
5КАФЕДРА · Компьютерлік инженерия және энергетика жоғары мектебі
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Джусупбекова Гулзат
Турысбековна
Кафедра меңгерушісі
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы.
Тәуке-хан даңғ.,5,"Г" корпусы
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Шаймерденова Гулдана Смахуловна
PhD доктор, доцентПрофиль →
Алишева Сандуғаш Салхуддинқызы
PhD доктор, доцентПрофиль →
Тоқтарова Айгерім Бастарбекқызы
PhD доктор,доцентПрофиль →
Амиров Манат Мұстапайұлы
Аға оқытушыПрофиль →
Жайлаубаев Нұралы Мусірұлы
Аға оқытушыПрофиль →
Момбекова Сандуғаш Сейсембаевна
Аға оқытушыПрофиль →
Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы
Аға оқытушыПрофиль →
Рахымбек Назира Жайлауовна
Аға оқытушыПрофиль →
Бибулова Дана Абдусаттаровна
Аға оқытушыПрофиль →
Тастанбекова Баян Омирзаховна
Магистр,оқытушыПрофиль →
Айхынбай Күлайша Тешебайқызы
Магистр,оқытушыПрофиль →
Айдарова Таңжұлдыз Нұралиевна
Магистр,оқытушыПрофиль →
Рысқұл Тұрсынбек Ағабайұлы
Магистр,оқытушыПрофиль →
Каржаубекова Самал Сеилбековна
Магистр,оқытушыПрофиль →
Иманбеков Иманғали Саржанұлы
Магистр,оқытушыПрофиль →Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Құжаттар мен бағдарламалар
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Кафедра тарихы
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы 2002ж.«Информатика» кафедрасы негізінде ашылды.
Сол жылдардан бері қарай «Информатика» кафедрасының меңгерушісі болып 2002-2017 жж. аралығында ф.-м.ғ.к., доцент М.М.Медетбеков басқарды, 2017-2018жж. аралығында п.ғ.к., доцент Ж.Д.Изтаев, ал 2018ж бері п.ғ.к., доцент Гүлзат Турысбекқызы Джусупбекова кафедраға жетекшілік етіп келеді.
Кафедра бойынша 2025-2026 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы 18 оқытушыны құрайды. Оның ішінде 1 кандидат, 3PhD доцент, 6 аға оқытушы, 8 оқытушы қызмет етуде.
Кафедраның аға оқытушысы М.М.Тұрғанбекова 27.05.2024-27.05.2025ж аралығында «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша бір жылдық стипендияны жеңіп алып Иллинойс штаты, Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс университетінде тағылымдамадан өтіп келді.
Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы PhD, доцент Г.С.Шаймерденова және аға оқытушы А.Б.Тоқтарова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2024» атағына ие болды.
«Информатика» кафедрасында оқытылатын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мақсаты білім алушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру, қолдану және талдау, сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету.
Бағдарлама студенттердің қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
2024-2025 оқу жылында кафедара 6В06141 – «Виртуалды шындықты моделдеу және құру» мамандығы Білім беру бағдарламасы бойынша ашылды.
Бұл мамандықтың мақсаты Виртуалды және кеңейтілген шындық технологиялары саласында заманауи теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие, интерактивті цифрлық орталарды жобалау, моделдеу, бағдарламалау және енгізу қабілеті бар, сондай-ақ ІТ-индустрия, білім беру, медицина, өнеркәсіп және ойын технологиялары сияқты түрлі салаларда бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау.
Бұл бағдарлама студенттердің үшөлшемді графика, компьютерлік модельдеу, иммерсивті технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу және пайдаланушы интерфейстерін жобалау салаларындағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Осы мамандық бойынша 2024-2025 оқу жылында 21 студенті бар тұратын 1 топ және 2025-2026 оқу жылында 28 студенті бар 2 топ ашылып қазіргі таңда білім алуда.






Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы
03.04.2025күні «Ақпараттықтехнологияларжәне энергетика» жоғарғымектебінде «Замануи ғылым: жас ғалымдардың жаңа тәсілдері мен қазіргі зерттеулері» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» cекциясының жұмыс барысында жоспарланған 11 баяндама тыңдалды және олардың 4-і марапатталды.Нәтижесінде конференцияға қатысушылар төмендегідей I, II және III дәрежелі дипломдарға ие болды:
11.12.2024 жылы «Ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа қатерлері және интернет алаяқтықтан сақтану мен заманауи ІТ сауаттылықты арттыру әдістері» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияда ақпараттық коммуникациялық технологияларының өзекті мәселелері, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, нейрожелілер, STEM білім беру жүйесін пайдалану, виртуалды технологияларды қолдану жолдары мен дамыту аясы туралы мәселелер қарастырылды.Нәтижесінде конференцияға қатысушылар төмендегідей I, II және III дәрежелі дипломдарға ие болды:






2023 жылдың 7 желтоқсан күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғарғы мектебінде Университетіміздің 80-жылдығына арналған «Жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жастар – жарқын болашақтың сенімді кепілі» атты студенттік ғылыми конференциясы болып өтті.
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» секциясында 13 студенттің баяндамаларын тыңдау жоспарланған. Секцияның жұмыс барысында жоспарланған 13 баяндама тыңдалды және олардың 8-і марапатталды. Сонымен қатар конференцияда белсене катысып, баяндама жасаған 5 студент мақтау қағаздарымен марапатталды.






Бакалавриат Білім беру бағдарламалары
Кафедраның тәрбие жұмысы
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 02.04.2025ж. Кафедра оқытушысы Тастанбекова Баян Өміразаққызымен "Кітап сүйер жастар фестивалі" тақырыбында1-ші курс СМ-24-6к3 тобының білім алушыларымен челлендж өткізілді.
"Кітап сүйер жастар" – бұл кітап оқуды ұнататын, әдебиетке қызығатын және білімге құштар жас ұрпақ.
Олар өзара пікір алмасып, жаңа шығармаларды талқылап, әдебиет арқылы өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Кітап сүйер жастардың ерекшеліктері:
Оқу мәдениеті – олар түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, ой-өрісін кеңейтеді.
Талқылау дағдысы – оқыған кітаптары жайлы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салады.
Шығармашылық қабілет – кейбірі өлең жазады, әңгіме құрастырады немесе блог жүргізеді.
Кітап клубтарына қатысу – пікірлес адамдармен бірігіп, әдеби талқылаулар өткізеді.
Өзін-өзі дамытуға ұмтылыс – жаңа білім іздеп, әрдайым жетілуге тырысады.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 05.02.2025ж.«Нашақорлық – денсаулық жауы» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның өтуіне ММГ-24-6к1 тобының білім алушылары белсенділік танытты.
Кафедра оқытушысы Б.О.Тастанбекова нашақорлықтың зардабы, ұлтқа төндіретін қаупі, адам денсаулығына зияны және заң адындағы жауапкершілігі жөнінде пікірімен бөлісті. Іс-шара аясына білім алушылар нашақорлықтың алдын алуға бағытталған сахналық көрініс көрсетіп, концертік бағдарламасын ұсынды.



“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушылары Айхынбай Күлайша Тешебайқызы және Бибулова Дана Абдусаттаровна «Заңтану» және «Мәдениет және Өнер» факультетінің білім алушыларының ұйымдастыруымен 05.12.2024ж. “Тәуелсіздік таңы мәңгілік ” тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс- шара барысында тақырыпқа байланысты баяндама оқылды. Сонымен қатар жан тербетерлік көріністер мен би,ән, күй орындалды.
Іс-шараның мақасаты: болашақ ұрпаққа тәуелсіздікке жетудің қаншалықты қиын еңбекпен келгенін насихаттау және тәуелсіз еліміздің тұғырын биік ұстау парызымыз екенін түсіндіру болды.
Іс-шарада білім алушыларды еліміздің патриоты болуға және имандылық тәрбиесіне бет бұру жөнінде әңгіме жүргізілді.






“Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушысы Тастанбекова Б.О ұйымдастыруымен 01.10.2024ж. “Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шара барысында тақырыпқа байланысты баяндама оқыды.
Кафедра оқытушысы ұстаздардың қоғам мен білім ордаларындағы алатын орнын білім алушыларға түсіндірді.Жер бетінде сан мыңдаған мамандық иелері бар, солардың ішінде ұстаздық мамандықтың шоқтығы бәрінен де биік екендігі даусыз.К. Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.»
Ия, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе беретін кәсіп емес. Ол үшін адамда ең алдымен туа бітті қабілеті болуы керек.Сондай-ақ терең білімімен қатар,мамандыққа деген сүйіспеншілігі әрі зор құрметі де болуы шарт.Қазіргі уақытта жақсы мұғалім дайындау үшін жоғары оқу орындарындағы оқытушылар білімгерлеріне барын беріп,өз пәндерінен терең білім мен оқыту әдістемесінен дәріс береді, яғни ,бір сөзбен айтқанда,өн бойында педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлік тұнып тұрған жақсы маман жасап шығару үшін жатпай-тұрмай еңбек етеді, маңдай терін төгеді.Мен осы бір мамандықты ерте көктемнен қыбырлай бастайтын,әр еккен өнімінен жеміс алу үшін күндіз-түні еңбек етіп жүретін бағбанның өміріне қатты елестетемін.
Мұғалім де солай, ол әр шәкіртінен үлкен нәтиже күтеді. Ол өскелең ұрпаққа өз тарихы мен дәстүрін жеткізе отырып,қазіргі заман талаптарына сай етіп тәрбиелейді, құндылықтарды бойына сіңіреді.
Мұғалімнің бойында педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлікті қалыптастыру үшін өмір бойы тер төгуіңе тура келеді.Осы тұста белгілі ақын,қоғам қайраткері М.Шахановтың «Бала жүрегі-кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Әр ұстаздың қолында сол кілт үнемі жүру керек» -деген сөзі еріксіз есіңе оралады.
Мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастырып өту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін үздіксіз меңгеріп , өзінің алған теориялық білімін практикамен ұштастыра алса ғана еңбегінің нәтижесін көре бастайды.Ал осыдан соң мұғалімнің жұмысы қандай екенін біле беріңіз...
«Инемен құдық қазғандай» болған оның әр еңбегі асқан төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді.Бүгінгі мұғалім.
Ол білім алушылардың ой-өрісін кеңейтумен қатар,олардың санасын да қалыптастыра алатын тұлға.Оның сабырлылығы ,әділдігі және жанашырлығы білім алушылардың өзіне деген сенімін қалыптастырып,шығармашылық қабілеттерін дамытатыны анық.Сондықтан да қай кезде де мұғалімнің мәртебесін арттырып отыру үшін қоғамның барлық салалары бірлесіп жұмыс істеуі керек деп есептеймін.



«Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 18.02.2025ж.
Кафедра оқытушысы Сабырханова Ләззат Шалхарбайқызымен "Әділдік және жауапкершілік құндылықтары" тақырыбында 1-курс Хт-24-10к2 тобымен дөңгелек үстел өткізілді."Әділдік" және "жауапкершілік"адамдық қоғам мен моральдың негізгі ұғымдары.
Әділдік дегеніміз — барлық адамдарға бірдей көзқараспен қарап, дұрыс шешімдер қабылдау, ешкімді кемсіту немесе артықшылық бермеу. Бұл ұғым тек жеке адамның мінез-құлқына ғана емес, жалпы қоғамның жұмыс істеуіне де қатысты.



«Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 28.11.2024ж.
Кафедра оқытушысы Сабырханова Ләззат Шалхарбайқызымен "Діни экстремизимге қарсы ұлттар арасындағы достық пен татулыққа тәрбиелу" турасында Юм-24-2к1 топ білім алушыларына түсіндіру жұмысы өткізілді.Білім алушылар арасында діни экстремизмге қарсы ұлттар арасындағы достық пен татулыққа тәрбиелеу — қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі екендігі айтылды.
Бұл идея адамдарды діни немесе этникалық айырмашылықтарына қарамастан, бір-біріне құрметпен қарауға, түсіністікпен және ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеуі жайында өз ойларын жеткізді.



Кафедраның жетістіктері
2026 жылғы 25 наурызда AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» аймақтық университеттік AI-хакатонын өткізу«Digital Qazaqstan 2026» аясында Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Компьютерлік инженерия және Энергетика» жоғары мектебі «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы, «Виртуалды шындықты модельдеу және құру»білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар жобаға қатысып, 2-ші орынға ие болып 200 000тг көлемінде сыйақы алды.
«Digital Qazaqstan 2026» аясында аймақтық университеттік AI-хакатон өткізу келесі бағыттарға негізделген: • жастардың технологиялық бастамаларын қолдау; • басым салаларда AI қолданудың практикалық дағдыларын дамыту; • университеттерді ұлттық цифрлық күн тәртібіне енгізу; • перспективалы стартап-жобаларды анықтау және қолдау.



ФОРУМ НӘТИЖЕСІНДЕ ОҚЫТУШЫЛАРҒА ЖҮЛДЕЛІ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Университетімізде өткен «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтердің V Халықаралық форумына қатысқан оқытушылар жүлделі орындардан көрінді. «Ақпараттық технологиялар және энергетика»
Жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы, магистр Баян Тастанбекова білім алушыларға «ЖИ бағытында бағдарламаларды қолдана отырып ChatGpt, Undetectable.ai, Sytea, ChatPdf, Duolingo, Gamma қосымшаларымен жұмыс жасау» бойынша дәріс оқыды.
Сонымен қатар, аға оқытушы Сандуғаш Момбекованың «Инклюзивті Интеллекті: ЖИ үшін жауапты болашақ құру», «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті, PhD доктор Гульмира Сахметованың «Электр энергияның өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалар» тақырыбында ашық дәрісі тыңдалды.«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Айгерім Сейтханова «AI – аватарларды оқуүрдісінде қолдану: мүмкіндіктерімен болашағы» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Форум нәтижесімен Баян Тастанбекова «Білім беру технологиялары бойынша хакатан» аталымы бойынша І орынға, Айгерім Сейтханова ІІ орынға ие болды.
Гульмира Сахметова «VR/AR технологияларын қолдану бойынша ең үздік сабақ» аталымы бойынша ІІІ орыннан көрінді.
Әуезов университетінің оқытушылары «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2024» атағына ие болды «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздарының марапаттау рәсімінде 25.02.-27.02.2025жыл аралығында Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне төмендегі профессор оқытушыларды министр Саясат Нұрбектің құттықтауымен “Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы-2024” төсбелгісімен М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқытушылары марапатталды 1.Джунусбаев Серик Мутанович - т.ғ.к., «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі 2.Кидирбаева Халима Керимбаевна - б.ғ.к., «Биология және география» кафедрасының доценті 3.Шаймерденова Гулдана Смахуловна - «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының PhD, доценті 4.Тоқтарова Айгерім Бастарбекқызы - «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының магистр, аға оқытушысы




«500 ғалым» бағдарламасы бойынша стипендия иегерлерін құттықтаймыз!
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 желтоқсанындағы шешімінің қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тоқтарова Айгерім «500 ғалым» бағдарламасы аясында Германия мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия иегері атанды.

"500" ғалым бағдарламасы бойынша грант иегерлерін құттықтаймыз! «500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында отандық ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бекітілген болатын.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 16 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды.
Оның ішінде, АКТ кафедрасының аға оқытушысы - Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Тұрғанбекова Мадина ғылыми тағылымдамадан АҚШ-та Иллинойс штаты, Иллинойс университетінің Жаһандық білім және оқыту кеңсесінде (GET) өтетін болады. Ғылыми тағылымдама бағдарламасы «Ақпараттық технолгоиялар мен жүйелер: улкен деректерді талдау, сала бойынша болжамды талдау» мамандандыру саласындағы зерттеулерге бағытталған.
Бағдарлама стипендиттарды Иллинойс штатындағы деректер ғылымы, визуализация және машиналық оқыту салаларындағы мықты мамандармен таныстырады. Бағдарлама тақырыбы: Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту.



Халықаралық ынтымақтастық
АКТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тұрғанбекова Мадина Data Science and Machine Learning бағдарламасы бойынша Урбана-Шампейндегі (АҚШ) Иллинойсуниверситетінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама аясында ол түрлі семинарларға, кездесулерге және іс-шараларға белсенді қатысуда.
Тұрғанбекова Мадина ғылыми әдебиеттермен танысып, Academic Writing Workshop сабақтарына қатысуда, ондағылыми мақала жазудағдыларын жетілдіреді және академиялық жазудың негізгі принциптерімен танысады.
Семинарларда презентация өткізіп, тағылымдаманың бірінші семестрін сәтті аяқтады.
Тағылымдама шетелдік оқу әдістемелерімен жұмыc істеудің құнды тәжірибесін ұсынады.
Тәлімгер Ph.D., профессор Carolina Cuesta-Hincapie жетекшілігімен Тұрғанбекова Мадина ғылыми мақаламен жұмыс жасап,өз саласындағы заманауи зерттеулерді зерттеуде.
Екінші семестрде зерттеу міндеттерін орындауды,практикалық жобаларды және академиялық және кәсіби дағдыларды одан әрі дамытуды қоса алғанда, ауқымды жұмыс жоспарлануда.





2021 жылдың 23-ші желтоқсанда Оңтүстік Униврситеттің бас ғимаратында «The future technologies of learning Management system» тақырыбындағы мастер класс жоғары кәсіби деңгейде өтті.
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен ғалым,профессор,Phd докторы Фатима Халид(Малайзия Путра универисет) мастер класс өткізді. Тақырыптың мазмұнын ашуда Фатима Халид замануи технологияларды қолдана отырып мысалдар келтірді.
«Ақпарттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқутышылары қатысты.




Талапкер
Талапкерге арналған буклетМ. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» жоғары мектебі
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы
Оқыту бағдарламасы:
В057 – Ақпараттық технологиялар
Мамандықтар:
"АКТ" кафедра мекен–жайы:
Шымкент қ, Тауке-Хан даңғылы 5, Г - корпусы, 8 этаж,
Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты
Тлеуов Ғ. Е.
Байланыс нөмері: 8701-774-81-34
6B06141 Виртуалды шындықты модельдеу және құру
1.Аккредиттеу
Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу туралы куәлік
2.Білім беру бағдарламасы(ББ)
6B06141 Виртуалды шындықты модельдеу және құру
3.Жетістіктер
AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions»
2026 жылғы 25 наурызда AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» аймақтық университеттік AI-хакатонын өткізу«Digital Qazaqstan 2026» аясында Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Компьютерлік инженерия және Энергетика» жоғары мектебі «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы, «Виртуалды шындықты модельдеу және құру»білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар жобаға қатысып, 2-ші орынға ие болып 200 000тг көлемінде сыйақы алды.
«Digital Qazaqstan 2026» аясында аймақтық университеттік AI-хакатон өткізу келесі бағыттарға негізделген:
• жастардың технологиялық бастамаларын қолдау;
• басым салаларда AI қолданудың практикалық дағдыларын дамыту;
• университеттерді ұлттық цифрлық күн тәртібіне енгізу;
• перспективалы стартап-жобаларды анықтау және қолдау.
"500" ғалым бағдарламасы бойынша грант иегерлерін құттықтаймыз! «500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында отандық ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бекітілген болатын.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 16 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды.Оның ішінде, АКТ кафедрасының аға оқытушысы - Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Тұрғанбекова Мадина ғылыми тағылымдамадан АҚШ-та Иллинойс штаты, Иллинойс университетінің Жаһандық білім және оқыту кеңсесінде (GET) өтетін болады. Ғылыми тағылымдама бағдарламасы «Ақпараттық технолгоиялар мен жүйелер: улкен деректерді талдау, сала бойынша болжамды талдау» мамандандыру саласындағы зерттеулерге бағытталған.
Бағдарлама стипендиттарды Иллинойс штатындағы деректер ғылымы, визуализация және машиналық оқыту салаларындағы мықты мамандармен таныстырады. Бағдарлама тақырыбы: Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту.








Әуезов университетінің оқытушылары «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2024» атағына ие болды
*Шаймерденова Гулдана Смахуловна («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті, PhD доктор) *Тоқтарова Айгерім Бастарбекқызы («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр) 2024 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды.Бағалау критерийлеріне сәйкес оқытушылардың ғылыми еңбектері үздік деп танылып, оқыту сапасы, маман даярлаудағы үлесі және отандық ғылымдағы жаңашылдығы жоғары бағаланды.
Ғалымдарымызды шын жүректен құттықтаймыз!



«500 ғалым» бағдарламасы бойынша стипендия иегерлерін құттықтаймыз!
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 желтоқсанындағы шешімінің қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тоқтарова Айгерім «500 ғалым» бағдарламасы аясында Германия мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия иегері атанды.



4.ОПҚ біліктілігін арттыру
23.06.2025 – 05.07.2025
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қысқы мектеп» бойынша ««Жасанды интеллектті қолдана отырып, заманауи автоматтандырылған бақылау және басқару жүйелері»» бағытында 90 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
08.12.2025 – 19.12.2025
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қысқы мектеп» бойынша ««Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – өсудің қозғаушы күші»» бағытында 90 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
20.01.2025 – 31.01.2025
«Ақпараттық коомуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қысқы мектеп» бойынша «Жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялардың инновациялық перспективалары» бағытында 90 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы Момбекова Сандугаш Сейсембаевна,Алишева Сандуғаш Салхудиновна 16.09.2024 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ағылшын тілінің деңгейін тексеру орталығынан TOEFL ITP сертификатын алды. Джангасиев Райымбек Маратұлы 18.11.2025 IELTS емтиханын тапсырды. Тестілеу Шымкент қаласындағы «IDP IELTS Shymkent» орталығында өтті.
03.02.25-14.02.25
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Теміртау қаласындағы «Асқар» Кәсіби Даму Орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жасанды интеллект және нейрожелілер :мәтіндер мен креативтер құрастыру» тақырыбы бойынша 80 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.




21.10.24-01.11.24
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Цифрлық сауаттылық және онлайн оқыту әдістері» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.




07.10.24-18.10.24
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Жоғары оқу орнында икклюзивті білім беру және оқыту» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.






25.03.24-06.04.24
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.



10.01.22-29.01.22
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Синергия университеті «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»тақырыбында ағылшын тілінде 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.


01.09.21-14.09.21
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы" Құмарбек Даукеев атындағы Алматы университеті "«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.


08.06.20-19.06.20
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) әдісі» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.



5.ОПҚ-ң еңбектері мен жобалары






6.Студенттік ұтқырлық
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және іске асыру кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына, жоғары оқу орындары студенттерінің академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы СМЖ ОҚУ PR 7.11–2024 «Студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру» ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы маңызды рөл атқарады.
Аталған орталық кафедра студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасу және ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына жан-жақты қолдау көрсетеді.Академиялық ұтқырлық – Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебін дамытудың стратегиялық басым бағыттарының бірі.
Қазіргі таңда жоғары мектеп аясында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары табысты жүзеге асырылып келеді.
Бұл бағдарламалар студенттердің кәсіби білімін кеңейтуге, тәжірибе алмасуына, ғылыми-танымдық әлеуетін арттыруға және білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда, 6В06141 – «Виртуалды шындықты модельдеу және құру» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер академиялық ұтқырлық аясында түрлі семинарларға, ақпараттық күндерге, кәсіби бағыттағы кездесулерге, сондай-ақ біліктілік емтихандарына тұрақты түрде қатысып келеді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың жаңа білім беру және ғылыми ортаға бейімделуіне, кәсіби көкжиегін кеңейтуіне зор ықпал етеді.Алдағы уақытта кафедра студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.
Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, Сүлеймен Демирел университеті және Satbayev University сынды жоғары оқу орындарымен академиялық мобильді алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру көзделуде.Осындай серіктестік байланыстар кафедра студенттеріне еліміздің үздік университеттерінде білімін жетілдіруге, жаңа академиялық ортада тәжірибе жинақтауға, кәсіби және тұлғалық дамуына жаңа серпін алуға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары болашақ мамандардың сапалы білім алуына, ғылыми ізденіске бейімделуіне және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болып қалыптасуына негіз болады.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
- Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
- Сүлеймен Демирел университеті және Satbayev University
7.Академиялық ұтқырлық
Тоқтарова Айгерім 2023 жылдың 1 мамыры мен 30 мамыры аралығында Istanbul Technical University базасында оқу-тәжірибеден өтті.
Тәжірибе барысында ол машиналық оқыту (machine learning) саласында терең білім алып, заманауи әдістер мен алгоритмдерді тәжірибелік тұрғыда меңгерді.Аталған кезеңде Айгерім университет профессорларымен және ғылыми қызметкерлерімен тәжірибе алмасып, халықаралық академиялық ортада кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Сонымен қатар, ол деректерді талдау, модель құру және нәтижелерді бағалау бағыттарында құнды тәжірибе жинақтады.Бұл тәжірибе оның ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, машиналық оқыту саласындағы кәсіби дамуына елеулі үлес қосты.
8. Практика
Білім беру бағдарламасында білім алушылардың кәсіби құзыреттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру мен бекітуді қамтамасыз ететін кәсіби практиканың әртүрлі түрлері қарастырылған:
1-курста көлемі 1–2 кредит болатын оқу практикасы;
2-курста көлемі 3–5 кредит болатын өндірістік практика;
3-курста көлемі 4–6 кредит болатын өндірістік практика;
4-курста көлемі 8 кредит болатын диплом алдындағы практика.
Практика базалары ретінде өңірдегі IT-сектор және оған іргелес салалар кәсіпорындары мен ұйымдары қызмет етеді.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу үшін практика бағдарламалары мен практикалық тапсырмаларды орындауға арналған оқу-әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, үнемі жаңартылып отырады және практика базаларымен келісілген.
Кәсіби практика бағдарламаларының мазмұны ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, кәсіпорындарда қолданылатын инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдарды, соның ішінде виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын және бағдарламалық инженерияны қамтиды.Білім беру үдерісінің инновациялық элементі ретінде өңірдің жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары базасында құрылатын оқу-ғылыми-өндірістік кешендерде (ОҒӨК) білім алушыларды даярлау ұйымдастырылады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы «Kaz MBS» ЖШС, «Digital Road» ЖШС, «Баланс Сервис» ЖШС ұйымдарымен ОҒӨК құру туралы келісімдер жасасуды жоспарлап отыр.
ОҒӨК базасында оқу үдерісін жүзеге асыру кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануға, тәжірибелі мамандарды оқу үдерісіне тартуға және білім алушыларды даярлаудың практикалық бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік береді.Практиканы жоспарлау және ұйымдастыру қалыптасатын кәсіби құзыреттердің бірізді кеңеюі мен күрделенуін, білім алушыларды негізгі еңбек функцияларын орындауға кешенді дайындауды және практикалық дайындықтың теориялық оқытумен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді.
Практика қорытындысы бойынша білім алушылар есеп тапсырады, ол практика жетекшісімен тексеріліп, кафедра комиссиясы алдында қорғалады. Қорғау нәтижелері баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша сараланған сынақ түрінде бағаланады.
Практиканы өткізу қорытындылары кафедра отырыстарында талқыланады, сондай-ақ білім алушылар мен практика базалары өкілдерінің сауалнамалары және жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы сарапталады.
Барлық практика түрлерін меңгерудің нәтижесі – білім беру бағдарламасы түлектерінің практикалық кәсіби құзыреттерінің қалыптасуы.
6В06141 – «Виртуалды шындықты модельдеу және құру» білім беру бағдарламасы бойынша ИП-24-11к тобының студенттері 2026 жылдың 26 қаңтары мен 22 ақпаны аралығында өндірістік I практикадан өтті. Практиканың жалпы ұзақтығы оқу жоспарына сәйкес 4 аптаны құрады. Практика келесі мекемелер базасында ұйымдастырылды: «Баланс Сервис»
ЖШС «Digital Road» (Шымкент қаласы) Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Жүрек» әлеуметтік орталығы КММ Практика барысында студенттер өз мамандықтарына сәйкес кәсіби дағдыларын жетілдіріп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, цифрлық технологиялар, бағдарламалау, виртуалды модельдеу және IT-жобалармен жұмыс істеу бағыттарында тәжірибе жинақтады. Өндірістік практика студенттердің болашақ кәсіби қызметіне дайындық деңгейін арттырып, еңбек нарығына бейімделуіне оң әсерін тигізді. Практика базалары:
- ЖШС «Kaz MBS» – Ақпараттық технологиялар мектебі.
- ЖШС «Digital Road» – Цифрлық технологияларды дамыту орталығы.
- ЖШС «Баланс сервис» – Ақпараттық қызметтер орталығы.
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.





































