
1КАФЕДРА · Жаратылыстану-ғылыми-педагогикалық жоғары мектебі
Математика
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Кафедра меңгерушісі
Алтынбеков Шадияр Еркинович
Phd, аға оқытушы
Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
А.Байтұрсынов көшесі н/з үй,
М.Әуезов атындағы ОҚУ №
7 оқу ғимараты, 320 бөлме
Телефоны: 21-17-15
Математика
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Аширбаев Нургали Кудиярович
физика-математика ғылымдарының докторы, профессорПрофиль →
Сәрсенбі Әбдіжаһан Манапұлы
доктор физико-математических наук, профессорПрофиль →
Қаратаев Жақсыберді
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Мадияров Нурлыбай Кокешович
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Султанбек Турлыбек Сынабайулы
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Байдибекова Айдин Орисбаевна
п.ғ.к., доцентПрофиль →
Абжапбаров Азимхан
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Құдайбергенов Сабит Сарыпбекович
физика-математика ғылымдарының кандидатыПрофиль →
Бекмолдаева Раина Баикеновна
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Мүсірепова Эльмира Беркінбайқызы
PhD, аға оқытушыПрофиль →
Төребек Ерлан Жандарбекұлы
PhD, аға оқытушыПрофиль →
Урматова Айжан Нигматуллаевна
PhD, аға оқытушыПрофиль →
Дүйсебаева Перуза Сейтхановна
аға оқытушы, магистрПрофиль →
Сабырханова Перизат Шалхарбайқызы
аға оқытушы, магистрПрофиль →
Сапарбаева Эльмира Мамбеталиевна
PhD, аға оқытушыПрофиль →
Алибекова Жазира Даулетхановна
PhD, аға оқытушыПрофиль →
Тұрсынқұлова Эльмира Абдуллаевна
PhD, аға оқытушыПрофиль →
Иманбетова Асельхан Бoстандыковна
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Бейсебаева Ақбөпе Жапбаровна
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Бақберген Аружан Жұмаділқызы
магистр, оқытушыПрофиль →
Мырзабеков Телжан Мырзабекұлы
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Ерданкулов Аян
магистр, оқытушыПрофиль →
Абдуллаев Турганбек Эржонович
магистр, оқытушыПрофиль →Математика
Құжаттар мен бағдарламалар
Математика
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы 6В05410-Математика
Білім беру бағдарламасы 6В01506-Математика(IP)
Білім беру бағдарламасы 6В01510-Математика Білім беру бағдарламасы 7М05410-Математика
Білім беру бағдарламасы 7М01510-Математика Білім беру бағдарламасы 8D05410-Математика
Білім беру бағдарламасы 8D01510-Математика
Элективті пәндер каталогы
Жалпы мәліметтер
«Математика» кафедрасы Қазақ химия- технологиялық институтының құрамында 1957 жылы құрылған.
Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды: Кузнецов М.С.(1957-1960 жж.), Цай И.П. (1960-1963 жж.), Камардинов О.К. (1963-1970 жж.), Жұмабеков Л.Ж. (1970-1975 жж.), Байтелиев Т.Б. (1975-1986 жж.), Жұмабеков Л.Ж. (1986-1996 жж.), Ойнаров Р. (1996-2000 жж.), Рахымбек Д. (2000-2003 жж.), Аширбаев Н.К. (2003-2023 жж.), Байдибекова А.О. (2023-2024 жж.).
2024 жылдан бастап кафедра меңгерушісі лауазымын философия докторы PhD, Алтынбеков Шадияр Еркинович атқарып келеді.
Әр жылдары кафедрада Жұмабеков Л.Ж., Байтелиев Т.Б.,Көпеш Б., Ойнаров Р. , Рахымбек Д., Тасқараев Ә., Датқаев Ә.М., Шалданбаев Ә., Юнусов А. А. және тағы басқа да танымал ғалым-әдіскерлер жұмыс істеді.
Олардың еңбектері осы күнге дейін, атап айтсақ Б.Көпештің «Жоғары математика курсының негіздері (2005ж.)», «Жоғары математика курсының есептер жинағы (2004ж.)», Д.Рахымбектің «Оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру (1998ж.)», «Математиканы оқыту әдістемесі (2006ж.)», А.Тасқараевтың «Дифференциалдық геометрия және топология (2011ж.)», «Обобщенные решения задачи Дирихле для уравнения Монжа-Ампера (2010ж.)», А Юнусовтың «Элементы теории функции комплексного переменного (2009ж.)», «Конспект лекции по математическому анализу (2011ж.)», Ә. Шалданбаевтың «Шекаралық есептерді шешудің операторлық әдістері (2018ж.)», «Штурм-Лиувилдің операторы (2018ж.)» атты оқу құралдары республиканың мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде пайдаланылуда.
Кафедрада 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 РһD, 6 аға оқытушы, 1 магистр-оқытушылар жұмыс істейді.
Кафедра 6В01510 - «Математика», 6В05410 - «Математика және статистика» бакалавриат білім беру бағдарламалары, 7М01510 - «Математика», 7М05410 - «Математика және статистика» магистратура білім беру бағдарламалары, сондай - ақ, 8D01510 - «Математика», 8D05410 - «Математика және статистика» докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 24 наурыздағы №42-ЖООК бұйрығына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан 6D010900 (8D01510) – Математика мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылды.
Осы диссертациялық Кеңесте 6D010900 (8D01510) – Математика білім беру бағдарламасын бітірген докторанттар Абдуалиева М. А. (2019ж.), Төребек Е.Ж. (2020ж.), ТотиковаГ.А. (2021ж.) сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Кафедра түлегі Сәрсенбі Ә. Ә. 6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, 2019 жылы философия докторы (PhD), Мүсірепова Э.Б. 8D054100 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны бітіріп, 2023 жылы философия докторы (PhD), Алтынбеков Ш.Е. 8D01501 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны бітіріп, 2024 жылы философия докторы (PhD), ғылыми дәрежесін алды.
ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №563 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Э.А.Турсынкуловаға, 2025 жылғы 18 сәуірдегі №562 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Н.С.Утеулиевке, 2025 жылғы 18 сәуірдегі №564 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Ю.И.Поповаға философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Кафедрада бакалаврлар, магистранттар және докторанттардың педагогикалық, өндірістік іс-тәжірибелерін кафедраның тәжірибелі педагогтары мен әдіскерлері өткізеді.
Кафедра жұмысының негізгі бағыты: болашақ педагогикалық кадрларды теориялық, ғылыми-әдістемелік даярлау; білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.Кафедра оқытушылары жоспар бойынша республиканың және шетелдің жоғары оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан және ғылыми тағылымдамадан өтеді, сондай-ақ орта және жоғары білім беру жүйесінің мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларға қатысады.
Кафедрада оқитын магистранттар мен докторанттар жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Кафедраның бірінші түлектері 2001 жылы 030140-«Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Осы 65 жылдан астам тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше мыңдаған маман кадрлар дайындалды.
Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді.
Кафедра оқытушылары дайындайтын мамандықтар бойынша оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.
Кафедрада «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері ф.-м.ғ.д, профессор Аширбаев Н.Қ.(2010, 2021жж), ф.-м.ғ.д, профессор Сәрсенбі Ә. М. (2010, 2021жж), п.ғ.к. доцент Бекмолдаева Р.Б.(2013ж), п.ғ.к., доцент Мадияров Н.К.(2016ж), аға оқытушы Дүйсебаева П.С. (2017ж) қызмет етеді.
Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта, кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.
Жалпы, кафедра бәсекеге қабілетті мамандар - жаңа ұрпақтың болашақ математика мұғалімдерін даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жеткілікті ғылыми әлеуеті бар ұйымшыл және белсенді жұмыс істейтін ұжым болып табылады.
Ғылыми жұмыс
Ғылыми жұмыстар
Кафедрада ҒЗЖ 2021-2025 жж. Бекітілген Мемлекттік бюджеттік тақырыптар бойынша жүргізіледі:
21-09-01 – Күрделі геометриялық пішіндегі тесіктердің маңайындағы динамикалық процесстерді зерттеу. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.К.
21-10-01 – Орта және жоғары білім беру жүйесіндегі математиканы оқытудың теориялық-әдістемелік мәселелері. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Мадияров Н.К.
ф.м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Ә.М. жетекшілігімен 2018-2020 жылдарға арналған «Базисные свойства собственных векторов одномерных дифференциальных операторов с инволюцией» атты тақырыбы бойынша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.
ф.м.ғ.д., профессор Калимбетов Б.Т. жетекшілігімен 2018-2020 жылдарға арналған AP05133858 «Контрастные структуры в сингулярно возмущенных уравнениях и их применение в теории фазовых переходов» атты тақырыбы бойынша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.
ф.м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Ә.М. жетекшілігімен 2020-2022 жылдарға арналған «Функция Грина и спектральные характеристики краевых задач для дифференциальных уравнений второго порядка с инволюцией» атты тақырыбы бойынша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.
Phd Сәрсенбі Ә.Ә. жетекшілігімен 2022-2025 жылдарға арналған «Разрешимость задач для дифференциального уравнения параболического и гиперболического вида четвертого порядка с инволюцией» атты тақырыбы бойынша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.
Қазіргі таңда ф.м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Ә.М. жетекшілігімен 2023-2026 жылдарға арналған «Cyщecтвовaниe peшeний кpaeвыx зaдaч для диффepeнциaльныx ypaвнeний втоpого поpядкa c инволюциeй» атты тақырыбы бойынша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалуда.
Бұл бағыттар мен ғылыми жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері импакт-факторлы алыс, жақын шетелдердегі ғылыми журналдарда, ҚР БжҒМ БмҒ қадағалау комитетінің тізіміндегі Республикалық рейтінгілік басылымдарда, әртүрлі деңдейдегі халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жариялануда.
Кафедрада студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ҒЗЖ-мен айналасуына және әртүрлі деңгейдегі конференцияларға, пәндік олимпиадаларға, конкусртарға қатысуына көп көңіл бөлінеді.
Кафедра докторанттары Құдайбергенова Ж.У., Сапарбаева Э.М. Ресей Федерациясының «Тольятти мемлекеттік университетінде» 2022 жылдың 27-29 cәуірінде ұйымдастырылған «Менің кандидаттық диссертациям» атты ғылыми зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысып, жүлдеді 3-ші орынды иеленді.
МЕП-18-9НК тобының магистранты Мажитов Б.Ж. 2019 жылы ҚР ЖОО жас ғалымдары арасында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Жас ғалым-2019» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жүлделі 2-орынды жеңіп алды.
2019 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен ҚР ЖОО 5В010900-математика мамандығы студенттерінің Республикалық математикалық олимпиадасында математика мамандығының студенттері жүлделі 2-орынды жеңіп алды.
2024-2025 оқу жылында, Математика кафедрасынан, жыл сайынғы СҒЗЖ Республикалық конкурсына 6В01510-Математика БББ-ның білім алушысы 3 курс студенті Өмірәлі Әлішер, Қалдыбек Нұрсұлтан қатысып 3-орын иеленді. Ғылыми жетекшісі - Мырзабеков Т.М. Тақырыбы: Развитие исследовательских навыков студентов при вычислении объема тела уравнениями поверхностей.
2020 жылы кафедра ОПҚ жариялаған импакт-факторлы мақалалар саны – 5
2021 жылы Министрліктер мен даму институттары қаржыландыратын іргелі, қолданбалы және тәуекелді зерттеулері: «Функция Грина и спектральные характеристики краевых задач для дифференциальных уравнений второго порядка с инволюцией». 2021 жылға: 19585238 теңге. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д.,профессор Сәрсенбі Ә.М.
ҚР БжҒ министрлігінің Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №328 бұйрығының негізіндегі шешімімен кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.д. Н.Қ.Аширбаевқа математика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
2021ж. импакт-факторлы рейтингтік журналдардағы ғылыми мақалалар саны – 2;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау, БАҚ-та жариялау: Математика мамандарына сұраныс. Шымкент келбеті 2021ж. 5 наурыз Аширбаев Н.К.
2022 жылы Министрліктер мен даму институттары қаржыландыратын іргелі, қолданбалы және тәуекелді зерттеулері:
«Функция Грина и спектральные характеристики краевых задач для дифференциальных уравнений второго порядка с инволюцией». 2022 жылға: 24 213 175 теңге. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д.,профессор Сәрсенбі Ә.М.
2022 ж. Ең маңызды ғылыми және шығармашылық нәтижелер:
- Аширбаев Н.К. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады. Нұр-Сұлтан, 2022ж.
- Сәрсенбі Ә.М. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады. Нұр-Сұлтан, 2022ж.
2022ж. Импакт-факторлы рейтингтік журналдардағы ғылыми мақалалар саны – 14;
2022ж. Оқу процесіне енгізілген ҒЗЖ нәтижелері:2
- АР08855292 «Функции Грина и спектральные характеристики краевых задач для дифференциальных уравнений второго порядка с инволюцией», Ә.М.Сәрсенбі. Интегральные преобразования и их применение, №01 21.02.2022
- АР05131225 «Базисные свойства собственных векторов одномерных дифференциальных операторов с инволюцией», Ә.М.Сәрсенбі. Интегральные преобразования и их применение, №22 21.02.2022
БАҚта жарияланған мақала: Пифагор және педагог. Егемен Қазақстан 2022ж. №187 (30416) 30 қыркүйек. Абжапбаров А.
2023 жылы ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан қаржыландырылатын шифры AP19674587 келісім шарты №224/23-25-8, жалпы соммасы: 96 008 764,6 тенге тенге, жылдар: 2023-2026
Тақырыбы: «Cyщecтвовaниe peшeний кpaeвыx зaдaч для диффepeнциaльныx ypaвнeний втоpого поpядкa c инволюциeй»
ғылыми жетекші- ф.-м.ғ.д., проф. Сәрсенбі Ә.М
орындаушылар: - PhD доктор Мүсірепова Э.Б
- докторант Бейсебаева А.Ж.
ҚР ҒжЖБ министрлігінің Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2023 жылғы 17 ақпандағы №82 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Д.А.Сапаковқа философия докторы (PhD) ғылыми атағы берілді.
ҚР ҒжЖБ министрлігінің Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2023 жылғы 10 қарашадағы №862 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Э.Б.Мүсіреповаға философия докторы (PhD) ғылыми атағы берілді.
2023ж. импакт-факторлы рейтингтік журналдардағы ғылыми мақалалар саны – 11;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау, БАҚ-та жариялау:
- Мадияров Н.К. « Мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру- болашаққа бағыт беру». Төлеби туы, 2023,№20,(8676) 5 мамыр
- Мадияров Н.К. «Мамандық таңдаудың негізгі жолы - кәсіби бағдар беру» . Оңтүстік Рабат, 2023 №19,11 мамыр.
Өнертапқыштық әрекет. Зияткерлік меншікті қорғау – 1.
Авторлық куәлік: ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Анықталған интегралдар. 2023 жылғы «3» қараша № 40165, Мүсірепова Э.Б.
2024ж. импакт-факторлы рейтингтік журналдардағы ғылыми мақалалар – 17;
ҚР Ғ жәнеЖБ ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміндегі журналдар-6
2024 жылы ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан қаржыландырылатын шифры AP19674587 келісім шарты №224/23-25-8, жалпы соммасы: 96 008 764,6 тенге тенге, жылдар: 2023-2026
Тақырыбы: «Cyщecтвовaниe peшeний кpaeвыx зaдaч для диффepeнциaльныx ypaвнeний втоpого поpядкa c инволюциeй»
ғылыми жетекші- ф.-м.ғ.д., проф. Сәрсенбі Ә.М
орындаушылар: - PhD доктор Мүсірепова Э.Б
- докторант Бейсебаева А.Ж
Өндіріске және оқу процесіне енгізілген зерттеу нәтижелері – 2
- «Математикалық білім берудің өзекті мәселелері» Алтынбеков Ш.Е.
- «Cyщecтвовaниe peшeний кpaeвыx зaдaч для диффepeнциaльныx ypaвнeний втоpого поpядкa c инволюциeй» Сәрсенбі Ә.М., Мүсірепова Э.Б.
2025 жылы кафедра ОПҚ жариялаған импакт-факторлы мақалалар саны – 5
ҚР Ғ жәнеЖБ ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміндегі журналдарда 6 мақала жарық көрді.
2025 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жасанды интеллект жағдайындағы жаратылыстану ғылымдары мен білім беру үдерістерінің даму перспективалары» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ауқымды іс-шараны Жаратылыстану ғылымдары және педагогика жоғары мектебіне қарасты математика кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара "Оңтүстік Қазақстан" газетінде мақала түрінде жарық көрді. Авторлар: PhD, Мүсірепова Э.Б., аға оқытушы Мырзабеков Т.М.
Кафедрамыздың аға оқытушысы Т.Мырзабековтың "Қателіктен қорықпа. Ол нағыз өзгерістерге бастайды" атты мақаласы "Оңтүстік Қазақстан" республикалық газетінде 2025жылдың 2 желтоқсан, №99 санында жарық көрді
Ең маңызды ғылыми және шығармашылық нәтижелер-4
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті диссертациялық кеңестің 2024 жылғы 6 наурыздағы шешімімен 2024 жылдың 13 наурыздағы №05-04/176 бұйрығы негізінде Алтынбеков Шадияр Еркиновичке 8D01501 – Математика БББ бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағы берілді.
ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №563 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Э.А.Турсынкуловаға философия докторы (PhD) ғылыми атағы берілді.
ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №562 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Н.С.Утеулиевке философия докторы (PhD) ғылыми атағы берілді.
ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №564 «Философия докторы PhD» дәрежесін беру туралы» бұйрығымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Ю.И.Поповаға философия докторы (PhD) ғылыми атағы берілді.
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.