
1КАФЕДРА · «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Кафедра меңгерушісі:
Калдыбаев Рашид Турдыбаевич
Ғылыми дәрежесі мен атағы:
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Байланыс мәліметтері:
Мекенжайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Д ғимараты, 108 кабинет
Телефон: 8 (7252) 30-02-54
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Калдыбаев Рашид Турдыбаевич
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессорПрофиль →
Сулейменова Тазакуль Нурлыбаевна
Техника ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Туракулов Баходур Сахибаевич
Техника ғылымдарының кандидаты, доцентПрофиль →
Ботабаев Нуржан Еркебаевич
PhD, қауымдастырылған профессорПрофиль →
Дайрабай Динара Дастановна
PhD, доцентПрофиль →
Мирзамуратова Роза Шамуратовна
PhD, доцентПрофиль →
Баширова Салтанат Аманбаевна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Купенова Айжан Аймурзақызы
Аға оқытушыПрофиль →
Джунусова Асель Кайрбековна
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Қойланова Арайлым Асилхановна
Магистр, оқытушыПрофиль →
Темиршиков Кудрат Мамиршикович
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Махмудова Мсри Асановна
Магистр, оқытушыПрофиль →
Адилова Кульпан Камановна
Жоғары білікті маман, зертханашыПрофиль →
Мамыкова Ұлмекен Дауленбекқызы
Жоғары білікті маман, өндірістік оқыту шеберіПрофиль →Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Кафедра тарихы
Кафедра тарихы
Кафедра 2008 жылы құрылған. Қазіргі уақытта кафедрада 1 академик, 3 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 11 аға оқытушы және оқытушы жұмыс істейді. Кафедра меңгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қалдыбаев Рашид Турдыбаевич.
Кафедрада білім берудің үш деңгейлі моделі жүзеге асырылады:
- бакалавриат (оқу мерзімі – 4 жыл);
- ғылыми-педагогикалық магистратура (оқу мерзімі – 2 жыл);
- докторантура (оқу мерзімі – 3 жыл).
Бұл жүйе үздіксіз білім алуды қамтамасыз етеді.
Кафедрада жыл сайын білім алушылардың оқу траекториясы мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес элективті пәндерді таңдау негізінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту тәжірибесі жүзеге асырылады.
2014–2015 оқу жылында 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру», 6М072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламалары ASIIN (Дюссельдорф қ., Германия) агенттігінде халықаралық аккредитациядан өтті. Сондай-ақ 6D072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламасы аккредиттелді.
2019–2020 оқу жылында 6В07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру», 7М07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламалары ASIIN (Дюссельдорф қ., Германия) агенттігінде халықаралық аккредитациядан өтті.
Сонымен қатар, 2019–2020 оқу жылында «Жеңіл өнеркәсіптегі инновациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы НКАОКО-да аккредитациядан өтті.
2025 оқу жылында 6В07230-«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру»
7М07230--«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру»
8D07230 – «Жеңіл өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар» осы білім беру бағдарламасы бойынша аккредитациядан өтті.


«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламасының халықаралық қайта аккредитациядан өтуі
Кафедра оқыту сапасы мен кадрлар даярлау деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауқымды оқу-әдістемелік базаны қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады.
Кафедра заманауи құрал-жабдықтармен және оқу зертханаларымен жабдықталған. «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын сынау зертханасы» ашылған. Осыған байланысты кафедрада плоттер, дигитайзер, JUKI маркалы өндірістік тігін машиналары, оверлоктар, түйме қадау машинасы, лазерлік конструкторлық машина, өрнек тігетін тігін машиналары бар.
Жыл сайын білім алушылар арасында университетішілік олимпиадалар мен ғылыми конференциялар өткізіледі.
Білім беру бағдарламасы:

БАКАЛАВРИАТ БАҒЫТТАРЫ:
Білім беру бағдарламалары:
6В07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру»
6В07231 – «Сән индустриясы және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының тауар қозғалысы»
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: техника және технология бакалавры
Түлектердің кәсіби қызмет саласы: ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-техникалық, ғылыми-зерттеу және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын (киім, аяқ киім және аксессуарлар) құрастыру мен технологиясы саласындағы басқа да қызмет түрлері.
6В02101 – «Креативті дизайн және технологиялар»
Оқу мерзімі: 5 жыл
Біліктілігі: өнер бакалавры
Түлектердің кәсіби қызмет саласы: дизайнерлік қызмет, өндірістік қызмет, инновациялық және технологиялық қызмет, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, маркетингтік қызмет, кәсіпкерлік қызмет.

МАГИСТРАТУРА БАҒЫТТАРЫ:
Білім беру бағдарламасы:
7М07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру»
Оқу мерзімі: 2 жыл
Біліктілігі: техника ғылымдарының магистрі
ДОКТОРАНТУРА БАҒЫТТАРЫ:
Білім беру бағдарламасы:
8D07230 – «Жеңіл өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар»
Оқу мерзімі: 3 жыл
Біліктілігі: PhD докторы
Біздің жетістіктер
2024 жылдың 7–8 қазанында Румынияның Яссы қаласындағы Георге Асаки атындағы техникалық университетінде ERASMUS-101128738-EDU-2023-CBHE, TEX4FUTURE жобасы аясында жоба жетекшілерінің кездесуі бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды.
Серіктестер:
• Крит техникалық университеті (Грекия) – жоба жетекшісі;
• Георге Асаки атындағы техникалық университеті (Румыния);
• Эгей университеті (Түркия);
• М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Қазақстан);
• М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті (Қазақстан).

- Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығы (РК);
• Ташкент текстиль және жеңіл өнеркәсіп институты (Өзбекстан);
• Джиззақ политехникалық университеті (Өзбекстан);
• Ферғана мемлекеттік университеті (Өзбекстан).
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» кафедрасы жыл сайын республикалық олимпиадаларға қатысады.
- 2020 жылғы 23–24 сәуірде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген XII Республикалық пәндік олимпиадада «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламасы бойынша кафедра ІІІ орынды иеленді, ал Жанар Ораловна Екінші дәрежелі Дипломмен марапатталды.
- 2025 жылғы 23-24 сәуірде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген II Республикалық пәндік олимпиадада ІІ орынды иеленді.


Кафедра студенттері жыл сайын өтетін пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 2021 жылы «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» мамандығы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында 2-орынға ие болды.
2025 жылы «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» мамандығы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында 2-орынға ие болды.
Кафедра жыл сайын шетелдік жетекші университеттер, ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстандағы аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер және шетелдік мемлекеттердің ұлттық мәдени орталықтарымен серіктестік байланыстарын қолдап, нығайтады. Бұл байланыстар білім беру ұйымдарымен әріптестік қатынастарды жетілдіру мәселелеріне бағытталған.

«6В07230 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» білім беру бағдарламасы 2020 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісі бойынша 2-орынға ие болды.
Қазіргі уақытта кафедрада алыс және жақын шетелдердің 5 елінен 7 жоғары оқу орны, ұйымдар және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен келісім-шарттар мен ынтымақтастық меморандумдары жүзеге асырылуда:
- Иванов мемлекеттік политехникалық университеті (Ресей Федерациясы, Иваново қаласы)
- Мәскеу К. Г. Разумовский атындағы техникалық және басқарушылық мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы)
- Эгей университеті (Түркия)
- HOF университеті (Германия)
- Либерец техникалық университеті (Чехия, Либерец қаласы)
- Санкт-Петербург мемлекеттік технология және дизайн университеті (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы)
- Ташкент текстиль және жеңіл өнеркәсіп институты (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы)
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру» кафедрасында 2025–2026 оқу жылына арналған жоспарға сәйкес кәсіби бағдар беру іс-шаралары жүргізіледі. Қазан айында білім беру бағдарламаларына сәйкес ақпараттық материалдар дайындалды.
Кафедра оқытушылары қаладағы мектептер мен колледждерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Кездесулер барысында білім беру бағдарламаларымен таныстырылып, мамандықтар туралы толық мәлімет берілді.
Қазіргі таңда кафедра студенттері мен оқытушылары арасынан агитациялық топ құрылған және арнайы іс-сапарлар үшін қала мен аудан мектептеріне шығу жоспарлануда.


7M07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау және технологиясы» білім беру бағдарламасы ASIIN сертификатымен бірге «Евромастер» сапа белгісіне ие болды.
Материалдық-техникалық база
Кафедраның материалдық-техникалық базасы
Кафедраның материалдық-техникалық базасы білім беру бағдарламаларын сапалы іске асыруға, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстарды жүргізуге қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және мамандандырылған оқу зертханаларымен қамтамасыз етілген.
Кафедра М. Әуезов атындағы университеттің №5 оқу ғимаратында орналасқан. Оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында кафедраға жалпы ауданы 556,2 м² болатын 15 аудитория бөлінген.
Аудиториялық қордың құрамына кафедра меңгерушісінің кабинеті (108-кабинет), оқытушыларға арналған бөлмелер (106 және 103 аудиториялар), сондай-ақ оқу сабақтарын өткізуге арналған аудиториялар кіреді.
Кафедраның оқу аудиторияларының материалдық-техникалық жарақтандырылуы білім алушылардың теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда:
-
3 аудитория интерактивті тақталармен жабдықталған;
-
1 аудитория компьютерлік сынып ретінде жабдықталған;
-
6 аудитория арнайы оқу аудиториялары мен зертханалар ретінде пайдаланылып, тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Аталған аудиториялар лекциялық және практикалық сабақтарды, білім алушылардың өздік жұмыстарын (СРС), сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстарды орындау бойынша консультацияларды ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Кафедраның материалдық-техникалық базасының маңызды бөлігін мамандандырылған зертханалар құрайды. Зертханалық база білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге және заманауи өндірістік және цифрлық технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Кафедраның мамандандырылған зертханалары:
-
Дизайн және жобалау зертханасы (100D) – дизайн және жобалау бағытындағы практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
-
ТЕХ4FUTURE тоқыма зерттеулер мен әзірлемелер орталығы (103D) – тоқыма материалдарын зерттеу, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді әзірлеу бағытындағы оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
-
Сәндік модельдеу зертханасы (105D) – сәндік модельдеу, бұйымдардың композициялық және көркемдік шешімдерін әзірлеу бойынша практикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
-
Тігін цехы, дизайн және құрастыру зертханасы, САПР зертханасы (113АБ) – киім дизайны мен конструкциясын әзірлеу, тігін технологияларын меңгеру және компьютерлік жобалау жүйелерін қолдану бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған.
-
Лазерлік гравировка зертханасы (116АБ) – заманауи цифрлық және лазерлік технологияларды оқу және тәжірибелік жұмыстарда қолдануға мүмкіндік береді.
-
Қиып-шикізат дайындау өндірісі зертханасы (123АБ) – материалдарды өңдеу, пішу және өндірістік процестердің бастапқы кезеңдерін практикалық тұрғыдан меңгеруге арналған.
Кафедраның материалдық-техникалық базасы білім алушылардың кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін өзара байланысты оқу және өндірістік инфрақұрылымнан тұрады. Аудиториялар мен зертханалардың функционалдық жабдықталуы білім беру бағдарламалары бойынша оқу сабақтарын, білім алушылардың өздік жұмыстарын, курстық және дипломдық жобаларды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, кафедраның материалдық-техникалық ресурстары оқу үдерісінің қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастырылған және білім алушылардың кәсіби, шығармашылық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.









Өндірістік базасы
Практика базасы және болашақ жұмыс орны:
- ЖШС ТПК «ALLIANCE»
- ЖШС «ARSHAT group»
- ЖШС «Special Gear Kazakhstan»
- ЖШС ПК «АГФ групп»
- ЖШС «Алем БТ»
- ЖШС «Бал Текстиль»
- ЖШС «Гаухар тігін фабрикасы»
- ЖШС «Janna Eltanova»
- ЖШС «Назар-Текстиль» кілемдік-текстиль фабрикасы
- ЖШС «Оңтүстік былғары»
- ЖШС «JNRAY group»
- ЖШС «Фиорентина»
- ЖШС «Шабитекс»







Ғылыми-зерттеу жұмысы
Ғылыми-зерттеу жұмысы Кафедра кадрларды даярлау сапасын «ғылым-білім-инновация» триадасын синтездей отырып арттыруда айтарлықтай интеграциялық әлеуетке ие. Бұл салада кафедра алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық меморандумдарына қол жеткізді:
- HOF университеті (Германия)
- Иванов мемлекеттік политехникалық университеті (РФ, Иваново қаласы)
- Эгей университеті (Түркия, Измир қаласы)
- Мәскеу мемлекеттік дизайн және технология университеті (РФ, Мәскеу қаласы)
- Санкт-Петербург мемлекеттік технология және дизайн университеті (РФ, Санкт-Петербург қаласы)
Ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі ұсынылады: ЖШС «ЛидерСнаб», ЖШС НВП «Талапты», ЖШС «Гаухар», ЖШС «Томирис», ЖШС «AzalaTextile», ЖШС «South Textiline KZ», ЖШС «Alatex».
Аймақтағы тігін кәсіпорындарымен бірлесе отырып, оқу-ғылыми-өндірістік кешендер (ЕБР) құрылды: ЖШС НВП «Талапты», ЖШС «Special Gear Kazakhstan», ЖШС «Alatex». ЦОУ базасында студенттерге кәсіби қызметте практикалық тәжірибе алу нақты мүмкіндігі беріледі.
Педагогикалық-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру жүйесі кафедрада біліктілікті арттыру курстары, жетекші университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында, алыс және жақын шетелдердің ұйымдары мен кәсіпорындарында тағылымдамалар арқылы жүзеге асырылады.
Оқытушылар 300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбек шығарды, 15 авторлық куәлік пен Қазақстан Республикасының инновациялық патентін алды, 8 монография, 30-дан астам оқулық және оқу құралдары, 45 электрондық оқулық жарияланды.
Нөлден аспайтын импакт-факторлы журналдарда 160-тан астам мақала, ККСОН басылымдарында 30 мақала жарияланды. Алыс және жақын шетелдерде 120-дан астам ғылыми еңбек басылды.
Ғылыми-зерттеу нәтижелері оқу процесіне және өндіріске енгізіледі, бұл 70-тен астам енгізу актілерімен расталған.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Erasmus+бағдарламасының қолдауымен “Texstile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan” (TEX4FUTURE) тоқыма материалдарын сынау орталығы ашылды.Бұл орталық-тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін заманауи ғылыми-практикалық орталық ретінде қызмет ететін бірегей жоба.







Академиялық ұтқырлық
Біздің студент академиялық ұтқырлық аясында Алматы техникалық университетінде оқыды.
2022–2023 оқу жылының күзгі семестрінде 6В07231 – «Сән индустриясы және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының тауар қозғалысы» білім беру бағдарламасы бойынша ЖТ-21-5к1 тобының студенті Шегебаева Гүлдана Бейсенбаевна академиялық ұтқырлық аясында Алматы техникалық университетіне барып оқыды.
Халықаралық ынтымақтастық
Біздің докторанттар шетелде тағылымдамадан өтеді.
Біздің докторанттар шетелде тағылымдамадан өтеді.
- Докторанттың аты-жөні: Мирзамуратова Роза Шамуратовна
- Тағылымдама өту орны: Эге университеті, Түркия
- Тағылымдама мерзімі: 01.03.2022 – 30.03.2022
- Білім беру бағдарламасы: 8D07230 – «Жеңіл өнеркәсіптегі инновациялық технологиялар»
- Дайындау бағыты: ғылыми-техникалық




Біліктілікті арттыру
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын технологиясы және конструкциялануы» кафедрасы бойынша жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) бекітілген біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес Шымкент қаласындағы жеңіл өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындарында біліктіліктерін арттырады. Олардың қатарында: «ALLIANCE» ТПК ЖШС, «Фабрика спецодежды» ЖШС, «Оңтүстік былғары» ЖШС, «Janna Eltanova» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «JNRAY Group» ЖШС бар. Сонымен қатар, ПОҚ мүшелері жоспардан тыс та біліктіліктерін арттырып, М. Әуезов атындағы ОҚУ ұйымдастыратын курстарда білім алып, сертификаттар алады: • «Инклюзивті жоғары білім: ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді педагогикалық-психологиялық қолдау технологиялары»; • «AUEZOV UNIVERSITY - 2025» халықаралық онлайн жазғы мектебі «Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі маркетинг және брендинг» тақырыбында; • «AUEZOV UNIVERSITY - 2026» халықаралық онлайн қысқы мектебі «Цифрлық трансформация жағдайында жеңіл және тамақ өнеркәсібін жаңғыртудың интегративті ғылыми-технологиялық тәсілдері» тақырыбында. Оқу курсынан өткені туралы куәлік

2023–2024 оқу жылында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру


2023–2024 оқу жылында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру.
2023–2024 оқу жылында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының аға оқытушысы Беккулиева Айнұр Сейткадыровна 2023 жылғы 02.10-нан 31.10-ға дейін Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік былғары» ЖШС-де «Зығыр матадан арнайы киім конструкциясын құрастыру тәсілін талдау» тақырыбы бойынша жеке жұмыс жоспарына сәйкес 120 сағат көлемінде ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

2023–2024 оқу жылында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының PhD доцент, Дайрабай Динара Дастанқызы 2023 жылғы 02.10-нан 31.10-ға дейін Шымкент қаласында орналасқан «Janna Eltanova» ЖШС-де «Ерлерге арналған арнайы киім жиынтығының пішімі мен қатпарларын өңдеу технологиясы» тақырыбы бойынша жеке жоспарға сәйкес 120 сағат көлемінде ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

Режаббоев Сохиб Тожимирзаевич- 09.06.2025–09.07.2025 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы ОҚУ-да ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 144 сағат көлемінде «Жоғары мектепте техникалық пәндерді оқытудың заманауи инновациялық әдістері» курсы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.

Усманов Шухратжон Камолжонович- Erasmus+ TEX4FUTURE бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің базасында 2024 жылғы 10 маусымнан 10 шілдеге дейінгі аралықта «Болашақ тоқыма» тақырыбы бойынша 144 сағаттық біліктілікті арттыру курс бағдарламасын сәтті меңгерді.

Біздің түлектер
2024 ж.-докторантура
Мамандығы, білім беру бағдарламасы:
8D07230-«Жеңіл өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялары»
Қазіргі лауазымы:
Директор
Негізгі жетістіктері:
ТОО «Janna Eltanova» фабрикасының директоры
Мамандығы, білім беру бағдарламасы:
6В07230-«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» бакалавр
Қазіргі лауазымы:
ТОО «TПК ALLIANCE» Технолог
Негізгі жетістіктері:
ТОО «TПК ALLIANCE» фабрикасының Технолог маманы
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.


