Университет инфрақұрылымы

Конференц-залдар, кампустың фото және бейнегалереясы.

Бет бөлімдері

Конференция залдары

Академик С.Т. Сүлейменов атындағы мәжіліс залы – университеттің ғылыми-интеллектуалдық орталықтарының бірі. Бұл залда маңызды шешімдер қабылданатын Ғылыми кеңестің отырыстары, халықаралық және республикалық деңгейдегі форумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен сарапшыларының ашық дәрістері мен тәжірибе алмасу кездесулері де осы алаңда ұйымдастырылады. Зал заманауи мультимедиалық құралдармен жабдықталған, ғылыми пікір алмасу мен талқылауларға ыңғайлы жағдай жасалған.

Халықаралық зал — университеттің жаһандық байланыстарын дамытуға арналған маңызды алаң. Бұл жерде шет елдік қонақтармен, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерімен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілерімен ресми кездесулер, келіссөздер, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімдері өтеді.

Диссертациялық кеңес залы – ғылым саласында маңызды академиялық іс-шаралар өтетін арнайы жабдықталған орын. Бұл залда диссертация қорғау рәсімдері өткізіледі (магистрлік, PhD, докторлық); ғылыми жобаларды талқылау, сараптау, ұсыныстар беру секілді жындар Zoom байланыс арқылы жүзеге асады. Зал мультимедиалық құралдармен (проектор, микрофон, дыбыс жүйесі) жабдықталып, ресми форматқа сай жабдықталған.

Жас ғалымдар залы – университет қабырғасындағы ғылыми-академиялық және халықаралық іс-шараларды өткізуге арналған маңызды алаң. Университеттегі іс-шаралар, кеңестер, жас ғалымдармен кездесулер, тәжірибе алмасу семинарлары, еліміздегі, шет елдегі қонақтармен кездесулер, шет елдік ЖОО, ғылыми институттар өкілдері, Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті елшілерімен халықаралық ынтымақтастық кездесулері өткізіледі.

Фотогалерея

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ бас ғимарат, Тәуке хан даңғ, 5

Конференция залы, Бас ғимарат 340

Конференция залы, Бас ғимарат 340

№1 жатақхана, Жандосов көшесі. 3А

Ақ зал, бас ғимарат, 250 Б

STEM лаборатория

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызмет, Бас ғимарат 121 кабинет

«Денсаулық» спорт кешені, Тәуке хан даңғ, 30

Әскери кафедра, Рысқұлбеков көш, 3Б

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ бас ғимарат, Тәуке хан даңғ, 5

Диссертациялық зал, бас ғимарат

«Денсаулық» спорт кешені бокс залы, Тәуке хан даңғ, 30

Колледж. Рысқұлбеков көшесі, 5-3

В оқу ғимараты,Тәуке хан даңғылы, 5

В оқу ғимараты,Тәуке хан даңғылы, 5

Халықаралық зал

«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы, Бас ғимарат

Ақпараттық білім беру орталығы, Бас ғимарат

"Денсаулық" Спорт кешені, бассейн

N4 жатақхана, Желтоқсан көшесі, 14

N7 оқу ғмараты, Байтұрсынов көшесі, 354

N8 оқу ғимараты, Қонаев даңғылы, 68

N8 оқу ғимараты, Қонаев даңғылы, 68

N9 оқу ғимараты, Дулати көшесі, 198​

А оқу ғимараты, Иляев көшесі, 8​

Г оқу ғимараты,Тәуке хан даңғылы, 5

Фойе 1 қабат, Бас ғимарат

Фойе, 2-қабат, Бас ғимарат

Бас ғимарат фойесі

Қосымша білім беру орталығы, Бас ғимарат

№5 жатақхана, Дулати көшесі, 200 Б

Бассейн. "Денсаулық" СК, Тәуке хан даңғылы, 30

Жас ғалымдар залы, 250Б, Бас ғимарат

Концерт залы, Бас ғимарат, 2 қабат

Концерт залы, бас ғимарат

Концерт залы

Концерт залы

Видеогалерея

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізбен хабарласыңыз — қажетті ақпаратты табуға көмектесеміз.