★ЖОҒАРЫ МЕКТЕП

«Басқару және бизнес» жоғары мектебі

6кафедра
88оқытушы
23бағдарлама

Факультет туралы

Жалпы мәліметтер


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі 60-шы жылдардан бері экономика бағытындағы кадрларды дайындаушы жоғары мектеп. Бұл жоғары мектеп экономикалық мамандарды дайындаушы, жоғары рейтингті, беделді, алдыңғы қатарлы бөлімше болып табылады.

2017 жылдың қыркүйек айынын 01 жұлдызынан бастап факультет «Басқару және бизнес» жоғары мектебі болып қайта құрылды.
Миссиясы
Жоғары мектептің бірінші кезектегі міндеті – қазіргі заманғы еңбек нарығында сұранысы бар мамандарды дайындау болып табылады.
Бағдарламалары
Кадрларды дайындау әлеметтік ғылымдар мен бизнеске қатысты бакалавриаттың 8 бағдарламалары және магистратураның 6 білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Студенттерге үш тілде білім беріледі: қазақ, орыс және ағылшын тілі.

Біздің студенттер
Қазіргі уақытта «Басқару және бизнес» жоғары мектебі экономикалық профильдегі мамандармен оңтүстік аймағының барлық бағыттарын қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік әдебиет қорымен, компьютер сыныптарымен және бағдарлмаларымен, жеткілікті аудитория қорымен, спорт жайларымен, стадиондармен және жүзу бассейнімен қамтамасыз етілген университетіміз жоғары мектептің студенттерінің контингентінің өсуіне септігін тигізіп жатыр.
Білім деңгейін жоғарылатқысы келетін студент жастарымыз үшін бірқатар арнайы пәндерді ағылшын тілінде өткізу топтары ұйымдастырылған.

Ол жерде арнайы тіл курстарында, лингвистикалық орталықта оқыған, ағылшын тілін жетік меңгерген оқытушылар сабақ береді.
Жоғары мектепте үнемі әртүрлі бағыттардағы творчестволық ұжымдар тұрақты түрде жұмыс істейді.

Олар: хореографиялық ансамбльдер, КВН, «Ақиқат» пікірсайыс клубы,6 ғылыми үйірмелер, мектептің спорттық командасы студенттік спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

Профессор-оқытушылар құрамы
Жоғары мектепте 154 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 10 ғылымдар докторы, 62 ғылымдар кандидаттары, 22 магистрлер бар.
Талапкерге

«6В04140-Экономика» білім беру бағдарламасы
Оқыту мерзімі: 4 жыл
Кәсіби ісінің ортасы мен сипаты: осы қызмет түрінің маманы экономист, экономика маманы, талдаушы лауазымдарында жұмыс істей алады.
Экономика бакалавры жоспарлау, кәсіпорынның экономикалық стратегиясы, экономикалық талдауды жүзеге асыру, жобалау, техника-экономикалық талдау, еңбекті нормалау, конроллинг, инновациялық-инвестициялық менеджмент, жобалық және жоба алдындағы құжаттамалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін саралау, материалдық және материалдық емес өндіріс орталарында инновацияларды енгізу сияқты кәсіби жұмыстарды орындай алады.
Жұмысқа орналастыру орындары: іс түрлері, көлемі (шағын, орта, ірі), меншік түрлері әртүрлі ұйымдар мен фирмалар; қоршаған ортаны ұйымдастыору және табиғатты тиімді пайдалану ұйымдары, білім беру ұйымдары (гимназиялар мен колледждер) мен ғылыми-зерттеу институттары.

«6В04140–Қаржы» білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Маман қызметтілігі: бакалаврлар қаржылық басқару мен қаржылық ұйымдастыруда, микро-макро деңгейлерде қаржы-несиелік және фискалдық саясат жүргізуде.

Осы негіздегі бакалаврлар кәсіпорынның қаржылық жүйесіне анализдік жұмыстар жүргізуге, табыстардың жоғарылауына, шығындардың және тәуекелдердің төмендеуіне жұмыс жасауы тиіс, нарықтағы сапалы қаржылық сұраныстарды толық қанағаттандырулары қажет.

Маманның тағы келесі бір функциялары болып табылатындар: кәсіпорынның қаржы статистикалық және жалпы көрсеткіштерін есептеу, омы есептілік негізде басшылықтың дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдаына, инвесторларға қаржылық және кредиттік саясатты жүргізуге, нақты және жалпы қаржылық көрсеткіштерді бағалау, инвестициялық қызметәдістерін таңдап жүргізуге, жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жақсаруы мен дамуына, сонымен қатар мемлекеттік негіздегі қаржылық нормалар мен нормативтік актілер жүйесімен қаржылық операцияларды жүргізу мен оларды бақылау, қаржылық кеңестер беру және т.б қызметтер.

«6В04130-Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы
Оқыту мерзімі – 4 жыл
Кәсіби қызметтің сферасы мен мазмұны: мамандар келесідей қызметтерді орындайды бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептемені құрастыру; шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру; салықтық есептілікті құрастыру және салықтар бойынша декларация толтыру; есептік және салықтық ақпараттарды жинақтау, мәліметтерді өңдеу және оны басқару шешімдерін қабылдауы үшін басшылардың, инвесторлардың, кредиторлардың, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың қолдануына дайындап беру; балама шешімдерді бағалау және талдау; кәсіпорынның қызметтерін жалпы бақылау және басқару; бухгалтерлік есептің жүргізілуінің нормативтік актілерге сәйкес келуін тексеру, сонымен қатар кеңес беру қызметін көрсету (аудиторлық және кеңес беру қызметтері).
Жұмыс орындары: бітірушілер кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтер маман ретінде, осы есептіліктің әдістемесі мен аудиторлық жұмыс жөнінде экономист ретінде, есеп пен есептілік саласында, ҒЗИ экономикалық талдау мен аудит саласында ғылыми қызметтер ретінде, ЖОО-да оқытушылық, орта білім беру ұйымдарында.

«6В04120-Менеджмент» білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары:
Кәсіби қызметтің функциялары болып және коммерциялық емес ұйымдары қызметін жоспарлау ұйымдастыру, ынталандыру, реттеу бақылау саналады.
Бакалавр бітірушінің кәсіби қызметтің типтік міндеттері болып нарықтық экономикамен қатаң бәсекелестік күрес жағдайындағы коммержциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жағдайы мен даму болашағын талдау мен бағалау, басқару аппаратындағы көлденең және тік байланыстары және осның негізінде тиімді қызмет пен дамуды қамтамасыз ететін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау саналады.
Кәсіби қызметтің бағыттары кәсіпорының экономикалық қызметтері мен басқаруды ұйымдастыру сұрақтарын шешу, шаруашылық субъектісі дамуының тиімділік баламаларын таңдау персонал қызметінің ынталандыру, иннвациялық қызметі жетілдіру, кәсіпорынды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру саналады.
Кәсіби қызметтің мазмұны болып өндірісті оперативті және ағымдағы басқаруын іске асыру, кәсіборын дамуында стратжегиялық, ағымдағы және оперативті жоспарларды әзіржлеу мен жүзеге асыру, кәсіпорын мен ұйымның тиімді қызмет етуіне бағытталған басқарушылық шешімдерін әзірлеу.
Жұмыс орындары: кәсіпорындар менеджері, өндірістік кәсіпорындарда және экономиканың барлық салларындағы ұйымдарының сату, сауда жарнама менеджері, басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары (гимназия, колледж) және ғылыми зерттеу институттары.

«6В04150-Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары
Кәсіби қызметінің өрісі: халық шаруашылығын, әкімшілік – аумақтық таксондарды басқару, ұлтттық компанияларда, елдің әртүрлі кәсіпорындарында менеджер мен экономистері.
Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі; ҚР парламенті аппараты; ҚР үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика және қаржының басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудан, қала, обылыс әкімияаттары) және атқарушы органдар аппараты; Ұлттық мемлекеттік және компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар бола алады.

«6В04160-Маркетинг» білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі 4 жыл
Кәсіби қызмет ету сферасы – оқу мерзімінде студенттер маркетингтік зерттеулер, маркетингті басқару және жоспарлау, коммерциялық кәсіпкерлік негіздері және кәсіпорын менеджменті соның ішінде биржалар, лизингтік фирмалар, туризм және қонақ үй шаруашылығы сфералары/ облыстарында жаңаша білімдер алады.

Бітіруші түлектер кеден ісін реттейтін заңдылық негіздерін, сыртқы сауданы ұйымдастыруды, лицензиялауды, квоталауды үйренеді.

Жұмысқа орналасу орындары – маркетолог ретінде мамандар өнеркәсіптік, құрылыстық, сауда және жарнамалық кәсіпорындарда, ассоциацияларда, концерндерде, холдингтерде, фирмаларда, биржаларда, кеденде, туризм және қонақ үй шаруашылығы сфераларында және сыртқы экономикалық іс-әрекеттер сфераларында жұмыс істейді.

Ғылым

Басқару және бизнес жоғары мектебінің 2018 жылының ғылыми-зерттеу жұмысы және ғылыми қызметтерінің статистикалық мәліметтері туралы есебі ПОҚ ҒЗЖ

1. ҒЗЖ тақырыптары, мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша орындалуы:

«Экономика» кафедрасы: шифрі Б-16-09-07, Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Аймақтың индустриялды-инновациялық даму шартында экономика сферасы мен салаларының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Тулеметова А.С., э.ғ.д., профессор Ниязбекова Р.К.

«Бизнес және коммерциаландыру» шифрі Б-16-09-01, Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Экономика саласында кәсіпкерліктің тиімділігі мен оның аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына әсері» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: : э.ғ.к., доценті Сатымбекова К.Б.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы: шифрі Б-16-09-04, Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Жаңа экономикалық саясат жағдайларында Оңтүстік аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценті Қыдырова Ж.Ш.

«Экономикалық теория» шифрі Б-16-09-02, Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ«Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның интерациялық потенциалының қалыптасуы мен дамуының ғылыми негіздері» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценті Мергенбаева А.Т.

«Қаржы» шифрі Б-16-09-06 Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Қазақстан Республикасы экономикасының дамуындағы басым бағыттағы мәселелерді жүзеге асыруда қаржы-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценттері Айтымбетова А.Н., Бигельдиева З.А.

«Есеп және аудит» кафедрасы: шифрі Б-16-09-03 Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Басқару есебі, салық есебі мен есептілігінің, сонымен қатар аудит пен талдауды жүргізудің мәселелерін зерттеу» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценті Сейтбекова С.Т.

«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы: шифрі Б-16-09-05Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Қазақстан Республикасындағы туристік кластерді дамыту ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбы бойынша жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценті Есенова А.Е.

2. Халықаралық қорлар мен ұйымдардың, министерлік пен басқа да мемлекеттік орган-дардың қаржыландыруымен маңызды бағыттар бойынша жасалған ҒЗЖ.

1. "AP05132706 Разработка экономического механизма регионального развития в Казахстане на основе финансовых инструментов регулирования (в частности муниципальных ценных бумаг) для обеспечения инвестиционной привликательности и высокой конкурентоспособности территории" тақыры бойынша жоба.

Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Нурашева К.К., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Бизнес и коммерциализация» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., орындаушылары: "Экономикалық теория" кафедрасының э.ғ.к., доценті Мергенбаева А.Т., "Экономика" кафедрасының э.ғ.к., доценті Абдикеримова Г.И., "Менеджмент және маркетинг" кафедрасының э.ғ.к., доценті Куланова Д.А..

Жоба құны – 15 630 171 тг., оның ішінде 2018 жылға – 5 107 680 тг.).

2. Кафедра доценты, э.ғ.к. Уразбаева Г.Ж. орындаушысы болып табылатын жоба: "AP05133582 Разработка методики расчета и проектирования тканых армирующих каркасов пожарных напорных рукавов с целью создания новых высокотехнологичных образцов этих технических изделий".

Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Мырхалыков Ж.У., М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры. Жоба құны – 18 120 000 тг., оның ішінде 2018 жылға – 6 000 000 тг).

3.Халықаралық гранттар есебінен орындалатын ҒЗЖ тақырыптары - жоқ

4.Шаруашылық келісім-шарттар бойынша орындалатын ҒЗЖ тақырыптары - жоқ

5. ҒЗЖ нақты қаржыландырылуы. Жоқ.

6. Ғылыми бағдарламалар мен жобалардың орындалуы, оның ішінде университет басшылық жасайтын ғылыми бағдарламалар мен жобалар. Жоқ.

7. Түрлі бағдарламалар мен жобалар конкурсында, грант алғандығы жөніндегі жұмыстарға кафедраның талдауы.

1. "AP05132706 Разработка экономического механизма регионального развития в Казахстане на основе финансовых инструментов регулирования (в частности муниципальных ценных бумаг) для обеспечения инвестиционной привликательности и высокой конкурентоспособности территории" тақыры бойынша жоба.

Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Нурашева К.К., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Бизнес и коммерциализация» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., орындаушылары: "Экономикалық теория" кафедрасының э.ғ.к., доценті Мергенбаева А.Т., "Экономика" кафедрасының э.ғ.к., доценті Абдикеримова Г.И., "Менеджмент және маркетинг" кафедрасының э.ғ.к., доценті Куланова Д.А..

Жоба құны – 15 630 171 тг., оның ішінде 2018 жылға – 5 107 680 тг.).

2. Кафедра доценты, э.ғ.к. Уразбаева Г.Ж. орындаушысы болып табылатын жоба: "AP05133582 Разработка методики расчета и проектирования тканых армирующих каркасов пожарных напорных рукавов с целью создания новых высокотехнологичных образцов этих технических изделий".

Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Мырхалыков Ж.У., М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры. Жоба құны – 18 120 000 тг., оның ішінде 2018 жылға – 6 000 000 тг).

3. «Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы бизнес-жобаларды дайындауда және «СТАРТП - БОЛАШАҚ» инновациялық жобалар конкурсында белсенділік танытты, соның нәтижесінде Іскерлік әкімшілік ету мамандығының МЭФ 17-7кн тобының магистранттары - Тойлыбай Нұртілек және Наушан Альбина мен 3 жобамен қатысты.

8. Кафедраның негізгі ғылыми және шығармашылық нәтижелері:

Э.ғ.д., профессор Есиркепова А.М. осы жылдың қыркүйегіне дейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми-техникалық кеңесінің хатшысы болған. 2018ж. 1 наурызынан бастап «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D050600 – Экономика» мамандықтарының Диссертациялық кеңесінің төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Есболова А.Е. 2018ж. 3-21маусым аралығында "Эрасмус+" бағдарламасы бойынша Падуан университетінде тағылымдамадан өткен

"Қаржы" кафедрасының аға оқытушы Жакипбекова Д.С. PhD академиялық дәрежесін алды (№0002354 от 24.04.2018).

"Қаржы" кафедрасының доценті Исаева Г.К. қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды (№502 20.03.2018).

"Қаржы" кафедрасының доценті Исаева Г.К. «Пән мен тілді біріктіре оқыту» пәнін оқытуда CLIL әдістерін пайдалану бойынша халықаралық ғылыми семинарға қатысты. Кафедра меңгерушісі Айтымбетова А.Н. «БОЛОН процесі шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы» бойынша халықаралық ғылыми семинарға қатысты.

«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы «Шымкент жасыл қала 2018-2030» бағдарламасына қатысты.

Кыдырова Ж.Ш., Айдаров Т.А., Искаков К.К., Тулеева А.Ж., Сулейменова И.А., Сиязбеккызы Б., Даурбаева М.У., Дарибаева А.С., Карабаева Ш.А., Жанабаева Г.М. Джетибаева А.Б. «Наука сегодня: вызовы и решения» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты (Ресей, Вологда қ., 31 қаңтар 2018 жылы) ((қатысу сертификаты бар).

Ынтымақтастық бойынша Меморандум негізінде Сумгаит мемлекеттік университетінің (Әзербайжан Республикасы) доценті Алиева А.Г. Әуезов оқулары-16 МНПК жұмысына қатысып, «Основные проблемы и формирование продовольственной безопасности в Азербайджанской республике» мақаласын жариялады (қатысу сертификаты бар).

Доцент Айдаров Т.А. жетекші мен МЭФ-17-2МР тобының магистранты Банушоглы А. (Түркия) «Управление кадрами в АПК в системе современного менеджмента» презентациясын жасады (сертификаты бар). Под руководством доц. Айдарова Т.А. магистрант гр. Банушоглы А. (Турция) выступил с докладом «Управление кадрами в АПК в системе современного менеджмента» (Сертификаты бар).

Халықаралық байланыс

«6В04140-Экономика» білім беру бағдарламасы
Оқыту мерзімі: 4 жыл
Кәсіби ісінің ортасы мен сипаты: осы қызмет түрінің маманы экономист, экономика маманы, талдаушы лауазымдарында жұмыс істей алады.
Экономика бакалавры жоспарлау, кәсіпорынның экономикалық стратегиясы, экономикалық талдауды жүзеге асыру, жобалау, техника-экономикалық талдау, еңбекті нормалау, конроллинг, инновациялық-инвестициялық менеджмент, жобалық және жоба алдындағы құжаттамалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін саралау, материалдық және материалдық емес өндіріс орталарында инновацияларды енгізу сияқты кәсіби жұмыстарды орындай алады.
Жұмысқа орналастыру орындары: іс түрлері, көлемі (шағын, орта, ірі), меншік түрлері әртүрлі ұйымдар мен фирмалар; қоршаған ортаны ұйымдастыору және табиғатты тиімді пайдалану ұйымдары, білім беру ұйымдары (гимназиялар мен колледждер) мен ғылыми-зерттеу институттары.

«6В04140–Қаржы» білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Маман қызметтілігі: бакалаврлар қаржылық басқару мен қаржылық ұйымдастыруда, микро-макро деңгейлерде қаржы-несиелік және фискалдық саясат жүргізуде.

Студенттік өмір

Бөлім материалдарын факультет дайындайды.

Университеттің студенттік өмірі Студенттік ғылым

«Басқару және бизнес» жоғары мектебі

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Ашық есік күні

Қазығұрт ауданының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті! 2026 жылдың 13 наурыз күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақст

Халықаралық қысқы мектеп

"Auezov University- 2025": Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Басқар

Кәсіби бағдар беру кездесуі

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушылары соңғы қоңырау аясында 11-сынып түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Оқушы

X Халықаралық студенттік ғылыми конференциясы

Кафедрамыздың оқытушылары — Дана Аскарбековна мен Жамиля Шафхатовна Мәскеудегі РУДН университетінде өткен «XXI ғасырдағы әлемдік экономика:

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы дәрістер

Халықаралық ынтымақтастық аясында Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің оқытушылары Менеджмент және Маркетинг білім беру бағдарла

Шеберлік сағаты

+ Ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушылары үшін Ташкент мемлекеттік экономикалық универс

Байланыс

Сейдахметов Марат Канымбекович

Декан, к.э.н., доцент

  • деканаттан күтілуде
  • 8 (7252) 21-36-68
  • деканаттан күтілуде

Декан орынбасарлары

—

  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.