★БӨЛІМШЕ
Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Университет бөлімшесі: ақпарат, құжаттар және жаңалықтар.
Бөлімше туралы
Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
FOUNDATION
Орталық туралы Талапкерге Профессор-оқытушылар құрамы Орталық жаңалықтары
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құрамындағы «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы» өзінің жаңа жеке сайтының ашылғанын хабарлайды.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қолға алған ірі шараларының бірі - тағдырдың тәлкегімен әлемнің әр түкпіріне шашырап кеткен қандастарымызды атажұртқа оралту және шетелдердегі қазақ жастарына Қазақстанда білім беруді қолға алу болды. Осы мақсатта қазақ жастарына тегін білім беріп, ЖОО-на дайындау ісі дұрыс жолға қойылып отыр.
2018 жылдың тамыз айынан осында оқып жүрген шетел студенттері университеттің халықаралық қатынастар бөлімінің қарамағына берілді. Ал жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі жоғары оқу орнына дейінгі дербес Орталық болып қайта құрылды.
2026 жылы 19-қаңтардан бастап Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аталуы Foundation болып өзгертілді.
Foundation үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:
- шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған дайындық курстары;
- шетел азаматтарына арналған ақылы негіздегі дайындық курстары;
- облыс пен мектеп бітірушілеріне арналған дайындық курстары.
Foundation ұжымы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен, көршілес елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен, оралмандарды бейімдеу орталықтарымен, ішкі істер басқармасының көші-қон бөлімімен тығыз байланыс орната отырып, кең көлемдегі кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп келеді.
Бүгінде Foundation-де 103 шетелдік қазақ жастары жоғары оқу орнына түсуге даярлайтын дайындық бөлімінде өз білімдерін шыңдауда. Foundation-нен дайындықтан өткен тыңдаушылардың 80 пайыздан астамы мемлекеттік грантқа ие болып, жоғары оқу орындарына түсіп келді. Сонымен қатар АҚШ, Германия,Қытай, Түркіменстан, Мексика, Нидерланды сияқты елдердің азаматтары да білім алып жатыр.
Тыңдаушыларға білім алу үшін қажетті жағдайлар толық жасалынған. Кітапханалар, оқу залдары оларға тегін қызмет көрсетеді. Ғылыми ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, спорттық үйірмелер тыңдаушылар үшін сабақтан бос уақытты мазмұнды әрі қызықты өткізуге септігін тигізеді. Жатақхана оқу ғимараттарына жақын орналасқан. Міне, осылардың барлығы да жастардың алаңсыз білім алуына ықпал етеді.
Шетелдік жастардың жаңа ортаға тезірек бейімделіп кетуі үшін олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына қолдау көрсетіледі, олардың бір-бірінің тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдебиетті танып білуі үшін танымдық іс-шаралар үздіксіз өткізіліп тұрады.
Foundation тыңдаушылары халықаралық, республикалық, өңірлік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Көпшілігі атажұртта қалып, өмірде де, еңбекте де өз бақытын тауып, Қазақстанның өсіп өркендеуіне өздерінің лайықты үлесін қоса береді деген үміттеміз.
Құрметті талапкерлер!
Шет елдерде тұратын қымбатты қандастар!
Сіздерді толғандырып жүрген сұрақтарыныз болса біздің сайтқа жолдауларыңызды, ойларыңызбен бөлісулерінізді сұраймыз. Біз өз тарапымыздан қолдан келген көмегімізді сіздерден аямаймыз. Біздің парақшамызға қош келдіңіз! Құшағымыз сіздерге әрқашанда айқара ашық!
Ізгі ниетпен,
«Foundation жетекшісі, тарих ғылымдарының
кандидаты, доцент Камалдинов Рахымбек Әбсатұлы.
Foundation (жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы)
Жаңалықтар

Болашақ мамандыққа бастар жол
Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation-ның химия-биология тобының тыңдаушылары сәуір айында университетіміздің "Химия-техноло

Төменгі және Жоғарғы Шыршыққа іс сапар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Foundation оқытушылары Индира Аманқұлова мен Балжан Сайлауова өткен аптада Өзбекстан Р

Қыз сыны байқауы-2026
20 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Fondation-дегі тыңдаушыл

Төменгі Шыршыққа іс сапар
Төменгі Шыршыққа іс-сапар М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Foundation-нің биология пәнінің оқытушысы Сайлауова Балжан мен

Тарихи орынға саяхат
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Fondation-де білім алып жатқан тыңдаушыларға киелі жерлерді көрсету мақсатымен Foundation

Ұлыстың ұлы күні
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Наурыз мерекесінде Fondation-де білім алып жатқан Түркіменстан азаматтары Айназарова А
Материалдар
Орталық
![]() | Камалдинов Рахымбек Әбсатұлы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мекен - жайы: Қ. Рысқұлбеков көшесі №1, № 13 ғимарат www:htpp://www.ukgu.kz | ![]() |
Foundation жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Камалдинов Рахымбек Әбсатұлы. Миссия - Біз ғылыми және кәсіпкерлік ойлау мен мәдениетті, жаңа көшбасшыны даярлау үшін жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталғанбыз.
Мақсаттар мен міндеттер:
- түлектердің сапалы құрамын қалыптастыру және оларды қазіргі тарихи қайта құруларға бейімдеу;
- кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстарына қазақ диаспорасы өкілдерін және шетелден келген талапкерлерді тарту;
- Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге дайындық кезінде білім беру үдерісін жетілдіру;
- курс тыңдаушыларының жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіштерін жақсарту.
Foundation тарихы:
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен 2002 жылы 14 қазанда еліміздің жоғары оқу орындарына грант негізінде оқуға түсуге дайындық орталығы құрылды. 2004 жылдың қазан айында, Орталық, шет елдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне, сондай-ақ күндізгі оқитын шетелдік студенттер құрамына дайындық курстарын өткізу орталығына қосылу нәтижесінде, шетелдік студенттермен жұмыс жасау және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті болып құрылды.
2018 жылдың тамыз айында біздің факультеттің студенттері университетіміздің Халықаралық қатынастар факультеті құрамына енгізілді. Ал, шетел студенттерімен жұмыс және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті «ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы» болып қайта құрылды.
2026 жылы 19-қаңтардан бастап Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аталуы Foundation болып өзгертілді.
Foundation-де қазақ диаспорасының тыңдаушылары келесі пәндер бойынша оқытылады: қазақ тілі, математика, қазақстан тарихы және бейіндік пәндер: биология, химия, физика, география, ағылшын тілі, дүниежүзілік тарихы, орыс тілі.
Негізгі қызметтік бағыттар:
- Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне дайындық курстары;
- Шетел азаматтары үшін ақылы негіздегі дайындық курстары;
- Облыстық және қалалық мектептердің түлектеріне дайындық курстары.
Материалдық-техникалық база:
М.Әуезов атындағы ОҚУ Foundation-де шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің оқуына, өмір сүруіне және демалуына барлық жағдайлар жасалған. Оқу корпусының жанында орналасқан заманауи кітапхана, электронды оқу залы, ресурстық орталық, тегін интернет, акт залы, медициналық кабинет, асхана, 5 қабатты жатақхана тыңдаушылардың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдайлар бар. Сонымен қатар, Foundation тыңдаушыларына оқу ғимаратының жанында орналасқан «Буревестник» спорт кешенінде бос уақытында спортпен айналысуға мүмкіндік беріледі. Тыңдаушыларға мемлекет тарапынан шәкіртақы тағайындалған, жылына бір рет жол шығындары өтеледі.
Оқытушылар құрамы: Foundation-де phd ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистрлар, аға оқытушылар сынды жоғары білікті мамандар білім береді.
Сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында Foundation-де жоспарлы түрде тәрбие жұмысы жүргізіліп отырады. Foundation тыңдаушылары таңдалған мамандықтарына байланысты топтарға бөлініп, әр топқа тәлімгерлер тағайындалады.
Foundation-де білім алған тыңдаушылардың 80%-дан астамы жоғары оқу орындарының мемлекеттік білім гранттарының иегерлері. Осы Foundation-дебілім алған, жоғары оқу орындарына оқуға түскен шетелдік қазақ жастарының басым бөлігі, оқуын аяқтағаннан кейін, тарихи отанында қалады және Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне лайықты үлес қосуда.
Мекен-жайымыз: Шымкент, Рысқұлбеков көшесі №1, № 13 ғимарат, 303 бөлме
Талапкерге
Қазақстан азаматы болып табылмайтын диаспора өкілдеріне
Қазақстан азаматы болып табылмайтын диаспора өкілдеріне
Құрметті жас талапкер!
Жоғары оқу орнына түсіп, Қазақстанда білім алғың келсе, Foundation-ге кел!
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation шет елдегі қазақ азаматтарын 2026-2027 оқу жылына арналған ЖАҢА ФОРМАТТА дайындық курсына шақырады!
Foundation-ге қабылданған азаматтар 44500 теңге көлемінде шәкіртақымен (стипендия) қамтамасыз етіледі. Оқу мерзімі 9 ай.
Foundation-де оқу ТЕГІН жүргізіледі.
Foundation-ге қабылдануға қажетті құжаттар:
1) Төлқұжат (паспорт) көшірмесі
2) Орта мектепті (11-сынып) немесе колледжді бітіргені жөніндегі білім туралы құжаттың түп нұсқасы;
3) 3х4 көлемдегі фотосурет 4 дана;
4) 075/У формадағы медициналық анықтама;
5) Өтініш.
Барлық сұрақтар мен анықтамаларды төмендегі мекен-жайдан алуға болады: Шымкент қ. Қ.Рысқұлбеков к. №1 үй. М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың 13-ғимараты
Облыс пен қала мектеп бітірушілеріне арналған ҰБТ-ға ақылы дайындық курсы.
Дұрыс таңдау, Сапалы білім мен баянды болашақ бізбен бірге!!!
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation
2026-2027 оқу жылына екі тілде (қазақ және орыс тілі) ҰБТ-ға ЖАҢА ФОРМАТТА төмендегі пәндер бойынша дайындық курсына оқушыларды шақырады.
ҰБТ-ға тестілеуге кіретін пәндер:
Оқу сауаттылық - Математика
Қазақстан тарихы - Орыс тілі
Таңдау пәндері: Физика, Биология, Жалпы тарих, Химия, География
Мемлекеттік оқу орнының оқу ғимаратының, заман талабына сай жабдықталған оқу кабинеттерінде, сабақты ҰБТ-ға дайындаудан тәжірибесі мол жоғарғы санатты мектеп мұғалімдері мен М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың оқытушылары жүргізеді.
Оқу мерзімі – 9 ай.
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Қ.Рысқұлбеков көш.1А. 3- қабат
Байланыс телефондары: +7 702 452 2262, +7 707 238 0393, +7 707 152 6395
Шетел азаматтарына арналған ақылы негіздегі дайындық курсы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Foundation 2026-2027 оқу жылына шетел азаматтарына арналған ақылы негізде оқытатын дайындық курсына талапкерлердішақырады.
Ақылы дайындық курсының басты мақсаты: - шетел азаматтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге дайындау;
Оқу мерзімі – 6-9 ай.
Оқу ақысы – 270 000 теңге
Ақылы дайындық курсында оқуға тілек білдірген шетел азаматтарына орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, жалпы тарих пәндерінен сабақтар жүргізіледі.
Қабылдау бөлімі тел: +7 702 452 2262, +7 707 238 0393, +7 707 152 6395
Электронды почта: немесе www.ukgu.kz сайтынан біле аласыздар.
Профессор-оқытушылар құрамы
![]() |
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. | ||
![]() | Аралова Әйгерім Бахытжанқызы Маман-методист Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 303-бөлме | ||
![]() |
Маман-методист
| ||
![]() | Байназарова Жұлдыз Сейдахметқызы Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Сыздық Жанат Жұмаханқызы Аға оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() |
| ||
![]() | Қасымхан Ғалым Аға оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() |
| ||
![]() | Усипов Асан Әбенұлы Аға оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Субботина Марина Васильевна Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() |
| ||
![]() |
| ||
![]() |
Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Усенбаев Айбат Нусиралиевич Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Сайлауова Балжан Бекжан кизи Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Ульмесова Улжан Ерубаевна Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Орынхан Сымбат Спатайқызы Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Турсунбаева Улдана Улығбекқызы Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Жумадиллаева Умия Нурмахан қизи Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме | ||
![]() | Жұмабек Гүлжан Жарылқасынқызы Оқытушы Байланыс мәліметтері: Ғимарат № 13, 311-бөлме |
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.




















