Тілдерді дамыту бөлімі

Auezov University құрылымдық бөлімшесі.

Бет бөлімдері

М.Әуезов атындағы ОҚУ Тілдерді дамыту бөлімі :

  • қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шетел тілдерін оқыту бағдарламаларын;

  • аударма қызметтерін (қазақ, орыс, ағылшын);

  • ағылшын тілінде дәріс жүргізетін профессор-оқытушылар құрамы мен пәндерді ағылшын тілінде оқитын білім алушылар үшін кеңес беру қызметтерін ұсынады, ұйымдастырады және өткізеді.

Жетекшісі

Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы-п.ғ.м.,аға оқытушы, қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында өткен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», 2008ж.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ-ның қолдауымен Германия Федеративтік Республикасы Дюссельдорф қаласының INTAMT халықаралық бөлімінде «Жоғары білім аймағындағы университет педагогикасы мен әдістемесінің инновациясы» атты біліктілікті арттыру тағылымдамасынан өтіп, арнайы сертификат алды.(2013ж.)

«М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік тіл маманы» номинациясының иегері, (2016ж.)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ә.Қабаевтың атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды. (2022ж.)

Бірнеше ғылыми -танымдық журналдарда, қоғамдық-саяси газеттерде мақалалары жарық көрген. «Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың технологиялары», атты облыстық семинар-тренингте, «Қазақстан білім қоғамы жолында: ғылым, білім және мәдениет дамуындағы инновациялық бағыты»халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» атты семинарларда университет, қалалық, облыстық деңгейлерде ұйымдастырылып жатқан іс-шараларда баяндама жасап, Алғыс хаттармен марапатталған.

«QAZAQTANU» Республикалық ғылыми журналына « Қазақ және ағылшын тілдерінде төрт-түлікке қатысты метафоролар мен идиомалардың қолданылуы» атты мақаласы жарық көрді. (2022ж.)

«Шымкент Келбеті» қоғамдық-саяси газетіне «Жастардың тілі неге шұбарлануда? атты мақаласы жарық көрді. (2023ж.)

А.Ә. Жамантаеваның 30-дан аса ғылыми-әдістемелік жарияланымдары жарық көрген, оның ішінде 1 оқу-әдістемелік құралы бар .

«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» орден белгісі берілген.(2022ж.)

Қызметкерлері мен оқытушылары

Тілдерді дамыту бөлімінің барлық оқытушылары түрлі бағытта ұлттық, халықаралық бағдарламалар бойынша білім алушыларды оқытуда сөздіктер, бағдарламалар, оқу жоспарларын әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие.

Бөлімде ағылшын тілі курсының оқытушысы шетелдік университетте тағылымдамадан өтіп келген. Халықаралық түрлі сертификаттарға ие. Сабақтарды әр деңгей бойынша авторлық оқу бағдарламаларын түрлі әдістер мен ойындар арқылы жүргізеді. Сонымен қатар, Голландиялық және Пәкістандық оқытушылар да сабақ береді.

Ахмед Уакар

Ағылшын тілінің оқытушысы.

Тұңғышбек Аружан

Ағылшын тілінің оқытушысы.

Костер Рензе

Ағылшын тілінің оқытушысы.

Мураталиева Галия Аманқызы

Ағылшын тілінің оқытушысы.

Базарбеков Әлқуат Шағайұлы

Қазақ тілі аудармашысы.

Cейдикерим Нұргүлсім Бахытқызы

Мемлекеттік тіл бойынша жоғары білікті маман.

Исабаева Райхан Дауылбаевна

Жоғары білікті маман.

Жалпы ақпарат

Тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерін, яғни үш тілді меңгеру саясатын жүзеге асыру мақсатында ОҚМУ Ғылыми Кеңесініңшешімімен 2005 жылы Лингвистикалық орталық болып құрылған. 2012 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік тілді дамыту орталығының бірігуі нәтижесінде Тілдерді дамыту орталығы болып аталды. Ал 2013 жылдың қарашасынан Ғылыми-зерттеу басқармасына қарап, Тілдерді дамыту бөлімі болып аталды. Тілдерді дамыту бөлімі 2015-2017 жылдар аралығында Инновациялық қызмет жөніндегі проректорға бағынып, Индустриалды-инновациялық даму орталығына қарайтын. 2017 жылдың 28 тамызынан бастап, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің құрамына өтіп, Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға бағынды. 2019 жылдан бастап Тілдерді дамыту бөлімі Болон процесі және Академиялық ұтқырлық орталығының құрамына еніп, Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректорға бағынады.

Тілдерді дамыту бөлімінің негізгі мақсаты мен міндеттері төмендегі жұмыс бағыттарынан тұрады:

  • Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару тілі ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;

  • Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, ішкі және сыртқы құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілу барысын қадағалау;

  • Мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру;

  • Білім алушылардың еңбек нарығындағы ұтқырлығы мен бейімділігін дамыту, оларды лингвистикалық капиталды байыту арқылы заманауи қоғамға бағыттау.

Бөлім әрбір жеке тұлғаның тіл үйренуде, өз кәсіби саласында қолдануда, шығармашылық жолында, студенттерді оқытуда, ауыз екі сөйлесу арқылы тілдік қарым-қатынас жасауда, оқу, жазу ,түсіну, тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда тіл үйренушілердің қажетті лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандырады.

Тілдерді дамыту бөлімі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құрылымы болып табылады. Ол университеттің Бас ғимаратында орналасып, барлық ақпараттық ресурстармен, қазіргі мультимедиалық тілдік зертханалар мен және ыңғайлы дәрісханалармен қамтамасыз етілген. Бөлім оқу бағдарламалары ұлттық және халықаралық деңгейге сәйкес әзірленген.

Тілдерді дамыту бөлімі жыл сайын 30-дан астам тілдік бағдарлама ұсынады және төмендегі құрылымдық бөлімшелер мен факультеттер мен байланыс жасайды.

ОҚУ білім алушылары мен оқытушылары үшін арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кеңес беру мен көмек көрсету

Қазіргі кезде университетте педагогикалық, инженерлік-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарының 27 білім беру бағаттары бойынша 13 факультет/жоғары мектептерде ағылшын тілінде сабақ жүргізіледі. Бұл пәндерді ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистрлер жүргізеді.

Тілдерді дамыту бөлімі бойынша ұсынылған әдістемелік құралдар:
    • Жоғарғы оқу орны оқытушылары мен менеджерлері үшін қысқаша қазақша-орысша-ағылшынша тілдескіш.

    • Аккредитация бойынша терминдер сөздігі (қазақша-орысша-ағылшынша)

    • «Classroom games»оқу әдістемелік құрал.

Курстарда оқыту
  • Тіл курстарында ОПҚ, қызметкерлер, магистранттар мен студенттер оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларын білікті және тәжірибелі оқытушылардың көмегі мен жетілдіреді.

  • Грамматика бойынша курстарда дұрыс айтылу мен сөйлеуде түрлі тілдік дағдыларды қолданады.

  • Тыңдаушылар қай тілді оқыса, сол елдің мәдениеті мен дәстүрінен хабардар болады.

Топ құрамы

  • Топтағы тыңдаушылардың саны-12-18

  • Қазақ тілін меңгеру дәрежесіне қарай А1-қарапайым деңгей, А2-базалық деңгей, В1-орта деңгей, В2-ортадан жоғары деңгей, С1- жоғары деңгейдегі топтарға бөлінеді.

  • Ағылшын тілін меңгеру дәрежесіне қарай бастапқы (Beginner, Elementarу), орта (Pre-intermеdiate), жалғастырушы (Intermеdiate, Upper- Intermеdiate)

  • TOEFL, IELTS халықаралық емтихандарға дайындық топтары.

  • Кәсіби бағдарланған ағылшын тілі курстарындағы әр топта 12-18 тыңдаушы оқытылады. Мұнда ағылшын тілін де арнайы пәндерді оқыту кезінде әрбір тыңдаушыға жеке-жеке көңіл бөлінеді.

  • Орыс тілін меңгеру бастапқы және орта деңгейлері дәрежесінен басталады.

  • Сабақтар жыл бойы жүргізіледі.

Қабылдау туралы ақпарат

  • Университет бойынша 13 факультет/жоғары мектеп деканаттарына қызметтік хаттар таратылады.

  • Әлуметтік желілер арқылы университет инста парақшасы @auezov_university, академиялық ұтқырлық орталығының инста парақшасы @auezov_mobility_academic және Тілдерді дамыту бөлімінің @auezov_language_department инста парақшасына тіл курстарына шақырту бойынша хабарландырулар жарияланады.

  • Тыңдаушылар диагностикалық тест тапсырып, оның қорытындысы бойынша тиісті деңгейдегі топқа қабылданады.

  • Тіл курстары ақылы және ақысыз негізде ұйымдастырылады.

  • Курстар тілді толық және жылдам меңгеру үшін аптасына 3/5 рет 2 академиялық сағат бойынша жүргізіледі.

Қолдау көрсету қызметтері
  • ТДБ бағдарламалары ақысыз диагностикалық тестілеуді қамтамасыз етеді, түрлі тілдер мен халықаралық бағдарламалар бойынша тегін кеңес бередіжәне оқып үйренуге көмектеседі.

  • Білім алушылар, ОПҚ мен қызметкерлер университет куәлігімен кітапханаларды, компьютерлік тілдік зертханаларды және ТДБ-ның басқа да ресурстарын пайдалана алады.

  • Тыңдаушылар тіл курсының соңында қорытынды емтихан тапсырып, сертификатқа ие болады.

Байланыс ақпараты

Инстаграм:@auezov_language_department

Е-mail: lсukgu@уаndeх.ru

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен хабарласыңыз — қажетті ақпаратты табуға көмектесеміз.