
3КАФЕДРА · Спорт және туризм факультеті
Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Кафедра меңгерушісі: Жолдасбекова Б.А. педагогика ғылымының кандидаты, доцент. Мекен-жай: Шымкент қаласы, ОҚУ, №10 ғимарат Спорт кешені (Байтурсынов көшесі, 68к10)
Телефон: 8-702-388-70-35
Кафедра тарихы
Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Балабеков Айдархан Төреханұлы
П.ғ.к., доцент. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Утебеков Кудайберген Иманбердиевич
Б.ғ.к., аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Байхожаева Базаргул Елеусиновна
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Тұрсынбек Занғар Жандосұлы
Магистр, оқытушы.Профиль →
Елубаев Саржан Иманбекович
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Исаков Мухамеджан Тасполатович
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Керімбеков Дулат Сейткаримович
Оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Конашева Раушан Алимжановна
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Қадырбаев Жомарт Абдикеримович
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Нағашбек Асыл Сәкенұлы
Магистр, оқытушы.Профиль →
Дуйсеев Марат Багланович
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Тұрысбек Бақыт Әмзеханұлы
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Рысбаев Нұрділлә Анаркулович
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Докеев Абылай Қалтайқұлы
Магистр, аға оқытушы. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →
Өмірзақ Аружан Ержанқызы
Магистр, оқытушы.Профиль →
Сүлеймен Аяжан Қайратқызы
Жоғары білікті маман. М.Әуезов атындағы ОҚУ, №10 ғимарат (Спорт кешені)Профиль →Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі
Құжаттар мен бағдарламалар
Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Жаңалықтар




Қазақстан құрамасы 22-31 қазан аралығында Манамада (Бахрейн) өткен үшінші жасөспірімдер Азия ойындарында өнер көрсетті. Гандболдан құрама команда 3 орын алды. СТІ-24-3Р тобының студенті Ертазаева Жанерке команданың мүшесі болып табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы жалпы командалық есепте үшінші орын алып, 93 медаль жеңіп алды. Біздің спортшылар 24 алтын, 29 күміс және 40 қола жүлдеге ие. Қазақстандық спортшылар жиырмадан астам спорт түрінен өнер көрсетті.
Сонымен қатар, олар тек жүлделі орындармен ғана емес, сонымен қатар рекордтармен де ерекшеленді.

М. Әуезов атындағы ОҚУ тұрақты даму мақсаттары шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 07.11.2024 ж. «Спорт және туризм» факультеті «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Заманауи студенттердің жасанды интеллект арқылы салауатты өмір салтына дайындығын қалыптастыру» тақырыбында төмендегі шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті: Ханкелдиев Шер Хакимович, п.ғ.д., профессооры, Фергана мемлекеттік университеті, Фергана қ., Өзбекстан; Ахмедов Фуркат Кулдашевич, п.ғ.к., доцент, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің деканы, А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Жизақ қ., Өзбекстан.
Абдукаримов Нұрмахан Әмірханұлы, «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті,А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Жизақ қ., Өзбекстан; Атамурадов Шодиер Оралұлы, п.ғ.к., профессоры, А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Жизақ қ., Өзбекстан.
Кіріспе сөзді «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Б.А.Жолдасбекова ұсынды.
Өз кезегінде Б.А.Жолдасбекова барлық қатысушыларды дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырып, «Заманауи студенттердің жасанды интеллект құралдарымен салауатты өмір салтына дайындығын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында кафедра меңгерушілері мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Дөңгелек үстелде шетелдік ғалымдар мен факультет ғалымдары Б. М. Досқараев, А. Т. Балабеков, А. А. Есалиев және т. б. баяндама жасады.
«Заманауи студенттердің жасанды интеллект арқылы салауатты өмір салтына дайындығын қалыптастыру» дөңгелек үстелінің қорытындысында "Спорт және тузизм" факультетінің деканы М.М. Ережепов барлық қонақтар мен қатысушыларға дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

М.Әуезоватындағы ОҚУ-нің «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдарын, магистранттарын, студенттерін, сондай-ақ спорт мектептерінің қызметкерлерін «Оқу орындарында дене тәрбиесін жүргізудің заманауи әдістері мен инновациялық формалары» Халықаралық қысқы мектебіне қатысуға шақырады. Бүгін қысқы мектептің ашылу салтанаты өтті. Халықаралық қысқы мектеп – спорттық және спорттық емес ұйымдарда білім беру, оқу және бәсекелестік қызметті ұйымдастыруда инновациялық әдістер мен нысандарды қолдануда проблемаларды талқылауға және практикалық шешімдер қабылдауға ғалымдар мен мамандарды тарту. Қысқы мектеп 2025 жылдың 3-14 ақпан аралығында ZOOM платформасында онлайн формата өтеді.
ӘУЕЗОВ СТУДЕНТІ ІХ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында қола медаль еншіледі. Отандастарымыз Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орынан көрінді. Атап өтейік, Ардана Маханова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Спорт және туризм» факультетінің СТ-23-3р1 тобының студенті, фристайлдан спорт шебері. Бүкіл Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Ардана Маханованы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлттық ғылыми педагогикалық дене тәрбиесі орталығының ұсынысымен Ташкент мемлекеттік транспорт университеті арасында ғылыми жобаларды біріге атқару мақсатында келісім жүргізілді. Ташкент мемлекеттік транспорт университетінің ректоры м.у.а Гуламов Абдулазиз Абдуллаевичтің қабылдауында болып бірнеше ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жасау жоспарын жасадық. Аталған университет профессор оқытушылар құрамына онлайн форматта 13-18 қаңтар аралығында дәріс өткізілген болатын. Дәрістің нәтижесін қорытындылап арнайы сертификат берілді.






ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕІНІҢ КОМАНДАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ЖАРЫСТА І ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өтіп жатқан волейболдан өңірлік ашық жарыс мәресіне жетті. Екі күнге созылған спорттық бәсекеге Түркістан облысы және Шымкент қаласынан жоғары оқу орындары және мекемелерден жалпы, 15 команда қатысып, бақ сынады.
Сайыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, спорттық денсаулық кепілі екенін насихаттау, студент-жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, достық қарым-қатынасты нығайту және жастар арасында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту. Қорытындысында, М.Әуезов атындағы ОҚУ командасы 1 орынды иеленді.
Шымкент қаласы полиция департаменті 2 орын, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі 3 орынды жеңіп алды. «Үздік шабуылдаушы» – Тұрсын Әлішер, «Үздік қорғаушы» – Жандос Авезханов, «Үздік байланыстырушы» – Төлен Бағдәулет, «Үздік ойыншы» – Азимхан Бекболатов атанды. Үздіктер алғыс хат және қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Атап өтейік, спорттық ашық жарыс Тәуелсіздік мерекесі аясында Әуезов университеті және «Желтоқсан» - 86 Тәуелсіздік таңы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылды.
Білім беру бағдарламалары
Элективті пәндер каталогы
Жетістіктер
Жолдасбекова Бибісара Әбдіманатқызы, "Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент "Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2023" байқауының жеңімпазы атанды.
Жолдасбекова Бибісара Әбдіманатқыз "2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері болып табылады.
М.Әуезов атындағы ОҚУ "Спорт және туризм факультетінің" СТ -23-3к5 тобының студенті Сабырхан Төрехан Черногория Будвадада өткен бокстан жастар арасындағы Әлем кубогында 63,5 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып,және турнирдің ең үздік боксшысы кубогын иеленді. Жарайсың! Тек алға чемпион.
18 жастағы қазақстандық бокстан тарихтағы алғашқы төрт дүркін Азия чемпионы атанды
Қазақстаннан келген боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өткен Азия-2024 жастар чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды
М.Әуезов атындағы ОҚУ жанкүйерлері әуежайдан әлемдік спорттық додаларда жасындай жарқылдаған қос жеңімпазды қошеметпен күтіп алды. Бусто Арсицио (Италия) қаласында өткен турнирде М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Спорт және туризм» факультетінің магистранты Махмуд Сабырхан бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясын ұтып алса, «Спорт және туризм» факультетінің студенті Төрехан Сабырхан Черногория Будвада өткен бокстан жастар арасындағы Әлем кубогында қарсылас шақкелтермей чемпион атанып және ең үздік боксшысы кубогын иеленді.
ӘУЕЗОВ СТУДЕНТІ ІХ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында қола медаль еншіледі. Отандастарымыз Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орынан көрінді. Атап өтейік, Ардана Маханова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Спорт және туризм» факультетінің СТ-23-3р1 тобының студенті, фристайлдан спорт шебері. Бүкіл Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Ардана Маханованы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасау.
Кафедрадағы әдістемелік жұмыс мыналарға бағытталған шаралар кешені болып табылады: оқу процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмысын жетілдіру.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, монографиялар, бейнелекциялар және МООК шығарады.
Әдістемелік жұмыстың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін міндеттерді шешу кафедрада келесі нысандарда жүзеге асырылады: пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған «оқу-әдістемелік жұмыс», оқу үдерісін тікелей әдістемелік қамтамасыз ету, ұсыныстар енгізу. оған ғылыми-зерттеу жұмыстарының, педагогикалық ұжымның педагогикалық біліктілігін арттырудың нәтижесінде әзірленген; озық тәжірибені қорытындылауға, оқу үдерісін перспективалық дамытуға, оның мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіруге, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа принциптерін, заңдылықтарын, әдістерін, нысандары мен құралдарын іздеуге бағытталған «ғылыми-әдістемелік жұмыс»; «ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс», әдістемелік жұмысты басқару жөніндегі іс-шараларды қамтиды.







Тәрбие жұмысы
Сенбілік пен қаланы жасылдандыру – табиғатты қорғаудың және таза, әдемі орта қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі. Бұл шаралар адамдарды табиғатты аялауға, туған жерін таза ұстауға тәрбиелейді.
Осыған орай “Спорт және туризм” факультетіне қарасты “Дене тәрбиесі мен Бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі” кафедрасының профессор-оқытушы құрамы біршама жұмыстар атқарды. Сенбілік – қоғам болып қоршаған ортаны тазалап, табиғатты қорғауға бағытталған пайдалы іс-шара.
Оның негізгі мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, тұрғындарды еңбекке баулу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.






Кафедрада тек сабақ беру ғана емес, сонымен қатар студенттің үйлесімді тәрбиесі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, этикалық нормалар мен эстетикалық құндылықтардың бірлігінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің заңдылықтарын, оның тарихын құрметтеуге барлық жағдай жасалған, республикада тұратын халықтар, біздің ортақ мәдени мұрамыз және жеке адамның азаматтық құқықтары.
Барлық академиялық топтар жаңа оқу жылына 10 бағыттан тұратын тәрбие жұмысының жоспарын жасады.
Кураторлар бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасауда.
Кураторлық сағаттар апта сайын кесте бойынша өткізіледі, хаттамалар толтырылады.
Кафедра студенттері университеттегі іс-шараларға, концерттер мен қойылымдарға белсенді қатысады. Топтардағы тәртіп пен сыныптардың тазалығына ерекше көңіл бөлінеді.
Студенттердің оқу үлгерімі бақылау апталарының қорытындысы бойынша тексеріледі. Ашық кураторлық сағаттардың мақсаты – студенттің салауатты өмір салтын қалыптастыру, салауатты тұлға болып өсуін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден қорғауға үйрету.
"Спорт және туризм" факультеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған патриоттық әскери-спорттық жарыс өткізді.
Жарыстың мақсаты-студент жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жарыс өте қызықты өтті. Жарыс әскери спорттың 7 түрінен өтті. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.






"Спорт және туризм "факультетінің" дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі " кафедрасының аға оқытушылары Лес Е.А., Дөкеев А. К. біздің университеттің 1 жатақханасында оқитын студенттер арасында шахмат, дойбы бойынша жарыстар өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің шахматқа деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлауды дамыту. Байқау жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.









СТ-23-3к4 тобында “Кедейлікпен күрес” тақырыбында тәлімгерлік сағат болып өтті. Міндеттері:
1. Кедейлік ұғымының мәнін ашу және оның қоғамға әсерін түсіндіру.
2. Еңбек, білім және кәсіпкерліктің кедейлікті азайтудағы рөлін көрсету.
3. Әлеуметтік әділеттілік, жанашырлық, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
4.
Қайырымдылық пен волонтерлік әрекеттерге ынталандыру.
5. Студенттердің сыни ойлауын және азаматтық позициясын қалыптастыру.
СТІ-25-3к8,9 топтарымен “Суды үнемдеу маңыз” тәлімгерлік сағатын өткізу. Судың үнемделуі – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Бұл тақырыптағы тәрбие сағаты оқушыларға табиғи ресурстарды қорғаудың қажеттілігін түсіндіреді.
1. Экологиялық сананы қалыптастыру
Студенттер су – шексіз ресурс емес екенін түсінеді. Таза ауыз судың тапшылығы әлемдік мәселе екенін ұғынады.
«Суды үнемдеу маңызы» тақырыбындағы тәрбие сағаты – экологиялық мәдениеті жоғары, табиғатқа жанашыр, жауапты тұлға тәрбиелеудің маңызды құралы.
Біліктілікті арттыру



Практика
Кафедраның оқу-өндірістік базасы төмендегі мектептермен келісім- шарттар құрған:
- № 47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебі.
- А. Назарбеков атындағы № 87 Жалпы орта білім беретін мектеп
- № 77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі
- № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
- №75 мектеп-гимназия,
- А.Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназия
- №59 Жалпы орта мектеп
- № 90 Жалпы орта мектеп
- №7 Қ. Спатаев атындағы техникалық лицей
10. №24 С.Ерубаев атындағы мектеп – лицейі
11. №23 З.Космодемьянская атындағы жалпы орта мектеп
12. №54 жалпы орта мектеп және т.б
Мамандарды дайындаудың мақсаты мен міндеті педагогикалық іс-тәжірибені өткізу және ұйымдастыру талаптарына сай. Кафедрада оқу-ғылыми өндірістік кешендерімен (УНПК) жасалған келісім-щарттар, студенттерге іс-тәжірибеде берілген тапсырмаларды орындаудың бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулары бар.
Педагогикалық іс-тәжірибе біткеннен соң іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер дифференциалдық сынақ тапсырады. Өзекті мәселелер бойынша студенттерге шолу дәрісін өткізеді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бастапқы әскери дайындық" мамандығының 3-курс студенттері педагогикалық практика өтуде. Практиканттар білім беру және тәрбие процессіне етене араласып тәжиірбе жинақтауда.

6В01410-"Бастапқы әскери дайындық" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің Шымкент қаласының №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінде оқу-тәрбиелік педагогикалық практикадан өту барысы.
Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ
Студенттер әр түрлі деңгейдегі республикалық олимпиадаларға, сонымен қатар университет деңгейінде де, басқа ЖОО-да өткізілетін халықаралық студенттік конференцияларға да, кейіннен еңбек жинақтарында ғылыми еңбектері жарияланып отырады.
М.Әуезов атындағы ОҚУ спорт және туризм факультетінің М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Спорт және туризм аясындағы салауатты өмір салты және жарқын болашақ» атты XXVIII ғылыми-тәжірибелік конференцияға дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері 2024 жылдың 24 және 25 қарашасында қатысты.





Кафедра түлектері
Махмуд Айдарханулы Сабырхан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022), жастар әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018), халықаралық және Ұлттық әуесқой турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
Асқарова Қаракөз Бақтиярқызы
Жаттықтырушы және кәсіби садақшы "Trident"садақ ату клубы АҚШ, Лос-анджелес-Калифорния Садақ атудан ҚР спорт шебері. ҚР чемпионаты мен кубогының, халықтар Спартакиадасының және садақ атудан халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері 2015-2019 жылдар аралығында Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарының қатысушысы. 2018 жылғы Азия ойындарының қатысушысы.

Мұзапаров Ерсултан
Казакстан чемпионаты 1орын Әлем чемпионаты 1 Орын 2017 Астана Көшпенділер ойыны 1орын2018 Кыргызстан Азия ойындары 3 орын Индонезия Әлем Барысы 2орын Алматы
Халыкаралык дәрежедегі спорт шебери

Шамшидинов Қайсар
Қазақ күресінен ҚР чемпионы ҚР кубогінің чемпионы Азия кубогінің чемпионы Дзюдо күресінен ҚР чемпионы азия кубогінің чемпионы Самбо күресінен ҚР чемпионы Әлем чемпионатының қоло жүлдегері Белбеу күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы Қазақ күресі Дзюдо күресі Самбо күресінен спорт шебері Белбеу күресінен Халықаралық спорт шебері
Академиялық ұтқырлық
Ұлттық ғылыми педагогикалық дене тәрбиесі орталығының ұсынысымен Ташкент мемлекеттік транспорт университеті арасында ғылыми жобаларды біріге атқару мақсатында келісім жүргізілді. Ташкент мемлекеттік транспорт университетінің ректоры м.у.а Гуламов Абдулазиз Абдуллаевичтің қабылдауында болып бірнеше ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жасау жоспарын жасадық. Аталған университет профессор оқытушылар құрамына онлайн форматта 13-18 қаңтар аралығында дәріс өткізілген болатын. Дәрістің нәтижесін қорытындылап арнайы сертификат берілді.кафедрамыздың доценті Демеуов А.К. Халықаралық күрес институтының оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Мухаммадиев Камил Бурхоновичтің ұсынысы, институт ректоры Таджиев Хабибулла Хикматовичтің қолдауымен 17-қаңтар 2025 жылғы ғылыми кеңес шешімімен Халықаралық күрес институтының Құрметті профессоры атағын алды. Еске сала кетсем, Халықаралық күрес институтының ғалымдарымен және профессор оқытушылар құрамымен бірнеше ғылыми жобалар, монографиялар мен оқу құралдарын шығарған болатын. Халықаралық курес институтымен бірге отырып бірнеше ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз.






Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Университетте білім гранттары және оқу төлем ақысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған, әскери кафедра бар және студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Оқуға түсуге қажеті құжаттар тізімі:
1.Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжаты (түпнұсқа);
2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 3. 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Ұлттық бірыңғай тестілеудің электрондық сертификаты;
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан ведомостынан үзінді (арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсушілер үшін);
- Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (болған жағдайда).
Тел:+7(707)-918-65-62;
+7(702)-650-95-11
+7(7252)-27-38-52Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5
«Спорт және туризм» факультеті бойынша бакалавриат білім бағдарламалары және ҰБТ бейіндік пәндерінің тізімі
Білім беру тобының номері
Білім бағдарламасы тобының атауы
Білім бағдар
ламасы нөмері
Білім бағдарламасы атауы
Толық оқу нысаны
Қысқартылған оқу нысаны
1 бейіндік пән
2 бейіндік пән
1 бейіндік пән
2 бейіндік пән
В005
Дене шынықтыру және спорт
6В01440
Дене шынықтыру
шығармашылық
шығармашылық
шығармашылық
Шығармашы
лық
В004
Бастапқы әскери дайындық
6В01410
Бастапқы әскери дайындық
шығармашылық
шығармашылық
шығармашылық
Шығармашы
лық
В
«Спорт және туризм» факультеті бойынша магистратура білім бағдарламалары және кешенді тесттің бейіндік пәндерінің тізімі
№
Білім беру тобының номері
Білім беру тобының атауы
Білім бағдарламасы нөмері
Білім берубағдарламасының атауы
Бейіндік пәндер
1 бейіндік пән
2 бейіндік пән
1
М14
3
М005
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
7М01411
Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық
Педагогика
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Кафедра тарихы
Жалпы кафедра тарихынан мәлімет
1966 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша студенттер қабылданып, тамыз айында «Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы ұйымдастырылды. 1970 жылы алғашқы мамандар шығарыла бастады. Осы жылы Дене тәрбиесі факультеті құрылды.
1973 жыға дейін алғаш рет кафедраны аға оқытушы Д.В.Денчик, 1973-1980 жыл аралығында аға оқытушы М.М.Федосов меңгерді. Факультет 1991 жылы Шымкент педагогикалық Дене тәрбиесі институты болып ашылды. Ректоры – академик М. Б. Сапарбаев.
Одан кейін кафедрада М.Б.Сапарбаев, Б.К.Алибаев, В.М.Лесогор, Л.М Таранущенко және басқалар жұмыс істеді. 1998 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында екі ірі университет: Техникалық университет және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университеті бірігіп, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
1980-2011 жыл аралығында кафедраны «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» п.ғ.к., доцент Тлеулов Э.Д. басқарды. 2011ж. қарашадан 2013ж. тамызға дейін кафедраны п.ғ.к., доцент Садирмекова Ж.Б., 2013 ж. қыркүйектен 2020ж. маусымға дейін п.ғ.к., доцент Балабеков А.Т. басқарса, 2020ж. маусым айынан бастап п.ғ.к., доцент Б.А. Жолдасбекова басқаруда.
2019 жыл қыркүйектен бастап екі кафедраның бірігуіне байланысты кафедраның аты «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып өзгертілді.
Дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби маман даярлауда көпжылдық ғылыми және оқытушылық тәжірибесі бар жоғары дәрежелі оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Олар: профессор Есалиев А.А., доценттер Балабеков А.Т., Жолдасбекова Б.А., п.ғ.к., аға оқытушы Ережепов М.М., б.ғ.к., аға оқытушы Утебеков Қ.И. және т.б.
Кафедраның оқу-өндірістік базасы төмендегі мектептермен келісім- шарттар құрған:
- № 47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебі.
- А. Назарбеков атындағы № 87 Жалпы орта білім беретін мектеп
- № 77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі
- № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
- №75 мектеп-гимназия,
- А.Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназия
- №59 Жалпы орта мектеп
- № 90 Жалпы орта мектеп
- №7 Қ. Спатаев атындағы техникалық лицей
10. №24 С.Ерубаев атындағы мектеп – лицейі
11. №23 З.Космодемьянская атындағы жалпы орта мектеп
12. №54 жалпы орта мектеп
Мамандарды дайындаудың мақсаты мен міндеті педагогикалық іс-тәжірибені өткізу және ұйымдастыру талаптарына сай. Кафедрада оқу-ғылыми өндірістік кешендерімен (УНПК) жасалған келісім-щарттар, студенттерге іс-тәжірибеде берілген тапсырмаларды орындаудың бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулары бар.
Педагогикалық іс-тәжірибе біткеннен соң іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттер дифференциалдық сынақ тапсырады. Өзекті мәселелер бойынша студенттерге шолу дәрісін өткізеді.
Кафедра ПОҚ төмендегі ғылыми тақырып бойынша ғылыми бағытта жұмыс жүргізеді: «Проблемы использования народных игр и национальных видов спорта во внеклассной работе в общеобразовательной школе».
Мемлекеттік бюджет бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Научные аспекты личностно-ориентированного подхода к профессиональной подготовке будущего учителя физической культуры в системе высшего профессионального образования» шифрі Б-16-12-10. Жұмыс бес бөлімнен тұрады.
Кафедра ПОҚ Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық конференцияларына белсенді қатысады.
Жоспарға сай кафедра оқытушылары жыл сайын ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жарыққа шығарады. Кафедра бойынша 300-ге жуық ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік әдебиеттер жарық көрген.
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.