★ЖОҒАРЫ МЕКТЕП

Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі

5кафедра
70оқытушы
41бағдарлама

Факультет туралы

Жалпы мәліметтер

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтар мен ғылыми кадрларды даярлайтын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Жоғары мектеп өз тарихын 1991 жылдан, Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында «Биология», «Математика және информатика», «Еңбек және бизнес» кафедраларының ашылуымен және «Биология», «Еңбек және бизнес» мамандықтары бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдаудан бастайды.

1996 жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарын оңтайландыру реформасына орай, Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет институты және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент институтының педагогикалық мамандықтарының біріктірілуі нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылды.

Осы университет базасында жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлар даярлайтын кафедралар негізінде «Жаратылыстану-педагогикалық» факультеті құрылды.

1998 жылы ҚР Үкіметінің №256 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті мен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеттері біріктіріліп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылып, «Жаратылыстану-педагогикалық» факультеті ғылыми-жаратылыстану мамандықтарымен толықтырылды.

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінде үш сатылы білім беруге көшу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілді.

Факультетте 13 мамандық бойынша бакалавр, 12 мамандық бойынша магистратура мамандары даярланса, 4 мамандық бойынша (Математика педагогтарын даярлау, Информатика педагогтарын даярлау, Кәсіптік оқыту, Математика-статистика) докторантура ашылып сапалы кадрлар даярлана бастады.

Жоғары мектеп базасында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Төрағасының бұйрығына сәйкес 2017 жылы 6D012000-Кәсіптік оқыту (диссертациялық кеңестің төрағасы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.А.Жолдасбекова) мамандығы бойынша, 2018 жылдың 14 наурызында 6D010900-Математика (диссертациялық кеңестің төрағасы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К.Мадияров) мамандығы бойынша диссертациялық кеңестер ашылды.

Факультеттің ғылыми әлеуеті мен үш сатылы білім берудегі орны ескеріліп, 2017-2018 оқу жылынан бастап Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің негізінде «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы»

Жоғары мектебі құрылды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылдың 6 наурыздағы №313 бұйрығымен 8D01530 (6D011100) – Информатика мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылды. Факультетті құрылғаннан бері әр жылдар аралығында доцент Д.Қ.Пошаев, доцент Ю.Н.Камалов, доцент Қ.Ж.Әжібеков, профессор С.П.Назарбекова, доцент Ә.Е.Ережепов, доцент И.Оразов, профессор К.С.Надиров басқарып, факультет дамуына өз үлестерін қосты.

2011 жылдан бастап қазіргі кезде Жоғары мектепті п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы басқаруда. Н.К.Мадияров білім беру мен ғылымды дамытудағы еңбегі үшін "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды (2015ж.), "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері атанды (2016ж.).

Жоғары мектепте әр жылдары Қазақстанға белгілі ғалымдар мен басшылар еңбек етті, атап айтқанда Кәлменов Т.Ш. - Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор, дифференциалдық операторлар теориясы және олардың спектрлік қасиеттері саласындағы ірі ғалым, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Медеуов Е.Ө. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, п.ғ.д., профессор; Ташимов Л.Т. – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ президенті, т.ғ.д., профессор; Д.Рахымбек – ҚР ПҒА академигі п.ғ.д., профессор – математиканы оқыту әдістемесі саласындағы ірі ғалым; Өмірбаев У.У. – алгебра және логика саласындағы ірі ғалым, ф.-м.ғ.д., профессор; Садыбеков М.А. – ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ф.-м.ғ.д., профессор; Өтелбаев Б.Т. – х.ғ.д., профессор; Р.Ойнаров – ф.-м.ғ.д., профессор; Жұмабеков Л. – ф.-м.ғ.к., профессор; С.А.Атанбаев – ф.-м.ғ.д., профессор; А.Тасқараев – ф.-м.ғ.д., профессор; Ә.Шалданбаев – ф.-м.ғ.д., профессор; К.Дүйсенбаев – п.ғ.д., профессор; Т.Тұрманбеков - ф.-м.ғ.д., доцент; Б.Сыдықов – п.ғ.д., профессор, С.Құдайбергенов – ф.-м.ғ.к., доцент және т.с.с..

Қазіргі кезде Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен 133 оқытушы айналысады, олардың 100 штатта. Оқу үдерісіне өндірістен білікті мұғалімдер мен тәжірибелі мамандар тартылған. Штатта жұмыс жасайтын профессор-оқытушылардың - 8 ғылым докторлары, профессорлар, 41 ғылым кандидаттары, доценттер, 10 PhD-докторлар.

Ғылыми әлеуеті 59% құрайды. Жоғары мектепте ф.-м.ғ.д., профессор – Ә.Сәрсенби, ф.-м.ғ.д., профессор – Н.Қ.Аширбаев, ф.-м.ғ.д., профессор – Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., профессор – Б.Т.Қалымбетов, м.ғ.д., профессор – С.А.Қалқабаева, г.ғ.д., профессор – Б.Тасболат, х.ғ.д., доцент – А.Б.Өтелбаева сияқты ғалымдар еңбек етуде.

Жоғары мектептің ғылым докторлары мен профессорлары, Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, Ә.Сәрсенби, А.Саипов, И.Оразов, А.П.Ауешов ғылым кандидаттары мен доценттері К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова, Н.Сайдуллаева, Л.Айкөзова, П.Дүйсебаева, Ж.Аширбаева «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары атанды.

Қазіргі таңда Жоғары мектепте «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология және география» кафедраларында 16 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, 12 білім беру бағдарламасы бойынша магистр, 3 білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантура мамандары даярланады.

Барлық білім беру бағдарламалары халықаралық тәуелсіз агенттіктен аккедитациядан өткен. Кесте 1 - Бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім беру бағдарламаларының тізбесі:

№

Дайындық бағыты

БББ

Кафедра атауы

Кафедра меңгерушісі

1

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6В01510-Математика

Математика

п.ғ.к., доцент Байдыбекова Айдын Өрісбайқызы

2

7M015, 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

7М01510- Математика

3

8D01510- Математика

4

6B054, 7M054, 8D054 Математика және статистика

6В05410-Математика

5

7М05410- Математика

6

8D05410- Математика

7

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6В01520-Физика

Физика

П.ғ.к.,

Турсынбаев Абай Закирович

8

6В01521- Математика-Физика

9

6В01522-Физика-Информатика

10

7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

7М01520- Физика

11

7М01522-Физика және информатика STEM негіздемесімен

12

6B053, 7M053 Физикалық

6В05310-Физика

13

және химиялық ғылымдар

7М05310- Физика

14

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6В01530-Информатика

Информатика

П.ғ.к., Жайдақбаева Лаззат Куандыковна

15

6В01531-Математика –Информатика

16

7M015, 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

7М01530- Информатика

17

7М01535-STEM білім беру

18

8D01503-Информатика

19

6B061, 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6В06110- Информатика

20

6В06111-Компьютерлік ғылымдар және программалық инженерия

21

7М01530- Информатика

22

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6В01541-Химия-Биология

Химия

Т.ғ.к., доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекович

23

6В01540-Химия

24

7M015, 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

7М01541-Химия

25

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6В01550-Биология

«Биология және География»

Б.ғ.к., доцент Исаев Ержан Болысбекович

26

6В01560-География

27

7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

7М01560- География

28

6В051, 7M051 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар

6В05110-Биология

29

7М05110- Биология

30

6B052, 7M052 - Қоршаған орта

6В05220- География

31

7М05220- География

Студенттік өмір

Студенттік өмір.
"Студент" сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы, ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Студенттік кезең- жоғары оқу орнына түскен әрбір талапкердің өмірбаянындағы ұмытылмас шақтары. Жастық шақ таусылмас күш қайратқа толы, өмірге деген құштарлық, ғылым мен әлемді танудың ең шарықтау кезеңдерінің бірі.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебіндегі студенттік өмір кәсіби тұрғыдан даму, қоғамдық қызметте, шығармашылық пен спортта өзін таныту, тұлғалық қасиеттерді арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді беретін қызықты, жарқын, әрі оқиғаға толы өмірді қамтиды!

Сіз Университеттік деңгейдегі іс-шараларға ғана қатысып қоймай, қалалық, республикалық және халықаралық масштабтағы көптеген ғылыми жоба мен олимпиадаларға қатысуға да мүмкіндігіңіз бар! Бұл өзіндік өмірлік жолыңызды таңдау үшін айтарлықтай шексіз мүмкіндіктер.

Қазіргі күнде Жоғары мектепте 17 білім беру бағдарламалары бойынша 1229 студент және 115 шетелдік студент жалпы 1344 студент білім алуда. Студенттерді ғылымға және шығармашылық жұмыстарға тарту мақсатында Жоғары мектепте 12 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Жоғары мектеп студенттері жыл сайын ҚР Жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін пәндік олимпиадалардан, ғылыми жобалардан жүлделі орындарға ие болады.

Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.

Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді.

Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Ақылы негізде оқитын әлеуметтік жағдайы төмен және т.б. топтарға жататын студенттерге төлем ақысына 10%-дан 100%-ға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.

Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, соңғы үлгіде салынған 5 қабатты заманауи жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды. Жоғары мектеп студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.

Студенттер олимпиадада

Студенттер ғылыми жобадаСтуденттер ғылыми практикалық конференцияда

Студенттік жатақхана

Студенттер арасындағы спорттық жарыстарСтуденттік іс-шаралар

Біздің жетістіктер

Біздің жетістіктеріміз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 6B05103 – Биотехнология/6B05102 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХVII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Биотехнология және биология мамандығы бойынша жалпы олимпиадаға 11 университеттен 23 команда қатысты.

Осы олимпиадаға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жаратылыстану ғылымдары және педагогика жоғары мектебі, Биология және география кафедрасынан 6B05110 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша бір команда («Биология жұлдыздары») қатысып, командалық есепте Төленді Жанель Ерланқызы, Мухамеджанова Мерей Тұрсынқожақызы, Қалдыбек Шолпан Болатқызы 2 орынға ие болды.

Ал жеке жұмыс бойынша Мухамеджанова Мерей Тұрсынқожақызы 1 орынға ие болды.



М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шымкент қаласы бойынша жетекшісі: доцент Алшынбаев Орынбасар Ақпанұлы.

Білім беру бағдарламалары

Факультет бағыттары бойынша докторантура бағдарламалары нақтылануда. Ақпарат деканатпен келісілгеннен кейін жарияланады.

Профессорлар

Абдраимов Рахымжан ТурысбекұлыАбдраимов Рахымжан ТурысбекұлыКафедра меңгерушісі «Физика»
Жайдақбаева ЛәззатҚуандыққызыЖайдақбаева ЛәззатҚуандыққызыКафедра меңгерушісі «Информатика»

Ғылым

Мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша орындалатын ҒЗЖ тақырыбы (университеттің тақырыптық жоспары)
ГБ бекіткен тақырыптардың алғашқы кезеңдері 2021-2025 жж. аяқталды.
1.

Мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ҒЗЖ-тың тақырыбы -2;
МБ ҒЗЖ-21 -11- 01 «Орта мектептерде физиканы оқыту әдістемесін және болашақ физика мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын жетілдіру»

Ғылыми жетекшісі: Саидахметов П.А.
Орындаушылар: Қабылбаеков К.А., Ортаева К.А, Абдуалиева М.А., Аблязимова Н.М., Турсынбаев А.З., Абдраимов Р.Т. Нұрашев Х.Е., Турарбекова А,
МБ ҒЗЖ-21 -12- 01 «Металл және металл қортпаларындағы фазалық ауысулардың физика-механикалық қасиеттері»

Ғылыми жетекшісі:Спабекова Р.С.
Орындаушылар: Сайдуллаева Н.С., Оралбаев А.Б., Муталі Қ. Асанбек Б., Байман Г.
1.

ГБ НИР 21-10-01 – “Болашақ математика мұғалімдерінің теориялық-әдістемелік даярлығын жетілдіру”.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к, доцент Мадияров Н.К.
Орындаушылар: п.ғ.к, доцент Бекмолдаева Р.Б., п.ғ.к., аға оқытушы Жайдақбаева Л. аға оқытушылар Дүйсебаева П.С. Полатбек А.М., Маденова А.А., PhD докторанттары Абдуалиева М., Төребек Е., Тотикова Г.
Аннотация
Есеп беру аралығында тақырып бойынша:
-Жаңадан қабылданған бастауыш мектеп бағдарламасына талдау жасау негізінде ондағы кемшіліктер көрсетілген;
- мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін жетілдіру мәселесі қарастырылып, мұғалімдердің жеткілікті оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі керектігі айтылған;
- Мектепте «алғашқы функция» және «интегралдар» тақырыптарын оқытудың әдістемелік мәселелері қарастырылған;
- бастауыш білім берудегі ең негізгі пәндердің бірі математика бағдарламасындағы кемшіліктер жан – жақты зерттеліп көрсетілген;
- математика мұғалімін дайындаудың өзекті мәселелері зерттелінген;

ГБ НИР 21-09-01 Тұтассыз қатты денелердегі стационар емес кернеулік толқындардың таралуы.
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., проф. Аширбаев Н.К.
Орындаушылар: ф.-м.ғ.к., доцент Қаратаев Ж.,ф.-м.ғ.к., ф.-м.ғ.к., доцент Кулекеев К.Д., Абжаппаров А.к.ф.-м.н., доцент Сұлтанбек Т.С., аға оқытушы Алтынбеков Ш., Дүйсебаева П.С. оқытушы магистр Сабырханова П.Ш., Ерданқұлов А.Ж., Иманбетова А.Б.

Аннотация
Жұмыста сызықты жағдайда тұжырымдалған ішкі централді емес тіктөртбұрышты тесігі бар тіктөртбұрышты денедегі стационар емес кернеулік толқындардың таралу есебі қарастырылған.

Толқындық процесс тіктөртбұрышты дененің беттік шекаралық нүктелерінде сырттай динамикалық күштің берілуінен пайда болады, ал дененің бүйір қабырғаларында кернеулік нөлге тең. Тіктөртбұрышты дененің төменгі шекаралық нүктелері қатаң бекітілген, ал централді емес тіктөртбұрышты тесіктің контурында кернеулік нөлге тең.

Жұмыста жалпыланған сандық әдістің көмегімен динамикалық есептер үшін ізделінді функцияларының бірінші және екінші ретті туындылары үзілісті болатын тіктөртбұрышты тесіктің бұрыштық нүктелерінде ізделінді функцияларды табуға арналған есептеу қатынастары алынды.

Централді емес тіктөртбұрышты тесігі бар тіктөртбұрышты денедегі динамикалық толқындардың концентрациясы зерттелген.
ГБ бекіткен тақырыптардың алғашқы кезеңдері 2021-2025 жж.
Мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ҒЗЖ-тың тақырыбы -2;
Кафедрада 2 бағытта мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:
1.

МБ ҒЗЖ-21-15-01 Қашықтықтан (online) білім беруді цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізудің өзекті мәселелері. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Кемельбекова
МБ ҒЗЖ-21-15-02 Информатика және Робототехниканы оқытуда Stem білім беру технологиясын жетілдіру.

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Л.Қ.Жайдақбаева
2021-2025 жылдарға бекітілген тақырыптардың үшінші кезеңі аяқталды.

МБТ БОЙЫНША ОРЫНДАЛАТЫН ҒЗЖ ТАҚЫРЫБЫ – 1:
МБ ҒЗЖ-21-18-02. «Болашақ химия және химия-биология мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын жетілдіру».

Жетекшісі: х.ғ.к., доцент Мусаева С.А.
ГБ бекіткен тақырыптардың алғашқы кезеңдері 2021-2025 жж. аяқталды.
7.Түркістан облысының биоалуантүрлілігін сақтау, қорғау және тиімді пайдалану мәселелері, Жетекшісі: б.ғ.к., профессор Исаева Е.Б.
Түркістан облысының жаһандану кезеңінде жаратылыстану ғылымының іргелі және қолданбалы мәселелерін шешу жолдарын географиялық тұрғыдан зерттеу Жетекшісі: г.ғ.д., доцент Тасболат Б.

Биология және география ма мандықтары бойынша педагогтарды даярлаудың өзекті мәселелері
Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы Кенжебай Р.Н., п.ғ.к. Аңламасова Г.А.
Гранттар бойынша орындалатын ҒЗЖ тақырыбы (ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру)
2021 жылы ЖҒжәнеП ЖМ ҚР БҒМ қаржыландырған өзекті бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталды:
1.Министрліктер мен даму институттары қаржыландыратын іргелі, қолданбалы және тәуекелді зерттеулердің тақырыбы:
ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан қаржыландырылатын шифры АР13068539 келісім шарты №65-КМУЗ, жалпы соммасы: 51 263 462 тенге, жылдар: 2023-2025
Тақырыбы: «Разрешимость задач для дифференциального уравнения параболического и гиперболического вида четвертого порядка с инволюцией»
ғылыми жетекші- PhD доктор Сәрсенбі А.А
орындаушылар: - PhD доктор Мүсірепова Э.Б - докторант Бейсебаева А.Ж

ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан қаржыландырылатын шифры AP19674587
келісім шарты №224/23-25-8 , жалпы соммасы: 96 008 764,6 тенге тенге, жылдар: 2023-2026
Тақырыбы: «Cyщecтвовaниe peшeний кpaeвыx зaдaч для диффepeнциaльныx ypaвнeний втоpого поpядкa c инволюциeй»
ғылыми жетекші- PhD доктор Сәрсенбі А.А
орындаушылар: - PhD доктор Мүсірепова Э.Б - докторант Бейсебаева А.Ж
Министрлік пен даму институтының қаржыландырумен жүргізілетін іргелі, қолданбалы және тәуекелді зерттеулер тақырыптары бойынша орындалып жатқан ҒЗЖ-ның жұмысы: Рациональное использование водных ресурсов, животных и растительного мира, экология на 2022-2024гг.
177\30-12-24 «АР14869410 «ТЕХНОЛОГИЯ ПОЛУЧЕНИЯ ОРГАНИЧЕСКИХ УДОБРЕНИЙ НА ОСНОВЕ УТИЛИЗАЦИИ ФОСФОРСОДЕРЖАЩИХ И УГЛЕСОДЕРЖАЩИХ ОТХОДОВ ДЛЯ ПОВЫШЕНИЯ УРОЖАЙНОСТИ ОВОЩНЫХ КУЛЬТУР ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ»
Жалпы суммасы 2022-2024 г.г.: 60 000 000 теңге.
Жетекші к.б.н., доцент Исаев Е.Б..
Студенттердің креативтілігін коуч технологиясы арқылы дамытудың ғылыми–әдістемелік негізі” қаржыландырылатын ғылыми жоба.

3 жылға 2023-2024-жж. Жалпы суммасы 46 млн. Теңге
Жетекші п.ғ.д., профессор Жолдасбеков А.А.

Халықаралық байланыс

1996 жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарын оңтайландыру реформасына орай, Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет институты және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент институтының педагогикалық мамандықтарының біріктірілуі нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылды.

Барлық білім беру бағдарламалары халықаралық тәуелсіз агенттіктен аккедитациядан өткен. Кесте 1 - Бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім беру бағдарламаларының тізбесі:

Сіз Университеттік деңгейдегі іс-шараларға ғана қатысып қоймай, қалалық, республикалық және халықаралық масштабтағы көптеген ғылыми жоба мен олимпиадаларға қатысуға да мүмкіндігіңіз бар! Бұл өзіндік өмірлік жолыңызды таңдау үшін айтарлықтай шексіз мүмкіндіктер.

Студенттік өмір

Бөлім материалдарын факультет дайындайды.

Университеттің студенттік өмірі Студенттік ғылым

Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

“Путра Малазия” университетінің профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN-идің академиялық сапары

“ Путра Малазия” университетінің профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN-идің академиялық сапары М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің, «Жаратылыстану ғ

AI WEEK 2026: ЖИ — бұл жай ғана технология емес, бұл оқудың, зерттеудің және жаңаны жасаудың жаңа тәсілі

AI WEEK 2026: ЖИ — бұл жай ғана технология емес , бұл оқудың , зерттеудің және жаңаны жасаудың жаңа тәсілі Жасанды интеллектіні білім беру м

EP

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасы 8D01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасы б

EP

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасы 8D01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасы б

EP

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасы 8D01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасы б

EP

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасы 8D01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасы б

Байланыс

Мадияров Нурлыбай Кокешович

Декан, к.п.н., доцент

  • ул. Байтурсынова б/н, 214 каб.
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Декан орынбасарлары

—

  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде
  • деканаттан күтілуде

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрағыңыз бар ма?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарламаны таңдауға көмектеседі.