★БӨЛІМШЕ
ОҚУ колледжі
Университет бөлімшесі: ақпарат, құжаттар және жаңалықтар.
Бөлімше туралы
ОҚУ колледжі






КОЛЛЕДЖДІҢ МИССИЯСЫ:
Студенттердің білім сапасын арттыру. Еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы экономикасының дамуына өз үлесін қосатын адамгершілігі мол, инновациялық жаңа ойлайтын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
КОЛЛЕДЖДІҢ СТРАГЕТИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
1. Тәрбие мақсаты:
Академиялық адалдық ортасын құру және студенттермен бірлесе отырып жұмысты жандандыру.
2. Оқу мақсаты:
Колледждің білім беру қызметіне модульдік және дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы сапасын арттыру.
Қашықтықтан оқыту форматында жұмыс жасау платформасында оқу тәрбие процесін ұйымдастыру SN.
3. Ғылыми мақсаты:
Колледж оқытушылары мен студенттерінің ғылыми деңгейін, тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру.
3.1 Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жөндеу және құрылыс жұмыстары.
3.2 Білім беру және ақпараттық қорлар.
Ақпараттық және кітапханалық қорларды және SN платформасының «Кітапханасын» ҰАҚ «Кәсіпқор» Холдинг» және колледж оқытушылары әзірлеген электронды оқулықтармен толығыуын қамтамасыздандыру.
3. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және білім беру қызметтерінің шеңберін кеңейту.
3.1. Жаңартылған білім бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу.
3.2. Сұранысқа ие мамандықтарды жаңарту және кеңейту (лицензия қосымшаларын алу).
3.3. Мамандарды даярлаудың ең тиімді түрі ретінде дуалды оқыту жүйесін кеңірек енгізу.
3.4 Қашықтықтан оқыту жүйесін кеңейту;
3.5. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру.
4. Оқу-әдістемелік жұмыстың инновациялық дамуы.
4.1. Оқу-әдістемелік және оқу үдерісін нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету.
5. Оқытушылар мен студенттер арасындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту.
5.1. Оқытушылардың техникалық және кәсіптік білім беру мамандары сияқты деңгейін көтерудің айқын жүйесін құру және ұйымдастыру.
5.2. Ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференцияларды, семинарлар-тренингтерді ұйымдастыру және өткізу.
6. World-Skils чемпионатына студенттерді стандартка сәйкес дайындау мақсатында заманауи материал және құралдармен қамтамасыз eтy.
7.
ERASMUS+ (Эразмус Плюс) - жобасына қатысу. Бұл жобаның мақсаты - ТЖКББ-ға көмек қолын салу, білім сапасын көтеру, білім алушылардың ұтқырлығын және мәдениетін қалыптастыру және олардың әлеуметтік капиталын өз елінде де шет елдерде де дамыту.
"М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының колледжі университет ректорының 2016 жылдың 1 сәуіріндегі №96-н бұйрығымен университеттің құрамдас бөлімі ретінде ашылды және оған «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі № KZ62LAM00001411 лицензиясы 04.04.2025ж қайта рәсімделіп берілген.
Колледж 15 мамандық бойынша кадрлар дайындайды. Студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған: кітапханалар, оқу залдары, электрондық оқу залдары. Ғылыми ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, спорттық үйірмелер жастардың сабақтан бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне септігін тигізеді.
Стадион, спорт зал мен жатақхана оқу ғимаратына жақын орналасқан. Оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар қолданылады, жоғары білікті тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Міне, осылардың барлығы жастардың алаңсыз білім алуына ықпал етеді.
Колледж түлектері өз мамандықтарына сәйкес университеттің 2-ші курсынан оқуын онан әрі жалғастырып, жоғары білім ала алады.
Мекен-жайы: Шымкент қ., М.Әуезов ат. ОҚУ колледжі, «13» ғимараты
Телефоны: 8(7252)21-44-62
ОҚУ колледжі
Бөлімдер
Құрамды, бағдарламалар мен құжаттарды көру үшін бөлімді таңдаңыз.
ОҚУ колледжі
Бөлімше туралы ақпарат
Талапкерге
20.06.2026
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжіне 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау жүргізіледі.
Колледжде 9 және 11-сынып базасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік бар.
2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша барлығы 275 орын бөлінді.
9-сынып базасында – 200 орын
07320100 – Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
Біліктілігі: 4S07320106 – Техник-құрылысшы
50 орын
07220100 – Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Біліктілігі: 4S07220105 – Техник-технолог
25 орын
07130200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
Біліктілігі: 4S07130202 – Техник-электрик
25 орын
08410100 – Ветеринария
Біліктілігі: 4S08410104 – Ветеринарлық техник
25 орын
07150100 – Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S07150105 – Техник-технолог
25 орын
01140500 – Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: 4S01140501 – Дене тәрбиесі мұғалімі
25 орын
04110100 – Есеп және аудит
Біліктілігі: 4S04110102 – Бухгалтер
25 орын
11-сынып базасында – 75 орын
07230100 – Тігін өндірісі және киімді модельдеу
Біліктілігі: 4S07230107 – Техник-технолог
25 орын
06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S06130103–Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы
25 орын
01140500 – Дене шынықтыру және спорт
Біліктілігі: 4S01140501 – Дене тәрбиесі мұғалімі
25 орын
М.
Әуезов атындағы ОҚУ колледжі талапкерлерді кәсіби білім алып, болашақ мамандығын таңдауға шақырады.
Құжаттарыңызды тапсырып, болашағыңызға нық қадам жасаңыз!

Жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып түлектері назарына
Замануи талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлау бойынша Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжі 18 мамандық бойынша білімгерлерді қабылдайды.
Колледжде сапалы білім беруге арналған қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Оқу аудиториялары мен зертханалар заманауи құрылғылармен толық жабдықталған.
Білімгерлерге еліміздің жетекші оқытушы – профессорлары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім береді. Өндірістік іс-тәжірибе келісімге сәйкес облыстың, алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында өткізіледі.
Колледждің түлектері өз мамандықтарына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-ші курсынан оқуын ары қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Қажетті құжаттар:
1. Білім туралы құжат
2. 086 у үлгідегі дәрігерлік анықтама
3. 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама
4. 6 дана сурет 3х4 – сурет
5. Туу туралы куәлік көшірмесі немесе паспорт
Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Рысқұлбекова 1,
Қабылдау комиссиясының тел: 21-44-62



Директор блогы

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж директоры
Шардарбеков Дархан Өтелбайұлы
Құрметті сайт қонақтары!
Колледж директорының парақшасына қош келдіңіздер!
Бұл блог студенттермен, ата-аналармен, оқытушылармен және колледж қызметкерлерімен ашық әрі нәтижелі байланыс орнату мақсатында ашылды. Осы алаңда сіздер оқу, тәрбие, ішкі тәртіп, бала қауіпсіздігі және де басқа өздеріңізді толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізді білдіре аласыздар. Біз кері байланыс орнатуға әрдайым ашықпыз
Құрметпен,
Шардарбеков Дархан Өтелбайұлы
Электронды пошта:
Оқу үдерісі
Мемлекеттік емтихан кестесіЕмтихан кестесіДемонстрациялық емтиханАпталық Дипломдық жобаны қорғау кестесі

М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 2025-2026 оқу жылына ОҚУ ЖОСПАРЫ


Апталық
"Техникалық мамандықтар" мен "Құрылыс және металл өндіру технологиясы""Тілдер" пәндік цикл комиссиясы "Гуманитарлық бағыт" және "Әлеуметтік-экономикалық пәндер" "Тамақтандыруды ұйымдастыру" ПЦК"Жаратылыстану" ПЦК"Тігін және дизайн" ПЦК "IT мамандықтар" мен " Дене тәрбиесі және АӘД"
Мекемелермен келісім-шарттар
| № | Мамандықтар | Мекеме аты | Мекемемен келісім-шарт |
| 1. | 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» | ТОО LEADER INNOVATION SCHOOL | |
| 2. | 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт» | ТОО "AL-Farabi Bilim" | |
| 3. | 02120200 – «Киім дизайны» | ТОО "Швейная фабрика Гауһар" | |
| 4. | 04110100 – «Есеп және аудит» | ||
| 5. | 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету (салалар бойынша)» | ТОО "СБ-ЮКО" | |
| 6. | 07110500 – «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» | ||
| 7. | 07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» | ТОО "ЗЭМИ" | |
| 8. | 07150100 – «Машина жасау технологиялары (түрлері бойынша)» | ТОО "Ай Сервис Транс" | |
| 9. | 07151400 – «Түсті металдар металлургиясы» | ТОО "SHYMKENT TEMIR" | |
| 10. | 07220100 – «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» | ТОО "Әділет құрылыс LTD" | |
| 11. | 07230100 – «Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу» | ТОО "Balabi Textile" | |
| 12. | 07230800 – «Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары технологиясы» | ТОО "Назар Текстиль" | |
| 13. | 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» | ТОО "Оңтүстік құрылыс" | |
| 14. | 08410100 – «Ветеринария» | ГКП на праве ПХВ Ветеринарная служба УСХ и ветеринарии г. Шымкента | |
| 15. | 10130300 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» | ИП "Elegant Emirates" |
Ашық сабақтар
"Ұлы даланың жеті қыры" апталығы аясында тарих пәнінің оқытушысы, магистр Н.Ж. Досыбай ББн-23-2к тобымен бірге, Қазақстан тарихы пәнінен: «Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабаның рөлі (Қазақ-жоңғар қатынастары) тақырыбында ашық сабақ өтті.



https://www.instagram.com/p/C0lpzMQtLwJ/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.Әуезов ОҚУ колледжінде колледж әдіскері Досмухамбетова А.С және тәжірибелі маман Усербаева Б.З ұйымдастыруымен колледж жас мамандарына “Сабақ барысында жасалынатын көрнекіліктер жасау,жүйелеуді үйрету”атты семинар сабағы өтілді.


https://www.instagram.com/reel/C5klzDatCJK/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының ТҰн-22-1к тобының “Емдік тамақтануға арналған тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындау технологиясының ерекшеліктері” тақырыбында өткізілген ашық сабағы. Топ оқытушысы: Карибаева Диана.


https://www.instagram.com/reel/C3UoO1gt3sL/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
“Ұлы даланың жеті қыры- ұрпаққа ұлағат” атты апталық аясында Саркулакова Райхан Амиралиевна экономика негіздері пәнінен ЕАН-21-1к тобымен “Тауарға қосылатын қосымша құн салығы операцияларының шоттар корреспонденциялары” тақырыбында ашық сабақ өтті.
https://www.instagram.com/reel/C0b3BuBtNAy/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.
Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының ТҰн-22-1р тобының “ Важность различных каш” тақырыбында өткізілген ашық сабағы. Топ оқытушысы: Абдухалық Мадина.


https://www.instagram.com/reel/C3SRNz9LLrr/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” ПЦК сының арнайы пән оқытушысы Жартай Шұғыланың ТҰн-21-1к тобына “Стандартқа сәйкес шикізаттарды сертификациялау” атты тақырыбында өткізілген ашық сабағы.


https://www.instagram.com/reel/C4p-YQGN_qT/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде 10130300 - “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының
ТҰн-23-1k тобының білім алушыларымен бірге “Алғыс айту күні” бойынша тәлімгерлік сабағы өтілді. Топ тәлімгері: Торманова А. Д.


https://www.instagram.com/reel/C4cyaWBtMuC/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі “Жалпы білім беру пәндері”ПЦК-ның оқытушысы Ермек А.Ж. “Биология әлеміне саяхат” тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Сайысқа:Дтн-23-1,2к;Ббн-23-1,2,3; Ветн-23-1к және Ткн -23-1к топ студенттері қатысты.


https://www.instagram.com/reel/C4IRenutnZb/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Гуманитарлық және экономикалық пәндер” және «Тілдер» ПЦК-сы Ағылшын тілі пән оқытушылары Жұмаділ Майра мен Ахтаева Шолпан ББн-23-1к ББн-23-2к ББн-23-3к топ студенттер арасында «Magic Land» тақырыбында сайыс сабақ өтті.


https://www.instagram.com/reel/CzkzX7xNRcI/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу" мамандығының, ТК-22-1к тобының білім алушыларымен бірге "Дайындық-эксперименттік учаскенің негізгі технологиялық операциялары" тақырыбында арнайы пән оқытушысы Серік Әлима ашық сабағын өтті.


https://www.instagram.com/reel/C4XPv4ZNaoI/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Бос орындар
21.09.2026ж. "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 1 штаттық бос жұмыс орны бар.
10.09.2026ж. Колледжде педагог-психолог лауазымы бойынша 1 бос жұмыс орны бар.
Біліктілік талаптары: педагог-психолог лауазымына қойылатын тиісті талаптарға сәйкес келуі және қазақ тілінде кәсіби қызмет жүргізе білуі. Аталған бос лауазымға қызығушылық танытқан кандидаттар колледж әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.
31.08.2026ж. 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»(4S01140101 – Бастауыш білім беру мұғалімі)мамандығы бойынша 2-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
31.08.2026ж. 10130300 - «Тамақтандыруды ұйымдастыру» (4S10130303–Технолог) мамандығы бойынша 1-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
31.08.2026ж. 08410100-«Ветеринария» (4S08410104 – Ветеринарлық техник)мамандығы бойынша 1-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
28.08.2026ж. 07151400 – «Түсті металдар металургиясы»( 4S07151404 – техник -металлург) мамандығы бойынша 2-курс, 11-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
28.08.2026ж. 07150100 - «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»(4S07150105 - Техник-технолог) мамандығы бойынша 2-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
27.08.2026ж. Колледжде педагог-психолог лауазымы бойынша 1 бос жұмыс орны бар.
Біліктілік талаптары: педагог-психолог лауазымына қойылатын тиісті талаптарға сәйкес келуі және қазақ тілінде кәсіби қызмет жүргізе білуі. Аталған бос лауазымға қызығушылық танытқан кандидаттар колледж әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.
27.08.2026ж. Колледжде кітапханашы лауазымы бойынша 1 бос жұмыс орны бар.
Біліктілік талаптары: тиісті білімі болуы, кітапханалық-ақпараттық қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттерінің болуы. Аталған бос лауазымға қызығушылық танытқан кандидаттар колледж әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.
21.08.2026ж. 07230100–«Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу»(4S07230107 – Техник-технолог)мамандығы бойынша 2-курс, 11-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
13.08.2026ж. 08410100-«Ветеринария» (4S08410104 – Ветеринарлық техник)мамандығы бойынша 1-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
13.08.2026ж. 07320100-«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» (4S07320106 – Техник құрылысшы)» мамандығы бойынша 1-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
08.07.2026ж. 07130200-Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)( 4S07130202 – техник-электрик)» мамандығы бойынша 1-курс, 9-сынып негізінде 1 орын бос екендігін жариялаймыз (қазақ тобы).
Аттестация
8. Білім беру процесіне қатысушылардың және басқа респонденттердің сауалнамасы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін Жұмыс берушілер, кәсіптік практика базаларының басшылары үшінТехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін.
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ (СҚКО)
Жұмыс тәртібі және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Телефон: +7(7252)-21-44-62
Жұмыс уақыты: 8.15-ден 18.25-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты 13.00.-14.00
Мекен-жайы: Шымкент қ., Рысқұлбеков көшесі 5/3, 1 қабат, 107 кабинет.
Колледж көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі:
2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
4. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"
5. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
7. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"
Бір студентке қызмет көрсету уақыты мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қатаң реттеледі. СҚКО-да ақпараттық-консультациялық көмек қызметтері қолжетімді. Осы жерден Egov электрондық порталынан онлайн қызметтерді өз бетінше алуға болады. Ол үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен түрлі анықтамалар алуға болады.
СҚКО жұмысы студенттер проблемаларын шешудің тиімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады, көрсетілетін қызметтердің сапасын қағидатты жаңа деңгейге көтереді, білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын азайту міндетін шешеді.
2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
2019 жылдың 15 қаңтарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент өкілдері Оқу және ОӘЖ жөніндегі проректоры Қ.С. Байболовтың басшылығымен химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі әкімшілігімен кездесті. Кездесу барысында жаңартылған орта білім беру мазмұны аясында педагогикалық мамандар дайындау мәселелері және одан әрі қарайғы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.


6. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну"
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздегі білім беру жүйесіне де тың серпін берді. Жахандану дәуірінде Қазақстандық білімнің әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуы сөзсіз құбылыс. Әрине бұл орайда, жоғары мектеп өз саласына тиесілі бірқатар міндеттерді шешуге қабілетті болуы тиіс. Оның ішінде оқытушы-профессорлық құрамның үздіксіз біліктілігін арттырып отыру да өте маңызды.
Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі 19.12-29.12.2018ж. мерзімі аралығында оқытушы-профессорлық құрамына арналған жоспарлы «Заманауи оқыту технологиялары» курсын ұйымдастырды.




Курстың жұмыс оқу бағдарламасы мынадай мақсаттарды қамтыды: оқытушылардың оқытудың заманауи технологияларын меңгеру дағдыларын арттыру, алған білімі мен біліктілігін сабақ беру процесінде шебер қолдана білуге ықпал ету және өзара тәжірибе алмасуды белсендіру, жобалау мен модельдеу икемділігін жетілдіру, ақпараттар ағымын игеруге машықтандыру.
Сабақтар барысы төмендегі оқу модельдері бойынша жүргізілді:
- Заманауи білім беру жүйесі
- ЖОО оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау.
- ЖОО оқытушысының оқу-әдістемелік жұмыстары.
- Жаппай ашық онлайн курстар: даярлау және пайдалану.
- Әртүрлі технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.
- ЖОО оқу үдерісінде «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының бірқатар әдістерін пайдалану.
Инклюзивті білім беру.
7. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"
Әлемдік тәжірибелерді саралап қарар болсақ, педагог кадрлардың кәсіби даярлығы сапалы білім беру ісінің басты кепілі ретінде қаралады. Оқытудың заманауи технологияларын шебер меңгеріп, оны кәсібилікпен ұштастыра алатын оқытушының жаңа тұлғасын қалыптастыру қазіргі күннің көкейктесті мәселесі.
Осыған орай, Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі 19.12-29.12.2018ж. мерзімі аралығында Қашықтықтан оқыту институтының базасында «Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі» курсын ұйымдастырды. Курс тыңдаушылары қатарында университет оқытушылары және қашықтықтан білім беру бойынша Қарағанды, Ақтау қалаларындағы өкілдік қызметкерлері бар


Курстың негізгі мақсаты университет оқытушы-профессорлық құрамының заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелерді меңгеріп, қашықтықтан білім беру бойынша біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі және неғұрлым оңтайлы тәсілі қашықтан оқыту бойынша құзіреттіліктерін белсендіру.
Курстың оқу бағдарламасы қашықтықтан білім беру технологиясы мен қағидалары, тьютордың қызметі, ролі мен функциясы, Web-браузерлер. Электрондық оқытуды жеткізу құралдары. Web-серверлер. «Прометей» ҚББЖ. Тьютордың интерпейсін бекіту. Кітапханамен жұмыс. Дербес мәліметтерді қарау және өзгерту және т.б тақырыптарды қамтыды.
Апталық
"Техникалық мамандықтар" мен "Құрылыс және металл өндіру технологиясы"
«Құрылыс, металл өндіру, ауылшаруашылық» мамандықтарының апталығы аясында “Кәсіптік білім-ел болашағының кепілі” атты апталықтың ашылуы өтті.


https://www.instagram.com/reel/DU-hYvSAsC6/?igsh=a3Eyd3FkanhiZjR32026 жылдың 16 Ақпан күні М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде “Кәсіптік білім-ел болашағының жарқын кепілі” атты апталығында 08410100 - Ветеринария мамандығының студенттері ВЕТ-24-1к және де ВЕТн-23-1к топтары арасында “Медицина-адамдарды емдесе, ветеринария-адамзатты емдейді” тақырыбында сайыс сабағы өтті.
Оқытушылар: Женисова Ш.Ж., Әбілдабек Е.


https://www.instagram.com/reel/DU-iZpSAsnl/?igsh=YTV2MTU0cm13ZHNz2026 жылдың 18 Ақпан күні М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде “Кәсіптік білім-ел болашағының жарқын кепілі” атты апталығы аясында 08410100 - Ветеринария мамандығының студенттері ВЕТн-24-1к тобымен “Бруцеллез ауруына эпизотоологиялық зерттеу”тақырыбында ашық сабағы өтілді.
Оқытушы: Елемес А

2026 жылдың 18 Ақпан күні М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде “Кәсіптік білім-ел болашағының жарқын кепілі” атты апталығы аясында 08410100 - Ветеринария мамандығының студенттері ВЕТн-23-1к тобымен “Ветеринариялық хирургияда қолданылатын құрал-жабдықтар” тақырыбында шебер сынып өтілді.Оқытушылар: Исмаилова Ж
Көлбаев Б

https://www.instagram.com/reel/DU-jFsoAubU/?igsh=MWw1OWR6cTFxbDdpNg==2026 жылдың 20 Ақпан күні М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде “Кәсіптік білім-ел болашағының жарқын кепілі” атты апталығы аясында 07150100-Машина жасау технологиясы мамандығының студенттері МЖн-24-1к тобымен “Білдіктердің кескіш аспаптары” тақырыбында шебер сынып өтілді.
Оқытушы: Пиртаева М

https://www.instagram.com/reel/DU-jVbSgqBI/?igsh=MW5reGw5bmtmcGdpbw==Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде “Кәсіптік білім - ел болашағының жарқын кепілі ” атты апталығы аясында 07320100- Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығының студенттері ҒСн-23-1к тобымен “Қабырға ақауларының пайда болу себептерін инженерлік механика тұрғысынан талдау” тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Оқытушы : Нәбиева А

https://www.instagram.com/reel/DU_DYXlgoc_/?igsh=MW93NWdvZWVyb24zaw=="Тілдер" пәндік цикл комиссиясы
06.11.2023--күні колледждің фойесінде, «Тілдер» ПЦК-сы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Үш тілді меңгеру -уақыт талабы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/CzTAWy9NNOY/?utm_source=ig_web_button_share_sheet16.11.23. «Ағылшын тілі және Орыс тілі» пәндік цикл комиссиясының пән оқытушылары Ахмаханова А.Е, Құдайберген А.С., Арыстанова С.Д. ұйымдастыруымен және колледж білім алушыларымен «Travelling by Redbus» тақырыбында саяхат сабақ өткізілді. Пән оқытушысы саяхат барысында шырайлы қаламыздың тарихы құндылықтарымен таныстырды және ойындар мен викториналар өткізілді, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.

https://www.instagram.com/reel/CzvrqMyNrI3/?utm_source=ig_web_button_share_sheet17.11.23ж«Тілдер» ПЦК-ның оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Үш тілді меңгеру -уақыт талабы» тақырыбындағы апталықтың жабылуы салтанаты өтті. Салтанатта әдеби-музыкалық іс-шара өткізілді. Білім алушылар әсерлі де, қызықты өтуіне ат салысты. Сонымен қатар, алғыс хаттар мен жүлделі сыйлықтар табысталды.. Салтанатты кеш өз мәресіне жетті. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ерболатовна өте жоғары дейгейде өткендігі туралы айта келе, барша оқытушыларға және білім алушыларға алғыс білдірді.

https://www.instagram.com/reel/Czvspx2tGGj/?utm_source=ig_web_button_share_sheetМ.Әуезов атындағы ОҚУ колледж “Тілдер” ПЦК-ның Қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы Кизбаева Жанар Қайратқызы апталық жоспарына сәйкес, ұйымдастырылуымен өтті. Серік Таласов мырзамен әйгілі кинофильмдер режиссеры колледж білім алушыларымен кездесіп, сұқбат беріп өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

https://www.instagram.com/reel/Czs2xrBNFM9/?utm_source=ig_web_button_share_sheet"Гуманитарлық бағыт" және "Әлеуметтік-экономикалық пәндер"


“Білім мен ұстаным- тұлға биігіне бастар жол тақырыбындағы “Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық пәндер” ПЦК-сы апталығының аясында 1-курс студенттері арасында “Жігіт сұлтаны-2025” танымдық-шығармашылық байқауы өткізілді.


“Білім мен ұстаным- тұлға биігіне бастар жол тақырыбындағы “Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық пәндер” ПЦК-сы апталығының аясында 1-курс студенттері арасында “Жігіт сұлтаны-2025” танымдық-шығармашылық байқауы өткізілді
“Білім мен ұстаным- тұлға биігіне бастар жол тақырыбындағы “Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық пәндер” ПЦК-сы апталығының аясында “Есеп және аудит” мамандығының ЕАн-23-1к тобында “Корпоративті табыс салығы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Жауапты: экономика пәнінің оқытушысы Саркулакова Райхан Амиралиевна.


“Білім мен ұстаным- тұлға биігіне бастар жол тақырыбындағы “Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық пәндер” ПЦК-сы апталығының аясында 1- курс студенттерімен “Білім жәрмеңкесі” өткізілді.


“Білім мен ұстаным- тұлға биігіне бастар жол тақырыбындағы “Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық пәндер” ПЦК-сы апталығының аясында “Есеп және аудит” мамандығының ЕАн-24-1к тобында “Баланстағы типтік өзгерістерді қарастыру” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Жауапты: экономика пәнінің оқытушысы Сәкенова Урзада Зейлабдиновна"Тамақтандыруды ұйымдастыру" ПЦК
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде 28.10.2025жж «Техникалық мамандықтар» ПЦК-лары бойынша «Шеберлікке жол-мамандыққа құрмет» атты апталықта «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бірнеше іс-шаралар өткізді. 20.10 күні апталықтың ашылу салтанаты өте жоғарғы деңгейде өтті.

Оқытушылар құрамын «Auezov Times» газетімен күтіп алды, апта басы жақсы көңіл күймен басталды


Апталық барысында ашық сабақтар, шебер сыныптар, сайыс сабақтар өткізілді. Барлық іс-шаралар жоғарғы деңгейде, алдын – ала жоспарланып, бекітілген сабақ жоспарлары бойынша өтіп отырды. Іс-шараларға оқытушылар мен қатар білім алушылар де белсене қатысып, қойылған мақсат орындалды.
28.10.2025. күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» ПЦК-ның арнайы пән оқытушысы Жартай Шұғыланың ұйымдастыруымен «START UP сауда жобасы» жәрмеңкесі өтті. Жобаға Тамақтандыруды ұйымдастыру ПЦК-ның барлық білім алушылары толық қатысты.




28.10.2025 ж. күні «Тағамдардың есептік мәзірін құрастыру және есептеу» тақырыбында ТҰн-23-1к тобына арнайы пән оқытушысы Ешаева Эльмира Бақтыбаевнаның ашық сабағы өтті. Ашық сабақ барысында мәзірді құрастыру, тағамның өзіндік құнын есептеу және жалпы шығымды есептеулер жүргізілді. Ашық сабақ барысында студенттер панкейк, смузи және жеміс салатын дайындады. Дайындалған өнімдерге технологиялық карта жасалып, өнімнің өзіндік құны есептелді.



29.10.2025 күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Сопбекова Айгуль Нурланбековнаның ұйымдастырылумен «WSK-2026» байқауы өтті. Байқауға 4 топтан 4 білім алушы қатысты. Қатысушылар берілген тапсырма бойынша 3 модульді орындап шықты. Әрбір модульде белгілі тағам түрлері жазылған, қатысушылар сол тағамдарды дайындап төрешілерге ұсынды. Байқау нәтижесі бойынша ТҰ-25-1к тобының білім алушысы Толянбаева Диана бірінші орынды алды. ТҰн-23-1к тобының білім алушысы Тұрғанбай Арайлым мен ТҰн-24-2к тобының білім алушысы Абсағат Қанағат 2-ші орынды алса, 3-ші орынды ТҰн-24-1к тобының білім алушысы Нұрмахан Мейіржан алды.


29.10.2025 күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Есдаулетова Сауле Ералиевнаның ұйымдастыруымен аралас топтарға «Ас дәмі-ел дәмі» тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер сынып барысында «Гүл ханым» тағамы, қызылшадан салат, «Тюльпан» самсасының және трайфл десертінің жасалу ерекшеліктерін атап өтті.




Қорытынды сабақ топқа бөлініп ұйымдастырылған жарыс барысында өте тартысты,қызықты өтті. Студенттерге теориялық білім мен практикалық білім қатар беріліп, мамандықтары бойынша қызығушылықтары арта түсті.
"Жаратылыстану" ПЦК
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде «Жаратылыстану» пәндік цикл комиссиясында 09.10-20-10.2023. күндері аралығында «XXI-ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры» атты он күндік апталық өтті. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде кештер, ойындар мен түрлі іс-шаралар өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/CyLVDoVNF3C/?utm_source=ig_web_button_share_sheetБүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің “Жалпы білім беру пәндері” пәндік циклдік коммиссиясының “XXI ғасыр нақты ғылымдар ғасыры” тақырыбы аясында апталықтың 12.10.2023 жылы “Заманауи энергетиканың негіздері” тақырыбында Физика пәнінен ҒСн-23-1к тобымен конференция өтілді. Оқытушы : Серкебаев С.К.

https://www.instagram.com/reel/CySnLULtqKK/?utm_source=ig_web_button_share_sheetБүгін “ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ” пәндік циклдік комиссиясының “XXI-ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры” тақырыбы аясында 09.10.23-20.10.2023 жыл күндері аралығында өтілетін апталықтың жабылу салтанаты өтті.

https://www.instagram.com/reel/Cy2yv1RNH1m/?utm_source=ig_web_button_share_sheet"Тігін және дизайн" ПЦК
«Шеберлікке жол – мамандыққа құрмет» атты апталық
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде 20.10.2025ж – 31.10.2025ж аралығында «Тігін және дизайн», «Электрмен қамтамасыз ету» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» пәндік-циклдік комиссияларының бірлескен «Шеберлікке жол – мамандыққа құрмет» атты апталығы өз бастауын алды.
Апталықтың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту және оқытушылар мен студенттердің шығармашылық ынтымақтастығын нығайту.
Апталықтың алғашқы іс-шарасы — салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шара барысында колледж басшылығы мен оқытушылар ұжымы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Оқытушылар қауымы апталыққа ресми түрде шақырылып, алдағы күндерге жоспарланған бай мазмұнды іс-шаралар тізімімен таныстырылды.
Студенттер өз жетекшілерімен бірге дайындаған жобалық және шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Көрмеде тігін бұйымдары, заманауи дизайн үлгілері, электрмен қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибелік макеттер және аспаздық өнер туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Апталық барысында әр мамандық бағыты бойынша шеберлік сабақтары, кәсіби байқаулар, тәжірибелік тренингтер мен шығармашылық көрмелер өткізіледі. Бұл апталық — студенттердің кәсіби әлеуетін айқындап, олардың таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды шара.




Ашық сабақтардың басталуы
2025 жылдың 20 қазанында «Тігін және дизайн», «Электрмен қамтамасыз ету» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» пәндік-циклдік комиссияларының бірлескен «Шеберлікке жол – мамандыққа құрмет» атты апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың алғашқы күні студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған бірқатар ашық сабақтармен басталды.
«Арнайы киімдерді өңдеу барысындағы ақаулармен жұмыс жасау» тақырыбындағы ашық сабақты Әбілхаймқызы Лаура «Гаухар» тігін фабрикасы базасында ТК-25-1к тобының қатысуымен өткізді. Сабақ барысында студенттер өндірістік жағдайдағы жиі кездесетін ақауларды талдап, оларды түзету тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады.
Сондай-ақ, Жолаева Назыгүл Калижановнаның жетекшілігімен «Балалар киімінде сәндік элементтерді тігу (кесте, апликация, түйме, бау)» атты ашық сабақ өтті. Студенттер сәндік безендірудің түрлі техникасын меңгеріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Оқу үдерісін өндіріс орнымен ұштастыру арқылы өткізілген бұл сабақтар студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға және мамандыққа деген қызығушылығын дамытуға бағытталды. Апталық аясында алдағы күндері түрлі шеберлік сағаттары, көрмелер және кәсіби байқаулар жоспарланған.


«Шебер қолдар: доккер жасаудың қыр-сыры»
«Тігін және дизайн», «Электрмен қамтамасыз ету» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» пәндік-циклдік комиссияларының бірлескен «Шеберлікке жол – мамандыққа құрмет» атты апталығы өз жалғасын табуда.
Аталған апталық аясында 29 қазан 2025 жылы сағат 09:55-те «Тігін және дизайн» бағыты бойынша Умешова Майра Амрешовна жетекшілігімен ТК-24-1к тобына арналған «Шебер қолдар: доккер жасаудың қыр-сыры» атты шебер сынып өтті.
Сабақ барысында студенттер доккер жасаудың технологиялық кезеңдерімен, қажетті материалдар мен құралдарды қолдану тәсілдерімен танысты. Оқытушы тәжірибелік жұмысты қадам-қадаммен көрсетіп, бұйымды дайындаудағы нақтылық пен ұқыптылықтың маңыздылығын атап өтті.
Шебер сыныптың мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби дағдыларын жетілдіру және қолөнер арқылы эстетикалық талғамын арттыру. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, қатысушылар өз қолымен жасалған бұйымдарға үлкен қызығушылық танытты.

Жеңіл өнеркәсіп – бизнес бастаудың қайнар көзі
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде өтіп жатқан «Шеберлікке жол – мамандыққа құрмет» атты апталық аясында студенттердің кәсіби және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
29.10.2025ж күні сағат 13:30-да «Тігін және дизайн» ПЦК оқытушысы Жолаева Назыгүл Қалижановна жетекшілігімен ТКн-23-31к тобына арналған «Жеңіл өнеркәсіп – бизнес бастаудың қайнар көзі» тақырыбында шебер сынып өткізілді.
Іс-шара барысында жеңіл өнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы үрдістер, жеке іс ашу жолдары мен кәсіпкерлік дағдылар талқыланды. Оқытушы студенттерге тігін және дизайн саласында өз кәсібін бастауға қажетті алғашқы қадамдар мен табысты шебердің кәсіби қасиеттері туралы практикалық кеңестер берді.
Шебер сыныптың мақсаты – студенттерге кәсіпкерлік көзқарас қалыптастыру, өз мамандығы арқылы табысқа жету жолдарын көрсету және отандық өндірістің дамуына үлес қосуға ынталандыру.

«Күзгі асар» көрмесі
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде өтіп жатқан «Шеберлікке жол – мамандыққа құрмет» атты апталық аясында 30 қазан 2025 жылы сағат 11:25-те дәстүрлі «Күзгі асар» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге ТКн-23-1к, ТКн-25-1к, ББ-23-2к, ББ-23-3к, топтарының студенттері белсене қатысты. Іс-шараны «Тігін және дизайн» ПЦК оқытушылары Жолаева Назыгүл Қалижановна мен Әбілхаймқызы Лаура ұйымдастырды.
Көрмеде студенттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, сәндік киім үлгілерін, қолөнер және декоративті композицияларын көпшілік назарына ұсынды. Әр топтың шығармашылық жұмыстары эстетикалық талғаммен безендіріліп, күз мезгілінің табиғи сұлулығын және еңбектің қадірін бейнеледі.
«Күзгі асар» көрмесі студенттердің көркемдік көзқарасын дамытуға, ұжымдық жұмысқа баулуға және мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Іс-шара жылы әрі шығармашылық рухта өтті.


"IT мамандықтар" мен " Дене тәрбиесі және АӘД"








10-14 қараша аралығында "ІТ- әлемі 2025" атты ІТ мамандықтар ПЦК-ның пәндік апталығы өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, 10-қараша Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлері күніне «WebStart KZ» байқауы ұйымдастырылды, Randerforest платформасында анимация және 3d видео жасау шеберлік сабағы, Компьютерөнімділігін арттырудың қарапайым тәсілдері. Жасанды интелект дәуіріндегі оқытушының жаңа миссиясы шеберлік сынып. Интерактивті қызметтерді қолдану: Онлайн төлемдер және транзакциялар. Компьютердің ішкі құрылғылары . РhpMyAdmin арқылы деректер қорын
жобалау және SQL сұрауларын орындау атты түрлі шеберлік сабақтар, ашық, сабақтар , байқаулар өтілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"
| Мемлекеттік қызмет атауы | "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 105 кабинет) |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Мамасарипова Пердекүл Лесбайқызы Байланыс номері: +7(702) 327 38 08 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін: 1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы); 2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі. Қайта қабылдау үшін: 1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы); 2) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы үшін төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжат. |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Ауысу үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей. Қайта қабылдау үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде; оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда; оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | Оқу орнына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық. |
| Ескерту | Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі; |
2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
| Мемлекеттік қызмет атауы | «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (2 қабат, 212 кабинет) |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Маркабаева Баян Қарсыбаевна Байланыс номері: +7(702) 608 95 30 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болған жағдайда) өзгеруі, құжаттардың қабылданғанын растау жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалған өтініш; |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 20 күнтізбелік күн; Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы. |
3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
| Мемлекеттік қызмет атауы | «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 105 кабинет) |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Еспенбетова Шолпан Айдарқызы Байланыс номері: +7(775) 532 04 51 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | 1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш; |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні; |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама |
4. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"
| Мемлекеттік қызмет атауы | "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығы |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 105 кабинет) |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Еспенбетова Шолпан Айдарқызы Байланыс номері: +7(775) 532 04 51 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы; ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі; бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар; әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші; 2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз. |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут; Қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут. |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
5. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
| Мемлекеттік қызмет атауы | «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11220 тіркелді. |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Элоктронды түрде яғни https://dorm.auezov.edu.kz/ru сілтемесі бойынша тіркеліп, бөлмені, орынды да өзіңіз таңдай алады. Нәтеже студенттердің жеке порталдағы парақшасына жіберіледі! Ордер алу үшін Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға келу керек (Бас ғимарат, 256-каб) |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Асқар Айдын Расулұлы Раб.тел. 21-44-62 Байланыс нөмері: +7747-526-27-54 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | 1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш; |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Құжаттарды қабылдау және нәтижелерді беру 20 тамыздан бастап жүргізіледі. 1) студенттер порталға өтінім тастаған сәттен бастап – 1 жұмыс күні ішінде жауаптары шығады; 2) Ордер алу үшін Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға келу керек (Бас ғимарат, 256-каб) 3) Жатаханаға орналасу. |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | Жатақхана беру туралы жолдама |
6. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсы
| Мемлекеттік қызмет атауы | "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20579 болып тіркелді. |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 107 кабинет) |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Бейсенбаева Айгул Беккаракызы Раб.тел. 21-44-62 Байланыс номері:87075669464 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады: 1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі; 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі; 3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері; 4) мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі; 5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама; 6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс) |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Оқу жылының басында мерзімі 2 апта |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | тегін тамақтануды беру туралы хабарлама. |
7. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"
| Мемлекеттік қызмет атауы | "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" СТАНДАРТ |
| Өкілетті органның бұйрығы және күні | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17705 болып тіркелді. |
| Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру орыны және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі | Колледж ОҚУ (1 қабат, 107 кабинет); Электрондық үкімет порталы |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты (атқарушы) тұлғалар, байланыс мәліметтері | Асқар Олжас Ақжолұлы Байланыс номері: +7(702)-515-75-70 |
| Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттар тізімі | 1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш; 2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы; 3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет; 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы); 5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса); 6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады: 1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; 2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; 3) босқын – босқын куәлігі; 4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі; 5) оралман – оралман куәлігі. |
| Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут |
| Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес техникалық және кәсіптік, 1-қосымшаға орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады. |
ОҚУ колледжі
Жаңалықтар
«Өндірістегі 10 күн»: студенттер IT саласымен танысты
ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН "Өндірістегі 10 күн" акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мам
COLLEGE«Машина жасау технологиясы» студенттері «Ай Сервис Транс» кәсіпорнында
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 07150100 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының студенттері үшін «Ай Сервис Транс» ЖШС базасында
COLLEGE«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!
«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті! Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сын
COLLEGE«Ветеринария» мамандығының студенттері ветеринарлық клиника мен зоологиялық саябақта экскурсияда
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 08410100 – «Ветеринария» мамандығының білім алушылары ветеринарлық клиника мен Шымкент қалалық зоолог
COLLEGE«Бір шебер – жүз бейне»
«Бір шебер – жүз бейне» 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні кә
COLLEGE«Кәсіп — менің тағдырым» бейнежобасы
«Кәсіп — менің тағдырым» бейнежобасы Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен құндылығын насихаттау мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ кол
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.