6КАФЕДРА · «Басқару және бизнес» жоғары мектебі

Халықаралық туризм және сервис

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0Кафедра материалдары

«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі

Әлеуметтану ғылымының кандидаты, доцент

Есенова Айман Ермухамедқызы

Адрес: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті. Бас ғимарат, каб.435 және 441
Телефон: 21-15-26

Жалпы мәлімет, кафедра тарихы
«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Басқару және бизнес» Жоғарғы мектебінің құрамына кіретін құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бакалаврларды дайындау университеттің миссиясына сәйкес жүзеге асырылады, заманауи ғылым беру ортасына сәйкес жоғары білікті кадрларды дайындау жүзеге асыруға келеді. Сонымен қатар ғылымды интеграциялау принциптеріне байланысты Оңтүстік Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытуда болашақ мамандардың үлесі үлкен маңызыға ие.

5В090200 «Туризм», мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындау білім бағдарламасына сәйкес 1996 жылдан бастап мемлекетттік лицензия негізінде жүзеге асырылып келеді. 2019 жылдан бастап 6В11111 « Мейрмахана ісі және қонақүйбизнесі», білім бағдарламасы негінде 6В11111 « Мейрмахана ісі және қонақүйбизнесі» мамандығы бойнша қызмет көрсету саласының бакалавры акедемиялық дәрежесі беріліп келеді.

Оқу әдістемелік жұмыс

Кафедрадағы оқу әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты, оқу процессінің сапалы және тиімділігін көтеруге жағдай жасау болып табылады. Кафедрадағы оқу әдістемелік жұмыс кешенді іс-шаралар ұсынады: Оқу процессінің оқу әдісетемелік кешеңмен қамтамасыз ету, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру.

Соңғы жылдары кафедраның оқытушылары 170 ғылыми мақалалар шығарды, оның ішінде жоғарғы рейтингке ие шетелдік білім және ғылым министрлігінің мақұлдаған басылымдар, алыс жақын шетел журналдары мен Республикалық конференцияларда.

Кафедраның оқытушылары жыл сайын оқулықтар мен оқу құралдарын және басқада әдістемелік құралдар шығарады. Сонымен қатар оқытушы-профессорлар құрамы республикалық халықаралық ғылыми зерттеу гранттарына белсенді қатысып отырады.Студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмыстарын жетілдіру.

Кафедрадағы оқу әдістемелік мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін міндеттерді шешу: «Оқу әдістемелік жұмыстар», пәнді оқытудың әдістерін жетілдіруге бағытталған, оқу процессін үздіксіз әдістемелермен қамтамасыз ету, ұсыныстарды еңгізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың нәтижелерін еңгізу, профессор-құрамының педагогикалық біліктілігін арттыру.

Білім берудің дамыту перспекивасының алдынғы қатарлы тәжірибелерін оқу әдістелелік жұмыстармен біріктіру. Оқу әдістемелік жұмыстарды басқару төмендегі мәселелерді қамтиды. «ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар», оқу процессінің технологиясын ұйымдастыру, заңдылықтарын жаңа принциптерін, оқыту методикасымен мазмұнын жетілдіру.

Ғылыми зерттеу жұмыстары

Ғылым және халықаралық ынтымақтастық «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының қазіргі және болашақтағы қызметтік бағытының негізгі бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Кафедраның ғылыми зерттеу негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасының қонақ жайлық индустриясы және туризм инфрақұрылым аймағындағы зерттеулер болып табылады. Кафедра іргелі зерттеушілік, баламалы және әдістемелік ғылыми зерттеулер мамандарды оқытуда даярлауда негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Негізгі бағыт студенттерді ғылыми қызметке белсенді қатыстыру соның ішіндегі ғылыми Турист, ғылыми кружогына.

Кафедраның ғылыми зерттеу бағыттары: Туризм және сервисті дамытудың мәселесімен болашағы; Қонақ үй және мейрамханалық бизнес; туризм және бәсекелестік қабілетті дамыту; Халықаралық туристік нарыққа туристік өнімдерді жылжыту және жарнама; Туристік инфрақұрылмды дамыту.ж.т.б. Кафедра Қазақстанның және алыс жақын шетелдердің жоғары оқу орнындарымен ынтымақтастық мақсатта жұмыс жасайды, халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциялардың жұмыстарына қатысады.

Кафедра Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысының қонақ үй және бизнес саласындағы туристік ұйымдармен ынтымақтастық мақатта екі жақты жұмыс жасалып келеді. Олар: ТОО «Center – AKTour», ИП «Hotel Shymkent», ТОО «Саэль тур», ТОО «Аль Рапия», ТОО «Сапарбай», Sapar Standart Hotel ТОО, «Atlas Tour» ТОО, «Азия Вояж Сервис»

ТОО «K & Milla tour» ТОО «Комек Тур» «Нур Отау», ТОО «Максимум Уют», ТОО «Meyram Group», гостиница «Megapolis Hotel Shymkent», ТОО «Центр заключения бартерных сделок», ГККП «Областная станция юных туристов», Авиа турагентство «Нур Ай и Ко», КММ «Сырдария-Туркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі», ТОО «Delux group & Сo», ТОО «Tarlan Service», ТОО «Dostyk tour Company», ТК «Олимпспорттур», ТА «Аянтур», ТОО «Маржан и К», ТОО «Куаныш», ТОО «Лайм Тур», ТОО «Клара-Центр-Сапар», ТОО «Рукия».

Студенттерді сапалы дайындаудың негізгі факторы болып академиялық ұтқырлық болып табылады. Әлемдік білім беру процессін біріктіру мақсатында студенттер оқу жоспарына сәйкес басқа елдердің жоғарғы оқу орныдарында іс-тәжірибеден және тағлымдамадан өту қарастырылған.

Халықаралық туризм және сервис

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Түзету әрекеттерінің жоспары

26 наурыз 2018 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекттік қызмет басқармасының бас маманы Шынтаев Н. университетіміздің халықаралық қатынастар және құқықтану факультетінің бітіруші түлектеріне семинар өткізді.

Семинар мақсаты түлектерге мемлекттік қызметке қызығушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет мектебіне үміткерлер тобын қалыптыстырып, олардың мемлекеттік қызметке орналасуына ықпал жасау.

Оқу-әдістемелік жұмыс

2018 жылдың 5-ші сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері Құжаттарды қабылдау басқармасының басшысы Ақпан Жұлдыз Қайырбекқызы және менеджері Токпаева Гульмира Ерболатовнаның қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг өткізудің мақсаты университеттің бітіруші курс студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу ережелері мен шарттарын түсіндіру.

Брифинг кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері брифинг қатысушыларына бүгінгі күнгі конкурстың өту тәртібін, негізгі іріктеу ережелерін, өзгерістері мен жаңалықтарын, бағдарламаның мақсаты мен құжаттарды қабылдау мерзімдерімен таныстырды.

Акпан Ж.К. ағымдағы жылы «Болашак» халықаралық типендиясының конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдауға байланысты нормативтік-құқықтық актілерге бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап айтты.

Біріншіден, алдын тағайындалған стипендиясын қолданбаған және оқуға және тағылымдамаға кіріспеген тұлғаларға, егер Орталықтың алдында қарызы болмаған жағдайда, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бір мәрте конкурсқа қатысу мүмкіндігі беріледі.Екіншіден, «Өз бетімен түскен» категориясы бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін бакалавр немесе маман дипломының орташа баллынын талаптары GPA 3.3 тен 3.0 баллға сәйкес төмендетілді.

Сондай-ак, негізгі жаңалық ол түлектердің жұмыспен өтеуін жүзеге асыру қағидаларына қатысты өзгерістер. Конкурстың өтуі мен енгізілген жаңалықтар жайлы ақпаратты www.bolashak.gov.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтынан алуға болады.

Также, Токпаева Гульмира рассказала студентам о грантовых программах Российской Федерации, о том, что в рамках межправительственных соглашений для казахстанских граждан было выделено 10 тысяч грантов на обучение в более чем 30 вузах Российской Федерации

Сондай-ақ, Токпаева Гульмира студенттерге Ресей Федерациясының гранттық бағдарламалары жайлы және үкіметаралық келісімдер аясында Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясының 30-ға жуық жоо-да оқу үшін 10 мың грант бөлінгенін айтты.

Жыл сайын университетіміздің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына белсенді қатысады және магистратура және ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары бойынша әлемнің жетекші жоо-на барады. Соңғы 10 жыл ішінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 100 ге жуық студенттері мен оқытушылары ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

26 наурыз 2018 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бітіруші түлектер мен Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудіңі мақсаты бітіруші түлектерді Назарбаев унверситетіндегі магистратура, докторантура бағдарламаларымен және оқуға түсу жағдайларын таныстыру.

Дуальды оқыту

27 наурыз 2018 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы кафедрасын бітіруші түлектері және магистранттарын жұмысқа орналастыру мақсатында Қазақстандағы бір ғана мотор майын өндіруші HILL Corporation зауытының технологы Д. Эгамбердиева және HR қызметінің басшысы Г Сыздықовамен кездесу өткізілді.

Хабарландыру

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы шетелдік студенттерге, аспиранттарға, университет оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге,өнер саласындағы қызметкерлерге Словакияның жоғарғы оқу орындарында және ғылыми ұйымдарындакелесі 2018-2019оқу жылы тәжірибеден өту бағдарламасын ұсынады.

ҰСБ шеңберінде стипендия үшін үміттене алады:

Тағылымдама мерзімі:

  • студенттер,
  • аспиранттар,
  • университет оқытушылары,
  • ғылыми қызметкерлер
  • өнер саласындағы қызметкерлер
  • Cтуденттер үшін - 1-2 семестр (4-5 немесе 9-10 ай), триместр болса (3-4 немесе 6-10 ай).
  • Аспиранттарға, университет мұғалімдеріне, ғылыми қызметкерлер мен өнер саласындағы қызметкерлер үшін тағылымдама мерзімі 1 айдан 10 айға дейін.

Ай сайынғы стипендия мөлшері:

А)ЖОО студенті - 350 €

Ә)аспирант - 580 €

Б)университет оқытушысы/ғылыми қызметкер/өнер саласындағы қызметкер 850 € ден 1 000 € дейін.

Өтініштерді тапсырудың соңғы мерзімі - 30 сәуір 2018ж. сағат 16.00-ге дейін.

Стипендия алу үшін өтінімдердіwww.scholarships.sk. сайтында онлайн тапсыруға болады. Онлайн өтінімді беру жүйесі өтініштерді тапсырудың соңғы мерзімінен 6 апта бұрын ашылады. Өтініштерді онлайн өтінім жүйесі ашылғаннан кейін тапсыруға болады.

Бағдарламаларға қатысу бойынша толық ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Халықаралық байланыстар орталығына келулеріңізді сұранамыз. Мекен-жай: «В» ғимараты, 2-қабат, 217-кабинет Тел.: 21-41-54, E-mail:

Халықаралық байланыстар орталығы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.