
2КАФЕДРА · «Басқару және бизнес» жоғары мектебі
Қаржы
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Айтымбетова Айнура Нурлановна
Э.ғ.к., қауымдастырылған профессор – кафедра меңгерушісі
Бас ғимарат, 433 кабинет
Жұмыс сымтетігі: 8 (7252) 21-23-67
Қаржы
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Бигельдиева Зарема Абдрамановна
Э.ғ.к., қауымдастырылған профессорПрофиль →
Құлбай Бауыржан Сусарович
PhD докторы, доцентПрофиль →
Мамутова Катира Кудайбергеновна
Э.ғ.к., доцентПрофиль →
Маширова Тажигуль Намазбаевна
Э.ғ.к., доцентПрофиль →
Исаева Гулмира Куздеуалиевна
Э.ғ.к., профессорПрофиль →
Тайбек Жазира Қойшыманқызы
Э,ғ.к., доцентПрофиль →
Жакипбекова Диляра Сапаровна
PhD докторы, аға оқытушыПрофиль →
Жошыбаева Дариға Абдрахмановна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Мауленкулова Гульбану Ержигитовна
Э.ғ.к., қауымдастырылған профессорПрофиль →
Сапаралиев Талгат Жанузакович
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Аскарова Эльмира Толеуовна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Пазилов Галымжан Абдирасулович
PHD, аға оқытушыПрофиль →
Кальбаева Нурсулу Танатовна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Дүйсенбекұлы Абылай-хан Жолдасбек
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Климова Елена Алексеевна
ОқытушыПрофиль →
Бастыков Достияр Хамытбекович
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Бекибаева Дидара Ануарқызы
Магистр, оқытушыПрофиль →Қаржы
Құжаттар мен бағдарламалар
Қаржы
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Кафедра тарихы
"Қаржы" Кафедрасы
"Қаржы және несие" кафедрасы 1996 жылы 26 тамызда құрылды. Қаржы саласы мамандарының алғашқы шығарылымы 2000 жылы жүзеге асырылды. 2005 жылы кафедралардың құрылымын жетілдіру және ретке келтіру мақсатында қайта ұйымдастыру жүргізілді. "Қаржы және несие" кафедрасы екіге бөлінді: "Банк ісі" және "Салықтар және салық салу".
Қазіргі заманғы "Қаржы" кафедрасы 2014 жылдың тамызында "Банк ісі" және "Салықтар және салық салу" кафедраларын біріктіру арқылы құрылды және Оңтүстік Қазақстан университетінің "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедрада 1 экономика ғылымдарының докторы, 3 профессорлар, 9 экономика ғылымдарының кандидаттары, 4 РhD докторлары, педагогикалық және практикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар 9 магистрлерден тұратын тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс жүргізеді.

Жыл сайын кафедра 6В04140 "Қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша шамамен 75-85 бакалавр түлектерін, сондай-ақ 7М04140/7М04142 «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша 10-15 магистр түлектерін шығарады". 2021 жылы кафедрада 8D04140 "Қаржы" ғылыми-педагогикалық докторантурасының білім беру бағдарламасы әзірленіп, ашылды. 2023 жылы осы бағдарламада оқу үшін гранттарға өтініштер қабылдау жүзеге асырылды.
Жалпы, барлық кәсіби қызмет барысында кафедра ұжымы 5000-нан астам маман дайындады, олар университетті бітіргеннен кейін экономиканың әртүрлі салаларында: елдің қаржы, банк, салық салаларында, өндірістік бірлестіктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындарда табысты жұмыс істейді.
Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулерге, халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді қатысады, соңғы 3 жылда (2020 жылдан бастап) 500-ден астам мақала, түрлі ғылыми-тәжірибелік журналдарда, соның ішінде: Scopus, WoS, РИНЦ дерекқорына кіретін жоғары рейтингті халықаралық журналдарда, ҚР ҒжЖБ министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда және т.б.
Кафедра оқытушылары сонымен қатар шетел университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өту және академиялық тағылымдамадан өту түріндегі халықаралық ынтымақтастық жобаларына белсенді қатысады. Мәселен, халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша «500 ғалым» санаты, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі Айтымбетова Айнура Нұрланқызы 01.06.-30.11.2022 ж. АҚШ-тың Миннесота университетінде оқыды.
Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық бағдарламасына сәйкес оқу бағыты магистратура,э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасының профессоры Исаева Гүлмира Күздеуәліқызы 11.01.2021-31.01.2022 ж. Лидс университетінде, Ұлыбританияда оқыды.


2020-2023 жылдар аралығы. Қаржы кафедрасының 25-тен астам студенттері Қазақстан, Ресей Федерациясы, Польша, Түркия және т.б. университеттерінде сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бойынша оффлайн және онлайн режимінде оқыды.


«Қаржы» кафедрасы ұжымының негізгі мақсаты – еңбек нарығының заманауи деңгейі мен критерийлеріне жауап беретін, өз білімі мен біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын құзыретті, сауатты, шығармашыл, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру.
Білім беру бағдарламалары
Оқу-әдістемелік жұмыс







Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ


Соңғы 5 жылда "Қаржы" кафедрасының ПОҚ халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектерінде 168 ғылыми мақала, республикалық ғылыми-практикалық конференция еңбектерінде 106, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми журналдарында 31 мақала жарияланды, оқу және өндірістік процеске енгізудің 180-нен астам актісі бар.
ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын гранттық жоба бар. 5 жыл ішінде ғылыми-әдістемелік жұмыстарға 10-н астам авторлық куәліктер алынды.













Халықаралық қатынастар










Іс-тәжірибе базасы



Тәрбие жұмысы
«Басқару және бизнес» ЖМ, 6В04140-«Қаржы» БББ студенттеріне ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 қаулысымен бекітілген "ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" РММ Шымкент қаласындағы өңірлік басқармасының өкілдері 2020-2024 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақстатында қаржылық сауаттылық, соның ішінде алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша офлайн-лекция оқыды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» тақырыбында магистрантардың қатысуымен іс шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке.
Мемлекетіміздің болашақ өркендеуі, дамуы, гүлденуі иманды, білімді оның ішінде мемлекеттік тілді білетін, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтейтін жігерлі жастарға байланысты. Жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар жастарымыз мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы қажеттілігі айтылды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен 6В04140 «Қаржы» БББ магистрантары мен студенттері «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығына экскурсия жасады.
Орталықтың жас ғалымы Әзімхан Исабек «Абай әлемі», «М.Әуезов еңбектері»-мен таныстыра отырып, орталықтағы құнды дүние – мәрмәртасқа ғылыми тұжырымдама жасап, түсіндіріп өтті. Өз университетіміздің қабырғасында Мәрмәртастың түп нұсқасын көзімізбен көріп, оның тарихын білгенде ерекше мақтаныш сезімде болдық.
08.12.2023ж. күні «Қаржы» кафедрасының ОПҚ, магистрантары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына - 165 жыл мерейтойын" атап өтуге арналған "Шәкәрім мұрасы - ұлт қазынасы" атты тақырыпта мерекелік іс-шарасы болып өтті.
Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырып, өркениетіміз бен ұлттық санамыздың ілгерлеуіне ұшан-теңіз үлес қосқан ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы дүниеге келген. Әкесі - Абайдың ағасы - Құдайберді.
Әкесі дүниеден озғаннан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың тәрбиесінде болады. Жеті жасында-ақ өлеңге айрықша талабымен көзге түседі. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады.

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне іс-шара ұйымдастырылды.
13.11.2023 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 80-жылдығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңгенің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Шымкент қаласындағы филиалы ашық есік күнін ұйымдастырды. Ашық есік күніне «Қаржы» кафедрасының ОПҚ, магистрантары мен студенттерінің мен 6В04140 «Қаржы» БББ студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шымкент филиалымен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Қаржы кафедрасымен бірлесіп, «Ұлттық валюта теңге» күнінің 30 жылдықмерекесіне 2023 жылдың 14 қарашасында «Қаржы» кафедрасының оқытушылары мен студенттері Ұлттық банкте ұйымдастырылған «Ұлттық валюта – теңге» күніне арналған көрмеге қатысты.


Көктемгі Наурыз мейрамының онкүндігін салтанатты түрде мерекелеу аясында Қаржы кафедрасінің оқытушылары мен білім алушыларымен 18 наурызайында 2024ж«Қазақстан Республикасындағы ұлттық киім күні» іс-шарасын өткізді. Шараның мақсаты – Ұлттық киімнің әсемдігі мен сән-салтанатын, ел тұрғындары арасында кеңінен насихаттау















Жаңалықтар
- М.Әуезов атындағы э. ғ.к. профессор А. Н. Айтымбетова және магистр А.Ж.Дүйсенбекұлы жетекшілігімен ЭФ-21-5тк тобының 3-курс студенттері А. Сандыбаев және ЭФ-22-5тк тобының 2-курс студенттері Ә. Орынқожаев. бірінші орын алып, конкурста 800 000 теңге "Менің алғашқы стартапым" бизнес-идеяларын (жобаларын) жеңіп алды (2024 ж.ақпан).
- Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде 2023 жылғы 13-16 қарашада меңгерушінің басшылығымен.кафе., э. ғ.к. профессор А. Н. Айтымбетова және э. ғ. к. профессор Г. К. ИСАЕВА 2 курс студенттері, гр.ЭФ-22-5р Умарова Седа, Чилингарова Эбру, Қасымов Алижан, 4-курс студенттері. ЭФ - 20-5тк-Әбілдабек Асқар, Өтешова Сымбат, Сапаралы Жәнел Алматы қаласындағы «Қаржы данышпаны» ЖОО аралық іскерлік ойынына белсенді қатысқаны үшін сертификат иегері атанды.










Кәсіби бағдар беру


Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.