3КАФЕДРА · Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі

Химия

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0құжат
0Кафедра материалдары

Кафедра меңгерушісі

Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: Шымкент қ., 160012,
Байтұрсынов к-сі, н/з,
М. Әуезов атындағы ОҚУ 225 каб.
Телефон: 21-34-22

Химия

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Химия

Құжаттар мен бағдарламалар

XLSҚамтамасыз етілу картасы 6В01540-ХимияPDFКамтамасыз етілу картасы 6В01503 - Химия (IP)XLSКамтамасыз етілу картасы 6В01541 Химия-биологияXLSҚамтамасыз етілу картасы 7М01541-ХимияDOCБІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 6В01540 ХимияPDFБІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 6В01503 Химия(IP)DOCБІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 6В01541 Химия-БиологияDOCБІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 7М01541-ХИМИЯFILEБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.FILEБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.FILEБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.FILEБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.FILEБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.FILEБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Химия

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Білім беру бағдарламасы
Камтамасыз етілу картасы
Жалпы мәліметтер

«ХИМИЯ» КАФЕДРАСЫ

1943 жылы Шымкент қаласында Құрылыс материалдарының технологиялық институты құрылған уақыттан бастап химиялық пәндер бойынша жалпы білім беру саласында студенттерді дайындау ісімен жалпы және бейорганикалық, органикалық, аналитикалық және физикалық химия бойынша «Химия» кафедрасының мамандары айналысады.

Осы кафедра базасында: «Жалпы және бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия», «Органикалық химия», және «Физикалық және коллоидтық химия» кафедралары жасақталды.

Кафедраны құрылған уақыттан бері келесі оқытушы ғалымдар басқарды:

х.ғ.к., доцент А.К. Қасымов (1958-1968 жж.),

х.ғ.к., доцент В.Ф. Мясникова (1969-1974 жж.),

б.ғ.к, доцент Р.Н. Ерғазиева (1975-1980 жж.),

х.ғ.к., доцент Р.И. Стамқұлов (1980-1989 жж.),

х.ғ.к., доцент А.А. Старченко (1989-1994 жж.),

х.ғ.д., профессор С.П. Назарбекова (1994-2008 жж.),

т.ғ.д., профессор К.К Сырманова, (2004-2008 жж.),

т.ғ.к., доцент м.а. Қ.М. Бекжанова (2008-2010 жж.).

2010 жылдан қазіргі кезге дейін кафедраны т.ғ.к., доцент М.Н. Ермаханов басқарып келеді.

Кафедрада Н.А. Зиброва, П.В. Потемкин, З.В. Мочинина, Н.Б. Бижанова, Б.А. Янковсий, Ж.К. Қонысбаев, М.Ж. Бейсебаев, С.О. Оңғарбаев, К.С. Мадиханова, М.Ж. Дүйсенбиев, А.А. Старченко, А.П.Ауешов, Л.Д.Айкөзова (ҚР ЖОО үздік оқытушысы) секілді доценттер мен аға оқытушылар студенттерге білім беріп, ғылыми жұмыстар жүргізді.

Кафедра 3 саты деңгейінде білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:

  • 6В01540-Химия,
  • 6В01503-Химия (IP),
  • 6В01541-Химия-биология БББ бойынша білім бакалавры
  • 7М01541-«Химия» БББ бойынша педагогикалық ғылымдар магистрлерін даярлайды. Білім беру бағдарламалары бойынша Өзбекстан, Түркіменстаннан келген шетел студенттері білім алуда.

Қазіргі кезде «Химия» кафедрасында тәжірибелі профессорлар, доценттер және аға оқытушылар: х.ғ.к., профессор Г.М. Адырбекова, х.ғ.д., профессор А.Б. Утелбаева, т.ғ.к., доцент М.Н. Ермаханов, х.ғ.к., доцент Л.Ә. Жұрқабаева, х.ғ.к., доцент Б.А. Урмашев, т.ғ.к., аға оқытушы Қ.М.Бекжанова, х.ғ.к., доцент С.А.Мусаева, т.ғ.к., доцент Е.Т. Жатқанбаев, магистр, аға оқытушылар У.О.Сабденова, М.М.Абдибаева, магистр, оқытушылар М.А.Әлібекова, М.Ф.Мамырова және Ж.Н.Ибадулла сияқты тәжірибелі профессорлар, доценттер және оқытушылар еңбек етеді.

Кафедраның ғылыми потенциалы - 64,28% құрайды.

Химия кафедрасының ұжымы

Кафедраның төмендегі профессор-оқытушылары ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлері атанды: т.ғ.к., доцент доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы (2013 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы), х.ғ.к., доцент Адырбекова Гүлмира Меңлібайқызы (2015 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы), х.ғ.д., профессор Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы 2014-2015 оқу жылындағы ҚР жас ғалымдары стипендианты және (2023 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы).

Университет деңгейінде аға оқытушы, магистр Сабденова Улбосын Отегеновна М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік оқытушысы номинациясының жеңімпазы (2015) және х.ғ.д., профессор Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы «Жылдың үздік доценті» номинациясының жеңімпазы (2023) атанған.

ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 08 ақпандағы №195 бұйрығымен «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы Утелбаева Акмарал Болысбековнаға 10300 – Химиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және 2024 жылғы 04 шілдедегі №579/1 бұйрығымен 20100 – Азаматтық инженерия ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілген.

ҚР-ның Ғылым және жоғары министрлігінің алғыс хатымен (2022ж) х.ғ.д., профессор Утелбаева А.Б. т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н. құрмет грамотасымен (2024ж) марапатталған.

Университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай профессорлық-оқытушылық құрамы Г.М. Адырбекова, А.Б. Утелбаева, Ермаханов, Л.Ә. Жұрхабаева, Б.А. Урмашев, Қ.М.Бекжанова, С.А.Мусаева, Е.Т. Жатқанбаев У.О.Сабденова, Н.С.Бекбердиев Мұхтар Әуезов төсбелгісімен (2023ж) марапатталған.

Кафедра Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ.), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті (Түркістан қ.), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, (Алматы қ.) И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Тольятти мемлекеттік университеті, Омск мемлекеттік педагогикалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті (Москва қ.), секілді жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттары және білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебінің «Химия» кафедрасы «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы» атағына ие болды.

2017 жылғы ҚР ЖОО тәуелсіз рейтингі бойынша 5В011200-Химия мамандығы 2-орын, 6М011200-Химия мамандығы 3-орын иеленді.

НААР бойынша 5В011200-Химия және 5В060600-Химия мамандықтары 2017 жылы 3-орын иеленді.

6В01540-Химия, 6В01541-Химия-биология БББ бойынша білім бакалавры, 7М01541-«Химия» білім беру бағдарламалары (IQAA) халықаралық аккредиттеуден өткен (2024-2029ж.ж).

Кафедрада 1 бағытта мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:

2021-2025 жылдарға бекітілген МБ ҒЗЖ-21-18-02. «Болашақ химия және химия-биология мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын жетілдіру». Жетекшісі: х.ғ.к., доцент Мусаева С.А.

Кафедра қаржыландыратын ғылыми жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде: «Қазақстанның ыстық климаты жағдайында ғимараттардың қабырға қоршауларының ауа қабаттарындағы жылу-физикалық процестерге күн радиациясының әсер етуінің ғылыми негіздерін әзірлеу» 2024-2026ж.ж.

Орындаушы: Утелбаева Акмарал Болысбековна х.ғ.д., профессор

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми зерттеу нәтижелерінің жоғары рейтингілі басылым (скопус), ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған, алыс және жақын шетелдердегі халықаралық конференцияларда, халықаралық конференциялар (ҚР), ҚР Республикалық ҒӨК мен ҚР Республикалық аймақтық конференциялар еңбектерінде, оқулық, оқу құралдары, авторлық куәліктер алынып, патенттер жариялануда.

Кафедраның басты мақсаты – еңбек нарығының талаптарына және жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес қазіргі заманғы химия саласының мамандарын даярлау болып табылады. Бұл студенттерді химия, химия-биология пәндерін оқытуда жоғары кәсіби деңгейге жеткізуге, сондай-ақ педагогикалық қызметтің әртүрлі аспектілерінде тиімді жұмыс істеуге дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің жетістіктеріміз

ЕП 23-16а тобының студенті Шәмші Айдана 2026 жылғы 27–28 сәуірде Қызылорда қаласында ұйымдастырылған IV Халықаралық жаратылыстану пәндері олимпиадасының «Химия» бағыты бойынша III орын иегері атанды.

2024 жылдағы «Химия» кафедрасындағы профессор – оқытушылар құрамының жеткен жетістіктері 1.ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Түркістан қаласында «Қазақтілі – ғылым тілі: дәстүржәне инновация» симпозиумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен салтанатты іс-шарада сөзалған ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғалымдар, үздік оқытушылар және қонақтарды 1 наурыз – Алғысайту күні мен құттықтады.

Іс-шарада «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» және «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» бағыттары бойынша 50 ғалым үздік деп танылып, 2000 АЕК көлемінде сыйақыға ие болды.

«Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» байқауының жеңімпаздары қатарында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымы, «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі, «Химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының докторы Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы бар.

Еліміздің ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосқан Утелбаева Ақмарал Болысбекқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

2.Кафедра доценті, техника ғылымдарының кандидаты Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

3.Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 08 ақпандағы №195 бұйрығымен «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы

Утелбаева Акмарал Болысбековнаға 10300 – Химиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
4.«ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ»
ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні.

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да кәсіби мереке аясында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастырумен «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті.

Форумға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева қатысып, ғылым саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Форумға еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген және жетістіктерге қол жеткізген ғалымдар қатысты.

Мәліметтерге сүйенсек, әлемдік ғылыми қауымдастықта әйел-ғалымдардың үлессалмағы 30 пайызға жеткен. Ал біздің елімізде, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйел ғалымдардың үлесі 54 пайызды құрайды, бұл 10 мыңнан астам адам. Ал олардың ғылымдағы саны жыл сайын өсіп келеді.

Мәселен, 2018 жылы әйел ғылым докторлары саны 595 болса, 2023 жылы ғылым докторы атағын иемденгендер саны 714-ке көбейген. Форумда ғылымдағы әйелдердің бүгінгі жай-күйі мен жетістіктері айтылып, шешімін күткен мәселелерді талқыланды.

Форум барысында «AMANAT» партиясы атынан ғылымдағы, қоғамдық қызметтегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы Алғыс хатпен марапатталды.

Т.ғ.к., доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекович Навои педагогика институтында студенттерге дәріс оқыды. Аға оқытушы, магистр У.О.Сабденова Бірінші дәрежелі диплом және «Жылдың үздік ғалымы-2024»

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ғылыми оқу орындары арасында «1-ші Халықаралық кітап басылымы» жобасы аясында Бірінші дәрежелі диплом және «Жылдың үздік ғалымы-2024» атағымен марапатталды!

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Химия» кафедрасында 2021-2025 жылдарына келесі мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ бекітілген: МБ ҒЗЖ-21-18-02.

«Болашақ химия және химия-биология мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын жетілдіру». 1 саты. Болашақ химия және химия-биология мұғалімдерін әдістемелік дайындау бағыты бойынша жұмыстар. 2 саты. Жоғары оқу орнында химия және биология сабақтарын өту кезінде болашақ химия және химия-биология мұғалімдерін дайындау мүмкіндіктерін қарастыру. 3 саты. Химия және биология сабақтарында болашақ химия және химия-биология мұғалімдерін дайындау бойынша әдістемелік тәсілдерді зерттеу және меңгеру. 4 саты. Болашақ химия және химия-биология мұғалімдерін дайындау бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларынын жасау және оларды жоғары оқу орнындағы оқу үрдісіне енгізу. 5 саты. Болашақ химия және химия-биология мұғалімдерін дайындау оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын педагогикалық практикада орта мектепте оларды химия және биология сабақтарында қолдану арқылы сынау.

Оқытушыларға дәйексөз беру көрсеткіштері

№

Ф.И.О.

Индекс Хирша

Должность

1

Ермаханов Мырзабек Нысанбекович

Цитирование -86; h-4

Зав.кафедрой

2

Адырбекова Гулмира Менлибаевна

Цитирование -12

профессор

3

Жұрқабаева Лира Ашимовна

доцент

4

Утелбаева Акмарал Болысбековна

Цитирование -441; h-16

профессор

5

Урмашев Багдаулет Аман таевич

Цитирование -4; h-1

доцент

6

Касымова Махабат Куандыковна

Цитирование -20

профессор

7

Мусаева Сауле Ажихановна

Цитирование -58;

доцент

8

Жатканбаев Ергазы Тлеубаевич

Цитирование -24; h-2

доцент

9

Бекжанова Карлыгаш Мамеджановна

-

Ст.преподаватель

10

Сабденова Улбосын Отегеновна

-

Ст.преподаватель

11

Мамырова Балнур Файзулаевна

-

преподаватель

12

Хасанходжаева Биби мариям Шералиевна

-

преподаватель

Оқытушыларға арналған басылымдар

№

Ф.И.О.

1, 2, 3 квартильподанным JCR (ЖСР) в Web of Science Core Collection

С процентилем более 35 в базе данных Scopus

С процентилем более 25 и менее 35 в базе данных Scopus

Научные статьи за последние пять лет в изданиях, включенных в Перечень научных изданий КОКСОН МНиВО РК для публикации основных результатов научной деятельности

1

Ермаханов Мырзабек Нысанбекович

5

-

5

2

Адырбекова Гулмира Менлибаевна

1

2

3

Жұрқабаева Лира Ашимовна

-

1

-

-

4

Утелбаева Акмарал Болысбековна

27

10

5

Урмашев Багдаулет Амантаевич

-

3

-

-

6

Касымова Махабат Куандыковна

7

12

7

Мусаева Сауле Ажихановна

2

2

8

Жатканбаев Ергазы Тлеубаевич

-

2

-

1

9

Бекжанова Карлыгаш Мамеджановна

-

1

-

-

10

Сабденова Улбосын Отегеновна

-

1

-

5

11

Мамырова Балнур Файзулаевна

-

-

-

-

12

Хасанходжаева Биби мариям Шералиевна

-

7

Іс-тәжірибе базалары

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

Біздің студенттер қаладағы озық мектептер мен ондағы тәжірибелі мұғалімдерден іс-тәжірибеден өтеді. Студенттер пән мұғалімдерінің келісімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің күнтізбелік жоспарымен, мектеп кітапханасындағы оқулықтар қорымен танысады.

Студент-практиканттар тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына да қатысып, нәтижесін талқылап, арнайы талдау дәптерлерінде көрсетіп отырды.

Іс-тәжірибе барысында әдіскер-оқытушылар мен мектептің тәжірибелі мұғалімдері тарапынан күнделікті жазылатын сабақ жоспарлары, дайындалған көрнекі құралдары, интерактивті тақтаны пайдалану деңгейі, сабақ барысы, жетістігі мен кемшіліктері жайлы жан-жақты талқылау өткізіліп, кеңестер берілді.

Практика базалары:
Шымкент қ., А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясы, Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебі, Д.И.Менделеев ат. №15 мектеп-лицейі, «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты, Т.Тәжібаев ат.№47 мектеп-гимназиясы, №7 Қ.Спатаев ат. Техникалық мектеп-лицейі.

«Химия» кафедрасының өндірістік, өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибе базаларының тізімі

6В01503--Химия БББ (IP) (педагогикалық химия)

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

Біздің студенттер қаладағы озық мектептер мен ондағы тәжірибелі мұғалімдерден іс-тәжірибеден өтеді. Студенттер пән мұғалімдерінің келісімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің күнтізбелік жоспарымен, мектеп кітапханасындағы оқулықтар қорымен танысады.

Студент-практиканттар тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына да қатысып, нәтижесін талқылап, арнайы талдау дәптерлерінде көрсетіп отырды.

Іс-тәжірибе барысында әдіскер-оқытушылар мен мектептің тәжірибелі мұғалімдері тарапынан күнделікті жазылатын сабақ жоспарлары, дайындалған көрнекі құралдары, интерактивті тақтаны пайдалану деңгейі, сабақ барысы, жетістігі мен кемшіліктері жайлы жан-жақты талқылау өткізіліп, кеңестер берілді.

Практика базалары:

№

Мекеменің атауы

Мекеме басшысы

Байланыс сымтетігі

Мекемедегі іс-тәжірибе өтудегі жауапты тұлғаның аты-жөні

Жылына қанша студент жіберілді

Ескерту

1

Шымкент қ., Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы

Саржанова К.Б.

33-73-97

33-75-94

15

2

Шымкент қ., №7 Қ .Спатаев атындағы техникалық мектеп-лицейі

Алмаханқызы Р.

46-70-55

46-70-56

10

3

ОҚО үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернаты

Альжанова А.С.

32-35-86

32-35-88

10

4

Шымкент қ., Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицей

Саржанова Ж.Е.

56-32-13

10

5

Шымкент қ., Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Касимов Балкан Маратович

42-51-70

42-50-96

2

6

М. Әуезов атындағы ОҚМУ, «Конструкциялық және биохимиялық материалдар»

Анарбаев А.А.

21-19-89

30-08-36

7

М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Т.Сүлейменов атындағы «САПА» физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасы сынақ орталығы

Әуешов А.П.

Тәрбие жұмыстары

Республика күні құтты болсын!

«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі «Химия» кафедрасының ЕП-24-16к тобының студенттері «25 қазан Республика күніне арналған «Отаны бірдің –жүрегі бір, жүрегі бірдің – тілегі бір» атты мерекелік ашық тәрбие сағатын өткізді.


Экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында 2024 жылдың 16 қараша күні «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінің «Химия» кафедрасының оқытушылары сенбілікке шықты.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығының ұйымдастыруымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты акциясына, «Химия» кафедрасының аға тәлімгері мен студенттері қатысты.


Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.