4КАФЕДРА · «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі

Тамақ инженериясы

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0Кафедра материалдары



Кафедра меңгерушісі:

Иманбаев Алимжан Женісұлы
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5
М.Әуезов атындағы ОҚУ, АБ ғимараты, 124 кабинет

Жұмыс телефоны: +7 702 083 7327
E-mail:

Тамақ инженериясы

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Иманбаев Алимжан Женисович

Ғылыми дәрежесі: Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: Шымкент қаласы,Тәуке-хан даңғылы, 5

Профиль →

Касымова Махабат Куандыковна

Ғылыми дәрежесі: Химия ғылымдарының кандидаты, профессор

Байланыс мәліметтері: Шымкент қаласы,Тәуке-хан даңғылы, 5

Профиль →

Көпжасарова Зиба Исақызы

Ғылыми дәрежесі: Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Байланыс мәліметтері:Шымкент қаласы,Тәуке-хан даңғылы, 5

Профиль →

Нурсеитова Зейнеп Торехановна

Ғылыми дәрежесі: Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: Шымкент қаласы,Тәуке-хан даңғылы, 5

Профиль →

Мусаева Салтанат Джуматовна

Ғылыми дәрежесі: Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Байланыс мәліметтері: Шымкент қаласы,Тәуке-хан даңғылы, 5

Профиль →

Кайпова Жанар Нурмаханбаевна

Ғылыми дәрежесі: Техника ғылымдарының магистры, аға оқытушы

Байланыс мәліметтері: Шымкент қаласы,Тәуке-хан даңғылы, 5

Профиль →

Тамақ инженериясы

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

1995 жылы Оңтүстік Қазақстан Техникалық университетінде «Кондитерлік және қантты заттар технологиясы», «Майлар технологиясы», «Консервілер мен тағам концентраттары технологиясы», «Ашыту және шарап жасау технологиясы» бағыттары бойынша мамандарды дайындау төрт мамандандырылған кафедраларда жүзеге асырылды.

2003 жылы «Агроөнеркәсіп» факультеті құрылып, «Тамақ өндірістерінің технологиясы және тоңазыту техникасы» кафедрасына барлық мамандықтар біріктірілді.

2008 жылы «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультеті болып өзгертілді.
2010 жылы кафедра атауы «Тамақ өндірістерінің технологиясы» кафедрасы болып қайта өзгертілді.
2015 жылы аталған кафедра «Тамақ инженериясы» мен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедраларына бөлінді.

2022 ж. бастап «Тамақ инженериясы» кафедрасының меңгерушісі қызметін техника ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбаев Алимжан Женісұлы атқарып келеді.«Тамақ инженериясы» кафедрасында 6В07250 –"Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы", 6В07252 – "Қантты заттар және қантты кондитерлік өнімдер технологиясы", 6В07253 – "Тамақ қауіпсіздігі және инженерия" БББ бойынша бакалавр және магистрлер дайындалады.

Кафедрада оқытудың күндізгі, қысқартылған, жеделдетілген формалары бойынша болашақ мамандарды даярлайды. Кафедрада білім берудің 2 деңгейлі моделі бар:

  • бакалавриат (4 жыл);
  • ғылыми-педагогикалық магистратура (2 жыл) бойынша.

«Тамақ инженериясы»кафедрасы тек оқыту мен жаңа кадрларды дайындау сапасын арттыруда ғана емес, сонымен қатар оқу-әдістемелік базасын жасау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын елеулі орындауда. Кафедра қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен, оқыту лабораториялармен қамтамасыз етілген.

Жыл сайын білім алушылар арасында ғылыми конференциялар,университет аралық олимпиадалар өткізіліп отырады.
2024 оқу жылы 6В07253 - "Тамақ қауіпсізідігі және инженериясы" білім беру бағдарламасы IQAA агенттігінде (Астана қ.) халықаралық аккредитациядан өтті.

Білім беру бағдарламалары

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:
6В07250 – "ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"
6В07252 – "ҚАНТТЫ ЗАТТАР ЖӘНЕ ҚАНТТЫ КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ"

6В07253 – "ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРИЯ"

Біліктілік: ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ БАКАЛАВРЫ
Оқу мерзімі: 4 жылЖұмыс орындары: Рахат-Шымкент» ЖШС, «Арай» ЖШС, «Барыс-2006» ЖШС, «Визит» ЖАҚ, «Шымкентпиво» АҚ, «НУР» ЖШС, «Мадлен» ЖШС, «Шымкентмай-Эльдос» АОА және т.б. Магистратура бойынша:

7М07250 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»

7М07209 – «Тамақ биотехнологиясы»

7М07253 –«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің қауіпсіз технологиялары»

Оқу мерзімі: 2 жыл

Біздің жетістіктер

2022 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша 6В07250 - "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы 1 орынға ие болды.

2023 жылы В068-"Азық-түлік өнімдерінің өндірісі" білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде 3 орын иеленген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің командасы марапатталды.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен ХV Республикалық пәндік олимпиадаға дарынды және шығармашылық деңгейі жоғары студенттерді дайындап,білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін В070 - "Тоқыма :киім,аяқ киім және былғары бұйымдары" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің команда жетекшісі Иманбаев Алимжан Женисович алғыс хатқа ие болды.

2023 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша 6В07250 -"Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы 3 орынға ие болды.

2023 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша 6В07252 - "Қант заттары мен қант кондитерлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы 2 орынға ие болды.

2024 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің "Тамақ инженерия"кафедрасының студенттері Орынбек Асия,Тахиржанова Эьтибар,Камилова Алина "Мой первый стартап" бизнес идеясы конкурсының нәтижесі бойынша 2 орынға ие болды.

23 қазан 2025 жылы "Мамандығым-болашағым" жобасы аясындағы форсайт сессиясына белсене қатысып,ұтымды пікір білдіргені үшін "Тамақ инженериясы" кафедрасының өндіріс саласында жұмыс атқаратын Албаева Жанар алғыс хатқа ие болды.

23 қазан 2025 жылы "Мамандығым-болашағым" жобасы аясындағы форсайт сессиясына белсене қатысып,ұтымды пікір білдіргені үшін "Тамақ инженериясы" кафедрасының ЖТ-22-3к1 тобының студенті Иристаев Миржалол алғыс хатқа ие болды.

2026 жылы 27-28 cәуірде Алматы технологиялық университетінде ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде "В068 - Азық-түлік өнімдерінің өндірісі" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша студентеріміз жүлделі ІІ орынмен марапатталды

ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға дарынды және шығармашылық деңгейі жоғары студенттерді дайындап, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін команда жетекшісі Мусаева Салтанат Джуматқызы алғыс хатқа ие болды

Материалдық-техникалық база

«Тамақ инженерия» кафедрасының материалды-техникалық базасы қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен, оқу лабораторияларымен қамтамасыз етілген.

Кафедраның жалпы орналасқан аумағы: Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, АБ ғимараты.
«Тамақ инженериясы» кафедрасына төмендегі аудиториялар кіреді: 228А, 230А, 232А, 121АБ, 119АБ - зертхана лабораториясы, дәріс беру аудиториясына: 417А кірсе, қалған кабинеттер кафедра оқытушылардың жеке жұмыс бөлмесі есебінде.

Кафедра құрамында кірген барлық кабинетте техникалық - қауіпсіздік ережелері қатаң сақталған.

Кафедра аудиториялардың жалпы ауданы:

-зертхана 232А – 48 м2.

-зертхана 230А - 42 м2

-зертхана 228А - 63 м2

-"Сүт және сүт өнімдерін өндірудің эксперименталды-технологиялық желісі" 119АБ - 106,95м2

-ғылыми аналитикалық зертхана 1191АБ - 13,7м2

-эксперименталдық зертхана 119АБ1 - 44,6м2

-мұздатқыш камерасы 119АБ1 - 16,7м2

-"Тамақ инженериясы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі" 119АБ2 - 16,7м2

-"Ет өңдеу технологиясы" 119АБ3 - 16,7м2

-"Жеміс және көкөніс өңдеу технологиясы" 119АБ4 - 16,7м2

-дәрісхана 417А - 47,3м2

-зертхана 121АБ - 67,8м2

-оқытушылар бөлмесі- 122АБ - 13,5м2

-оқытушылар бөлмесі- 128АБ - 13,5м2

-оқытушылар бөлмесі- 130АБ - 9,5м2

-кафедра меңгерушісінің бөлмесі 124АБ - 13,5м2

Кафедраның жалпы аудан көлемі- 521,35 м2

Сонымен бірге оқытудың техникалық құралдары бар: интерактивті тақта , (228А, 121АБ, 417А), оқу әдістемесі, технологиялық регламент, әр пән бойынша 15-20 плакаттар, препараттар, слайдтар, видео фильмдер, буклеттер.

Өндірістік базасы

Кәсіптік практика жоғары дәрежелі мамандарды дайындаудағы оқу процесінің негізгі бөлігі болып табылады және кәсіпорындарда, мекемелерде, әр- түрлі қызмет саласындағы ұйымдарда және арнайы қызметі мен лауазымы, қажетті материалдық-техникалық базасы, құрал-жабдықтар мен ақпараттық технологиясы бар меншік түрлерінде жүргізіледі. «Тамақ инженериясы» кафедрасының білім алушыларының өтетін практика түрлері:

  • оқу (оқу - танысу, экскурсиялық,);
  • 1- өндірістік (технологиялық, өндірістік.);
  • 2- өндірістік (технологиялық, өндірістік.);
  • диплом алды

Өндірістік практика мақсаты – студенттердің университет қабырғасында алған теориялық білімдерін нығайту және мамандығы бойынша практикалық жұмысқа бейімдеу.

Практиканың мақсаттары:
Кәсіптік практиканың мақсаты – студенттердің оқу үдерісінде алған білімдерін тексеру, негізгі құзыреттерін бекіту және тереңдету, өндірісте қажетті практикалық дағдыларды меңгерту, мамандық бойынша ұйымның нақты жұмыс әдіс-тәсілдерін үйрету, сондай-ақ заманауи жұмыс тәжірибелерімен таныстыру.

Практиканың негізгі міндеттері:

  • кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымымен, мақсатымен және қызмет ерекшелігімен танысу;
  • басқару бөлімшелерінің негізгі функцияларын зерделеу;
  • өндірістік ортада кәсіби тәжірибе жинақтау;
  • мамандық бойынша практикалық білім мен дағдыларды жетілдіру.

Практиканы ұйымдастыру және басқару үшін кафедра тарапынан арнайы жетекші тағайындалады. Университет практиканы басқаруды мекеме қызметін және қазіргі өндіріс ерекшеліктерін жақсы білетін профессорларға, доценттерге және оқытушыларға жүктейді. Ал өндірістік тәжірибе өтетін ұйымдарда практикалық жұмыстарға жетекшілік ету құрылымдық бөлімшелердің білікті мамандарына тапсырылады.

6В07250 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» БББ бойынша оқитын студенттердің кәсіптік практика базалары: 1. ЖШС «Сайрам нан; 2. ЖШС «Ақтоты и К; 3. ЖШС «Мадлен»; 4. ЖШС «Барыс 2007»; 5. ЖК «Темиршиков.

6В07252 – «Қантты заттары мен қантты кондитерлік өнімдердің технологиясы»

БББ бойынша оқитын студенттердің кәсіптік практика базалары: 1. ЖШС «Қант»; 2. ЖШС «Рахат Шымкент»; 3. ЖШС «Мадлен; 4. ЖШС «Барыс 2007»; 5. ЖК «Холмурзаев».

6В07253 –«Тамақ қауіпсіздігі және инженерия» БББ бойынша оқитын студенттердің кәсіптік практика базалары: 1.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ; 2. ЖШС «Рахат Шымкент»; 3. ЖШС «Мадлен; 4. ЖШС «Барыс 2007»; 5. ЖК «Париж».

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Қазіргі таңда "Тамақ инженериясы" кафедрасында 1 доктор Phd, 8 ғылым кандидаты, 7 магистр оқытушылары жұмыс атқарады. Сонымен қатар ғылыми - зерттеу жұмыстары жүрізілуде. Кафедра оқытушылары белсенді түрде конференцияларға, ғылыми методикалық семинарларға қатысуда.

ҒЗЖ элементі енгізілген диплом жұмысын орындаған студент саны- 2. Дипломдық жұмыстардың жалпы саны-24, ғылыми-зерттеу сипатындағы дипломдық жұмыс саны -16.
Студенттер ғылыми жұмыстарын презентациялап, баяндама жасаумен бірге ғылыми тақырып бойынша жасаған жұмыстары бойынша зерттелген өнімді пісіріп комиссия алдына ұсынды.

Конференцияға қатысқан жюри мүшелері мен қатысушылар дәмін көріп дегустация жасап баға берді.

Студенттердің баяндамалары тақырыпқа және ғылыми конференцияның талаптарына сай, жеткілікті түрдегі жоғары дәрежеде баяндалды.Кафедрамыздың техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Көпжасарова Зиба Исақызы өзінің ғылыми-зерттеу жобасын ұсынған болатын.

Тақырыбы: "Тағамдық құндылығы жоғары нан тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер технологияларының ғылыми негіздері".

2024 жыл бойынша жоспарға сәйкес әрбір студентке бекітілген ғылыми жетекшілері ғылыми теориялық тұрғыда жарық көрген ғылыми мақалалардың деңгейі мен ұсыныстарына жеке-жеке талдау жасап, барлық мәселелер ескеріле отырып, студенттерді ғылыми жұмыстармен айналысуға шақырып, жол сілтей білді.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша жарық көрген мақалалар:

  • «Өсімдік текті шикізат қосылған кондитерлік өнімдерінің жаңа рецептурасын құру және ассортиментін жаңарту» бойынша Амандық Диана Бекжанқызы ЖТ-20-6к топ студенті;
  • «Крекер өнімнің сапасына зығыр дәнінің сапасын зерттеу» бойынша Жиенкул арсен Оралбекұлы ЖТ-20-3к топ студенті;
  • «Функционалды нан тоқаш өнімдерінің технологиясы» бойынша Асанова Асель ЖТ-23-3к топ студенті;
  • «Ашытқысыз нан өнімдерінің технологиясы» бойынша Байбосын Аружан ЖТ-21-3к2 топ студенті;
  • «Қызыл жасымықтан және жасыл қарақұмық ұнынан глютенсіз нан дайындау технологиясын зерттеу» бойынша Халдарова Айсұлу ЖТ-22-3к1 топ студенті;
  • «Құрамы сұлы ұнымен байытылған кекстің сапа көрсеткіштерін зерттеу» бойынша Жақсыбек Батырхан Орынбекұлы ЖТ-20-3др топ студенті;
  • «Өсімдік текті майлы шикізат негізінде печенье өндірісінің технологиясын зерттеу» бойынша Ахметжанова Шырын ЖТ-20-3к топ студенті;
  • «Сұлы ұнынан қытырлақ нан дайындау жұмысы» бойынша Өзбекбай Әсем ЖТ-21-3к1 топ студенті.

«Тамақ инженериясы» кафедрасында Тұрар Рысқұловтың 130-жылдығына арналған «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі 28-ші студенттердің ғылыми конференциясы: 29.11.2024 ж. күні сағ.15.00-де 121 АБ аудиториясында «Тамақ инженериясы» секциясы бойынша конференция өткізілді.

Жалпы конференцияда 34 жұмыс баяндама жасалынды. Конференцияға белсенді түрде қатысып, қызықты баяндама жасағаны және өз ғылыми жұмысын терең игергені үшін «Тамақ инженериясы» кафедрасында «Тамақ инженериясы» секциясы бойынша келесі студенттерді марапаттауға ұсынылды: 1-орын: Орынбасар Әлләзи ЖТ-21-3к1 тобының студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Тасполтаева А.Р. 2-орын Куламхадир Жасмин ЖТ-21-3к1 тобының студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Тасполтаева А.Р. 3-орын Дүйсенбай Ақнұр ЖТ-23-3к1 тобының студенті Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Нурсеитова З.Т. Мырзакул Бахыткуль ЖТ-22-10-тк тобының студенті Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Айтбаева А.

Алғыс хатпен марапатталғандар:

1. Уткельбаева Жасмин ЖТ-22-3к1 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Көбжасарова З.И.

2. Сатыбалды Аяулым ЖТ-22-10тк тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Айтбаева А.

3. Рахмет Жанар ЖТ-23-10к2 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Ешімбетова Б.Т.

Қорытындылай келе, конференция жұмысының жоғары деңгейде және нәтижелі өткенін атап өткен жөн. Іс-шара аясында білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері арасында мазмұнды әрі сындарлы диалог орнап, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар конференция бағдарламасының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұсынылған баяндамалар мен пікірталастардың кәсіби дамуға оң ықпал еткенін жеткізді.

"Тамақ инженериясы" кафедрасының доктаранты Арапбаева Динара Мусиралиевна ғылыми-зерттеу жұмыс жасау үстінде

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлықпен барған студенттеріміз Алматы техникалық университетінде

2024-2025 оқу жылының күзгі семестрі қыркүйектің 2 -і мен қаңтардың 31-і аралығындағы мерзімге Алматы технологиялық университеті мен университетіміз арасында 6В07250 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» БББ бойынша 2 курс студенті Болатбекова Гаухар Қалдыбекқызы ЖТ-23-3др тобына, 3 курс студенттері Нысанбаева Қажыайым Сүлейменқызы мен Жангірбай Аяулым Сайлаубекқызы ЖТ-22-3к1 тобына өзара білім алмасу негізінде қабылданды.

Халықаралық ынтымақтастық

2025 жылдың 14 сәуір айында Өзбекстан Республикасы,Бухара инженерлік-технологиялық институтының оқытушылары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің "Азық -түлік өнімдерінің технологиясы" және "Биотехнология және Тамақ қауіпсіздігі" кафедралары арасындағы ынтымақтастық,тәжірибе алмасу,оқытушылардың біліктілігін арттыру,дәріс сабақтарын өткізу,сондай-ақ білім беру әдістемелерімен және ғылыми зерттеулермен алмасу мақсатында келді

Бұхара инженерлік-технологиялық институтының оқытушылары студенттерге дәріс сабақтарын жоғары деңгейде өткізді және өзара білім алмасты.

Біліктілікті жоғарылату

"Тамақ инженериясы" кафедрасының оқытушылар құрамының біліктілікті жоғарылатуы туралы сертификаттары:

"Әуезов Университеті-2024" Халықаралық онлайн қысқы мектеп академиялық ұтқырлықты оқытуда "Тамақ инженериясы"кафедрасының студенттерінің сертификаттары:

Кәсіби бағдар беру

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын басшылыққа ала отырып және «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі, «Тамақ инженериясы» кафедрасының ПОҚ 24.11 - 28.11.25 ж. күні оқу жылына кестесіне сәйкес, бітіруші түлектерімен кездесу өткізілді.

Шымкент қаласы мектептері, колледждері мен Ордабасы ауданының орта мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
«Тамақ инженериясы» кафедрасы: №73 Ақтас жалпы орта білім беретін мектебі, Бадам ауданындағы «Сәкен Сейфуллин» атындағы жалпы білім беретін мектебі, Ақбұлақ ауданындағы «Ақбұлақ»жалпы білім беретін мектебі, Мамыр ауданындағы «Ұлағат» жалпы білім беретін мектебі, Қараспан ауданындағы «Бейсен Оңтаев» атындағы жалпы білім беретін мектептері мен т.б. оқу орындарына барған болатын.

Біздің түлектер

Introducing
IMAGE LAYOUTS ADDON

Жиенбеков Саян Мадиярұлы

Білім беру бағдарламасы:
6В07250 – "ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"
2014-2018 ж.

Қазіргі жұмыс орны: Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі, арнайы пән оқытушысы
2024ж. Түркістан облыстық аспаздар жарысында 1 ші орын иегері;
2025ж. Республикалық жарыста Астана қаласында 3 ші орын иегері.

Introducing
IMAGE LAYOUTS ADDON

Сапарбек Дарья

Білім беру бағдарламасы:
6В07250 – "ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"
2021-2025 ж.

Қазіргі жұмыс орны: Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі; пән оқытушысы

Introducing
IMAGE LAYOUTS ADDON

Оралбекова Жанерке

Білім беру бағдарламасы:
6В07250 – "ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"
2020-2024 ж.

Қазіргі жұмыс орны: Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі

Introducing
IMAGE LAYOUTS ADDON

Базарбоева Гүлнафис

Білім беру бағдарламасы:
6В07250 – "ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"
2021-2025ж.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.