларын енгізу жұмыстарды ұйымдастыру;
9) Педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;
10) Білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
11) Білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестациялауға қатысу.
Қызметінің негізгі бағыттары
Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
1) білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандаттары талаптарын ескере отырып, оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;
2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
3) жеке пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және қолдау;
4) кафедраларда оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
5) университетте әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды еңгізу
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды түрде және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру;
7) білім және өндіріс технологиялардың алдыңғы қатарлы бағыттарды болжамдау негізінде мамандарының тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;
8) оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге педагог қызметкерлеріне практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
9) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;
10) пререквизит пен постреквезиттерді бекіту;
11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
12) білім алушылардың білімін бақылау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін сараптамадан өткізу және әзірлеу мәселелерін шешу;
13) оқытушының қолдауымен өткізілетін өзіндік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;
14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, көрмелер, презентациялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

ОӘК құрылымы және қалыптасу ережелері
Оку-әдістемелік кеңесті оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор – төраға басқарады.
Оку-әдістемелік кеңес мүшелерінен ашық дауысы арқылы хатшы сайланады.
Кеңестің жұмысы кеңестің отырысында қабылдаған және білім беру ұйымның бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
ОӘК құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, факультет (жоғары мектеп) декандары, ҒЗжХБ бойынша проректоры, оқу-әдістемелік бірлестіктің жетекшісі және т.б. кіреді.
Кеңестің құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
ОӘК жұмысын ұйымдастыру
Оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысы кеңестің отырысында қабылданған және университет ректоры бекіткен жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
ОӘК отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен оқу-әдістемелік кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
ОӘК шешімдері факультеттердің (жоғары мектептердің) және кафедралардың әдістемелік органдарына міндетті болып келеді.
Егер кеңестің отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда оқу-әдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады.
Кеңестің төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нәтижелері туралы университеттің Ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.
ОӘК әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.
Мәжілістің күн тәртібіндегі қарастырылатын сұрақтар ОӘК хатшысына бір апта бұрын тапсырылады. Хатшы ағымдағы ақпараттарды ОӘК сайтына орналастырады.
Өзара байланыстар
Оқу-әдістемелік кеңес факультеттердің (жоғары мектептердің) әдістемелік комиссияларымен (жоғары мектептердің инновациялық оқыту технологиялары және әдістемелік қамтамасыздандыру комиттеттерімен), кафедралардағы әдістемелік жұмысқа жауаптылармен байланысады, жұмыстарын бақылайды және қадағалайды.
PDFУниверситеттің оқу-әдістемелік кеңесіне ұсынылатын құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Бізбен хабарласыңыз — қажетті ақпаратты табуға көмектесеміз.