★ФАКУЛЬТЕТ

Спорт және туризм факультеті

6кафедра
51оқытушы
8бағдарлама

Факультет туралы

Факультет 1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында ашылған, 1996 жылы Оңтүстік Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының қайта құрылуы барысында Дене тәрбиесі және спорт институты, Шымкент педагогикалық иституты, Педагогикалық мәдениет институттарының біріктірілу негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінде дене тәрбиесі және спорт факультеті ашылды.

Дене тәрбиесі және спорт факультетінің алғашқы деканы Д.В. Денчик болса, 1970-1982 жылдары п.ғ.д., профессор М.Б.Сапарбаев болды.

Әр жылдары факультетті А.А. Вениченко, О.А.Аяшев, Ж.П.Примбетов, Ж.Н. Қобланов, Э.Д.Тлеулов, А.Е.Абуов, В.В.Есипов, А.Қ.Демеуов, А.А.Жолдасбеков басқарды. 2022 жылы А.Қ.Демеуов, 2023 жылдан М.М Ережепов басқаруда.

Бекзат Саттарханов 2000ж. Олимпиада ойындарының жеңімпазы

А.Қ.Демеуов – 250 ден аса ғылыми және ғылыми әдістемелік еңбектердің авторы, “ЖОО үздік оқытушысы“ мемлекеттік грантының иегері.

Бүкіләлемдік универсиаданың ашылуы Алматы 2017

Факультет құрамында «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі», «Спорттық пәндер және жекпе-жек», «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі», «Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтарына арналған дене тәрбиесі», «Халықаралық туризм және сервис», «Техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» жалпы 6 кафедра жұмыс жасайды.

Торжественный марш, посвященный ко Дню знаний

Факультетте 117 оқытушы, оның ішінде 6 ғылым докторы, профессор, 31 ғылым кандидаттары, доценттер, ҚР Еңбек сіңірген 7 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Факультет Дене тәрбиесі және спорт, бастапқы әскери дайындық, туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бойынша бакалаврларды және спорт менеджменті және тренерлік қызмет білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер дайындайды.

Алға Казахстан

Факультет түлектері: көркем гимнастикадан еңбек сіңірген спорт шебері А.Юсупова, 2000-2009жж. Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы.

2006ж Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002ж Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы; Б.Саттарханов- Олимпиада ойындарының чемпионы Сидней 2000ж; М.Ділдабеков - 2000ж Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Е.Шыналиев - 2008ж. Пекинде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Е.Шалыгина - 2008ж.

Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; А.Важенина - 2008ж. Пекинде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы; Ж.Жаппарқұл - 2016ж. Риода Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Б.Жакипов - бокстан әлем чемпионы, А.Подрядова, Н. Мамаев, Ангелина Мищук, Ж.Алдабергенова - Олимпиада ойындарының, Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың университет спортшыларымен кездесуі

2012ж. Лондон Олимпиадасына 4 студентіміз қатысты: еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері Е.Шалыгина, дзюдодан ХССШ А.Подрядова, оқ атудан ХССШ А.Мищук, таэквондодан ХССШ Н.Мамаев.

2016ж. РИОдағы Олимпиадада ОҚМУ студенті Жазира Жаппаркул ОО күміс жүлдегері атанды, сондай-ақ Кайрат Ералиев ХССШ (бокс), Сабина Аширбаева ХССШ (көркем гимнастика), Елизавета Король ХССШ (оқ ату), Дмитрий Коблов ХССШ (жеңіл атлетика) олимпиадада лайықты өнер көрсетті.

Біздің чемпиондар факультет мақтанышы!!!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоғары білікті спортшыларды даярлайды, «Сұңқар» спорт клубында 21 спорт секциясы бойынша 19 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Олардың 5-і ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 11- жоғары санаттағы жаттықтырушылар мен халықаралық категориядағы төрешілер.

Университет спортшылары Түркістан облысы әкімінің қабылдауында

2012 жылы Жазира Жаппаркул Гватемалада ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ал 2014 және 2015ж. әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып, Рио де Жанейродағы олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, ХССШ Жанбота Алдабергенова Әлем кубогының күміс жүлдегері атанып, фристайлдан Еуропа кубогын жеңіп алды (2016ж.) ХССШ Ержан Абильда армрестлингтен әлем чемпионы атанды (Бразилия, Сан-Паоло).

2015 жылдың қорытындысы бойынша таэквондодан спорт шебері Нурсултан Мамаев әлемнің үздік таэквондисті атанды және 2015ж. дүниежүзілік универсиаданың чемпионы болды. 2017жылы Музаппаров Ерсултан Қазақша күрестен әлем чемпионы атанды, Сабина Аширбаева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2017ж.

Азия чемпионы болды.

Біздің жеңісіміздің Триумфтары !!!

2013ж. дүниежүзілік универсиада қорытындысы бойынша (Қазан 2013) ОҚМУ студенттері бір алтын және төрт қола медаль иеленді, ал 2015ж. Оңтүстік Кореяда Кванджуда 1 алтын мен 5 қола медаль жеңіп алды.

2017ж. Алматыда өткен дүниежүзілік универсиадада Жанбота Алдарбергенова чемпион және қола жүлдегер атанды, ал Жибек Арапбаева фристайлдан елімізде осы спорт түрі бойынша алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Жанбота Алдабергенова 2018ж. Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсетіп, супер финалға дейін жетті.

Дүниежүзілік универсиада Алматы2017

Республикалық универсиаданың ОҚМУда ашылу салтанаты

Факультет кафедралары оқу үрдісін оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалана отырып, ғылыми ізденістерде жаңа табыстарға жетуде.

«Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтар үшін дене тәрбиесі» кафедрасы 2006ж құрылған.

Қазіргі таңда кафедраны И.Т. Мустафаев басқарады.

Кафедраның профессор оқытушылар құрамы жаппай спорттық және сауықтыру шараларын университеттің спорттық клубымен жүргізеді:

1 курс студенттерінің спартакиадасы 15 спорт түрі бойынша;

«Президенттік тесттер»;

Университеттік қоғамдық ұйымдары: «Қазақстанның студенттер Альянсы», «Студенттік кеңес», «Жас Отан», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы».

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және республикалық конференцияларда 300-ден аса ғылыми мақалалар, 3- ғылыми монография, 3-электронды оқу құралын, 34 оқу құралы және 50-ден аса әдістемелік нұсқаулықтар жарияланған.

«Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі » кафедрасы.

«Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі » кафедрасы 2006ж құрылған.

2006 -2012ж аралығында кафедраны п.ғ.к., доцент Артықбаев М.Ш., п.ғ.к., доцент Наханов Қ.С., аға оқытушы Тотымбаев Н.А., аға оқытушы Мамбетов Қ.Қ. басқарды.

2012 жылдан кафедраны Мамбетов М.К. басқарады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары "Дене тәрбиесі сабақтарында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру" тақырыбы бойынша орындалады. Жетекші - кафедра меңгерушісі Мамбетов М.К.

ЖОО арасындағы қалалық спартакиада. Шымкент қаласы

«Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы

«Спорттық пәндер» кафедрасының негізі 1990 жылы қаланған.

«Спорттық пәндері» каферасын 1990-2010 жылдарда аға оқытушы Е.Ш.Шатаев, п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев, п.ғ.к., доцент Д.Б.Биданов, п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев, аға оқытушы С.В.Ткаченко басқарды.

2010 жылдан бері п.ғ.к. доцент Нұрлан Қыдырбекұлы Ерепбаев басқаруда.

Кафедра 14 оқытушы, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 халықаралық дәрежедегі төреші жұмыс істейді.

Кафедрада білім алған танымал спортшылар – спорт шеберлері мен халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері: Есенкелди Н., Алментай Б., Музаппаров Е., Кошкенбек Н., Исламбекова Д., Шаукатов Ж., Усенова Г., Есенкелди Л., Келесбай Д., Абдурахманов Б., Айхынбай Ш., Мелдебек Д., Абдразак А., Заурбек С., Ташбулатов Д.

Кафедрада облыс және Қазақстан Республикасының спорттың барлық түрі бойынша құрама командасының құрамына кіретін спортшыларды даярлау жұмысы сәтті жүргізіліп келеді.

Әлемдік универсиада алауы ОҚМУ-да

«Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты жанында ашылған дене тәрбиесі және спорт факультеті құрамында «Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі аға оқытушы Д.В.Денчук болды. Кейінгі жылдары кафедраны М.М.Федосов, Э.Ж.Тлеулов, Ж.Б.Садирмекова, А.Т.Балабеков, Б.А.Жолдасбекова басқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап бастап Н.А.Рысбаев басқаруда. Болашақ мамандарды даярлау ісін дене шынықтыру және спорт саласында көпжылдық тәжірибесі бар білікті оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер, профессорлар жүргізуде.

Кафедра оқытушылары «Жалпы білім беретін мектептерде және сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін қолдану мәселесі» бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедра оқытушыларының соңғы жылдары 300-ге жуық ғылыми еңбек пен оқу-әдістемелік әдебиеттері жарық көрді.

Кафедра студенттері құрылыс отрядтары мен «Жасыл ел» бағдарламасына белсене қатысады.

Біздің түлектеріміз: Төкеев С.А –профессор, олимпиада ойындары түрлері бойынша ҚР ұлттық командасының директоры; Аяшев О. –п.ғ.д., профессор, ОҚМПУ ректоры; Қобланов Ж.Н. –к.п.н., профессор, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Таиров Ю.А. – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Давлетханов Ш.Г. –ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Ганота М.В. –ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; Юсупова А.М. –ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

«Оңтүстік Қазақстан» газеті мен ОҚМУ кубогы жүлдесінің облыстық эстафетасы

Ғылым

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

Спорт және туризм факультеті

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

"Педагогика және мәдениет" факультеті білім беру, дене шынықтыру және АӘД саласындағы бакалаврларды, магистрлерді, сондай-ақ халықаралық туризм мен сервисті дайындайтын 6 кафедрадан тұрады.

Факультет кафедраларының ғылыми әлеуеті өте жоғары, дәрежесі 30,1 % құрайды. Факультеттің кафедраларында 103 оқытушы, 7 ғылым докторы және профессор, 15 ғылым кандидаты және 42 магистр жұмыс істейді.

ҒЗЖ университеттің 6 мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізіледі:

1.ҒЗЖ "ТМФКиНВП" кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыбы-21-09-12 "жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіптік даярлауға тұлғалық бағдарланған тәсілдің ғылыми аспектілері" университеттің ҒЗЖ-ның 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес келеді, кафедра отырысының 21.11.20 ж. № 3 хаттамасымен бекітілген.Н., профессор – Есалиев А. А.

2."ЭЮА мамандықтарына арналған дене шынықтыру" кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары бекітілді. Негізгі мақсаты кафедра оқытушылары мен студенттерін ғылыми – зерттеу жұмысына тарту, ғылыми-зерттеу жұмысы мен оқу-тәрбие процесі арасындағы байланысты жақсарту болып табылады.

"ЭЮА мамандықтары үшін дене шынықтыру" кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмысы тиімді жүйеде орындалады.

Б-21-07-12 " Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына-2020 "Қазақстан жаңа жағдайда: қолданылу кезеңі:" жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу әдістері " Жолдауы (2020 жылғы желтоқсанда бекітілген).

3. ГБ "спорттық пәндер және жекпе-жек" кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыбы-21-09-12 "жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіби даярлауға тұлғалық бағдарланған тәсілдің ғылыми аспектілері" тақырыбының жетекшісі: Ерепбаев н.К.-п.ғ. к., доцент, меңгеруші. кафедра, орындаушылар: п. ғ. к., профессор Биданов Д., доцент Килибаев А. А.

4. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап "гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі" кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы ҒЗЖ МБ мемлекеттік бюджеттік тақырыбына сәйкес жүргізілді-21-94-12 "болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің қарым-қатынасының педагогикалық мәдениетін қалыптастыру". Ғылыми жетекшісі п. ғ. к. М. К. Мамбетов

5. "Техникалық мамандықтарға арналған дене шынықтыру" кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыбы Б-21-07-12 "Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына-2020" Қазақстан жаңа жағдайда:" жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу әдістері "іс-қимыл кезеңі" Жолдауы (2020 жылғы желтоқсанда бекітілген).

6. ҒЗЖ "Халықаралық туризм және сервис" кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыбы-21-04-09 "ҚР аумақтық туристік-рекреациялық жүйелерін инновациялық дамыту" университеттің ҒЗЖ-нің 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес келеді, кафедра отырысының 21.12 № 5 хаттамасымен бекітілген. 2020 ж

ПОҚ ғылыми жарияланымдарының саны артып келеді, олардың беделді халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы. Кафедралардың ПОҚ ғылыми әзірлемелері оқу процесіне белсенді түрде енгізілуде. 2017 жылы факультеттің ПОҚ кафер жарық көрді:

2017 күнтізбелік жыл ішінде факультет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы жарияланды:

Барлығы: 351 жұмыс саны, оның ішінде:

Монография-4 (оның 2-сі алыс шетелде жарияланған)

Оқулықтар-1

Оқу құралдары-6

Ғылыми мақалалар: 351

Журналдарда барлығы: 109

- импакт-факторы бар журналдарда-30

- ҚР БСҒК мақұлдаған журналдарда-18

- басқа журналдарда-33

Конференция материалдары. Барлығы: 264

- алыс шетелдегі халықаралық конференциялар жинағында-35

- жақын шетелдегі халықаралық конференциялар жинағында-22

- ҚР-дағы халықаралық конференциялар жинағында-131

- республикалық және өңірлік конференциялар жинақтарында-71

- басқалары-15

1 ПОҚ-ға жарияланымдар: саны-1,97, көлемі-1,01 п. л.

Факультет кафедраларының ПОҚ беделді халықаралық конференциялар мен ғылыми форумдарға қатысты.

2022 күнтізбелік жылы факультет бойынша өндіріске енгізудің 22 актісі, оқу процесіне енгізудің 21 актісі алынды.

Факультет кафедрасының ПОҚ 2022 күнтізбелік жыл ішінде 4 монография жариялады.

1. Тақырыбы:" Болашақ мұғалімдері тұлғалық-кәсіпкерлік даму процесінде рухани және дене тәрбиесі интеграция " монография. Авторлары: доцент П.ғ.К. А. К. Демеуов., Г. Б. Жүнісов., А. Б. Байсейітова. ISBN978-601-08-19115

2. Тақырыбы: Денешынықтыру мұғалімін дайындауда болашақ маманның жеке қалыпын қамтамасын ердінің теориялық және тәжірибелік негиздері. Авторлары: доцент П.ғ.К. А. К. Демеуов., И. Б. Әлиев., И. Т. Мұстафаев., Г. С. Білтебаева ISBN978-601-08-1913-9

3. Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмуны жағдайында болашақ тәрбиесі мұғалімдерінің ғылымы даму күзетшілігін қалыптастыр. Авторлары: доцент П.ғ.К. А. К. Демеуов., п.ғ.к.ш. в. Рахимов., Г.Н. Алтаева., С. Б. Жамбусинов.

4. Сейдахметов М. К., Есенова А. Е. қонақ нөміріне қызмет көрсету

Республикалық және облыстық газеттер, телевизиялық арналар арқылы ҒЗЖ нәтижелерін кеңінен насихаттау, ғылыми-танымал дәрістер оқу және кәсіптік бағдар беру жұмыстары ("FM радиосы", "Қазақстан" РТРК, "Қазақстан-Шымкент" ТК, "Казахстанская правда" ұлттық күнделікті газеті, "Айғақ" республикалық газеттері, "Жанұб жарчилари", облыстық "Оңтүстік Қазақстан", "Оңтүстік Қазақстан", "Жанубий Қозоғыстон" газеттері және т.б.).

Letter of Acceptance AJIS 2024-DK

Мақала академиялық пәнаралық зерттеулер журналында (Academic Journal of Interdiscipline Studies) қос соқыр шолу процедурасынан өткеннен кейін жарияланған

және 2024 жылғы 4 шілдедегі 13-шығарылымда жариялауға қабылданды. Сіз онлайн журналға кіре аласыз

сілтеме бойынша: https://www.richtmann.org/journal

Халықаралық байланыс

Факультет құрамында «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі», «Спорттық пәндер және жекпе-жек», «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі», «Экономикалық, заң және аграрлық мамандықтарына арналған дене тәрбиесі», «Халықаралық туризм және сервис», «Техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» жалпы 6 кафедра жұмыс жасайды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоғары білікті спортшыларды даярлайды, «Сұңқар» спорт клубында 21 спорт секциясы бойынша 19 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Олардың 5-і ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 11- жоғары санаттағы жаттықтырушылар мен халықаралық категориядағы төрешілер.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және республикалық конференцияларда 300-ден аса ғылыми мақалалар, 3- ғылыми монография, 3-электронды оқу құралын, 34 оқу құралы және 50-ден аса әдістемелік нұсқаулықтар жарияланған.

Кафедра 14 оқытушы, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 халықаралық дәрежедегі төреші жұмыс істейді.

Кафедрада білім алған танымал спортшылар – спорт шеберлері мен халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері: Есенкелди Н., Алментай Б., Музаппаров Е., Кошкенбек Н., Исламбекова Д., Шаукатов Ж., Усенова Г., Есенкелди Л., Келесбай Д., Абдурахманов Б., Айхынбай Ш., Мелдебек Д., Абдразак А., Заурбек С., Ташбулатов Д.

Студенттік өмір

Бөлім материалдарын факультет дайындайды.

Университеттің студенттік өмірі Студенттік ғылым

Спорт және туризм факультеті

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Тлеукеев Жанболат Асетович

Декан, к.и.н., доцент

  • деканаттан күтілуде
  • +7 701 213 98 38
  • деканаттан күтілуде

Декан орынбасарлары

Рысбаев Нұрділлә Анаркулович

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі декан орынбасары

Ахелова Ақмарал Лесбековна

Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Балкибеков Хамитжан Каримбергенович

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары

тел: +77758555166

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.