1КАФЕДРА · Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0құжат
0Кафедра материалдары

Кафедра меңгерушісі:

Тасполатов Бақыт Тохполатұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Д.Курманбеков көшесі, 4
М.Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы.

Кафедра тарихы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың іргелі кафедралар қатарынан орын алған. Кафедраның іргетасы 1996 жылы қаланып, оның тарихы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетімен тығыз байланысты.

Кафедра құрамында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығымен қатар өзбек тілі мен әдебиеті, араб тілі болғандықтан кафедра «Шығыс филологиясы және қазақ әдебиеті» деп аталған болатын.

Ал 1998 жылы Химия-технология институты мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеттері бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті болып қайта құрылды. Осы жылдан бастап «Қазақ тіл білімі» және «Қазақ әдебиеті» кафедралары жеке-жеке кафедра ретінде 2014 жылға дейін жұмыс істеді.

2014 жылы кафедралар жұмысын оңтайландыру мақсатында «Қазақ тіл білімі» мен «Қазақ әдебиеті» кафедралары университетіміздің ректорының бұйрығымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қайта құрылды.

Кафедрада 19 оқытушы жұмыс істейді: 2 филология ғылымдарының докторы, 1 профессор, 8 филология ғылымдарының кандидаты, 6 аға оқытушы, 2 PhD докторы және 1 магистр. Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамында ф.ғ.д., доцент С.Р. Боранбаев (2009), ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев (2012), ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Омаров (2013) және ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым (2015) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысының» иегерлері қызмет атқарады.
Сонымен қатар, кафедрада белгілі ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығының иегері, ф.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлының ғылыми мектебі қалыптасқан.

Бұл ғылыми мектептің өкілі ф.ғ.к., доцент А.Қалшабек кафедрамызда табысты қызмет етуде.
Кафедраны 2020-2021 оқу жылынан бастап ф.ғ.к., доцент Тасполатов Бақыт Тохполатұлы басқаруда.
Қазіргі таңда кафедра: «МБ ҒЗЖ-21-01-11 Қазіргі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелері» ғылыми бағыты бойынша жұмыс жасауда.


kazakh_tili_men_adebieti

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

Біздің студенттер қаладағы озық мектептер мен ондағы тәжірибелі мұғалімдерден іс-тәжірибеден өтеді. Студенттер пән мұғалімдерінің келісімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің күнтізбелік жоспарымен, мектеп кітапханасындағы оқулықтар қорымен танысады.

Студент-практиканттар тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына да қатысып, нәтижесін талқылап, арнайы талдау дәптерлерінде көрсетіп отырды.

Іс-тәжірибе барысында әдіскер-оқытушылар мен мектептің тәжірибелі мұғалімдері тарапынан күнделікті жазылатын сабақ жоспарлары, дайындалған көрнекі құралдары, интерактивті тақтаны пайдалану деңгейі, сабақ барысы, жетістігі мен кемшіліктері жайлы жан-жақты талқылау өткізіліп, кеңестер берілді.

Практика базалары:
Шымкент қ., А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясы, Фуркат атындағы №37 жалпы орта мектебі, Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебі, А.Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейі.

Кафедраның тәрбие жұмыстары

Тәрбиелік іс- шаралар Азаматтық патриоттық және құқықтық, рухани адамгершілік, кәсіби және еңбек бағытында тәрбие және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.

Сондай-ақ, кафедра жанынынан құрылған «Сырлы сөз», «Тіл тағылымы» үйірмелері жұмыс жасайды. Әдеби үйірменің мүшелері көптеген ақын-жазушылардың шығармашылық кешін өткізуге ұйытқы болуда. Талантты, поэзияға құштар студенттердің шығармашылығы үнемі газет беттерінде жариялануда.

«Сырлы сөз» әдеби үйірмесіне ф.ғ.к., аға оқытушы Р.Тұрдалиева, «Тіл тағылымы» үйірмесіне ф.ғ.к., аға оқытушы Л.Жолдасбек жетекшілік етеді.

Академиялық ұтқырлық

«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне 6В02310 «Филология:Қазақ тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары Бауыржан Ақбота, Піспекбпай Нұрдина Қанатқызы, Шаймерденова Гүлнұр Ерланқызы – 6B02310 «Филология: Қазақ тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ( Қарағанды қ.) 2 курс студенті ФИ-21-5 к тобына, 2022/2023 оқу жылының көктемгі сестрі қаңтардың 30-ы мен маусымның 30-ы аралығындағы мерзімге жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасты. Самат Айгерім Әкімжанқызы – 6В02310 – «Филология:Қазақ тілі» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушы 3 курс, ФИ-21-5к тобының студенті Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде (Түркістан қ.) академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша 2023/2024 оқу жылының күзгі семестрінде 2023 жылдың 4-ші қыркүйегі мен 2024 жылдың 31-ші қаңтары аралығындағы мерзімде білім алып келді.

Қазақ тілі мен әдебиеті

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Мамандардың негізгі кәсіби бағыты

Жалпы кәсіби пәндер: қазіргі қазақ тілі, қазақ және әлем әдебиетінің тарихы, шешендік өнер, тіл мәдениеті оқытылады. Таңдау бойынша біршама пәндерді атап айтсақ, арнайы семинар, арнайы курс сияқты пәндерді оқыту қарастырылған.

Бағдарлама

Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша үш деңгейлі маман даярлайды: бакалавриат – магистратура – докторантура.

Қазіргі кезеңде кафедра бес мамандық бойынша мамандар дайындайды:

6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті»(4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (ІР) (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

6В02310 «Филология: қазақ тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

6В02331 «Шетел филологисы: өзбек тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

6В01711 «Өзбек тілі мен әдебиеті» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

Бітіруші түлектерге алынған мамандығы бойынша академиялық дәрежелі филолог бакалавр біліктілігі беріледі.

Магистратура және докторантура бағыты

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 7М02310 – Филология және 8D02310 – Филология мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындайды.
2018 жылы 6D020500 – «Филология» мамандығына доктарантураға Кайимов Мухамеджан қабылданды.

Докторант «Бұқар жырау шығармашылығы «Рухани жаңғыру» аясында» («Творчество Бухар жырау в контексте «Духовного возрождения» Казахского народа», «Bukhar Zhrau`s composition abaut spiritual revival») тақырыбында диссертациялық жұмыс жазды.

Докторанттың ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, прфессор Мырзахметов М.М.
2021 жылы 8D02310 – «Филология» мамандығына доктарантураға 6 докторант түсті.

2022 жылы 8D02310 – «Филология» мамандығына доктарантураға 2 докторант қабылданды. 2022 жылы 7М02310 – «Филология» мамандығына 1 магистрант қабылданды. 2023 жылы 7М02310 – «Филология» мамандығына 3 магистрант қабылданды.

2023 жылы 8D02310 – «Филология» мамандығына доктарантураға 2 докторант қабылданды.
8D02310 – Филология мамандығына филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Б.М., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қ. Омаров, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Т.Тасполатов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ. Әділбекова дәріс жүргізеді.

Халықаралық байланыстар

Кафедрада білім беру, тәрбие және ғылыми жұмыстармен қатар халықаралық байланысқа да үлкен мән берілген.

Атап айтқанда, Лиссабон техникалық (Португалия), Генрих Гейне (Германия, Дюссельдорф қаласы), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық (Өзбекстан), И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік (Қырғызстан), Томск педагогикалық (Ресей) университеттерімен, Ташкент мемлекеттік шығыстану (Өзбекстан) институтымен түрлі салаларда келісім шарттар жасалынып, тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасы Муқими атындағы Қоқан Мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы келді:
1.ф.ғ.д С.А.Усманова;
2.ф.ғ.д Р.А.Жураева;
3. ф.ғ.д доцент С.А.Алимсаидова;
4. ф.ғ.д доцент Д.О.Хасанова;
Профессор-оқытушылар Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студент,магистрант,докторанттарына дәріс оқып,практикалық сабақтар жүргізуді басты назарға алды.
Кафедра меңгерушісі Б.Т.Тасполатов университет тарихын тереңнен қозғап,ішкі жәй-күйін таныстырып,қонақтарымызға ізгі тілегін білдірді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасы атындағы Фергана Мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы келді:
1. ф.ғ.д., доцент Дусматов Хикматулла Хаитбоевич;
2. ф.ғ.д., доцент Тешабоев Дилмурад;
3. Фаттохов Холмухаммад Хайруллаевич;

Профессор-оқытушылар Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студент,магистрант,докторанттарына дәріс оқып,практикалық сабақтар жүргізуді басты назарға алды.
Кафедра меңгерушісі Б.Т.Тасполатов университет тарихын тереңнен қозғап,ішкі жәй-күйін таныстырып,қонақтарымызға ізгі тілегін білдірді.

2024 жылдың 24 сәуірінде Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдер университетінде өткен «Цифрландыру дәуірінде өзбек тілін мемлекеттік тіл және шет тілі ретінде оқыту мәселелері: жергілікті және шетелдік тәжірибе» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, кафедрамыздың аға оқытушысы Мадалиев Ярмухаммат Худайбергенович профессор-оқытушылар құрамына оффлайн форматта дәріс өтті.


Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасы Муқими атындағы Қоқан Мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы келді: 1. ф.ғ.д С.А.Усманова; 2. ф.ғ.д Р.А.Жураева; 3. ф.ғ.д доцент С.А.Алимсаидова; 4. ф.ғ.д доцент Д.О.Хасанова; Профессор-оқытушылар Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студент,магистрант,докторанттарына дәріс оқып,практикалық сабақтар жүргізуді басты назарға алды.

Кафедра меңгерушісі Б.Т.Тасполатов университет тарихын тереңнен қозғап,ішкі жәй-күйін таныстырып,қонақтарымызға ізгі тілегін білдірді.

Түркия Республикасы, Элязыг қаласындағы Фырат университетінің беделді профессоры, филология ғылымдарының докторы Ержан Алкая біздің оқу ордамызға ат басын тіреді.Туркиялық профессордың шырайлы Шымқалаға жасаған бұл сапары – қазақ пен түрік халықтарының тарихи, мәдени және ғылыми байланысын одан әрі тереңдете түсуге бағытталған маңызды қадам болды.
Іссапар барысында профессор Ержан Алкая университет ұжымымен, докторанттармен және жас ғалымдармен кездесіп, ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобалар жүргізу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ түркі дүниесінің ортақ құндылықтарын дәріптеу жайлы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында Түркия Республикасынан Ардахан университеті Гуманитарлық ғылымдар және әдебиет факультетінің Түркі тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры Мұстафа Шенел оқу ордамызға ғылыми-академиялық сапармен келді.Профессор университеттің ішкі құрылымымен, білім беру жүйесімен, оқу-әдістемелік және ғылыми бағыттарымен танысып, кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арнайы дәрістер оқып, түркі тілдерінің тарихи дамуы, әдеби байланыстар және заманауи тіл білімінің өзекті мәселелері туралы терең мазмұнды баяндамалар жасады. .

Элективті пәндер каталогы
БББ 6В01710 - Қазақ тілі мен әдебиеті
БББ 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)
БББ 6В02310 - Филология: қазақ тілі
БББ 6В02331 - Шетел филологиясы: өзбек тілі
БББ 6В01711 - Өзбек тілі мен әдебиеті
БББ 7М02310 - Филология МАГИСТРАТУРА
БББ 8D02310 - Филология ДОКТОРАНТУРА

2025 - 2026 оқу жылы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы 8D023 - Тілдер және әдебиет: Диссертациялық кеңестің 8D02310 «Филология» білім беру бағдарламасының 4 докторанты Г.Серкебаева, Б.Базарбеков, Г.Амирова, Г.Ауткулова диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ, (PhD) дәрежесін алды.

Кафедра жетісігі

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Б.Қалшабектің екі томдық «Әуезов һәм Абай» атты кітабы жарық көрді.
Атап өтейік, кітап 1000 данамен жарық көріп отыр. Қалың оқырман қауымға арналған туынды кітапханаларға жолданды.

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында "Жыл көшбасшылары-2023" премиясының марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқаудың нәтижесінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында Филология :Қазақ тілі білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студентіміз Амангелдиева Әсел Арманқызы "Үздік ЖОО студенті " номинациясын жеңіп алды.

Көшбасшылар байқауына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жеңімпаз үздіктерді арнайы құттықтады. Бұл біздің студентіміздің алғашқы марапаты емес, біздің кафедрамыздың абыройын асқақтатып, өзін білім мен ғылым жолында биіктен көрсетіп жүрген мақтанышымыз!

Алдағы уақытта да алар асуларың мен шығар биіктерің көп болсын деп тілейміз!

"Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" аясында ақын, әнші, композитор Ақан серінің 180 жылдығына орай "Жас толқын-2023" аймақтық эстрада әншілері мен мәдени іс-шаралар жүргізушілер байқауы болып өтті. Аталған байқауға Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты ФИ-20-1К1 тобының студенті Кульбай Абылайхан Айдарұлы қатысып, жүлделі Бас жүлдені иемденді.
Құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының Филология:қазақ тілі БББ Фи-22-5к1 тобының студенті Амангелдиева Асел Арманқызы IV шақырылымдағы Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің ең жас мүшесі атанды.

2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, 040900, Қаскелең қаласы, «SDU University» мекемесінде В037 «ФИЛОЛОГИЯ (ҚАЗАҚ)»

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХVII Республикалық пәндік олимпиадасы өткен болатын.Осы олимпиадаға «Қазақ тілі мен әдебиеті»кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) М.А.Нұрбекті топ жетекшісі ретінде және төмендегі студенттеріміз
1.Амангелдиева Аселя Армановна – 3-курс – Фи-22-5к1
2.Абубакир Альбина Нұрланқызы – 3-курс – Фи-22-5к1
3.Ләйлі Мөлдір Болатжанқызы – 3-курс – Фи-22-5к2 жалпы есепте 3-орынға ие болды.Олимпиада барысында теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп,жетістікке жетті.

Жастарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ТРЕНДТЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР» атты жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы аясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD Таджиев Хамидулла Хабибуллаевич ФИ-22-5к1, 5к2 тобы студенттерімен Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі әдебиет
тарихы пәнінен Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығына арналған ашық пікір-талас сабағын өткізді.Форум нәтежиесінде лектор Хамидулла Хабибуллаұлы
«Инновациялық Педагог» аталымы бойынша жүлделі 1-орынға ие болды.

2026 жылдың 24 сәуір күні Семей қаласында өткен көрнекті жазушы, этнограф, тарихшы, фольклоршы Зейнолла Сәнік атындағы «Сөз ғұмыры» республикалық студент-жастар сайысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Аталған сайыста кафедраның аға оқытушысы Олжас Мұсабекұлының жетекшілігімен 6В01711 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының Фи-25-1к тобының студенті Сайынов Нұрбол үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, 6В02310 – Филология білім беру бағдарламасы бойынша Фи-22-5к2 тобының 4 курс студенті Амангелдиева Аселя ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Ал осы топтың студенті Нұржанова Диана мен Фи-23-5к тобының студенті Смағұл Ұлан сайыста белсенділік танытып, арнайы алғыс хаттарға ие болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, философия докторы (РһD) Таджиев Хамидулла Хабибуллаевич 2025 жылғы наурыз айының 25 күні, сағат 11.00 де өзі кураторлық ететін 6В01710-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ бойынша білім алатын ФиІ -24-1к тобының студенттерімен «Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми бағыттары» атты тақырыпта кураторлық сағатын өткізді.

Жас ғалым білім алушыларға кафедраның жалпы ғылыми өмірімен онда қызмет жасайтын оқытушы профессорлар құрамымен таныстырды. Бүгінгі таңда кафедра профессоры Б.Тлеубердиев басқарып отырған Мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ-21-01-11 Қазіргі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелері атты ғылыми бағытқа арнайы тоқталып өтті.

Ғылыми бағыттар мемлекеттік бюджет тақырыптары болып саналатынын, дегенмен оның қамқорлығы, басшылығы университет құзырында екендігі және кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен осы аталған ғылыми бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілетіні, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыптары университеттің стратегиялық тақырыптық жоспарына сай жүргізілетіні сияқты ақпараттармен таныстырды.

Студенттер тарапынан да сұрақтар қойылып, зерттеу жұмыстарының жарияланым нәтижелері, конференцияға қатысу (ғылыми мақала алыс, жақын шетел; Казахстанның Ғылым және жоғары Білім министірлігі ғылым комитеті білім саласындағы мақұлдаған журналдар, рейтингі жоғары журналдар мен импакт-фактор журналдары, Қазақстан Республикасының халықаралық конференциялар алыс, жақын шетел, республикалық және аймақтық конференцияларда мақалалар жариялау бойынша қызу талқылаулар өткізілді.

Жоба

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD Таджиев Хамидулла Хабибуллаұлы «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесінде «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша жас ғалым, Таджиев Хамидулла Хабибуллаұлының AP14972895 «Алтын Орда және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: рухани үндестік және дәстүр жалғастығы» жобасы грантын ұтып алды!

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» конкурсында «Алтын орда және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: Рухани үндестік және дәстүр жалғастығы» атты гранттық жобасын ұтып алды. Жобаның жалпы құны – 18 047 822 тенгені құрайды.

Индонезияның «JAWAB: Journal of Asian Wisdom and Islamic Behavior» халықаралық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі. Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Scopus деректер базаларында тіркелген Türk kültürü ve Hacı Bektaş Veli araştırma dergisi атты журналының халықаралық эксперті атанды

Қазақстан Республикасының тілдік даму міндеттері аясында Түркістан облысындағы тіл саясаты мен практикасын зерделеу


Жоба жетекшісі: ф.ғ.д., доцент, «ӘГҒ» ҒЗИ директоры:
Боранбаев Сандыбай Режепұлы

Жобаның мақсаты: Жобаның мақсаты Түркістан облысының әртүрлі өңірлеріндегі тіл саясаты мен тіл жағдайын зерделеу және осы қызмет саласындағы жергілікті биліктің іс-шараларын оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Ғылыми жаңалық: Осы жоба шеңберінде 2022-2024 жылдар ішінде жүргізуге ұсынылатын зерттеулердің ғылыми жаңашылдығы қазақ жазуы үшін латын әріптерін енгізу және қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыру жөніндегі билік ұсынып отырған бастамалардың табысты болуына өңірдің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары мен халықтың ұстанымдарына ғана емес, жергілікті мемлекеттік, білім беру және қоғамдық ұйымдардың да ұсыныстары назарға алынуы тиіс.

Тілдердің таралу аймағы мен пайдалану салаларының өзгеру серпінін зерттеу маңызды факторлардың бірі болып табылады. Практикалық маңыздылығы: Зерттеулер нәтижесiнде халықтың әр түрлi топтарының жасына, бiлiм деңгейiне, этникалық құрамына, қоныстану аймағына қарай жергiлiктi халықтың тiл саясатын қабылдаудағы басымдық жақтарын анықтауды көздейдi. Күтiлетiн ғылыми және әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiк: Республиканың әртүрлi аудандары мен мегаполистерiнiң әлеуметтiк-демографиялық сипаттамалары бiр-бiрiнен ерекшеленетiн жағдайлар мен тiл саясатын iске асыруда жергiлiктi билiк органдарының, бiлiм беру институттары мен қоғамдық ұйымдардың негiзгi көзқарастары мен стратегиялық жоспарларын айқындау.

Кафедра түлектері

Біздің дайындаған мамандар өзінің кәсіби қызмет аясында облыстық және республикалық ғылыми және ғылыми-педагогикалық мекемелер мен ұйымдарда қызмет атқаруда. Олар негізінен бұқаралық ақпарат құралдарында, білім, мәдениет және басқару мекемелерінде сарапшы, аудармашы, редактор болумен қатар, тіл және әлеуметтік коммуникация, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да жемісті еңбек етуде.

Біздің түлектер республикамыздың жоғары оқу орындары мен мектептерінде, мектепке дейінгі мекемелерінде, Шымкент қалалық білім басқармасында, БАҰО «Өрлеу»

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, «Астана», «Хабар» телеарналары мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» мерзімді басылымдарында және «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телерадио кешендерінде, Шымкент қаласының түрлі мәдениет салаларымен қатар басқа да көптеген ұжымдарда абыройлы қызмет жасауда.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, оның ішінде филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы тіл мен әдебиет, аудармашы, педагог мамандарды даярлауда өздерінің еселі еңбегімен еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді.

Кафедра жаңалықтары

Құрметті студенттер мен магистранттар!

2025–2026 оқу жылына келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды:

6B01701- Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

  1. Таңдау бөліміндегі пәндердің құрамындағы өзгерістер

«Қоғамға қызмет ету», «Көркем шығарманы герменевтикалық талдау», «Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ үлгілерін жасау негіздері» пәні алынып тасталынды

«Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық», «Жасанды интеллект негіздері» «Action Research», «Lesson study», «Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиеттану ғылымындағы зерттеулер», «Тіл біліміне кіріспе», «Практикалық қазақ тілі», «Медиаграмотность и применение искуственного интеллекта», «Жалпы тіл білімі» пәндері енгізілді

1.1 Пәндер бойынша кредиттер көлемін ұлғайту

  1. Қазақ фольклоры және оны оқыту негіздері 4кр→5кр
  2. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі 5кр→6кр
  3. Қазіргі қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі 5кр→6кр
  4. Қазақ тілінің лексикологиясы және оқыту негіздері 4кр→5кр
  5. Қазақ тілінің морфологиясы және оқыту негіздері 5кр→6кр

1.2. Кредиттер көлемінің қысқаруы

  1. Қазақ жазу тарихы 6кр →5кр,
  2. Әлем әдебиеті және оқыту жүйесі 6кр →5кр
  3. Қазақ тілінің синтаксисі және оқыту негіздері 8кр→6кр
  4. Салғастырмалы грамматика 5кр→4кр
  1. Пәндердің (модульдер) жұмыс бағдарламаларының мазмұнын өзгерту немесе толықтыру

1.«Экожүйе және құқық» пәнінің мазмұнына «Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері» тақырыбын енгізу.

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» курсына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ЖИ-ді қолдану» тақырыбын енгізу
  2. «Қазіргі педагогика» пәнінің мазмұнына келесі тақырыптарды енгізу:
  3. Қазіргі білім берудегі жасанды интеллект және оның пайдасы
  4. Жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері
  5. «Әлеуметтану және саясаттану» пәнінің мазмұнына «Әлеуметтену, сәйкестік және девианттық мінез-құлық: инклюзивті көзқарастың рөлі» тақырыбын енгізіңіз.
  6. «Мәдениеттану және психология» пәнінің мазмұнына келесі тақырыптарды енгізіңіз: Қазіргі қоғамдағы инклюзивті мәдениеттің әлеуметтік-психологиялық негіздері және дамуы; Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби бейімделу жағдайлары; Психологиялық қолдау және толеранттылық мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік интеграциялау тәсілі ретінде; Қазіргі қоғамдағы қалыпты және дамуы бұзылған индивидтердің өзара әрекеттесуіне әлеуметтік-психологиялық кедергілер.
  7. «Экожүйе және құқық» пәнінің мазмұнына Инклюзия – халықаралық заңнаманың стратегиясы тақырыбын енгізіңіз.
  8. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің мазмұнына «Қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект технологиялары» тақырыбын,
  9. «Қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен технологиясы» курсына «Қазақ әдебиеті сабақтарында ЖИ қолдану» тақырыбын енгізу.

6.«Қазіргі қазақ әдебиеті және білім беру жүйесі» пәнінің мазмұнына Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі; Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі; Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі енгізу

3.Практика және ғылыми-зерттеу бағдарламаларындағы өзгерістер

Пратикадан өтуге арналған кредиттердің атауын және санын өзгертуді түзету:

  1. Педагогикалық тәсілдер (педагогикалық практика, 3 курс) – 3 кредит
  2. Өндірістік (педагогикалық практика, 4 курс) – 10 кредит
  3. Білім берудегі ғылыми-зерттеу және инновациялар (педагогикалық практика, 4 курс) – 8 кредит

Изменение методических материалов, обеспечивающих реализацию ОП

  1. ОБ орындалуын қамтамасыз ету үшін әдістемелік материалдарға өзгерістер енгізу

2.Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін түзету:

1.Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы, Қазақ әдебиетін оқыту теориясы мен технологиясы Қазіргі қазақ әдебиеті және оқыту жүйесі

4..Жаңартудың басқа (бастамалық) түрлері

1.Білім беру бағдарламасының мақсатын түзету:

Қазақ және қазақ емес тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи технологиялары саласында кәсіби құзыреттілікті меңгерген, білім берудегі педагогикалық ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қабілетті мұғалімдерді даярлау

ОН8 реттеу. Оқытылатын пәндер бойынша білім алушылардың жеке қажеттіліктерін және оқытудың тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын ескере отырып, оқу процесін жүзеге асыру

КҚ5 реттеу. 5.Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесін, жасанды интеллект әдістерін, жалпы білім беретін ұйымдарда балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың халықаралық және отандық тәжірибесін меңгеру.

6В02331 - Шетел филологиясы: өзбек тілі

  1. Пәндердің таңдау бөлігінің құрамындағы өзгерістер:
  2. Алынып тасталды. «Қоғамга қызмет ету».
  3. «Жасанды интелект негіздері» қосылды.
  4. «Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық» қосылды.
  5. Алынып тасталды «Кәсіби орыс тілі»

5.Алынып тасталды «Өзбек фольклористикасы».

6.»Медиа сауаттылық және жасанды интеллектті қолдану» қосылды.

  1. «Риторика және спичрайтинг негіздері» қосылды.
  2. «Балалар әдебиеті» қосылды.
  3. Жаңартудың басқа (бастамалық) түрлері:
  • «Инновациялық, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті тиімді пайдалана отырып, лингвистикалық және әдеби зерттеулер жүргізу және университеттің ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асыру атты № 4 оқыту нәтижелеріне түзетулер енгізілді.

Өзгерістер Қазақстан Республикасы Жоғары кәсіптік оқу орындарының Мемлекеттік білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасының жаңа кәсіби стандарттарына, жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесіне негізделген.

7М02310 - Филология МАГИСТРАТУРА

  1. Пәндердің таңдау бөлігінің құрамындағы өзгерістер:

«Жоғары оқу орындарының педагогикасы мен психологиясы» курсы қосылды.

«Мамандық пәндерді оқыту әдістемесі» курсы алынып тасталды.

«Академиялық жазу және жобалық жұмыс» курсы қосылды

  1. Пәндердің (модульдердің) жұмыс бағдарламаларының мазмұнын өзгерту немесе толықтыру:

«Менеджмент психологиясы» пәнінің көлемі 4 кредиттен 3 кредитке өзгертілді;

«Тіл біліміндегі жаңа бағыттар» курсына «Корпус және компьютерлік лингвистика, табиғи тілді өңдеудегі ЖИ және вербальды коммуникацияның психолингвистикалық аспектілері» сияқты тақырыптар енгізілді.

  1. Білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарға өзгерістер енгізу:

Келесі пәндер бойынша оқу-әдістемелік пәндерді әзірленді:

«Академиялық жазу және жобалық жұмыс»

Келесі пәндер бойынша оқу-әдістемелік пәндерді түзетілді:

«Тіл біліміндегі жаңа бағыттар»

  1. Жаңартудың басқа (бастамалық) түрлері:
  • «Инновациялық, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті тиімді пайдалана отырып, лингвистикалық және әдеби зерттеулер жүргізу және университеттің ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асыру атты № 4 оқыту нәтижелеріне түзетулер енгізілді.

Өзгерістер Қазақстан Республикасы Жоғары кәсіптік оқу орындарының Мемлекеттік білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасының жаңа кәсіби стандарттарына, жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесіне негізделген.

Сұрақтар бойынша академиялық кеңсеге немесе бағдарлама үйлестірушісіне хабарласыңыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Экологиялық мәдениет және жеке жауапкершілік

27.02.2026 жылы «Филология» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушылары Г.К. Бескемпірова мен Ж.К. Елтаева бірлесіп ФИ-23-1дк және ФИ-23-5к топтарында «Экологиялық мәдениет және жеке жауапкершілік» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік көзқарасын арттыру, сондай-ақ экологиялық мәселелерді тілдік және әдеби талдау арқылы саналы ойлау дағдыларын дамыту болды.

Сабақ барысында экологиялық мәдениет ұғымының мәні, оның қоғамдағы рөлі және жеке тұлғаның табиғатқа деген жауапкершілігі жан-жақты қарастырылды. Оқытушылар тақырыпты теориялық және практикалық бағытта ұштастырып, студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қолданды. Атап айтқанда, пікірталас, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, проблемалық сұрақтар қою және ситуациялық тапсырмалар ұйымдастырылды.

Студенттер экологиялық мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салып, қазіргі қоғамдағы өзекті проблемаларды талқылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттегі табиғат тақырыбына арналған үзінділер талданып, тілдік ерекшеліктері сараланды. Бұл тапсырмалар білім алушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып, кәсіби бағыттағы тілдік құзыреттілігін дамытуға ықпал етті.

Сабақта интерактивті әдістер тиімді қолданылып, білім алушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Топтар арасында белсенділік байқалып, әр студент өз көзқарасын дәлелдеуге тырысты.

Ашық сабақ өз мақсатына жетті. Білім алушылар экологиялық мәдениеттің маңызын түсініп, жеке жауапкершіліктің қоғам үшін қажетті құндылық екеніне көз жеткізді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, аталған ашық сабақ білім алушылардың экологиялық санасын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және кәсіби бағытта ойлау қабілетін дамытуға оң әсерін тигізді.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.