★ЖОҒАРЫ МЕКТЕП
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі
Факультет туралы
Жоғары мектеп тарихы
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті 2008 жылдың 29 тамыз күні құрылған факультет құрылымында үш бітіруші «Тоқыма материалдарының және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Жеңіл өнеркәсіп бұймдарының көркем безендендірілуі және конструкциялануы», «Тамақ өндірісінің технологиясы» және үш қызмет көрсетуші «Физика», «Практикалық қазақ тілі» және «Техникалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» кафедралары кірген болатын.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі болып өзгерді, құрамында «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы», «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі», «Тамақ инженериясы»
4 бітіруші кафедралардан тұрды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің негізін қалаушы техника ғылымдарының кандидаты, профессор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы.Ол 2008-2011 жылдар аралығында факультетті басқарды.
2011-2015 жылдар аралығында техника ғылымдарының кандидаты, доцент Байжанова Сұлушаш Балабиевна факультет деканы қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары техника ғылымдарының кандидаты, доцент Тоғатаев Төребек Үсенбекұлы «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектеп деканы қызметін атқарды.
2016-2019 жылдары PhD, доцент Ботабаев Нұржан Еркебайұлы декан қызметін атқарды. 2019-2021 жылдар аралығында техника ғылымдарының кандидаты Кенжибаева Гульмира Советовна декан қызметін атқарған болатын.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін жоғары мектепті биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Еркебаева Сапаркуль Умиртаевна басқарып келеді.

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбекке Жоғары мектептің деканы Еркебаева С.У. факультет жұмыстарымен таныстыру барысында
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде 60 астам профессор оқытушылар құрамы, яғни 1 ғылым докторы, 9 PhD доктор, 20 ғылым кандидаты мен доценттер және 30 магистрлер мен аға оқытушылар жұмыс істейді.
Шетел ғалымдарын тарту бағдарламасы бойынша «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебімізге Малайзия Путра университетінің «Тамақ инженериясы және процестері» кафедрасының PhD профессоры Фарах Салин Бинти Таип, Белфаст корольдік университеті, Smart Nano NI жобасының қызметкері PhD Майк Харди, Харьков ақпараттық және есептеу технологиялары федералды зерттеу орталығының директор орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор Потапов Владимир Алексеевич, Латвия жаратылыстану Университетінің профессоры Инга Ципровича, Харьков ақпараттық және есептеу технологиялары федералды зерттеу орталығының директор орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор Евлаш В. Туркия елі, Измир қаласы, Эге университетінің профессоры Элиф Эсер Эке.
Акдениз университеті (Турция) Рмадан Эрдем білімалушыларға дәрістер, семинар және мастер кластар өткізеді.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек студенттермен бірге
Жоғары мектепте 850 астам студенттер, магистрантар және докторанттар білім алады, оның ішінде 800 жуық білім алушылар мемлекеттік білім грант иегерлері. Студенттердің әскери кафедрада оқу мүмкіндіктері бар.
Әскери кафедраны бітірген студенттер запастағы офицер шеніне ие болады.
Жоғары мектепте Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүйелі түрде іске асырылуда.
Қазіргі уақытта «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде 22 жақын және алыс шет елдермен келісім шарттар бар: Падуан университеті (Италия), Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университеті (Латвия), Краков ауыл шаруашылық университеті (Польша),Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық институты (Кемерова қ.), Кубань мемлекеттік технологиялық университеті,Кырғыз мемлекеттік техникалык университеті, Иваново политехникалық университеті, Харьков мемлекеттік тамақтану және сауда университеті (Украйна), Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (Белоруссия), Акдениз университеті (Турция), Путра Малайзия университеті (Малайзия) шетелдік жоғары оқу орнымен академиялық ұтқырлық келісім шарттар арқылы іске асырылуда.
Жоғары мектептің ғылыми-зерттеу жұмысы стратегиялық және жылдық жоспарларға сәйкес орындалуда, сонымен қатар 4 мемлекеттік гранттық қаржыландырылған және шаруашылық келісім шарттар негізінде 867,832 миллион тенге көлемінде профессор оқытушылар құрамы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары өндірістік сипаттағы мәселелер мен міндеттерді шеше алатын іскерлігі мен дағдысы бар, нарықта бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектердің дайындық сапасы мен сұранысы олардың жұмысқа орналасуының жоғары деңгейімен анықталады.
Жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары және еңбек нарығында сұранысқа ие. Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары бойынша "Бөрте Милка" ЖШС, "Шабитекс" ЖШС, "Baltextil" ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС, «Барыс- 2007» ЖШС, «Шымкент Май» ЖШС және т.б. өндірістерде дуальды оқыту жүйесі жолға қойылған.

«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі еліміздегі және өңірлік ірі кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынастық байланыста. Атап айтар болсақ, «БөртеМилка» ЖШС, «ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Каравай» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Мадлен-KZ» ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС, «Барыс 2007» ЖШС, «БалТекстиль» ЖШС, «Бал Декор» ЖШС, «Әлем БТ»
ЖШС, «Special Gear Kazakhstan» ЖШС, «ALLIANCE» ЖШС, «Оңтүстік былғары» ЖШС «Холмурзаев» ЖК, «Ақтоты и К» ЖШС, ЖШС т.б. кәсіпорындар болып табылады. Жоғары мектеп бітіруші түлектері келесідей тоқыма және тамақ өнеркәсіптерінде жұмыс істейді: «Гаухар» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкентмай» ЖШС, «Фудмастар» ЖШС, «Шымкентсүт»
ЖШС, «НазарТекстиль» ЖШС, «Azalla Textile»ЖШС, «Azalla Сotton» ЖШС, «АГФ» ЖШС, «Ақ Алтын» ЖШС, «Шаби текс» ЖШС, «Дом моды» ЖШС, «Фиорентина» ЖШС, «Diyar Resto» ЖШС және т.б.
Студенттік тәжірибе
Кәсіби практика – студенттердің оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітіп, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі.
Практика барысында білім алушылар өндірістік ортаға бейімделіп, заманауи технологиялармен танысады, кәсіби міндеттерді орындау тәжірибесін жинақтайды және болашақ еңбек қызметіне дайындалады.
Білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіби практиканың негізгі түрлері:
-
оқу (таныстыру) практикасы;
-
I өндірістік практика;
-
II өндірістік практика;
-
дипломалды практика.
Оқу практикасы студенттерді болашақ кәсіби қызметімен, ұйымның құрылымы мен жұмыс бағыттарымен, еңбек қауіпсіздігі талаптарымен таныстыруға бағытталған.
Өндірістік практика барысында студенттер мамандығына сәйкес кәсіби міндеттерді орындауға қатысып, өндірістік технологиялар мен жұмыс үдерістерін меңгереді және практикалық тәжірибе жинақтайды.
Дипломалды практика оқу үдерісінің қорытынды кезеңі болып табылады. Оның барысында студенттер дипломдық жұмысына қажетті материалдарды жинақтап, кәсіпорынның немесе ұйымның қызметін зерттеп, алған білімдерін нақты кәсіби ортада қолданады.
Практиканың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, дербес шешім қабылдау, ұжымда жұмыс істеу және кәсіби коммуникация дағдыларын қалыптастыру.
Практика базалары
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің білім беру бағдарламалары бойынша студенттер тамақ, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда практикадан өтеді.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары:
«Ладушки», «Мадлен», «Каравай», «Фудмастер», «Балмұздақ», «Бөрте милка», «Сайрам нан», «Ақтоты и К», «Барыс 2007», «Қант», «Рахат Шымкент» ЖШС.
Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары:
«Бал Текстиль», «Назар-Текстиль», «Әлем БТ», «Azala Cotton», «Шымкент кашемир», «Ақ Алтын», «Оңтүстік былғары», «Туркестан Мақтасы», ТПК «ALLIANCE», «ARSHAT Group», «Гаухар тігін фабрикасы», «Janna Eltanova», «Назар-Текстиль» кілемдік-текстиль фабрикасы, «JNRAY Group», «Шабитекс» ЖШС.
Практика барысында студенттер нақты өндірістік ортада тәжірибе жинақтап, заманауи технологиялар мен кәсіби қызметтің ерекшеліктерін меңгереді. Бұл олардың кәсіби біліктілігін арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына және еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік береді.

Студенттік тәжірибе
Кәсіби бағдар беру
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес, «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің оқытушылары мен бітіруші түлектері Шымкент қаласы мен Ордабасы ауданындағы мектептер мен колледждердің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
Кездесулердің негізгі мақсаты – талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктерін таныстыру, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары мектепте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсыну.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары жоғары мектептің төрт бітіруші кафедрасы тарапынан ұйымдастырылды.
«Тоқыма материалдары технологиясы және жобалануы» кафедрасы Шұбарсу ауылындағы «Бақ Төре», «Көк-Төбе», «Зейін ашу» мектептерінде, КММ «Зерде» жалпы орта білім беретін мектебінде, Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінде, Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында, Айбек атындағы №14 және Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектептерде, сондай-ақ бірқатар жеке білім беру ұйымдары мен колледждерде кездесулер өткізді.
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі, «Арман» гимназиясы, М. Әуезов атындағы университет колледжі, Әлия Молдағұлова, Бейсенбай Кенжебаев атындағы мектептер, «Ақбастау», №67, Бәйдібек Төлепбаев атындағы, «Төрткүл», Д. Қонаев атындағы және «Бөген» орта мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
«Тамақ инженериясы» кафедрасы №73 Ақтас жалпы орта білім беретін мектебінде, Бадам ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы, Ақбұлақ ауданындағы «Ақбұлақ», Мамыр ауданындағы «Ұлағат» және Қараспан ауданындағы Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектептерде кездесулер ұйымдастырды.
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасы Қайнар, Ұялыжар, Теспе, Мәдениет, Ықыластемір елді мекендеріндегі мектептерде, сондай-ақ Шымкент қаласындағы Абдраш Назарбеков атындағы №87 мектепте, №115 негізгі орта мектепте, №46 мектеп-лицейде, №102 жалпы орта білім беретін мектепте, Техникалық лицейде және Политехникалық колледжде кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
Кездесулер барысында оқушыларға жоғары мектептің білім беру бағдарламалары, мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісі және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері таныстырылды. Талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдауға қатысты қажетті ақпараттармен танысты.
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі талапкерлерге кәсіби бағдар беру және мамандық таңдауға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 12 наурызында Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің бастамасымен өткізіліп, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен халықаралық серіктестік байланыстары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылар оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар туралы толық мәлімет алды.
Сонымен қатар, мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар және болашақта бәсекеге қабілетті маман болудың негізгі талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, мектеп түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Бұл кездесу талапкерлердің кәсіби бағдарын айқындауға, жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыруға және саналы түрде мамандық таңдауына оң ықпал етті.
2026 жылы 14 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік» күні өтті.
Іс-шара Бас ғимараттың АКТ залында ұйымдастырылып, Кәсіптік бағдар беру орталығымен бірлесе отырып «Тоқыма және тамақ инженериясы» мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектептері өткізді.
Кездесу барысында жоғары мектеп басшылары мен мамандар мазмұнды ақпараттарымен бөлісті:
- «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектептебінің деканы - Еркебаева Сапаркуль Умиртаевна;
- «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканы міндетін уақытша атқарушы - Отарбаев Нұрлыбек Шырынбекович;
- Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры - Заурбеков Талғат Талапбекұлы;
- Әскери кафедра өкілі, запастағы майор - Байгулов Бауржан Асанбекович;
- «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедра меңгерушісі - Махмудова Гулжамал Иманкуловна;
Сонымен қатар, студенттер де белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, талапкерлерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді:
- «Азық-түлік өнімдерінің технологисы және қауіпсіздігі» кафедрасы ЖТ-24-9к2 тобының студенті Жумабай Ұлбөбек;
- «Биотехнология» кафедрасы ХТ-23-5а тобының студенті Абдазимов Жасұлан.
Іс-шара барысында жарнамалық бейне-роликтер көрсетіліп, буклеттер таратылып, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен жетістіктері туралы толық ақпарат берілді.Салтанатты іс-шара «Тоқыма және тамақ инженериясы» мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектептеріне қарасты зертханалық нысандарға экскурсиямен аяқталды. Болашағыңызды бізбен бірге бастаңыз!

Жоғары мектеп деканы
Еркебаева Сапаркуль Умиртаевна биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Мекен-жайы: Шымкент қаласы,Тауке-хан даңғылы 5. М.Әуезов атындағы ОҚУ, 210 Д ғирамартыТелефон: 8 (7252) 21 – 02-09, Факс: 8 (7252) 21 – 02-09,
Жоғары мектеп құрылымы
| | Муталов Нуржигит Батырұлы |
| | Конысбеков Сагындык Муханович |
| | Калдыбаева Гульбостон Юсупжановна |

Кафедралар
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
Маканбетова Айгуль УмиртаевнаКафедра меңгерушісіТоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
Асқарова Ақбаян АсқарқызыКафедра меңгерушісіАзық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі
Ордабаева Күлтай КүзембайқызыКафедра меңгерушісіТамақ инженериясы
Aметов Ғалымжан БахытұлыКафедра меңгерушісіБілім беру бағдарламалары
Факультет бағыттары бойынша докторантура бағдарламалары нақтылануда. Ақпарат деканатпен келісілгеннен кейін жарияланады.
Профессорлар
Маканбетова Айгуль УмиртаевнаКафедра меңгерушісі «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы»
Асқарова Ақбаян АсқарқызыКафедра меңгерушісі «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»
Ордабаева Күлтай КүзембайқызыКафедра меңгерушісі «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»
Aметов Ғалымжан БахытұлыКафедра меңгерушісі «Тамақ инженериясы»Ғылым
Министрліктер мен даму институттары қаржыландыратын іргелі, қолданбалы зерттеулер бойынша ҒЗЖ 2022 жылы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ҚР БҒМ жариялаған 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурста 44 941 536,60 мың теңгеге «Пробиотиктер мен антиоксиданттармен инновациялық функционалдық биоксидті сүт өнімдерін өндіру технологиясын жасау»
ЖТН жобасы ұтып алынды. Жоба жетекшісі: PhD, аға оқытушы Утебаева А. А. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ҚР АШМ БНҚ 2021-2023 жж. жобасының бағыты бойынша 41005947,00 теңге сомасында зерттеулер жүргізіледі: тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін биологиялық белсенді заттар мен жеміс-жидек ұнтақтарын алу мақсатында отандық селекциядағы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің перспективалы сорттарын қайта өңдеу технологиясын жасау.
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. д., профессор Шингисов А. У. «Тамақ инженериясы» кафедрасында 2022 жылы БНҚ бағдарламасы бойынша «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді қалдықсыз өңдеу» тақырыбында жоба ұтып алынды.
2022-2024жж., жалпы сомасы 250 000 000 теңге, жоба жетекшісі Алибеков Р.С., орындаушылар: Уразбаева К.А., Қасымова М.К., Орымбетова Г. 2022 жылдың қараша айында «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының аға оқытушысы Б.
Туракулов «Тоқыма өнеркәсібі үшін техногендік қалдықтардан хромит пигменттерін алу мүмкіндігін зерттеу» жобасы тақырыбы бойынша жас ғалымдар байқауында грант ұтып алды. Қаржыландыру сомасы: 18 464 670 теңге.

"Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде қазіргі уақытта келесі жобалар орындалуда: Халықаралық жоба бойынша 1 қаржыландырылатын «Өзбекстан мен Қазақстандағы болашаққа арналған тоқыма өндірісі» Erasmus+ TEX4FUTURE. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 01.04.-03.04.2026 ж. аралығында ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Өзбекстан мен Қазақстандағы болашаққа арналған тоқыма өндірісі» халықаралық жобасы бойынша IX-шы кездесу Консультативтік кеңес ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі: Қалдыбаев Р.Т..
Орындаушылар: Ешжанов А.А., Калдыбаева Г.Ю., Дайрабай Д.Д., Мирзамуратова Р.Ш.. Қаржыландырудың жалпы сомасы: 912 000 (тоғыз жүз он екі мың) еуро.
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында:
1.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ПҚК (1.1-іс-қимыл): Табиғи қоректік заттармен және табиғи антиоксиданттармен байытылған жеміс-жидек десерттерін (киём және конфигурациялар) өндіру технологиясын әзірлеу. Жетекшісі: Шыңғысов А.У. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы. Жоба сомасы – 84 600 000 теңге.
2.
ИРН АР жобасы 19679729 ҚР БҒМ жариялаған 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста 85 387 806 мың теңгеге «Функционалдық мақсаттағы ет алмастырғыштан жартылай ысталған шұжық технологиясын әзірлеу» жобасы ұтып алынды. Жетекшісі Желеуова Ж.С. PhD доктор, аға оқытушысы.
3.
2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша: AP26199549 «Қазақстандағы сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық жоғары тиімді ашытқы дақылдарын дамыту».
2025 жылға жалпы қаржыландыру: 38 504 847,4 теңге. Жетекшісі: А.А.Утебаева, PhD докторы, аға оқытушы және кафедра оқытушысы.
4.
2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландырумен қамтылған жобалар: AP26104273 «Бидай сабанынан биологиялық ыдырайтын пленкалық қаптаманы өндіру технологиясын әзірлеу». А.У.Шыңғысов және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жетекшілік етті. 2025 жылға жалпы қаржыландыру: 35 776 940 теңге.
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасында ҒЖЗ бойынша жоба бар.
PhD С.Сабырханова АР25793771 «Тоқыма материалдарын түймешетен және жаңғақ қабығының агроқалдықтарын пайдаланып өңдеудің экологиялық технологиясын дайындау» жобасын ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2025-2027жж. ұтып алды. Жалпы қаржылатылған сомасы - 29 031 753 теңге.

Халықаралық байланыс
Қазіргі уақытта «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде 22 жақын және алыс шет елдермен келісім шарттар бар: Падуан университеті (Италия), Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университеті (Латвия), Краков ауыл шаруашылық университеті (Польша),Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық институты (Кемерова қ.), Кубань мемлекеттік технологиялық университеті,Кырғыз мемлекеттік техникалык университеті, Иваново политехникалық университеті, Харьков мемлекеттік тамақтану және сауда университеті (Украйна), Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (Белоруссия), Акдениз университеті (Турция), Путра Малайзия университеті (Малайзия) шетелдік жоғары оқу орнымен академиялық ұтқырлық келісім шарттар арқылы іске асырылуда.
Жоғары мектептің ғылыми-зерттеу жұмысы стратегиялық және жылдық жоспарларға сәйкес орындалуда, сонымен қатар 4 мемлекеттік гранттық қаржыландырылған және шаруашылық келісім шарттар негізінде 867,832 миллион тенге көлемінде профессор оқытушылар құрамы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 12 наурызында Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің бастамасымен өткізіліп, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен халықаралық серіктестік байланыстары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылар оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар туралы толық мәлімет алды.
Студенттік өмір
Бөлім материалдарын факультет дайындайды.
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі
Жаңалықтар

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!
1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Жоғары мектебіміздің бірқатар профессор-оқытушылары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда: «

Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицейі оқушыларының университетке танымдық сапары
1 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде Ашық есік к

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРА БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 14 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебіне қ

ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ) ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ
ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ) ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім

Студенттеріміз XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
2026 жылы 27-28 cәуірде Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIII

«Тамақ инженериясы» кафедрасының үздік түлектерімен дөңгелек үстел өтті
Академиялық қауымдастық пен жұмыс берушілер арасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің беделін арттыру мақсатында «Тамақ
Байланыс
Еркебаева Сапаркуль Умиртаевна
Декан, Кандидат биологических наук, ассоциированный профессор
- пр. Тауке хана 5, корпус 210 Д
- 8 (7252) 21-02-09
- деканаттан күтілуде
Декан орынбасарлары
Муталов Нуржигит Батырұлы
Ғылыми дәрежесі, қызметі: магистр, оқытушы
Оқу және оқу-әдістемелік жұмысы бойынша декан орынбасары
Байланыс мәліметтері: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5. М.Әуезов атындағы ОҚУ, ғимарат №5 (Д), 210 кабинет
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-02-54
Конысбеков Сагындык Муханович
Ғылыми дәрежесі, қызметі: магистр, оқытушы
Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасары
Байланыс мәліметтері: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5. М.Әуезов атындағы ОҚУ, ғимарат №5 (Д), 210 кабинет
Жұмыс телефоны: 8(7252) 21–19–84
Калдыбаева Гульбостон Юсупжановна
Ғылыми дәрежесі, қызметі: PhD, аға оқытушы
Ғылыми жұмыс және инновациялық мәселелер жөніндегі декан орынбасары
Байланыс мәліметтері: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5. М.Әуезов атындағы ОҚУ, ғимарат №5 (Д), 210 кабинет
Жұмыс тел: 8(7252) 21-19-84
Ғылым
Министрліктер мен даму институттары қаржыландыратын іргелі, қолданбалы зерттеулер бойынша ҒЗЖ 2022 жылы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ҚР БҒМ жариялаған 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурста 44 941 536,60 мың теңгеге «Пробиотиктер мен антиоксиданттармен инновациялық функционалдық биоксидті сүт өнімдерін өндіру технологиясын жасау»
ЖТН жобасы ұтып алынды. Жоба жетекшісі: PhD, аға оқытушы Утебаева А. А. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ҚР АШМ БНҚ 2021-2023 жж. жобасының бағыты бойынша 41005947,00 теңге сомасында зерттеулер жүргізіледі: тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін биологиялық белсенді заттар мен жеміс-жидек ұнтақтарын алу мақсатында отандық селекциядағы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің перспективалы сорттарын қайта өңдеу технологиясын жасау.
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. д., профессор Шингисов А. У. «Тамақ инженериясы» кафедрасында 2022 жылы БНҚ бағдарламасы бойынша «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді қалдықсыз өңдеу» тақырыбында жоба ұтып алынды.
2022-2024жж., жалпы сомасы 250 000 000 теңге, жоба жетекшісі Алибеков Р.С., орындаушылар: Уразбаева К.А., Қасымова М.К., Орымбетова Г. 2022 жылдың қараша айында «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының аға оқытушысы Б.
Туракулов «Тоқыма өнеркәсібі үшін техногендік қалдықтардан хромит пигменттерін алу мүмкіндігін зерттеу» жобасы тақырыбы бойынша жас ғалымдар байқауында грант ұтып алды. Қаржыландыру сомасы: 18 464 670 теңге.

"Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде қазіргі уақытта келесі жобалар орындалуда: Халықаралық жоба бойынша 1 қаржыландырылатын «Өзбекстан мен Қазақстандағы болашаққа арналған тоқыма өндірісі» Erasmus+ TEX4FUTURE. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 01.04.-03.04.2026 ж. аралығында ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Өзбекстан мен Қазақстандағы болашаққа арналған тоқыма өндірісі» халықаралық жобасы бойынша IX-шы кездесу Консультативтік кеңес ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі: Қалдыбаев Р.Т..
Орындаушылар: Ешжанов А.А., Калдыбаева Г.Ю., Дайрабай Д.Д., Мирзамуратова Р.Ш.. Қаржыландырудың жалпы сомасы: 912 000 (тоғыз жүз он екі мың) еуро.
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында:
1.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ПҚК (1.1-іс-қимыл): Табиғи қоректік заттармен және табиғи антиоксиданттармен байытылған жеміс-жидек десерттерін (киём және конфигурациялар) өндіру технологиясын әзірлеу. Жетекшісі: Шыңғысов А.У. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы. Жоба сомасы – 84 600 000 теңге.
2.
ИРН АР жобасы 19679729 ҚР БҒМ жариялаған 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста 85 387 806 мың теңгеге «Функционалдық мақсаттағы ет алмастырғыштан жартылай ысталған шұжық технологиясын әзірлеу» жобасы ұтып алынды. Жетекшісі Желеуова Ж.С. PhD доктор, аға оқытушысы.
3.
2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша: AP26199549 «Қазақстандағы сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық жоғары тиімді ашытқы дақылдарын дамыту».
2025 жылға жалпы қаржыландыру: 38 504 847,4 теңге. Жетекшісі: А.А.Утебаева, PhD докторы, аға оқытушы және кафедра оқытушысы.
4.
2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландырумен қамтылған жобалар: AP26104273 «Бидай сабанынан биологиялық ыдырайтын пленкалық қаптаманы өндіру технологиясын әзірлеу». А.У.Шыңғысов және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жетекшілік етті. 2025 жылға жалпы қаржыландыру: 35 776 940 теңге.
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасында ҒЖЗ бойынша жоба бар.
PhD С.Сабырханова АР25793771 «Тоқыма материалдарын түймешетен және жаңғақ қабығының агроқалдықтарын пайдаланып өңдеудің экологиялық технологиясын дайындау» жобасын ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2025-2027жж. ұтып алды. Жалпы қаржылатылған сомасы - 29 031 753 теңге.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.