
1КАФЕДРА · Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Кафедра меңгерушісі
Мусабеков Ахметбек Ахылбекұлы,
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: Шымкент қ., 486018, Тәуке хан даңғ., 5,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «4» корпусы, 3 қабат.
Телефоны: 8-701-444-16-68
e-mail:
Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Есенов Ермухамед Кудабаевич
Техникuа ғылымдарының докторы, профессорПрофиль →
Есмагамбетов Болат-Батыр Саухымович
Техника ғылымдарының докторы, профессорBulatbatyr@mail.ruПрофиль →
Тапалов Турганбек Тапалович
Техника ғылымның кандидаты, доцент20tapalov@mail.ruПрофиль →
Исмаилов Серик Умирбаевич
Техника ғылымның кандидаты, доцентПрофиль →
Апсеметов Абдулхак Туретаевич
Техника ғылымның кандидаты, доцентПрофиль →
Каюмов Камиль Гафутдинович
Техника ғылымның кандидаты, доцентПрофиль →
Балабекова Мадина Оразалиевна
Техника ғылымның кандидаты, доцентПрофиль →
Алымов Нурлыбек
Техника ғылымның кандидаты, аға окытушысыПрофиль →
Сайдахметов Мурад Аблатыевич
Техника ғылымның кандидаты, доцентПрофиль →
Тургенбаев Досжан Нурмаганбетович
Аға оқытушыПрофиль →
Алтынбеков Рустем Феликсович
Техника ғылымның кандидаты, доцент202030@inbox.ruПрофиль →
Ахметова Кульжамиля Таскуловна
Аға оқытушыПрофиль →
Джакибаев Ахмедия Шайхисламович
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Утебаев Ерлан Мусатаевич
Аға оқытушыПрофиль →
Мирзакельдиев Абдукаюм Алимбаевич
ОқытушыПрофиль →
Байгабылова Динара Калтаевна
Магистр оқытушыПрофиль →
Есенбек Асылбек Сағынтайұлы
Магистр аға оқутышыПрофиль →
Маркабаева Динара Байбулатовна
Магистр оқытушыПрофиль →
Абдрахманов Даурен Алжанович
Магистр оқытушыПрофиль →
Джаналиев Балатай Муратович
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Батырбеков Амантай Абдрахимович
Магистр, аға оқытушыПрофиль →
Архабаев Асет Бахтиярович
Магистр, аға оқытушыgedeon777@mail.ruПрофиль →
Умбетов Адильхан Жумадилович
Магистр, оқытушыПрофиль →
Нурмагамбет Саян Досжанович
Магистр, оқытушыsayan_nayas@mail.ruПрофиль →
Мирзабаев Берик Исламбекович
Аға оқытушы, PhD докторыberik.mirza@mail.ruПрофиль →
Қырғызбай Аяжан Қайратбекқызы
Магистр, оқытушыПрофиль →Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару
Құжаттар мен бағдарламалар
Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Кафедра тарихы
«Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасы
«Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасы 1962 жылы құрылды және «Химия-технологиялық процестерді автоматтандыру және кешенді механикаландыру» деп аталды. Бірінші меңгерушісі техника ғылымдарының докторы, профессор Ким Лен Зу Валерий Андреевич болса, кейін кафедраны т.ғ.к., доцент В.П.Морозов басқарды.
Одан кейінгі жылдары кафедраны Мақажанов Б.Т., Оспанова А.О., Есенов Е.Қ., Авдеев В.Г., Инков А.М., Тапалов Т.Т., Исмаилов С.У. басқарды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мұсабеков Ахметбек Ахылбекұлы болып табылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 25 адамнан тұрады, оның ішінде 2 ғылым докторы, профессор, 10 ғылым кандидаты, доцент және 8 магистрант бар. Кафедра мамандар дайындауды мынадай бағыттарда жүзеге асырады:
- бакалаврлар: 6В07110 – «Автоматтандыру және басқару» және 6В06210 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламалары бойынша;
- 7М07110 – «Автоматтандыру және басқару» оқу бағдарламасы бойынша магистрлер.
2021 жылы кафедрада 8D07110 – «Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлық өңдеу жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылды.
Бүгінгі таңда «Автоматтандыру, телекоммуникациялар және басқару» кафедрасы университеттегі табысты дамып келе жатқан кафедралардың бірі болып табылады. Кафедрада танымал Siemens және Festo фирмаларының компьютерлерімен және жабдықтарымен жабдықталған мамандандырылған оқу және ғылыми зертханалар, студенттер мен магистранттардың оқу үдерісінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын IT-орталық зертханасы бар.
Кафедраны әр жылдары бітірген түлектер қатарында жоғары оқу орындарының ректорлары болып Сәбден О.С., Ахметов И.С., Есенов Е.Қ. және Қозыбақов М.Ж. жұмыс істеген.
Кәсіпорындар мен фабрикалардың бірінші басшылары: Суворов А.С., Клименко А.И., Ақкузов М.К., Ешенқұлов Қ.Т., бас метрологтар: Зубко А.Р., Елисанов А.А., Бочаров В.И., Черепанов А.Я. бар. Жоғары білім саласында. т.ғ.д. Пляцук Л.Д., т.ғ.д. Ескендіров Ш.З, т.ғ.д. Оспанова А.О., т.ғ.д. Ху Вэн Цен, т.ғ.д. Мұсабекова Л.М. жұмыс істеді.
Автоматтандырудың заманауи перспективалық бағыты бойынша алған білімдері көптеген түлектерге жұмысқа орналасуға және банк құрылымдарында, Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, қорғаныс кәсіпорындарында, радио және теледидарда және т.б. табысты жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Кафедрадағы оқу процесінің инновациялық элементі - дуальды оқыту бойынша студенттер «РКОР» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ сияқты өңірдегі жетекші кәсіпорындар базасында оқиды.
Өткен жылдарда академиялық ұтқырлық Вильнюс техникалық университетімен (Литва), Сеул техникалық университетімен (Корея Республикасы), Люблин техникалық университетімен (Польша) жүзеге асырылды. Академиялық ұтқырлық бойынша кафедрада қазіргі уақытта Хемниц технологиялық университетінде (Германия) студент Мадалиұлы Қ. оқып жатыр.
«АТжБ» кафедрасы көптеген университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен белсенді ынтымақтастықта, мысалы: Дәукеев атындағы АЭжБУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Бауман атындағы МГТУ, (Ресей); Нижний Новгород мемлекеттік техникалық университеті, (Ресей); Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Физика-техникалық институты; Heilbronn қолданбалы ғылым университеті, (Германия); Юньнань университеті, Куньмин, (Қытай) жұмыс істейді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы
Бакалавриат Білім беру бағдарламалары
Магистратура және докторантура Білім беру бағдарламалары
Каферданың тәрбие жұмысы
2024-2025 оқу жылында. Кафедрада 500 шамасында студент, магистранттар және докторанттар білім алуда. Кафедрада барлығы 25 академиялық топ бар. Оқу жылының басында тәлімгерлердің жұмысының жоспарлары ОҚУ тәрбие жұмысы бөлімінің меңгерушісімен тексеріліп бекітілді. Жоспар 10 бағыттан тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата заң» тақырыбында іс-шара өтті және куратор Утебаев Е.М. «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тірегі», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл күніне арналған. мысалыға куратор Серкебаев Е. Кафедраның академиялық топтарының студенттері факультет пен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Бақылау сағаттары кесте бойынша аптасына бір рет өткізіліп, кафедрада студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімі, факультеттегі және университеттегі іс-шаралар туралы ақпарат жүйелі түрде талқыланды Сонымен қатар әр топтың жоспары бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Қазіргі таңда, әр айдың басында https://classroom.google.com дәлелдерін жіберіп тұрады.
Арнай тәрбие жөніндегі сарапшы әдід бағасын қойып бағалап тұрады. келесі суреттерді мысалы ретінде 3 курстарға жүзгізілген тәлімгерлік сабақтың интернетке енгізу және бағаланған суреттері көрсетілген.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің "Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару" кафедрасның "Радиотехника, телекоммуникация және электроника" мамандығының Ип-24-7К2 және Ип-24-7К2 топ курс студенттерін *АҚ Транстелекомға* алып келдік.
Мақсат: Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы ең алдыңғы ірі компаниясы - АҚ Транстелеокммен таныстыру, мамандыққа баулу, жас мамандарға өз саласының майталмандарынан бағыт алу, болашаққа жол көрсету. алып келген топ кураторлары: Дүйсенғали Гүлбақыт Бахтығалиқызы, Қырғызбай Аяжан Қайратбекқызы



Сонымен қатар ПОҚ және студенттер университеттің өміріне және ұйымдастырған ісшараға атсалыса қатысады келесі слайдтағы суреттерде көрсетілген .

Carousel Item Title










Кафедраның жетістіктері
2025 жылдың 03-04 сәуір күндері «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінде «Заманауи ғылым: жас ғалымдардың жаңа тәсілдері мен қазіргі зерттеулері» атты XXVІІІ Республикалық студенттік ғылыми конференциясы болып өтті. АТБ кафедрасы секциясында студенттердің баяндамаларын тыңдау жоспарланды және жүзеге асырылды.
Студенттер баяндамалары жаңа технологияларды үйрену, үйлесімді жəне ыңғайлы жұмыс орындау технологияларын дамыту, энергетика жобаларын өңдеу, қол жетімді нәтижелерге жету, өзгерістік технологиялар жайлы мағлұмат алу жəне өмірді жақсарту жолындағы технологияларды көрсету мүмкіндіктерін қамтыды Жасалған баяндамалар ғылым және техниканың кең облыстарын қамтыды және қатысушылар зор қызығушылықпен тыңдады.
Баяндамалардың ішінен секция профессор-оқытушыларының бір ауызды пікірімен келесі 3 студент жүлделі орындар иегерлері атанды және мақтау қағаздары мен марапатталды: 5 секция Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару 1 – орын Алишер А., Байшан М. ИП-23-7к1 тобының студенттері Ғылыми жетекшісі: Джакибаев А.Ш. – аға оқытушы, магистр 2 – орын Нарикбаева А. ИП-24-5к2 тобының студенті Ғылыми жетекшісі: Байғабылова Д.К.– оқытушы, магистр 3 – орын Налибаева А. ИП-23-5к2 тобының студенті Ғылыми жетекшісі: Маркабаева Д.Б. – оқытушы, магистр
Ағылшын тілі пәнінен “Train Your Brain” олимпиадасы 2025 жылғы 15 сәуір күні 1-курс техникалық мамандықтарының студенттері арасында “Train your brain” тақырыбында ағылшын тілі бойынша пәндік олимпиада өткізді.
Аталған іс-шараға «АС және К», «ММІ» факультеттері мен «ХИ және Б», «Т және АТЖ», «АТ және Э» жоғары мектептерінен 50-ден астам үздік студенттер қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1 кезең – грамматика, тыңдалым және оқылым бойынша тапсырмалар; 2 кезең – жазылым және ауызша сөйлеу дағдыларын бағалау бойынша өтілді.
Аталған құрылым студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жан-жақты саралап, олардың тілді меңгерудегі барлық негізгі дағдыларын бағалауға мүмкіндік берді.
Олимпиада нәтижесі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен келесі студенттер жеңімпаз атанды: - І орын – Мукушев Ильяс, ИП-24-7к2 тобы Мукушев Ильяс – ағылшын тілі олимпиадасының жеңімпазы! 15 сәуір күні өткен ағылшын тілі пәнінен олимпиадада ИП 24 7К2 студенті Мукушев Ильяс үлкен жетістікке қол жеткізді.
60-қа жуық студент қатысқан бұл сайыста Ильяс бар білімін көрсетіп, 1-орынды иеленді. Олимпиада екі турдан тұрды, әр кезеңде оқушылардың тілдік дағдылары, сөздік қоры мен грамматикалық білімі сынға түсті. Білім мен табандылықтың арқасында Ильяс жеңіске жетіп, сыйлық ретінде грамота мен кітапқа ие болды.
Бұл жеңіс – оның тынымсыз еңбегі мен тіл үйренуге деген қызығушылығының нәтижесі. Мукушев Ильясты осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алда әлі талай биіктерді бағындыруына тілектеспіз!
15 Наурыз күні, Наурыз мерекесінің Ұлттық спорт күні аясында шағын футболдан оқытушылар және қызметкерлер арасында өткізілген жарыста 1 ші орын алғаны үшін «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының оқытушысы Б.Б.Ж алғыс хатпен марапатталды.

Басқару жүйелері, есептеу техникасы, робототехника, электржабдықтау саласындағы қазіргі заманғы ақпаратты технология және жүйелеріндегі білімдері және іс-тәжірибелері қалыптасқан мамандар арқасында әмбебап жүйелерді дамыту – Бұл Қазақстан экономикасының келешегі!
Құрметті талапкер!
Біздің мамандықты таңдай отырып Сіз дұрыс таңдау жасадым деп сеніңіз. Бұл шешім Сіздің жоғары білімді, болашағы сенімді маман болып шығуыныздың кепілі!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Золотой фазан жарысынан ИП -20-5К1 студенті Керимбай Нурболат 1 орынды алды

2024 жылдың 27 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚИУ бас ғимаратының 340 акт залында «Менің алғашқы стартапым» бизнес-жобалар байқауы өтті. Байқауға 41 жоба ұсынылды. 41 жобаның ішінен жетекшісі Б.И.Мирзабаевпен 3 курс студенті Абдумажитов Нұрпейіс қатысып, 3 орынға ие болды және 350 000 теңге жүлдеге ие болды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Халықаралық ынтымақтастық
АТУ кафедрасының білім беру бағдарламасына сәйкес шет мемлекеттердің келесі жетекші университеттерімен және ғылыми-зерттеу институттарымен ғылыми және достық қарым-қатынастар орнатылған: Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті (Мәскеу); Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті, (Санкт-Петербург); Иваново мемлекеттік химия-технологиялық университеті (Иваново); Bauhaus-UniversitätWeimar, FakultätBauingenieurwesen (Германия); Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ''Физика-Күн'' Материалтану институты; М.Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университеті (Ташкент);
Ынтымақтастықтың негізгі нысандарына ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу, бірлескен зерттеулер, диссертациялар қорғау және т.б. жатады.
Кафедра студенттердің, магистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамның ұтқырлығы бағытында көршілес елдердің ЖОО-мен ынтымақтасады.
Бүгінгі таңда кафедрада жоғары біліктілікті, ғылым дәрежесі және атақтары бар оқытушылар жұмыс істейді және ғылыми – ізденістегі негізгі, қолданбалы, жұмыстар аспиранттар және стажерлар дайындауда елеулі істер атқарылуда.
Кафедра қазақ ұлттың техникалық университетімен Д.И. Менделеев атындағы РХТУ, М.В. Ломоносов атындағы ХМУ-ның акустика кафедрасымен, Германиядағы техникалық акустика, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті, (Санкт-Петербург қ.); Иваново мемлекеттік химиялық-технологиялық (Иваново қ.); Bauhaus-Universität Weimar, Fakultät Bauingenieurwesen (Германия); ''Физика-Солнце'' РОМ ҒА материалтану институтымен және т.б. оқу және ғылым ұйымдарымен тығыз ғылыми байланыста.
АТУ кафедрасының білім беру бағдарламасына сәйкес шет мемлекеттердің келесі жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен ғылыми және достық байланыстар орнатылған: Ресей химия-технологиялық университеті. Д.И. Менделеев (Мәскеу); Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті, (Санкт-Петербург); Иваново мемлекеттік химия-технологиялық университеті (Иваново); Bauhaus-UniversitätWeimar, FakultätBauingenieurwesen (Германия); Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ''Физика-Күн'' Материалтану институты; М.Улугбек атындағы Өзбек ұлттық университеті (Ташкент);Ынтымақтастықтың негізгі нысандарына ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, бірлескен зерттеулер, диссертациялар қорғау және т.б. жатады.Кафедра студенттердің ұтқырлығы бағытында көршілес елдердің ЖОО-мен ынтымақтастық жасайды. , магистранттар мен оқытушылар құрамы.
2024 жылы Оңтүстік Қазақстан газетінің сайтында "біздің студенттер шетелде оқу" мақаласы жарияланды, оның авторы оқытушы А. А. Батырбеков болды. мақалада М. Әуезов атындағы "автоматтандыру, телекоммуникация және басқару" кафедрасының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік университеттерде оқығаны туралы баяндалады.
Мақаламен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://okg.kz/post?id=36131&slug=bizdin-studentter-shet-elderde-oqidy
2024/2025 оқу жылы "Оңтүстік Қазақстан Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында "Автоматтандыру және басқару" бағыты бойынша бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасы туралы келісім жасасты.
М. Әуезов "(Шымкент қ., Қазақстан Республикасы) және "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институты" Ұлттық зерттеу университеті (Ташкент қ., Қазақстан Республикасы) Ішкі академиялық орам бағдарламасы бойынша Тынышбаев атындағы ALT университетінен (Алматы қ. 6в06210 "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" білім берудің бағдарламасы бойынша 2024/2025 оқу жылында көктем семестрде Аққанова Назерке Бердиханқызы және Әкімбек Толғанай Нұрланқызы жоғарғы оқу орнының арасындағы өзара білім алмас негизинде кафедрасы қабылданды.
Біздің жас ғалымдар
Біздің жас ғалымдар2023-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға жобалар дайындалды.
1.
«Жаңартылатын энергияны электр энергиясына айналдыру процесін автоматтандырылған басқару жүйесі бар эксперименттік қондырғыны зерттеу және әзірлеу» п.ғ.к., Сарибаева А.С.
2.
П.ғ.к., Мусабекова А.А. жетекшілігімен «Күн радиациясын бу және жылуды дайындау бойынша кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына шоғырландыру технологияларын біріктіру».
3.
«Жылу энергиясы орталықтарының қазандық қондырғыларында улы заттардың жану процесін зерттеу және түтін газдарындағы зиянды заттардың концентрациясын төмендетуді қамтамасыз ететін отын жағуды ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу» п.ғ.к., Арыстанбаев Қ.Е.
4.
«Отын жану өнімдерінің концентрациясын жанама өлшеу негізінде жоғары температуралы жану процесін оңтайлы басқару жүйесін жасау» п.ғ.к., Апсеметов А.Т.
5. «Әскери және жалпы мақсаттағы ұшқышсыз ұшатын аппарат түріндегі атмосфералық спутник» п.ғ.к., Исмаилов С.У. жетекшілігімен.
6.
«Төтенше жағдай аймақтарында ұсталған әскери бөлімдер мен тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету үшін кешенді жылжымалы бөлімше» п.ғ.к., Исмаилов С.У. жетекшілігімен.
7.
«Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешенінің жер асты болат құбырлары мен конструкцияларын коррозиядан электрохимиялық қорғаудың технологиялық процесін автоматтандырылған басқару жүйесін құру, олардың сенімділігін, беріктігін, энергетикалық тиімділігін арттыру үшін ресурс тиімділігі және экологиялық қауіпсіздік» атты п.ғ.к., Каюмов К.Г жетекшілігімен өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты есебінен қаржыландырылған «Әскери және жалпы мақсаттағы ұшқышсыз ұшатын аппарат түріндегі атмосфералық спутник» тақырыбындағы ғылыми жоба жетекшісі т.ғ.к., Исмаилова С.У. 45 млн теңге көлемінде грант алды.
Орындаушылар: Мұсабеков А.А., Үмбетов А., Исмаилова А., Сарибаев А.С.,
Кафедрада «Автоматика және электроника маманы» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырылды.
Сыныпта жоғары білікті техника ғылымдарының кандидаты, доцент Каюмов К.Г. Үйірмеде автоматтандыру және басқару, жаңа ақпараттық технологиялар, коммуникациялық мүмкіндіктер, телекоммуникацияның өзекті мәселелері талқыланды.
Кафедра студенттері есеп берулермен үйірме жұмысына белсене қатысты.
Біздің жас ғалымдар2025 жылдың 03-04 сәуір күндері «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінде «Заманауи ғылым: жас ғалымдардың жаңа тәсілдері мен қазіргі зерттеулері» атты XXVІІІ Республикалық студенттік ғылыми конференциясы болып өтті.
АТБ кафедрасы секциясында студенттердің баяндамаларын тыңдау жоспарланды және жүзеге асырылды.




Практика
6В07110-Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы студенттерінің «KEGOK-ФЮМЭС» ЖШС, Шымкент қаласы, Дипломалды практикасында 17.03.2025-08.05.2025жж. аралығында өтуде


6В07110- Автоматтандыру және басқару білі беру бағдарламасының студенттері «Шымкентский пивоваренный завод» ЖШС Шымкент қаласы, дипломалды практикасын өтуде


6B07110-Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы студенттері «ASIA TRAFO» ЖШС Шымкент қаласы, өндірістік II практикасын 13.01.2025-23.02.2025жж. аралығында өтті.






РЭТ мамандығының студенттері ТОО "Связьмонтажстрой" және "Қазақтелеком" АҚ мекемесінде тәжірибе өтуде.




Талапкер
Талапкерге арналған буклет М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» жоғары мектебі «АВТОМАТТАНДЫРУ, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» кафедрасы
1) Оқыту бағдарламасы:
В063 – Электротехника және автоматтандыру
Мамандық:
6В07110 - АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
| Гранттар саны | ||
| Барлығы | Толық оқу | Қысқартылған оқу (колледж) |
| 1020 | 1020 | 20 |
Таңдау пәндері:
Толық оқу – Математика, Физика
Қысқартылған оқу – Математика, Өндірістегі автомат-тандырылған технологиялық процесстер
2) Оқыту бағдарламасы:
В059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар
Мамандық:
6В06210 - РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
| Гранттар саны | ||
| Барлығы | Толық оқу | Қысқартылған оқу (колледж) |
| 1100 | 1100 | жоқ |
Таңдау пәндері:
Толық оқу – математика, физика
Қысқартылған оқу - физика, электроника және схемо-техника негіздері
Республиканың Оңтүстік аймақтарында келесі мамандықтар жеткіліксіз, себебі ақпараттарды және мәліметтерді жіберу, өңдеу жүйелерімен және компьютерлік техникалармен қамтамасыздандырылған мекемелер, өндіріс пен шағын кәсіпорындар жоғары жылдамдықпен өсіп жатыр.
6В07110 - АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
– автоматтандырылған басқару жүйелері және өндірістерді басқару жүйелерін ақпараттандыру мамандарын дайындайды;
– эксплуатация, жөндеу, баптау, кешендер мен автоматтандыру жүйелерін жобалау кәсіпорындарында, бақылау-өлшеу құралдары мен микропроцессорлік техникамен қызмет атқаратын автоматтандыру инженер және бағдарламалық қатамасыздандыру мамандығын дайындайды.
6В06210 - РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
- радиотехника, автоматтандырылған байланыс, кең профильді мобильді байланыс инженері; электронды жүйелерде қызмет көрсететін электронщик; телекоммуникация (телефон және радио байланыс, теледидар) салаларында жұмыс істейтін маман.
Мамандықтар аккредиттелген – АСИИН Германиялық агенттігі.
Евролейблді меңгерген мамандықтар – евроинженер.
Екі диплом бойынша тәжірибеден өту және шетелде білім алу мүмкіндіктері – Ресей, АҚШ, Европа жоғарғы оқу орындарында.
Осы мамандықтарда оқитын студенттер төмендегідей мамандықтарынан, мысалыға: электроника, есептеу мен микропроцессорлік техника, программалармен ақпараттарды дербес компьютерлерде автоматты түрде ақпараттарды өңдеу, жасанды интеллект жүйесі мен басқару, робототехника, автоматты жобалау, техникалық кибернетикадағы автоматты электржетегі, автоматты жобалау жүйелерінде, электр қондырғыларын жөндеу орындарында, процестерді басқару үшін керекті өлшеу құралдарымен басқару машиналарына керекті программалар жазу мен жөндеуде қызмет жасауда.
Қазіргі заманғы ақпараттық қамтамасыз ету және компьютерлендіру бағытында қалыптасқан білімдер, кафедра түлектері Қазақстан әскери күштері, ҰҚК, ІІБ, МАИ, телефон байланысы, радио және теледидар жүйелерінде, банк құрылымдарында, жеке кәсіпорындарында, көлік саласында және компьютерлік, өлшеу, тұрмыстық техникаларын, телерадио аппаратурасын жабдықтау, сату, қызмет және жөндеу мен талшықты – оптикалық байланыс желілерін пайдалану және т.б. салаларда жұмысқа орналасып, саналы жұмыс жасауға мүмкіншілік береді.
АТжБ кафедра мекен–жайы:
Шымкент қ, Тауке-Хан даңғылы 5, Г - корпусы, 3 этаж,
Телефон 30-14-12
Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты
Ерданқұлов А.
Байланыс нөмері: 8708-703-10-10
6B07110 Автоматтандыру және басқару
БББ ПАСПОРТЫ
| БББ атауы | 6В07110 – Автоматтандыру және басқару |
| Білім беру саласының коды мен жіктелуі | 6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
| Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі | 6В071 Инженерия және инженерлік іс |
| Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы | В063 – Электртехникасы мен автоматтандыру |
| Оқыту тілі | Қазақ, орыс, ағылшын |
| БББ көлемі | 240 кредит |
| Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері | - |
| Серіктес-ЖОО (ҚББ) | - |
| БББ мақсаты | Еңбек нарығында сұранысқа ие, АБЖ жобалау, монтаждау, пайдалану жұмыстарын жүзеге асыруға қабілетті, автоматтандырудың мамандандырылған техникалық және бағдарламалық құралдарын меңгерген мамандарды даярлау. |
| Берілетін дәреженің аталуы | «техника және технологиялар бакалавры» |
| Кәсіби қызмет саласы | Әртүрлі технологиялық процестермен өндірістерді, сондай-ақ ақпаратты өңдеу құралдарымен әдістерін қолданумен байланысты техникалық жүйелерді автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару саласы болып табылады. |
| Оқыту нәтижелері | ОН1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу. ОН2 Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерін, ғылыми және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы көрсету. ОН3 Кәсіпорынның жедел және командалық қызметін ұйымдастыруды, бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру, күрделі міндет туындаған жағдайда оны орындау немесе оны орындау бойынша кеңестер беруді жүзеге асыру арқылы ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу. ОН4 Электроника, микроэлектронды техника, автоматика элементтері мен құрылғылары жұмысының құрылымдық схемалары мен принциптерін білу негізінде басқарудың ақпараттық-өлшеу және автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу үшін өлшеу, бақылау және басқару құралдарын негізді таңдауды жүзеге асыру, автоматтандырудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу дағдыларын меңгеру. ОН5 Деректер қорын басқару жүйелерін және сараптамалық жүйелерді пайдалану, басқару объектілерін модельдеу және сәйкестендіру әдістерін, сондай-ақ зерттеулердің эксперименталды әдістерін меңгеру негізінде автоматтандыру және басқарудың оңтайлы, сенімді жүйелерін әзірлеу. ОН6 Басқару контурларын құрастыру және реттеуіштердің оңтайлы баптауларын есептеу, автоматты басқару теориясының негіздерін білуді пайдалана отырып, өлшеу құралдарының және автоматиканың бірқалыпты жұмысын және қажетті дәлдік деңгейін бақылауды қамтамасыз ету. ОН7 Қолданбалы ақпарат теориясының заңдары мен әдістерін меңгеру негізінде басқару жүйелерінде ақпарат тасымалдаушы сигналдарды жинау, түрлендіру және беру жүйелерін әзірлеу және талдау. ОН8 Әртүрлі технологиялық жабдықтарды логикалық басқару үшін өнеркәсіптік контроллерлердің басқарушы бағдарламаларын әзірлеу және қолданыстағы аналогтармен салыстыру арқылы олардың тиімділігін бағалау. ОН9 Белгілі бір жағдайға негізделген таңдау жасай отырып, типтік технологиялық процестер мен салалар үшін автоматты реттеу және басқару жүйелерін жіктеу жасау. ОН10 Техникалық тапсырманы әзірлеужәне автоматтандыру және басқару жүйелерінің жобалық құжаттарын рәсімдеу үшін автоматтандырылған жобалаудың мамандандырылған жүйелерін қолдану. ОН11 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу. ОН12 Өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу. |
6B06210 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
БББ ПАСПОРТЫ
| БББ атауы | 6В06210 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» |
| Білім беру саласының коды мен жіктелуі | 6В06 «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» |
| Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі | 6B062 «Телекоммуникациялар» |
| Білім беру бағдарламаларының тобы | B059 – «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар» |
| Оқу тілі | қазақ, орыс, ағылшын |
| БББ көлемі | 240 кредит |
| Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері | - |
| Серіктес-ЖОО (ҚББ) | - |
| БББ мақсаты | Радиотехника және телекоммуникация саласындағы экономиканың инновациялық және ғылымды қажетсінетін салалары үшін қажетті, тиісті теориялық және практикалық білімді меңгерген, теория мен тәжірибенің негізгі даму үрдістерін түсінетін мамандарды даярлау. |
| Берілетін дәреженің атауы | «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры» |
| Кәсіби қызмет саласы | · телекоммуникациялық жүйелер мен желілер; · ұялы байланыс желілері; · жерсеріктік жүйелер; · талшықты-оптикалық байланыс жүйелері; · байланыстың түрлі радиотехникалық жүйелері. |
| БББ бойынша оқу нәтижелері | ОН1. Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау. ОН2. Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерін, деректерді математикалық және компьютерлік әдістерімен өңдеу, зерттеудің теориялық және тәжірибелік құзыреттерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін көрсету.ОН3. Ақпараттық және есептеуіш сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау іскерлігіне ие болу. ОН4. Сандық желілік байланыс технологиялары мен өндірістік байланыс құрылымдарында жүретін физикалық және басқа процестердің параметрлерін есептеудің математикалық әдістерін меңгеру. ОН5. Инфокоммуникация объектілерінде, мобильді байланыс желілерінде және байланыс жүйелерінің желілерінде баптауды және регламенттік пайдалану қызметін көрсетуді және оларды жобалауды және жаңғыртуды жүзеге асыру. ОН6. Заманауи технологияларға және цифрлық желілік байланыс технологияларының сипаттамаларын жақсарту бойынша озық тәжірибеге сүйене отырып, әртүрлі телекоммуникациялық және радиотехникалық байланыс объектілері жүйелерінің оңтайлы математикалық модельдерін әзірлеу, зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау. ОН7. Қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастырудың экономикалық және экологиялық принциптерін ескере отырып, байланыс құрылымдарында қазіргі заманғы мобильді байланыс желілердің стандарттары мен әдістерін қолдануды негіздеу және ұсыну. ОН8. Арнайы бағдарламалау кешендерінің құралдарын қолдана отырып, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді ұйымдастыру, робототехникалық жүйелерді басқару бағдарламаларын әзірлеу және тестілеу. ОН9. Энергетикалық, технологиялық, конструкторлық, пайдалану, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, мобильді радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің жобаларын әзірлеуге, құрастыруға және іске асыруға қабілеттілігі. ОН10. Телекоммуникация және мобильді радиотехника құрылымдары үшін жүйелік, аспаптық және құрылымды басқаруда қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, баптау және қызмет көрсету инновациялық технологиялары мен әдістерін ұсыну және пайдалану.ОН11. Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік дағдылар мен жұмыс дағдыларын пайдалану. ОН12. Өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу. |
7M07110 Автоматизация и управление
ПАСПОРТ ОП
| Наименование ОП | 7M07110 - «Автоматизация и управление» |
| Код и классификация области образования | 7M07-Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли |
| Код и классификация направления подготовки | 7M071- Инженерия и инженерное дело |
| Группа образовательных программ (ОП) | М100 - «Автоматизация и управление» |
| Язык обучения | казахский, русский, английский |
| Трудоемкость ОП | 120 кредит |
| Отличительные особенности ОП | - |
| ВУЗ-партнер | - |
| Цель ОП | Подготовка компетентных научно-педагогических кадров для системы высшего образования и научной сферы –автоматизации и управления. |
| Наименование присуждаемой степени | «Магистр технических наук» |
| Сфера профессиональной деятельности | Область автоматизации, информатизации и управления в различных отраслях народного хозяйства, а также технических системах, связанных с применением средств и методов обработки информации. |
| Результаты обучения | РО1 Демонстрировать знание иностранного языка в межличностном общении, профессиональной деятельности, написании научных статей. РО2 Анализировать основные мировоззренческие и методологические проблемы, в том числе междисциплинарного характера, возникающих в науке на современном этапе ее развития, применяя методы теоретического и экспериментального исследования; соблюдать принципы академической честности и порядочности. РО3 Оценивать развитие и эффективное использование персонала в организации, на основе владения социально-психологическими технологиями управления массовым поведением. РО4 Разрабатывать учебно-методический комплекс дисциплин, критически оценивать научную организацию труда педагога высшей школы, анализировать природу педагогических явлений РО5 Рассчитывать характеристики систем автоматизации и управления на основе современных научных подходов. РО6 Анализировать и обсуждать результаты самостоятельных экспериментальных и теоретических исследований при разработке и проектировании оптимальных методов управления техническими научными объектами. РО7 Решать задачи по проблемам математического моделирования в объектах и аппаратах управления на основе современных теоретических методологий и научных подходов РО8 Формулировать изученный теоретический материал при решении задач компьютерных технологий в управляющих системах и объектах повышенной сложности управления. РО9 Классифицировать системы автоматического регулирования и управления типовых технологических процессов и производств с целью обоснованного выбора для конкретной ситуации. РО10 Разрабатывать техническое задание, оформлять проектную документацию систем автоматизации и управления с помощью специализированных систем автоматизированного проектирования. |
8D07110 Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері
БББ ПАСПОРТЫ
| БББ атауы | 8D07110 Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері |
| Білім беру саласының коды мен жіктелуі | 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
| Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі | 8D071 Инженерия және инженерлік іс |
| Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы | D100 Автоматтандыру және басқару |
| Оқыту тілі | қазақ, орыс, ағылшын |
| БББ көлемі | 180 кредит |
| Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері | |
| Серіктес-ЖОО (ҚББ) | |
| БББ мақсаты | "Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері" білім беру бағдарламасы "Инженерия және инженерлік іс" бағыты бойынша құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. |
| Берілетін дәреженің аталуы | PhD философия докторы |
| Кәсіби қызмет саласы | -ғылыми-өндірістік орталықтардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми және басқару қызметі; - Білім және ғылым министрлігінің, басқа министрліктердің, түрлі деңгейдегі әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелеріндегі басқару қызметі. жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, эксперименттік-зерттеу, жобалау ұйымдарындағы және өндірістегі өндірістік қызмет; мамандануына сәйкес білім беру саласындағы және қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы өндірістегі эксперименттік-зерттеу қызметі. |
| Оқыту нәтижелері | ОН1. Өнеркәсіптің түрлі салаларында технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерінің функционалдық сұлбаларын құру әдістерін білу және түсіну.. ОН2. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерінің техникалық қамтамасыз етуді дамытудың қазіргі заманғы тенденцияларын білу және түсіну. ОН3. Өнеркәсіптің түрлі салаларында автоматтандырылған басқару жүйелерін немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерін пайдалануды, монтаждауды және баптауды сүйемелдейтін стандарттарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды білу және түсіну. ОН4. Теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, кәсіби міндеттерді шешудің әр түрлі нұсқаларының ұсыныстарын өз бетінше әзірлеу және дайындау үшін алынған білімдер мен түсініктерді қолдану. ОН5. Автоматтандырылған басқару жүйелері үшін немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелері үшін техникалық құралдарды әзірлеу, жобалау, монтаждау және баптау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін алынған білім мен түсініктерді қолдану. ОН6. Кәсіби қызмет саласында қолданылатын ақпаратты (соның ішінде зияткерлік) жинау, сақтау және өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін алынған білім мен түсініктерді қолдану. ОН7. Технологиялық процестерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелері немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелері туралы пікір қалыптастыру. ОН8. Автоматтандыру жүйелерін немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерін салыстырмалы талдау және бағалау үшін, оның ішінде жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, бағдарламалық құралдарды пайдаланудың қазіргі заманғы тәсілдері туралы пайымдауларды қалыптастыру. ОН9. Өндірістік процестерді автоматтандыру кезінде немесе деректерді цифрлы өңдеу жүйелерінде қолданылатын автоматтандыру жүйелерінің немесе деректерді цифрлық өңдеу жүйелерінің заманауи техникалық қамтамасыз етуі (датчиктер, атқарушы механизмдер, микроконтроллерлер, мамандандырылған микропроцессорлар және т.б.) туралы пайымдауларды қалыптастыру. |
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.







