★ФАКУЛЬТЕТ

Филология факультеті

5кафедра
99оқытушы
21бағдарлама

Факультет туралы

Факультеттің білім беру бағдарламалары:

Факультеттің білім беру бағдарламалары:

БАКАЛАВР

6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01710 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01711 – Өзбек тілі мен әдебиеті

6B01720 - Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01720 - Орыс тілі мен әдебиеті

6В01730 - Шетел тілі: екі шетел тілі

6В02310 - Филология: қазақ тілі

6В02311- Филология:орыс тілі

6В02320 - Аударма ісі

6В02330 - Шетел филологиясы:ағылшын тілі

6В02331- Шетел филологиясы:өзбек тілі

6В03220 – Журналистика

МАГИСТРАТУРА

7М02310 - Филология: қазақ тілі

7М02311 - Филология: орыс тілі

7М02309 - Орыс филологиясы

7М02088 - Медиалингвистика және редакциялық жұмыс

7М02330 - Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация

7М03220 - Журналистика

ДОКТОРАНТУРА

8D02310 – Филология


Сексен жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті филология факультетінің білім саласында мамандар даярлап келе жатқанына ширек ғасырдан асты.

1996 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет және Шымкент педагогикалық институттары біріктіріліп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті құрылды.
Осы институттардағы тіл-әдебиет мамандықтарының негізінде филология факультеті құрылып, алғашқы деканы болып ф.ғ.д, профессор Болат Әбішұлы Байтанаев тағайындалды.

1997-2004 жылдар ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев, 2004-2005 жылдары п.ғ.д, профессор А.Жапбаров, ал 2005-2006 жылдары п.ғ.к, доцент А.Т.Назарбекова, 2006-2007 жылдары э.ғ.д., профессор С.Жақыпбеков, 2007-2020 жылдары ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев факультет деканы қызметін атқарды.
2020 жылдан бері факультетті ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым басқарады.

Бүгінгі таңда факультет құрамында бес кафедра бар: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы, «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы, «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасы, «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы.

Факультетте бакалвр, магистратура, докторантура бағыттары бойынша 19 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады.

Филология факультетінде оқу процесін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, олардың ішінде еңбек қызметі қырық жылдан асатын тәжірибелі ұстаздар да бар: Б.М.Тілеубердиев, С.Р.Боранбаев, А.Б.Қалшабеков, А.Ө.Алимкулов, З.У.Миятбекова Б.М.Калымбетова, З.Ж.Ералиева.

Факультетте ұзақ жылдар жұмыс істеп, шәкірттердің ыстық ықыласына бөленген ардагер ұстаздарымызды мақтан етеміз: Б.М.Бекетов, С.А.Тұрмаханова, Н.А.Ырсымбетова, А.М.Абишева, С.Н.Елчиева, Ш.К.Арапова, С.К.Камалова, Ф.Б.Алимжанова, Г.А.Телгазиева, К.К.Асанбаева.
Факультетте еліміздегі ең бай кітапханалардың бірі орналасқан, компьютерлік сыныптары, лингафондық зертханасы, медиатекасы, аудио-бейне жабдықтармен жабдықталған қазақ және орыс тілі кабинеттері бар, 2 мультимедиялық кабинеті бар.
Филология факультеті қазақ, орыс және шетел филологиясының өзекті мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу орталығы болып табылады.
Ғылыми жұмыс аясында АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстар орнатылған.
Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстары өткізіледі.

Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталады. Жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы ғылыми конференциясы дәстүрге айналды. Бүгінгі күнге дейін осы факультетті бітірген түлектердің саны бес мыңға жуық.

Факультет түлектері барлық дерлік оқу орындарында, мерзімді басылымдарда, теледидар мен радиода, баспалар мен шетелдік бюроларда қызмет етеді, көптеген республикалық, облыстық газет-журналдардың редакцияларын басқарады.

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы факультеттің есіктері барлық тіл және әдебиет әуесқойлары үшін ашық және бітіргендер оны мақтан тұтады.
Біздің факультет өте қарқынды дамып, табысты және сонымен бірге жақсы дәстүрлерді сақтап келеді.

Көптеген жылдар бойы жинақталған орасан зор ғылыми әлеует пен тәжірибе және педагог кадрлардың жоғары кәсібилігі факультетімізді бұдан да биік белестер мен жетістіктерге жеткізетініне біз сенеміз.

Білім беру бағдарламалары

Факультет бағыттары бойынша докторантура бағдарламалары нақтылануда. Ақпарат деканатпен келісілгеннен кейін жарияланады.

Ғылым

5 кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысы төменде көрсетілген мемлекеттік бюджеттің тақырыптарына сәйкес жүргізілуде:

МТ ҒЗЖ-21-01-11 Қазіргі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелері. Жетекші: ф.ғ.д., профессор - Тлеубердиев Б.М. Орындаушылар: Боранбаев С.Е.. Омаров Н.К., Калшабеков А.Б., Тасполатов Б.Т., Турдалиева Р.С., Адилбекова Ж.К., Бескемпирова Г.К., Елтаева Ж.К., Серкебаева Г.Ы.

МТ ҒЗЖ-21-03-11 Теоретико-методологические и методические проблемы современного языкознания, литературоведения и лингводидактики. Жетекші: ф.ғ.д., профессор – Кулумбетова А.Е., п.ғ.к. – Калдыкозова С.Е. п.ғ.к., доцент – Джунисова А.А., ф.ғ.к. – Шакенова М.Т. Орындаушылар: Ахметжанова Г.А., Таукеев С.У., Абитиярова А., Ерметова Р., Сералиева А., Рысбаева М. Және т.б. (ұжым толықтай).

МТ ҒЗЖ-21-05-11 Концептуальные основы компетентностно-методологического интегрирования современной иноязычно-образовательной парадигмы: основы моделирования общения в контексте межкультурной коммуникации и лингводидактики. Жетекші: ф.ғ.к., доцент Карбозова Г.К. Орындаушы: Швайковский А., Кудайбергенова М., Шойманова М.Б., Бейсембаева А.Д., Салыбекова Ф.М., Сафронова Ю.В., Мукашева Б.М., Даулет М., Тулегенова Ж.Ж., Ералиева З.Ж., Лесбекова Н.Е., Махмут Г., Акмуратова Ж.

МТ ҒЗЖ-21-04-11 «Жаңа кезеңдегі қазақ тіл білімі, тіл тарихы, қазақ әдебиеттануын, мемлекеттік тілді оқытудың теориялық, әдіснамалық, лингвокогнитивтік және эстетикалық негіздері». Жетекші: ф.ғ.к. – Турабаева Л.К. Орындаушылар: Абдикеримова Г.А., Байменова С.С., Сайлаубек А.Н., Арынбаева Р.А., Шойбекова А.А., Утегенова Г.Ж., Мадалиева А.Б., Донбаева А.Б., Танабаева Г.У., Жамашева Ж.Р., Кансейтова Ж.Ж., Сариева Т.К., Есболаева И.А., Байжанова Н.А., Кизбаева Ж.К.

МТ ҒЗЖ-21-02-11 Формирование нравственной культуры студентов неязыковых специальностей в процессе обучения иностранным языкам в условиях трехъязычного образования. Жетекші: п.ғ.к. - Суюбердиева А.А. Орындаушылар: Емкулова З.А., Бердаулетова Ш.Ж., Морозова В.Ю., Суюндиков А.А.

Халықаралық байланыс

Факультетте ұзақ жылдар жұмыс істеп, шәкірттердің ыстық ықыласына бөленген ардагер ұстаздарымызды мақтан етеміз: Б.М.Бекетов, С.А.Тұрмаханова, Н.А.Ырсымбетова, А.М.Абишева, С.Н.Елчиева, Ш.К.Арапова, С.К.Камалова, Ф.Б.Алимжанова, Г.А.Телгазиева, К.К.Асанбаева.
Факультетте еліміздегі ең бай кітапханалардың бірі орналасқан, компьютерлік сыныптары, лингафондық зертханасы, медиатекасы, аудио-бейне жабдықтармен жабдықталған қазақ және орыс тілі кабинеттері бар, 2 мультимедиялық кабинеті бар.
Филология факультеті қазақ, орыс және шетел филологиясының өзекті мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу орталығы болып табылады.
Ғылыми жұмыс аясында АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстар орнатылған.
Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстары өткізіледі.

Студенттік өмір

Бөлім материалдарын факультет дайындайды.

Университеттің студенттік өмірі Студенттік ғылым

Филология факультеті

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан

Құрметті студенттер мен магистранттар!

Құрметті студенттер мен магистранттар! 2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды: 6B01730 – Шетел тілі: екі ш

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning» жазғы мектебі өтті

2025 жылғы 9-нан 20 маусымға дейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінде «Smart Learning: Лингводида

First Tashkent Youth Legal Forum

First Tashkent Youth Legal Forum Біздің студенттер халықаралық деңгейде өз білімдері мен белсенділіктерін дәлелдей білді! Филология факульте

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында орыс филологиясы бойынша олимпиада: таланттар мен ғылыми диалог алаңы

Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында орыс филологиясы бойынша олимпиада: таланттар мен ғылыми диалог алаңы 2025 жылдың ма

Француз театр қойылымдарының фестивалі

Француз театры 23 мамыр күні университетіміздің бас ғимаратының акт залында француз тіліндегі театр қойылымдарының қалалық фестивалі өтті. Б

Байланыс

Ыбырайым Азимхан Оразбаевич

Декан, Кандидат филологических наук, доцент

  • ул. Т. Тажибаева, 2 (корпус №8), 220 каб.
  • 8 (7252) 36-72-26
  • деканаттан күтілуде

Декан орынбасарлары

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Факультет деканы

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 220 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

Қияқова Аигерім Өмірғалиқызы

Магистр, аға оқытушы

Оқу және оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі декан орынбасары

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 225 кабинет

Жұмыс телефоны: +7 771 318 6293

Тулегенова Жанар Жамбуловна

Магистр, аға оқытушы

Инновация және ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 220 кабинет

Жұмыс телефоны: +7 702 183 83 45

Бердаулетова Шолпан Жаксылыковна

Магистр, оқытушы

Тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Байланыс мәліметтері:Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 220 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: sholpan_ber

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.