★ЖОҒАРЫ МЕКТЕП

Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі

6кафедра
123оқытушы
23бағдарлама

Факультет туралы

Жалпы мәліметтер

Компьютерлік инженерия және Энергетика жоғары мектебі

Компьютерлік инженерия және Энергетика жоғары мектебі өзінің бастауын 1962 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасының ашылуымен және «Химия-технологиялық өндірістерді автоматттандыру және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдауымен байланыстырады.

Бастапқыда кафедра Механикалық факультет құрамында болған. 1982 жылы «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасынан «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасы жеке кафедра болып бөлініп шықты және 1989 жылы осы кафедрада «Химиялық кибернетика» мамандығы ашылды.

1982-1988 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институтында «Автоматтандыру және тоңазытқыш техникасы» факультеті жұмыс атқарды. 1991 жылы «Химиялық технологиялар және кибернетика» факультеті құрылды.

1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультеті ресми түрде ашылды.

2002 жылы Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер факультетінде 5 мамандық бар болатын, оның ішіндегі 3 мамандыққа «Информатика» және «Электр энергетикасы» қосылды, 2 жылдан кейін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы ашылды.

50 жылдан астам тарихы бар факультетте 8 мамандық бойынша жоғары білімді 5 мыңнан астам мамандар білім алып шықты, 82 ғылым кандидаттары және 10 ғылым докторлары даярланды.

Іс жүзінде Шымкент және Тараз қалаларының химиялық кәсіпорындарын 90% автоматтандыру инженерлерімен қамтамасыз етуде, сонымен қатар банк жүйесінде, Шымкент қаласындағы өнеркәсіп ақпараттық жүйелердегі инженер-бағдарламалаушы қызметін атқарушы мамандардың жартысынан көбі факультет түлектері болып табылады.

1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультетін т.ғ.д., профессор Ескендиров Шәріпжан Заханұлы басқарды.

1999-2001 жылдары факультет деканы болып ф-м.ғ.к., доцент Бименов Мырзағали Аязұлы тағайындалды.

2001-2004 жылдары т.ғ.д., профессор Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы факультетке басшылық жасады.

2004-2008 жылдары ф-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Төребай Әбдірахманұлы факультет деканы болып қызмет атқарды.

2008-2009 жылдары факультет деканы (сол уақытта АТТАжЭ институт директоры) ф-м.ғ.к., доцент Медетбекова Рыскүл Әшімәліқызы болды.

2009-2019 жылдары факультет деканы ф-м.ғ.к., доцент Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы болып, қызмет атқарды.

2020-2024 жылдан Жоғары мектеп деканы қызметін к.т.н., доцент Шертаев Ерман Тельманұлы болып, қызмет атқарды.

2024 жылдан Жоғары мектеп деканы қызметін п.ғ.д., профессор Әжібеков Қанат Жубандыкұлы болып қызмет атқаруда.

2012 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар» факультеті болып өзгертілді.

2014 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі болып өзгертілді.

2026 жылы факультет атауы «Компьютерлік инженерия және Энергетика» жоғары мектебі болып өзгертілді.

Профессор-оқытушылар құрамында 11 ғылым докторы, 21 доцент пен ғылым кандидаттары, 14 PhD докторы, 4 жоғары мектеп еңбек сіңірген қайраткері және 6 ҚР ЖОО үздік оқытушысы бар. Жоғары Мектеп ұжымы, студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше бағытта ғылыми зерттерулер жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда Жоғары Мектепте тәлім алатын студенттердің жалпы саны – 1859, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 1264.

Жоғары Мектеп студенттері және магистранттары Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Малазия және Түркия жоғары оқу орындарында оқып жүр. Оқудағы үздік білімі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ғылыми ізденістері үшін Жоғары Мектептің 12 студентіне – Президенттік шәкіртақы тағайындалды.

Қазіргі уақытта Жоғары мектепте 6В06140-«Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6В06141-«Виртуалды шындықты модельдеу және құру», 6В07110-«Автоматтандыру және басқару», 6В06130-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06120-«Ақпараттық жүйелер», 6В06121-«Жасанды интеллект технологиялары», 6В06150-«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік», 6В07150-«Электр энергетикасы», 6В07140-«Жылу энергетикасы», 6В06210-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша мамандар дайындалуда.

Жоғары Мектепке қарасты кафедралардағы оқу үрдісі фундаменталды физика-математикалық дайындықты көздейтін және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, прогрессивті ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде құрылған.

Миссия

Біз жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыруға, зерттеушілік ойлау мен мәдениетті тарататын көшбасшыны дайындауға бағытталғанбыз.

Білім беру бағдарламалары

6В07150-Электроэнергетика6В07110-Автоматтандыру және басқару6В06210-Радиотехника,электроника және телекоммуникациялар6В06120-Ақпараттық жүйелер6В06121 - Жасанды интеллект технологиялары6В06141-«Виртуалды шындықты модельдеу және құру6В06150– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік6В06130– Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуCтуденттік өмірСтуденттердің ғылыми жұмысы

Cтуденттік өмір

Студенттердің ғылыми жұмысы

«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының

2025 жылға ғылыми-зерттеу жұмыстарының

есебі

  1. Мемлекеттiк бюджет жоспар бойынша атқарылған жұмыстардың ҒЗЖы тақырыптары.

2025 жылда «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында келесі тақырыптар бойынша мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілді:

ГБ НИР 21-01-01 Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді ғылыми-техникалық және жобалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері

3-кезең. Пәндік салалардағы жаңа жетістіктер негізінде ақпараттық жүйелерді әдіснамалық, математикалық және алгоритмдік қамтамасыз етуді әзірлеу

ГБ НИР 21-02-01 Фазалардың өзара әрекеттесуімен технологиялық және табиғи процестердің математикалық модельдерін құру

3-бөлім. Пәндік салалардағы жаңа жетістіктер негізінде ақпараттық жүйелерді әдіснамалық, математикалық және алгоритмдік қамтамасыз етуді әзірлеу

  1. Министрліктер және даму институттары тараптарынан қаржыландырылатын фундаментальды, қолданбалы және қатерлі зерттеулер тақырыптары.

Есеп беру кезеңінде министрліктер және даму институттары тараптарынан қаржыландырылатын фундаментальды, қолданбалы және қатерлі зерттеулер жүргізілген жоқ.

  1. Халықаралық гранттар бойынша орындалатын ҒЗЖ тақырыптары. Есеп беру кезеңінде халықаралық гранттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
  2. Шаруашылық келісімдер бойынша орындалатын ҒЗЖ-дың тақырыптары. Есеп беру кезеңінде шаруашылық келісімдер бойынша ҒЗЖ жүргізілген жоқ.
  3. ҒЗЖ нақты қаржыландырылуы. Кафедрада қаржыландырылатын жұмыстар жоқ.
  4. Атқарылатын ғылым бағдарламаларда және жобаларда, университет бастаушы болып табылған жобалар саны. Кафедрада ғылыми бағдарламалар жоқ.
  5. Грант алу, түрлі бағдарлама және жобалар сайыстарына қатысу бойынша жұмыстарды талдау

№

Жобаның атауы

Конкурстың атауы

Іс асыру жылдары

Жетекшісі

1

Моделирование обмена данными и информацией в университетской системе управления репозиториями (СУРУ) для расширения научного сотрудничества между исследователями.

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға Конкурс (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі)

2024-2026 жж.

Т.ғ.д., профессор Исмаилов Б.Р.

2

Повышение энергетической эффективности тепловых электростанций на основе интенсификации гидродинамических и тепло-и массообменных процессов

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға Конкурс (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі)

2024-2026 жж.

PhD, ас.профессор Умарова Ж.Р.

  1. Ғылыми-ізденіс жұмыстарының жариялымы

Түрлі ғылыми журналдарда және халықаралық конференциялардың жұмыстарының жинақтарында 112 мақала жарық көрді.

  1. Патент және авторлық куәліктер
  2. Сушилка для дисперсных материалов. Пайдалы модельге патент. Исмаилов Б.Р. және т.б. №7918, 2023ж.
  3. Вихревой пылеуловитель. Пайдалы модельге патент. Исмаилов Б.Р. және т.б. №7920, 2023ж.
  4. Мокрый вихревой пылеуловитель. Пайдалы модельге патент. Исмаилов Б.Р. және т.б. №7921, 2023ж.

Есеп беру кезеңінде кафедраның оқытушылары жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске ендіріп, 25 ендіру актілерін рәсімдеді.

АЖжМ кафедрасының ҒЗЖ жауапты Исмаилов Х.Б.

АЖжМ кафедрасының меңгерушісі Изтаев Ж.Д.

Талапкер

Талапкер 2025

Талапкер

САЙТ

Талапкерлерге
1. Жоғары мектеп/факультет бойынша жалпы ақпарат
(Жоғары мектеп/факультет бойынша толыққанды ақпарат, тарихы,құрылуы т.б.)
2. Жоғары мектеп/ факультеттің кадрлық әлеуеті.
(Профессор оқытушылар құрамы, кафедралар бөлінісі т.б.)
3. Білім беру бағдарламалары. Оқыту мерзімі. ҰБТ бейіндік пәндері. Білім беру бағдарламалары рейтингі.
Үлгі:

4. Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы

Үлгі:

5. Академиялық ұтқырлық
(Жоғары мектеп/факультет тердегі келісімшарт түзілген әлемдік және еліміздің ЖОО, фотосурет, т.б. мәліметтер)
6. Оқу өндірістік кешендер
(Жоғары мектеп/факультет тердегі келісімшарт түзілген шетелдік және еліміздегі өндірістік іс- тәжірибе өтетін мекемелер, фотосурет, т.б. мәліметтер)
7. Студенттер үйі
(фотосуреттер, іс-шаралар)
8. Студенттерді әлеуметтік қолдау

Ескерту: Жоғары мектеп/факультеттің барлығында студенттік қолдау бірдей болуы қажет.
9. Жоғары мектеп/факультет жетістігі
(фото, мәліметтер)
10. Қызықты студенттік өмір
(фото, мәліметтер)
11. Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты
Ерданқұлов А.
Байланыс нөмері: 8708-703-10-10
12.Қабылдау комиссиясы (сілтеме)

Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады:

Жоғары мектеп деканы п.ғ.д., профессор Ажибеков Канат Жубандыкович

байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-69

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Мусабеков Ахметбек Ахылбекұлы, байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент Ахметова Сабира Тастанқызы, байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12.

«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Изтаев Жалғасбек Дулатұлы, байланыс телефоны:8(7252) 30-05-88.

«Энергетика дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Турымбетова Гульзухра Джорабековна, байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.

«Техникалық мамандықтарға арналған шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессоры Жорабекова Айнур Назимбековна, байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Джусупбекова Гулзат Тұрысбекқызы байланыс телефоны:8(7252) 30-05-88.

Компьютерлік инженерия және Энергетика– Жоғары Мектеп модераторы Тастанбекова Баян Омирзаховна , байланыс телефоны: 8(7252) 21-36-53.

Білім беру бағдарламалары

Факультет бағыттары бойынша докторантура бағдарламалары нақтылануда. Ақпарат деканатпен келісілгеннен кейін жарияланады.

Ғылым

«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ғылыми потенциалы

№

Кафедра

Всего

Докторов наук

и профессоров

Кандидатов наук

и доцентов

Доктора Ph.D

Без степени/

магистры

Остеп-ть,

%

кол-во

%

кол-во

%

кол-во

%

кол-во

%

1

Ақпараттық жүйелер және модельдеу

33

3

9,09

10

30,3

1

3,03

18

54,5

42,42

2

Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету

22

6

27,2

3

13,6

1

4,54

11

50

45,45

3

Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару

30

1

3,3

12

40

-

-

12

40

43,3

4

Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер

26

1

3,8

5

19,2

3

11,5

7

26,9

34,6

5

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

23

-

-

4

17,3

-

-

16

69,5

17,3

6

Техникалық мамандықтар үшін шетел тілдері

22

-

-

1

4,5

1

4,5

18

81,8

9

Итого

156

11

7,05

35

22,4

6

3,8

82

52,5

33,3

2022 жылға арналған "Ақпараттық технологиялар және энергетика" жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық жоспары

№

п/п

Наименование мероприятий

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

1

2022 жылға ҒЗЖ жоспарын дайындау және бекіту.

Қаңтар 2022ж.

ЖМ деканы

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

2

Мемлекеттік бюджеттік тақырыптардың бөлімдері мен кезеңдері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау

2022 жыл бойы

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

Мемлекеттік бюджет тақырыптарының жетекшілері

3

«СТАРТАПТЫ НӨЛДЕН БАСТАҢЫЗ» Назарбаев университетінің инновациялық кластерінің бизнес-инкубаторы Auezov University-мен бірлесіп, ABCWeekend өткізіледі.

Ақпан 2022ж.

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары Кафедра меңгерушілер

4

ICITE-2022, Әуезов оқулары-20 жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу

Өткізілу уақытына қарай

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

5

Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысу

Конкурстардың жариялануына қарай

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

6

Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық және әдістемелік семинарларға қатысу

Жыл бойы

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

7

Жақын және алыс шетелдердің жетекші журналдары мен комитет ұсынатын ғылыми басылымдарына, оның ішінде жоғары импакт-фактормен жариялау процесіне кафедра ПОҚ белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Жыл бойы

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

8

Өнертабысқа және зияткерлік меншікке авторлық құқық алуға өтініш беру бойынша жұмыс

Жыл бойы

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

9

2021-2022 оқу жылына арналған ҒЗЖ жоспарын, мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ кезеңдерін орындау бойынша ПОҚ жеке жоспарларын тексеру.

Мамыр 2022ж.

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары Кафедра меңгерушілер

10

2022 жылға ҒЗЖ бойынша жылдық есепті жасау

Желтоқсан 2022

ҒЖжИ бойынша деканның орынбасары

Мемлекеттік-бюджеттік тақырыптар бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2021-2025 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес келесі мемлекеттік-бюджеттік тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілді:

  1. «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы.

ГБ НИР 21-01-01 Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді ғылыми-техникалық және жобалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері. Жетекшісі Ху Вен Цен.

1-бөлім. Пәндік облысты зерттеу және зерттеу бағыттарын анықтау

ГБ НИР 21-02-01 Фазалардың өзара әрекеттесуімен технологиялық және табиғи процестердің математикалық модельдерін құру. Жетекшісі ф.-м.ғ.д., профессор Аманбаев Т.Р.

1-бөлім. Байланыс құрылғыларындағы көпфазалы орталардың өзара әрекеттесуінің математикалық модельдерін құру.

  1. "Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару" кафедрасы

ГБ НИР 21-03-01 Өндірістік-технологиялық жүйелерді автоматтандыру мен басқарудың перспективалық зияткерлік технологиялары. Жетекшісі: т.ғ.к., доцент Мұсабеков А. А.

1-бөлім. Зияткерлік технологиялар саласындағы заманауи Автоматтандыру және басқару жүйелерін талдау.

ГБ НИР 21-04-01 Радиотелеметрикалық ақпаратты жинау мен өңдеудің адаптивті жүйелерін зерттеу. Жетекшісі: т.ғ.д., профессор Есмағамбетов Б.С.

1-бөлім. Радиотелеметрикалық ақпаратты өңдеу ерекшеліктерін талдау.

Халықаралық байланыс

Жоғары Мектеп студенттері және магистранттары Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Малазия және Түркия жоғары оқу орындарында оқып жүр. Оқудағы үздік білімі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ғылыми ізденістері үшін Жоғары Мектептің 12 студентіне – Президенттік шәкіртақы тағайындалды.

Түрлі ғылыми журналдарда және халықаралық конференциялардың жұмыстарының жинақтарында 112 мақала жарық көрді.

5. Академиялық ұтқырлық
(Жоғары мектеп/факультет тердегі келісімшарт түзілген әлемдік және еліміздің ЖОО, фотосурет, т.б. мәліметтер)
6. Оқу өндірістік кешендер
(Жоғары мектеп/факультет тердегі келісімшарт түзілген шетелдік және еліміздегі өндірістік іс- тәжірибе өтетін мекемелер, фотосурет, т.б. мәліметтер)
7. Студенттер үйі
(фотосуреттер, іс-шаралар)
8. Студенттерді әлеуметтік қолдау

Студенттік өмір

Бөлім материалдарын факультет дайындайды.

Университеттің студенттік өмірі Студенттік ғылым

Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада

Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді Университетте халықара

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз!

Біліммен бөлісеміз — болашаққа шабыт береміз! 22.10.2026 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Компьютерлік инженери ж

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу

Халықаралық академиялық ынтымақтастық және білім алмасу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университеті

Шақырылған шетелдік ғалымдардың дәрістері басталды!

Шақырылған шетелдік ғалымдардың дәрістері басталды! 2026 жылғы 21.10-4.11 аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде "

Хабарландыру

АШЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

2026 жылғы 9 қазанда «Энергетика және БЭЖ» кафедрасының PhD докторы, доцент Сахметова Г.Е. «Электр энергетикалық жүйелердегі өтпелі процесте

Байланыс

Ажибеков Канат Жубандыкович

Декан, д.п.н., профессор

  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Декан орынбасарлары

—

  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.