
Университеттің Медиа орталығы – жаңалықтың жүрегі
Біз университет өмірін бейнелейміз: фото, видео, тікелей эфирлер және контент!Біз туралы
Медиа орталық туралы
Медиа орталық – университеттің ақпараттық-шығармашылық орталығы.
Біз оқу ордасындағы барлық маңызды оқиғаларды фото мен видео форматта жариялаймыз, SMM және PR бағытында жұмыс істейміз.
Креативті командамыз
Біздің мамандар – кәсіби операторлар, монтаждаушылар, дизайнерлер мен редакторлар.
|
|
Медиа орталық басшысы Керімқұлова Айгүл Керімбайқызы |
|
Телестудия басшысы |
Маханбетов Талғат Ермаханұлы |
|
Қалтай Бекжан Алтайұлы |
Жоғары білікті маман, инженер-технолог |
|
Кучкаров Асылбек Адикулуғли |
жоғары білікті маман, мобилограф |
|
Тұрғынбеков Мақсат Дәулетұлы |
оператор |
|
Хусаинов Мейірман Үсенұлы |
фотограф |
|
Намиев Амангелді Эралыұлы |
Жоғары білікті маман, аналитик |
|
Усенов Шыңғыс Қобланұлы |
жоғары білікті маман, инженер-бағдарламашы |
|
Турдалиев Жандос Қалдыбайұлы |
жоғары білікті маман, веб-дизайнер |
|
Заббарова Неиля Ринатовна |
жоғары білікті маман, дизайнер |
|
Турсынбаева Эльвира Талгатовна |
жоғары білікті маман, веб-дизайнер |
|
Аязбаев Абай Тілеубайұлы |
жоғары білікті маман, режиссер |
|
Оразбаев Дәнекер Нұрмаханбетұлы |
жоғары білікті маман, сценарист |
|
Әділбек Әлия Анарбекқызы |
жоғары білікті маман, "Әуезов университеті" газетінің редакторы, журналист |
|
Самат Данеля Саматқызы |
жоғары білікті маман, аудармашы |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Медиа орталығы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің имиджін жақсарту, ақпараттық саясатын жүргізу Қоғаммен байланыс және мәдениет проректорына қарасты Медиа орталығына жүктелген. 2019 жылдың қараша айында ашылған орталықтың бүгінде ауқымы кеңейіп, онда Медиа, Телестудия және радио, Фотостудия, PR-бөлімі және «Университет» газеті жұмыс істейді.
Міндеті:
Медиа орталығының креативті тобының ең маңызды міндеттерінің бірі – университет құрылымдарынан келіп түскен ақпараттар легін жинақтап, өңдеп БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тарату. Сонымен қатар:
- университеттің жағымды медиа бейнесін қалыптастыру;
- университеттің ақпараттық саясатын қалыптастыру;
- республикалық және өңірлік ресми бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара әрекеттесу;
- жалпы университет және онда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- мерзімді басылымдарды, блог саласын, әлеуметтік желілерді, виртуалды қауымдастықтарды, видеохостингті қамтитын университеттің БАҚ қызметін үйлестіру;
-университет қызметі туралы ақпараттық және жарнамалық материалдардың таратылуын қамтамасыз ету.
-пресс-конференциялар, брифингтер, медиа киттер, университеттің құрылымдық бөлімдері басшыларымен БАҚ-та сұхбаттар ұйымдастыру.

Біздің жобалар
Телестудия өнімдері. Auezov TV FM, @JASTAR_LIVE арқылы университет қабырғасында өтетін іс-шаралар, халықаралық конференциялар мен форумдар, байқауларға Телестудия мамандары видиотүсірілім жасайды және тікелей трансляция жүргізеді. Бұдан бөлек, заманауи құрылғылармен жабдықталған Телестудияда студенттер «Журналист күнделігі», «Жастар алаңы», «Бірлік» (шет ел азаматтармен жұмыс жасайтын UNITY клубтың ақпараттандыру бағдарламасы, «Сыр-сұхбат» (Қазақстандағы танымал тұлғалар) Жастар радиосында түрлі тақырыпта сұхбаттар жүргізеді.
Біздің жобалар


Сайт
https://auezov.edu.kz/ сайты күнделікті ақпараттарды тұрақты әрі жедел таратып келеді.
2500+
Күнделікті қаралым саны
750000+
Салынған ақпараттар саны

Сұрақтарыңыз бар ма?
Бізбен хабарласыңыз — қажетті ақпаратты табуға көмектесеміз.










