
4КАФЕДРА · Филология факультеті
Журналистика және қазақ тілі
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.
Кафедра РФ М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Түркия Республикасының Гази, Кастамону университетімен, Өзбекстан Республикасы Ташкент заң университетімен тығыз байланыс орнатқан. Екіжақты келісімшарт негізінде шетелдік профессорларды университетке шақырып, журналистика мамандығының студенттеріне лекция, практика сабақтарын өтуде тәжірибе алмасып отырады. Шетелдік әріптестермен жыл сайын бірлескен қысқы, жазғы мектептермен бірге түрлі тақырыпта онлайн конференция, мастер-класс ұйымдастырылып, өзге де шетелдік университеттермен студенттерге онлайн курстар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университеттерімен әріптестік байланыс жасап отырады. Аталған университеттерден кафедраның оқытушы-профессор құрамы кәсіби біліктілікті жетілдіру курстарынан өтіп, журналистика мамандығының жаңа медиа саласын дамыту мақсатында семинар-тренинг, конференциялар бірлесіп өткізіп отырады.
Кафедра меңгерушісі: Танабаева Гүлзира Умиртаевна
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мекен-жайы: 160012, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы, Д.Құрманбеков көшесі 4. М.Әуезов атындағы ОҚЗУ,
Филология факультеті,
"Журналистика және қазақ тілі" кафедрасы,
206Б кабинет. Телефон: (8 7252) 300254 Е-mail:
Кафедра тарихы
«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы ең алғаш 2003 жылы құрылды. Кафедрада 2019 жылы білім беру бағдарламасы әзірленіп, 6В03220-Журналистика мамандығы ашылды. 2023 жылы Журналистика білім беру бағдарламасының ең бірінші түлектері университетті бітірді. Бітірген түлектердің саны – 15, оның ішінде 3 түлек үздік диплом иегері атанды. Кафедрада 14 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде 6 ғылым кандидаты, доценттер, 3 магистр аға оқытушы, 5 магистр оқытушы. Кафедраның ғылыми дәреже көрсеткіші 42,85% құрайды. Сонымен қатар өндіріс орындарынан білікті журналистер жұмыс істейді: Олжабаев Сабырбек – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім басшысы, Беркинбаев Еділбай Түймебайұлы – «HAN-TV» телеарнасының бас редакторы, Артықбаева Гүлсанат Қалмырзаевна – «ONTUSTIK TV / Оңтүстік» телеарналарының журналисі. Өндірістен тартылған ПОҚ үлесі -21,42%. Кафедра меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент Танабаева Гүлзира Умиртаевна атқарып келеді. Өндірістен 4 журналист бірлескен оқытушылық қызмет атқарады. Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық байқаулар мен семинарларға белсенді қатысады. Университетішілік, облыстық, аймақтық, шетелдік конференцияларда баяндамалар оқып, әралуан шетелдік және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарына ғылыми мақалаларын жариялап отырады.










«Әуезов ТВ» телестудиясы
Журналистика БББ-ның студенттері университет жанынан ашылған «Әуезов ТВ» телестудиясында өз білімдерін жетілдіріп, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар жүргізеді. Жаңалықтар топтамасы аптасына 2 рет шығарылады, одан бөлек қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық, өнер, интеллектуалдық шығармашылық бағытта «IQ», «Тұлға. Таным. Парасат», «Тікелей сұқбат» бағдарламалары жұмыс жасайды. Телестудияға шақырылған қонақтардан жас тілшілер арнайы сұқбат алып, тікелей эфир жүргізіледі. 






ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ.
Түркістан қаласында Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай республикалық эссе байқауы өтті. Түркістан облысы мәдениет басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Шерхан әлемі" атты республикалық эссе байқауына еліміздің әр өңірінен 60-тан аса студент қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Филология факультеті журналистика мамандығының студенті Самидин Аружан жүлделі III орынмен марапатталды. 







Журналистика және қазақ тілі
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Абдикаримова Гульжан Айдаровна
Филология ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Жамашева Жанар Рахматуллевна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Шойбекова Акбота Абаевна
Филология ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Утегенова Гулзира Жақсылыковна
Филология ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Сариева Толкын Куанышевна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Мадалиева Аксымбат Бекайдаровна
Магистр, оқытушыПрофиль →
Тазабек Алиса Каналбекқызы
Магистр, аға оқытушыalisa_tazabek@mail.ruПрофиль →
Кансеитова Жумагуль Жумабековна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Балкибекова Қаракөз Аманкелдиевна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Саулетова Гауһар Нургалиқызы
Магистр,оқытушыПрофиль →
Олжабаев Сабырбек Даникулович
ОқытушыПрофиль →
Беркинбаев Едилбай Туймебаевич
ОқытушыПрофиль →
Мусирова Айгуль Балтабаевна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Есенгельдиева Шугыла Нурахановна
Магистр, оқытушыПрофиль →
Кочербаева Гульзат Мейрамбековна
Магистр, оқытушыПрофиль →Журналистика және қазақ тілі
Құжаттар мен бағдарламалар
Журналистика және қазақ тілі
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
БББ 6В03220-"Журналистика"
6В03220 – «Журналистика» білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі: 4 жыл
БББ мақсаты: Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие, сыни тұрғыдан ойлайтын, кең ауқымды дүниетаным мен жеке қасиеттерді танытатын, IT-құзыреттілікті игерген журналистика саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
БББ міндеттері:
-қоғамдағы әлеуметтік жауапты қызметті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларының мәнділігін ұғыну және осы нормаларды сақтау;
- өмір бойына оқыту дағдылары мен шеберліктерін қамтамасыз ету, бұл оларға өздерінің кәсіби мансабының тұтас бойында өзгермелі жағдайларға табысты бейімделуге мүмкіндік береді;
- дамудың жоғары жалпы интеллектуалдық деңгейін иелену, сауатты және дамыған сөйлеу тілін меңгеру, теледидар, көпшілік қатынас құралдары, көпшілік қызметтері, ұлттық компаниялар, талдау орталықтары саласындағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдылары мен ойлау мәдениетін игеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
- БАҚ саласындағы түлектердің мамандығы бойынша барынша жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру.
- Сұранысқа ие білім мен дағдыларды қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және тұрақты даму мақсаты аясында планетаны қорғауға саналы көзқарас қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
Біліктілігі: әлеуметтік білімдер бакалавры
Кәсіби қызмет нысандары: көпшілік қатысым құралдары, отандық және шет елдік электронды және басылымдық БАҚ, ақпараттық агенттіктер мен жаңалықтар қызметі, баспаханалар мен полиграфиялық кешендер, қоғамдық ұйымдардың көпшілік қызметтері, қоғаммен байланыс бойынша құрылымдар мен бөлімшелер, жарнама агенттіктері, желілік ақпараттық құрылымдар.
Кәсіби қызмет түрлері: «6В03220 – Журналистика» БББ бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- журналистік-авторлық (авторлық бағдарлама)
- ақпараттық-шығармашылық (ток-шоу, реалити-шоу)
- жобалық-талдағыштық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- әлеуметтік-ұйымдастырушылық;
- кәсіпкерлік қызмет.
Түлектер спорттық жарыстар комментаторы, сценарист, радио- және тележүргізуші, журналист, корреспондент (оның ішінде репортерлік зерттеу жүргізуші), телеоператор, жарнама бойынша маман, телемаркетолог, талдаушы-редактор, корректор, баспа ісі маманы, редактор (жалпы бейін), газет редакторы, баспа корреспонденті, газет және журнал редакторы, мемлекеттік ұйымдармен байланыс бойынша үйлестіруші, диктор, радио және телебағдарламалар продюсері, бас администратор, бағдарлама редакторы, инокорреспондент, қоғаммен байланыс бойынша маман, маркетингтік компаниялар талдаушысы, PR-менеджер, бренд-менеджер ретінде кәсіби қызметтерін атқарады.
6В03220 – «Журналистика» білім беру бағдарламасы 2026-2027 оқу жылыЖаңартылған білім беру бағдарламасы
Тәжірибе
"6В03220 - Журналистика" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар АО "РТРК "Оңтүстік"" ТОО "СОБКОР" "Отырар TV", "ТОО "ТАСС MEDIA" "HAN TV", ТОО "Евразия"+ОРТ телеарналарымен және "Оңтүстік Қазақстан", ТОО "Айғақ" телерадиокомпаниясы, "Шымкент келбеті" газеттерімен, ТОО "Бахытжан Көпбаев ақпараттық агенттігімен" жасалған келісім-шарт негізінде өндірістік, дипломалды тәжірибесінен өтеді.
"Оңтүстік Қазақстан" телеарнасымен келісімшарт"Бахытжан Көпбаев ақпараттық агенттігі" келісімшарт"Евразия ОРТ+" телеарнасымен келісімшарт«Хан ТВ» телеарнасымен келісімшарт.








Журналистика білім беру бағдарламасы студенттері академиялық ұтқырлық негізінде келісімге сәйкес ҚР ЖОО-ға бір семестр көлемінде білімін жалғастыра алады. Бұл тек білім беру мақсатында, білім алушылардың кәсіби білім деңгейін көтеру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
Студенттеріміздің басқа оқу орындарында білімдерін көрсете отырып, университетіміздің беделін арттыра алады. Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге қолдау көрсету. «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының оқытушылары мектеп бітіруші түлектермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жыл бойы жүргізіп отырады.
Мамандық таңдауда бітіруші түлектерге дұрыс бағыт беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, біліктілікті көтеру, мамандарды даярлау, ғылыми еңбектерді жарыққа шығару үшін ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология, Журналистика факультеттерімен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен, қалалық қазақ тілін оқыту Орталығымен бірлесе жұмыс істейді.





Біліктілікті арттыру















Кафедраның жетістіктері
Танабаева Гулзира
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ф.ғ.к. доцент Танабаева Гүлзира Умиртаевна Алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хат білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал қызметі үшін табысталды.Button Text
Шойбекова Ақбота
"Журналистика және қазақ тілі" кафедрасының доценті Шойбекова Ақбота Абаевнаға Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығынан Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім саласының " Үздік ғылым қызметкері" атағы берілді.
Абдукаримова Гүлжан
"Журналистика және қазақ тілі" кафедрасының доценті Абдукаримова Гүлжан Айдаровна Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігіның "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
Утегенова Гулзира
ф.ғ.к. доцент Утегенова Гүлзира Жақсылықовна «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Марапат тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін берілді
"Мұхтар Әуезов" төсбөлгісі
М.Әуезов атындағы ОҚУ 80 жылдық мерейтойы қарсаңында "Мұхтар Әуезов" төсбөлгісімен кафедраның профессор-оқытушылары ф.ғ.к., доцент Г.Ө. Танабаева, п.ғ.к., доцент Ж.Р. Жамашева, ф.ғ.к., доцент Г.Ж. Утегенова марапатталды.
Сариева Толқын
"Журналистика және қазақ тілі" кафедрасының аға оқытушысы Сариева Толқын Қуанышқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Сариева Толқын
"Журналистика және қазақ тілі" кафедрасының аға оқытушысы Сариева ТОлқын Қуанышқызы "Жамбылдың ақындық мұрасы және Жамбылтанудың өзекті мәселелері" атты халықаралық онлайн конференциясына белсене қатысып, баяндама жасағаны үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.
Шойбекова Ақбота
ф.ғ.к. доцент Шойбекова Ақбота Абайқызы 2026 жылы 23-24 сәуірде
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ұйымдастырған жаңашыл педагогтардың «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» VI Халықаралық форумының «Инновациялық педагог (шеберлік сыныбы)» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кансеитова Жумагуль
Заманауи білім беру: сын-қатерлер трендтер мен стратегиялар
Университетімізде «Заманауи білім беру: сын-қатерлер трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы өтті. Форум аясында Журналистика және қазақ тілі кафедрасының аға оқытушылары Кансеитова Ж.Ж. шеберлік сабағын, Тазабек А.К. ашық сабақ дәрісін өтті. Форум нәтижесінде Кансеитова Ж.Ж., Тазабек А.К. «Ең үздік педагогикалық бейне» аталымы бойынша 3-орынды иемденді.



Академиялық ұтқырлық
«6В03220-Журналистика» БББ 4 курс студенті Қыналы Ақниет Түркия мемлекеті «Istanbul Kultur» университетінде «Senat ve Tasarim» факультеті «Yeni Medya» бөлімінде «Erasmus» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықпен білім алды.

2025-2026 оқу жылында 6В03220-Журналистика ББ 3 курс студенттері Есенгелді Лаура мен Муханқызы Элиза академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне 1 семестрге білім алуға жіберілді.



«6В03220-Журналистика» БББ 2024-2025 оқу жылының 1-семестрінде ФИ-22-11к2 тобының студенті Лесбек Дина Стамбул қаласындағы «İstanbul Kültür Üniversitesi» университетінің «Senat ve Tasarim» факультеті «Yeni Medya» бөлімінде, ФИ-23-11к1 тобының студенті Садикова Асема Ташкент қаласындағы Мирзо Улугбек университетінде «Erasmus» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықпен білім алды.

Үздік студенттер
Сәрсенбай Айдана Ертуғанқызы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, «ҚР үздік студенті – 2025» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталған. Университеттің медиа саласын дамытуға және студенттік журналистиканы ілгерілетуге белсене үлес қосып келеді.

Қазақстанның Стамбулдағы Бас Консулдығы және Қазақстан Сыртқы Істер министрлігі Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағанбетовтің 100 жыл толуына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференцияға журналистика мамандығының 3 курс студенті Қыналы Ақниет қатысып, алғыс хатпен марапатталды.








Студенттік үйірмелер
Ғылыми үйірмелердің қызығушылық бойынша клубтардың, спорт клубтарының болуы, академиялық ұтқырлықтың жүзеге асыру м.мкіндігі де студенттерді оқуға ынталандыру болып табылады.
Кафедрамызда жұмыс істейтін үйірмелер: «Жас тілші» «Жас блогер» «Қаламгер» «Дикторлық шеберлік» «Әуезов медиа» «Пресса» Студенттік ғылыми үйірмелердің ұйымдастырылуы оқуға деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізуде.
Ғылыми үйірме жұмысы студенттердің білім бағдарламасына қажетті әмбебап, кәсіби құзіреттіліктерді меңгерумен қатар сыни, шығармашылық, ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.







Біздің түлектер
Жолдасбеков Қанат Бейсенбайұлы
Оқыған жылдары : 2020-2024
Мамандығы: "Журналистика және репортер ісі"
Жұмыс орыны: "ОҢТҮСТІК" ТЕЛЕАРНАСЫ, РЕДАКТОР-ЖУРНАЛИСТ
Жетістіктері:
* ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 шілдесі мен – 24 тамызы аралығында Астана қаласынада өткен Медиа және комуникация саласының студенттері мен магистранттарына арналған тағылымдаға жолдама иегері.
* Шымкент қаласының "Үздік жастар премиясы 2024" байқауында "Үздік жас журналист" номинациясының иегері.
Сәрсенбек Мерей Әлібекқызы
Оқыған жылдары: 2020-2024
Мамандығы: Журналистика және репортер ісі
Жұмыс орны: «Уақыт TV» телеарнасы
Жетістіктері:
* Мемлекеттік рәміздерді насихаттау үшін өткізілген «Үздік ролик» байқауының I орын иегері.
Студенттердің жетістіктері
Біздің студент дебат турнирлерінде жоғары нәтиже көрсетті.
ФИ-24-11к3 тобының студенті Сейдиғали Абзал қалалық пікірсайыс турнирлерінде жүлделі орындарға ие болды. Finbridge International School ұйымдастырған, 8-10 сынып оқушылары арасында өткен «Finbridge Cup» қалалық пікірсайыс турнирінде ол «Ең үздік төреші» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ «ADAL AZAMAT CUP» қалалық пікірсайыс турнирінде І дәрежелі диплммен марапатталды.

Сәрсенбай Айдана Ертуғанқызы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, «ҚР үздік студенті – 2025» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталған. Университеттің медиа саласын дамытуға және студенттік журналистиканы ілгерілетуге белсене үлес қосып келеді.

Мұратбек Нұрайлым «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі, қоғамдық іс-шаралардағы белсенділігі және жоғары жетістіктері үшін «Үздік студент» атанып, республикалық деңгейде І орынға ие болды.

Студенттеріміз пәндік олимпиадада арнайы марапатқа ие болды
Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev университетінде "Журналистика және ақпарат" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орындары арасында 2025 жылғы XVII республикалық пәндік олимпиада өткен болатын. Университетіміздің 6803220 "Журналистика" білім беру бағдарламасының
4-курс студенттері — Сейтжан Қасиет, Қыналы Ақниет және Есенгелді Баутан қатысып- оқу ордамыздың намысын абыроймен қорғады. Олимпиада барысында студенттеріміз журналистика саласына қатысты теориялық білім мен практикалық дағдыларын көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша, студенттеріміз Maqsut Narikbayev университеті Халықаралық журналистика мектебінің деканы Айгүл Жамаловадан арнайы марапатқа ие болды. Команданың ғылыми жетекшісі — ф.ғ.к, доцент "Журналистика және қазақ тілі" кафедрасы оқытушысы Шойбекова Ақбота Абаевна.
Жетекшінің кәсіби бағыт-бағдары мен тәлімгерлік қолдауы нәтижесінде студенттеріміз өз білімдері мен қабілеттерін кәсіби деңгейде көрсете білді. Бұл олардың еңбегі мен білімінің айқын дәлелі.


Семей қаласындағы Shakarim University-де өткен философ, ақын Абай Кұнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» тақырыбындағы Республикалық жастар форумында белсенділік танытқаны үшін 4-курс студенті Күнкөргіш Қуаныш алғыс хатпен марапатталды.

"Жаңа Қазақстан" Республикалық инновациялық орталығы мен "Үздік студенттер академиясының”ұйымдастыруымен өткен «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2025» халықаралық олимпиадасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Журналистика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Қыналы Ақниет Нұралықызы жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшісі, "Журналистика және қазақ тілі" кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Танабаева Г.У.

БББ 7М03220 - Магистратура
«Журналистика жане қазақ тілі» кафедрасы 2016 жылдан бастап филология факультетінін кұрамында болды.
Кафедра жалпы білім беру бағыты бойынша «Қазақ, тілі», «Кәсіби қазақ тілі» пәндерінен университеттің мамандык даярлау факультеттері мен жоғары мектептерінде (заң, жаратылыстану педагогикалық, дене тәрбиесі және спорт, кұрылыс және көлік, механика жане мұнайгаз ісі, педагогика және мәдениет, басқару және бизнес жоғары мектебі, тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі, ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі, ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі, химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі, кешкі және қашықтықтан оқыту) факультеттерінде дәрістер жүргізеді.
6В03220 - Журналистика БББ студенттеріне мамандык және бейінді пәндер бойынша дәріс береді.
«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы 2024 жылдан бастап 6В03220 - Журналистика мамандығы бойынша магистранттар дайындайды. Кафедраның профессор-окытушылар құрамы жоспарга сай жұмыстар жүргізеді.
Элективті пәндер каталогы
Ашық сабақтар
Университетімізде «Заманауи білім беру: сын-қатерлер трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың V Халықаралық форумы өтті. Форум аясында Журналистика және қазақ тілі кафедрасының аға оқытушылары Қансеитова Ж.Ж. шеберлік сабағын, Тазабек А.К. ашық сабақ дәрісін өтті. Форум нәтижесінде Қансеитова Ж.Ж., Тазабек А.К. «Ең үздік педагогикалық бейне» аталымы бойынша 3-орынды иемденді.



М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумы өтті. Форум аясында Журналистика және қазақ тілі кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к. доцент Шойбекова Ақбота Абайқызы шеберлік сыныбын өткізді.
Форум қорытындысы бойынша А.А. Шойбекова «Инновациялық педагог (шеберлік сыныбы)» номинациясында III дәрежелі дипломмен марапатталды. екі тілде аударшы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумы өтті. Форум аясында Журналистика және қазақ тілі кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к. доцент Шойбекова Ақбота Абайқызы шеберлік сыныбын өткізді.
Форум қорытындысы бойынша
А.А. Шойбекова «Инновациялық педагог (шеберлік сыныбы)» номинациясында III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.