Өнер және шығармашылық

Университеттің театры, мұражайы, көркемөнер студиясы, Жетіасар, баспа қызметі, теле-радио орталығы.

Бет бөлімдері

Театр

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультетінде студенттерге арналған 2 театр жұмыс істейді. Қойылым үшін №8 оқу ғимаратында 400 орынға арналған театр сахнасы жасақталған.

«ДУМАН» халықтық жастар театры – 2004 жылы «Мәдени-тынығу және сахналық қызмет» кафедрасы жанынан құралған. Театрдың көркемдік жетекшісі – Азамат Әбдіқадыров, режиссері – Ерлан Ақылбеков.

Жетістіктері:

2014 жылы Павлодар қаласында «Студенттік театр» фестивалінде II орын алды (Жетекші: А. Емкулова);
2024 жылы Қарағанды қаласы Е. Букетов атындағы университетте өткен Республикалық пәндік олимпиадада бас жүлде жеңіп алды (Жетекші: Е. Ақылбеков, Д. Мұсақұлова);
2024 жылы Түркістан облысында өткен театрлар арасындағы фестивалде I орын алды (Жетекші: Е. Ақылбеков, А. Әбдіқадыров)
2025 жылы Алматыда Абай атындағы ҰПУ «Студент және Сахна» студенттік театр фестивалінде жүлделі II орын алды (Жетекші: Е. Ақылбеков, А. Әбдіқадыров)
2025жылы Семейде Шәкәрім университетінде өткен «Адамдық борышың» студенттік театр фестивалінде бас жүлде иегері атанды (Жетекші: Е. Ақылбеков, А. Әбдіқадыров);

Соңғы 3 жылда сахналанған қойылымдар:

«Мен Таулықпын», авторы – М. Мақатаев; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Ұлым, саған айтамын...», авторы – Б. Беделхан; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Бейкүнә Бейтаныстар», авторы – Ф. Болонья, аударған және режиссері – Е. Ақылбеков.

«9» , авторы – Р. Роуз.

«Мұражай түні», авторы – М.Тренк; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Жабайы тіршілік», авторы – О. Нигро; режиссері: О. Уәлиханов.

«Тіл табысқандар», авторы – Мар Байжиев; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Ақымақтың қойын дәптері», авторы және режиссері – Е. Ақылбеков.

«Менің атым Қожа», авторы – Б. Соқпақбаев; режиссері: Е. Ақылбеков.

«Жансебіл», авторы – Ж. Қорғасбек; режиссері: Е. Ақылбеков.

«ӨРКЕН» студенттік театр-студиясы «Өнер» кафедрасы жанынан құралған. Студенттік театры 2010 жылдың наурыз айында аталмыш факультеттің сахнасында ресми түрде ашылып, содан бері тұрақты түрде жылына кем дегенде 7-8 қойылым қойып, көрермен алдына шығып жүр. Театрдың негізгі мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді өткізу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ жастарды тәрбиелік мәні бар қойылымдар арқылы тәрбиелеу.

Театрдың көркемдік жетекшісі: «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Еркебұлан Жолдасов. Режиссері – оқытушы Керім Мүтәлі. Әр жылда театр қабырғасында ойнайтын студенттер саны өзгеріп отырады. Қазіргі таңда театрда нақты 40-қа жуық студент өнерін шыңдап жүр. Жетістіктері:
2010 жыл – қалалық «Балауса» жас театр үйірмелер арасындағы сайыста В.Шукшиннің «Микроскоп» қойылымымен «Үздік режиссура» номинациясының иегері;
2016 жыл – Ақтөбе қаласында өткен «Балауса» театрлар фестивалінде «Үздік классикалық қойылым» номинациясының және «Үздік классикалық образ» номинацияларының жеңімпазы;
2022 жыл – Түркістан қаласында өткен Халықаралық «Өнер» фестивалінде «Гран при» иегері. (У.Голдинг «Шыбын ғұмыр»)
2023 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінің «Гран при» иегері; (М.Әуезов «Көксерек» қойылымы);
2023 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінің «Үздік режиссура» номинациясының иегері (режиссер Жолдасов Е.);
2023 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінде театр актрисасы Елшібек Шұғыла «Үздік актриса» номинациясын жеңді;
2024 жыл – Алматы қаласы «Абай атындағы Ұлттық Өнер университеті» ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Студент және сахна» Республикалық театрлар фестивалінде «Бас жүлде» иегері. (У.Голдинг «Шыбын ғұмыр»)

Соңғы 3 жылда театр қабырғасында қойылған қойылымдар
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» спектаклі. 2023 жыл, мамыр (режиссері Е.Жолдасов)
Е.Жолдасов «Дезертир» спектаклі.2024 жыл, қыркүйек (режиссері Е.Жолдасов)
И.Меччи «Арыстан патша» мюзиклі. 2024 жыл, қазан (режиссері Е.Жолдасов)
М.Омарова «Ақтастағы Ахико» спектаклі. 2024 жыл, қазан. (режиссері Е.Жолдасов);
И.Меччи «Арыстан патша» мюзиклі. 2025 жыл, қазан (режиссерлері Е.Жолдасов, Медетов А.);
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» спектаклі. 2025 жыл, мамыр. Сарыағаш қаласы гастроль (режиссері Е.Жолдасов);
Е.Жолдасов «Жатақхананың жігіттері» комедиясы. 2025 жыл, желтоқсан (режиссерлері Е.Жолдасов. Мүтәлі Ә.).

Музей

Мұражай тарихы 1983 жылдан басталады. 1998 жылы ОҚТУ мен ОҚГУ бірігіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті құрылған соң екі музейді біріктіру шешімі қабылданды. 2003 жылы музей толығымен уақыт талабына сай стильде, өзіндік дизайнмен қайта құрылып, бас ғимараттың бірінші қабатынан бөлме берілді. Музейдің дизайн жобасын танымал сәулетші Мәлік Сапарғалиев жасады. Жалпы мұражай заманауи үлгіде капсула пішінде мамандандырылған арнайы мұражай болып есептеледі.

Мұражайға 5 мыңнан астам көне жәдігер қойылған. Атапа айтқанда:

-Өлкенің жоғарғы техникалық және педагогикалық білімінің қалытасуына елеулі үлес қосқан атақты ғалымдар, профессорлар, доценттер туралы мәліметтер қойылған;

-Студенттердің әр түрлі уақытта оқыған пәндер жиынтығын және оны оқыту әдістемемелері жәдігер етіп сақталған;

-Университеттің әр жылдарда болған атақты түлектері туралы деректер бар;

-«Ислам және заман», «Bulding amerikas», «Presions heritage», «Санкт-Петербург», «Түркия туралы», «Созақ елі» секілді жәдігер кітаптар қоры жинақталған.

-Музейдің бұл бұрышы қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытатын киіз үй жабдықтары мен ұлттық тұрмыстық заттар арқылы ерекше атмосфера қалыптастырады. Экспозициядан келушілер халқымыздың салт-дәстүрі, шеберлік өнері мен тұрмыс-тіршілігін терең сезіне алады. Ұлттық нақыштағы бұл бұрыш – жастарға рухани тәрбие беріп, ата-бабаларымыздың өмір салты мен өнерін насихаттауға бағытталған құнды мәдени орын болып табылады.

Музейдегі 2 сенсорлы интерактивті экран арқылы жәдігерлермен де танысуға болады. Жылына музейге орта есеппен 6000 адам келеді (Қазақстан, алыс-жақын шет елдерден қонақтар, зиял қауым өкілдері, ғалымдар, студенттер, мектеп оқушылары).

Көркемөнер студиясы

Шығармашылық кәсіптер орталығында студенттерге арналған дыбыс жазу студиясы, би (хореография), студенттік сән театры (дефиле), көңілді тапқырлар клубы, вокал, вокалды-аспаптар ансамбль (ВИА) үйірмелері бар. Бұл үйірмелердің сапалы өтуі үшін А оқу корпусында арнайы жабдықталған шығармашылық кабинет қарастырылған.

Шығармашылық үйірмелерге жоғары мектептер мен факультеттерден 2022-2023 оқу жылында – 565, 2024-2025 оқу жылында – 600 студент қамтылды. Үйірмеге қатысқан студенттер үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.

Шығармашылық кәсіптер орталығының КТК (көңілділер, тапқырлар клубы) жетекшісі О.Уәлиханов бастаған «Мадемуазель» құрама командасы «Жайдарман» лигасында Чемпион, ІІ республикалық «NOMADLIGA» ойынында Вице- чемпион, Шымкент қалалық «ЖАЙДАРМАН» лигасында Чемпион атанды. 2023 жылы «Мисс Шымкент-2023» байқауында ММГ-20-1к1 тобының студенті А.Арыстан «ТОП-10» үздіктер қатарына қосылып, финалға өтті. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылар «Жас талант» «Жыл аруы» «Студенттік көктем» байқауларда жүлделі орындардан көрініп келеді

Жетіасар

«Жетіасар» шығармашылық орталығы – «Мәдениет және өнер» факультетінде (№8 оқу ғимараты) орналасқан. Орталық шеберхана мен көрме залынан тұратын ұлттық қолданбалы өнерді насихаттауға бағытталған, студенттердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Шеберханада студенттерге тоқыма кілем тоқу, гобелен, киіз басу, ши тоқу секілді дәстүрлі өнер түрлері практикалық негізде үйретіледі. Сондай-ақ түрлі материалдарды қолдану әдістері көрсетіліп, шығармашылық композиция негізінде бұйымдар жасау және шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Көрме залында танымал суретшілердің жұмыстары мен студенттердің семестр бойы жасаған үздік туындыларының көрмелері тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Баспа қызметі

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да Баспа орталығы 2001 жылдың 27 қарашасынан бастап жұмыс істейді. Орталықтың мақсаттары мен міндетері:

- ведомстволық әдебиеттерді (оқу-әдістемелік әдебиеттерді, оқу кұралдарын, оқулықтарды және т.б.), ішківедомстволық материалдарды (бланк өнімдерін, әдістемелік нұсқауларды және т. б.), баспадан дайындау және шығару;

-университет үшін белгіленген баспа өнімдерінің түрлерін жоғары сапалы деңгейде дайындау және шығару.

Теле-радио

Университеттің имидждік саясатын жүзеге асыру, профессор-оқытушылар мен студенттердің жетістіктерін көрсетуде медиа қызметі орталығы жұмыс істейді. Медиа орталықта заман талабына толық сай жабдықталған теле және радиостудия жұмыс істейді.

Телестудияда қонақтар, жетістікке жеткен профессор-оқытушылар мен студенттермен түрлі бағытта подкастар түсіріледі. Тәжірибелі ғалымдар туралы деректі фильмдер түсіріледі. Ақпарат, подкаст, сұхбат, деректі фильмдер Auezov TV FM YouTube арнасы (https://www.youtube.com/channel/UC9k_Ww1un7ff2m8GuD0ZV0w/videos) арқылы таралады. Auezov TV FM жазылушы саны – 6860, жалпы қаралым саны 460 166, бейнемазмұн саны – 800. Телестудияда ғылыми іс-шара, конференция, форумдар, мерекелік іс-шараларға тікелей трансляция жасалады.

Студенттерге JASTAR LIVE ютуб каналдарында https://www.youtube.com/channel/UCeuGad1CGoJ4NXS6uCHwSuA/videos) студенттердің практикалық тәжірибелері, жарнамалық роликтер, «Менің факультетім», «Сыр-сұқбат», «Практикалық жұмыс», «Жастар алаңы», «Біздің әңгіме», «Жастар көзімен», «AuesTime» бағдарламалары журналистика мамандығының студенттерімен бірлесе дайындалады. «COURSERA» (оқытушылар, студенттер) бойынша 2025 жылы 50-ден аса бейне лекциялар дайындалды.

2025 жылдың желтоқсан айында радио іске қосылды. Қазіргі таңда студенттер «Қайырлы күн», «Топ үздік әндер», «Жүрегіңді тыңда» жобаларын жүргізуде. Қосымша мәлімет ресми сайтта: https://auezov.edu.kz/kaz/%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%B0-%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%96-%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен хабарласыңыз — қажетті ақпаратты табуға көмектесеміз.