1КАФЕДРА · «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті

Технологиялық машиналар және жабдықтар

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0құжат
0Кафедра материалдары

Кафедра меңгерушісі

Хусанов Алишер Евадиллоевич т.ғ.к. Байланыс мәліметтері: Ғимарат №2(Б), 215 кабинет

Мекен-жайы: 160012,ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефоны: 8(7252) 21-19-79


Жаңалықтар

Технологиялық машиналар және жабдықтар

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Торский Андрей Олегович

Доктор PhD, «Казмонтаж стройконструкция» ЖШС директоры

М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Б» ғимарат, 215 каб.

Профиль →

Технологиялық машиналар және жабдықтар

Құжаттар мен бағдарламалар

URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56380594200URIhttps://orcid.org/0000-0002-4428-0927URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56273177200URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56940687300URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57204328295URIhttps://orcid.org/0000-0002-7176-8186URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uriauthorId=57749496700&origin=recordpageURIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=58314116200FILEhttps://orcid.org/0000-0002-1563-6437URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=54681537600URIhttps://orcid.org/0000-0002-4209-3087URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57209463649URIhttps://orcid.org/0000-0002-4408-2066URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56408708700URIhttps://orcid.org/0000-0002-6321-4407URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57194379483URIhttps://orcid.org/0000-0002-6552-2817URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57825692500FILEhttps://orcid.org/0000-0001-5972-1644URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uriauthorId=57397076500URIhttps://orcid.org/0000-0002-6367-5975URIhttps://www.scopus.com/authid/detail.uriauthorId=57918115800PDF6В07180 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)PDF6В07181 - Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтарыPDF6В07182 - Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарыPDF7M07180 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)PDF7M07183 - Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының технологиялық машиналары мен жабдықтарыPDF8D07180 -Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)FILE"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі

Технологиялық машиналар және жабдықтар

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Жалпы мәліметтер

«Химия өндірістерінің машиналары және аппараттары» (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) кафедрасы 1955 жылы Қазақ химия технологиялық институты құрамында құрылды.

Түрлі кезеңдерде кафедра атауы өзгеріп отырды: «Химия өндірістері машиналары» (1955-1996 ж); «Химия және тамақ өнеркәсіптері машиналары мен аппараттары» (1996-1999 ж); «Өнеркәсіп технологияларының процесстері, машиналары және аппараттары» (ӨТПМА) (1999-2002 ж); «Өнеркәсіп техникасы және стандарттау» (техөнерстандарт) (2002 ж); «Мұнайгазхимия кешендерінің техникасы» (МГХКТ) (2002-2007 ж); «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» (2007 ж бастап осы уақытқа дейін).

Кафедраға түрлі кезеңдерде басшылық еткендер – Калитов И.П., Порошин В.В., Балабеков О.С., Сабырханов Д.С., Серманизов С.С., Бекибаев Н.С., Волненко А.А., Акынбеков Е.К. және Корганбаев Б.Н.

Осы кезге дейін кафедра құрылыс материалдары, химия, мұнайөңдеу, мұнай-химия өнеркәсіп кәсіпорындары және қосарланған сала кәсіпорындары үшін бес мыңнан астам инженер-механиктер, бакалаврлар мен магистрлар дайындап түлетті.

Олардың арасында, өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының төрағасы Уркумбаев М.Ф., Қызғызстандағы Ресей федерациясының елшісі Рудов Г.А., ҚР ІІМ генералы Сұлтанов Ж.А., ҚР ҰҚК генералы Накисбаев В.И., Сациолистік еңбек ері, Белград цемент зауытының директоры Туманов А.Д., «Химфарм»

ЖАҚ президенті Атабаев М.Д., «Балқыту-престеу жабдықтарын өндіру бойынша» ШАҚ президенті Пляцук В.Д., «Куйбышевфосфор» ӨБ бас директоры Пименов С.Д., «Шымкент доңғалақ» ШАҚ бас директоры Рева Ю.М., Шымкент ДЖЗ бас директоры Крюков В.И., «АХҚЗ» АҚ басқарма төрағасы Химич А.А., «Казфосфат»

ЖШС ЖЖФЗ ТФ бас инженері Керембаев А.Б. және көптеген ірі өнеркәсіп кәсіпорындардың жетекшілері мен бас мамандары.

Кафедра түлектерінің елеулі бөлігі өз өмірлерін ғылыми және педагогикалық қызметке арнады.

Бұлар ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Чоманов О.Ү., т.ғ.д,, профессор Алтыбаев М.А., Сулейменов М.К., Алтынбеков Ф.Е., Шарыгин М.П., Серманизов С.С., Қуатбеков М.К., Бренер А.М., Волненко А.А., Голубев В.Г., Алтаев М.А., Бекибаев Н.С., т.ғ.к., доценттер Давыдов П.В., Болгов Н.П., Кучмистый Б.И., Навесов Ш.А., Гисматуллин Ч.Н., Сарбасов А.С., Кумисбеков С.А., Кирасиров О.М., Сейтханов Н.Т., Ешанкулов А.А., Хусанов А.Е., Хусанов Ж.Е. және т.б.

Қазіргі таңда кафедрада 18 ОПҚ және 3 ОҚП қызмет етеді, мұның ішінде 2 техника ғылымдарының докторлары, 7 техника ғылымдарының кандидаттары, 4 PhD докторлары бар.

" Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының ұжымы

Кафедрада ҚР ҰҒА академигі О.С. Балабеков атындағы ғылыми-зертхана жұмыс істейді, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары және бакалаврларға магистранттарға және докторанттарға зертханалық сабақтар өткізіледі.

Зерттеу нәтижелері еліміздің әртүрлі өнеркәсіп орындарына енгізілген, олардың ішінде ең маңыздылары «Казфосфат» ЖШС және «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ.

Кафедрада 2021-23 ж.ж. жалпы соммасы 162 230 000 теңгені құрайтын 3 гранттық жоба орындалды.

Қазіргі уақытта кафедрада «ЖОО үздік оқытушысы» Республикалық грантының 5 иегері т.ғ.д., профессор А. Волненко, т.ғ.к., профессор С. Күмісбеков, т.ғ.к., доцент А. Хусанов, т.ғ.к., доцент О. Байысбай, т.ғ.к., PhD докторы, доцент Ж. Серікұлы жұмыс істейді.

Соңғы жылдары зерттеу нәтижелері 20 монография мен оқу құралдарында, Томсон Рейтер, Scopus, РИНЦ дерекқорларына кіретін 32 басылымда, ҚР Б және ЖБМ ҒжәнеЖБССҚЕК ұсынған журналдарда жарияланды.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының жақын және алыс шетелдердің көптеген университеттерімен және білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысы бар, мысалы: Әбу Райхан Беруни атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Өзбекстан Республикасы, Манас атындағы Қырғыз-Түрік университеті, Қырғызстан Республикасы, Иваново мемлекеттік химия-технологиялық университеті, Ресей Федерациясы, Падерборн университеті, Германия, Санкт-Петербург технологиялық институты, Ресей Федерациясы, Вильнюс университеті, Литва, Мәскеу мемлекеттік химиялық машина жасау және өнеркәсіптік экология университеті, Ресей Федерациясы, Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті, Беларусь Республикасы, Беларусь ұлттық техникалық университеті, Беларусь Республикасы, Д. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Ресей Федерациясы, «Харьков политехникалық институты»

Ұлттық техникалық университеті, Украина, Ферғана политехникалық институты, Өзбекстан Республикасы, «Львов Политехникасы» ұлттық университеті, Украина, Загреб университеті, Хорватия, Ташкент химия-технологиялық институты, Өзбекстан Республикасы.

2023 жылы Хорватияның Загреб университетімен Erasmus+ KA171 бағдарламасы бойынша ЕО-ға мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың және жоғары оқу орындарының қызметкерлерінің академиялық ұтқырлық бойынша 2027 жылға дейін келісімшартқа қол қойылды.

2010 жылдан бастап кафедрада 6D072400 (8D07180) – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы бойынша PhD докторантурасы ашылса, ал 2016 жылдан PhD докторлық диссертациясын қорғау бойынша диссертациялық кеңес жұмыс атқарады.

Білім беру бағдарламалары
Ғылыми бағыт

Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ – мен келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер орындауда:

  • екіншілік көбіктүзілу, бойыменен дискретті орналастырылған денелерді тұтас ағынменен ағып өту барысындағы газсұйықты қабаттың резонансты тербелуі мен құйындардың кезектесе әрекеттесуінің заңдылығы орнатылуы, мұның негізінде принципиалды жаңа жылу- және массаалмасу, газтазалау және шаңұстау аппараттарының жаңа классы құрылуы мүмкін;
  • химиялық технологиялар мұнайгазөңдеу және тамақ өнеркәсіптеріне арналған жаңа құбылыстар мен әрекеттерді әрекеттесулердің физикалық әдістерін және белсенді гидродинамикалық тәртіптерді іске асырушы жоғары тиімді процестер мен аппараттардың ғылыми негізін және есептеудің методологиясын құру;
  • көп фазалы ортадағы күрделі тұрақсыз химиялық технологиялардың процестерді диагностикалаудың, есептеудің және математикалық модельдердің жаңа әдістерін әзірлеу;
  • Пинч-талдау әдісін қолданумен процестерді интеграциялау негізінде өндірістік кәсіпорындардың ластану деңгейін төмендету, энергия үнемдеуді үлгілеу және тиімдестіру;
  • Емдеу-профилактикалық тағамдық өнімдер концентраттарды өндіру технологиясын әзірлеу;
  • Химия технологиясының біріккен процесстері негізінде көпкомпонетті газды орталарды тазалаудың технологиясын әзірлеу;
  • қалалы көлік жолқұрылыстық экологияның методологиялық негіздерін құру және экологиялық қауіпсіз химиялық технологиялар мен және қалдықсыз кешендерді жобалау.
Біздің түлектеріміз

Кафедраның көптеген түлектері ірі өндірістік корпорация басшылары және мемлекеттік қайраткерлер болып еңбек етеді, атап айтқанда Жылқышиев Б.А. сенат депутаты, Султанов Ж.А. аңшылар және балықшылар қоғамы басқарма төрағасы, Накисбаев В.И. Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің бастығы, Керимбаев А.М. – ЖФ «Казфосфат»ЖШС Жаңажамбыл фосфор заводының бас инженері (НДФЗ), Сарсенов Мураткали Бахтыгеревич «Казфосфат»ЖШС ГПК Каратау және ГПК Чулактау филиалының директоры, Берестемов Максут Берестемович Жамбыл заводының минералды тыңайтқыштарының зам. директоры.

Мавиди Л.Х АО «НГСК Казстойсервис» ӨҚОФ директоры. Торский А.А. –директор «Казмонтаж стройконструкция»ЖШС, сондай-ақ олардың елеулі бөлігі өз өмірлерін ғылыми және педагогикалық іске арнады. Олар ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Чоманов О.Ч., т.ғ.д., Райымбердиев Талжан Пернешович т.ғ.д., Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ профессоры, ғылыми және халықаралық жөніндегі байланыс Вице-президент, Сулейменов Майдан Кадырович д.т.н., профессор, Ресей-Қазақстан университетінің ректоры, д.т.н., профессорлар Алтыбаев М.А.,Серманизов С.С., Куатбеков М.К., Бренер А..М., Бекибаев Н.С., Волненко А.А., Голубев В.Г.,Алтаев М.А.

Іс тәжірибе базалары

Біздің студенттер еліміздің келесі жетекшілері мұнай, химия, құрылыс және тамақ кәсіпорындарында өндірістік іс-тәжірибе өтеді. Атап айтқанда:

«ПетроКазахстан Ойл Продактс»ЖШС; «КазФосфат» ЖШС ЖЖФЗ ТФ; «Атырау мұнайөңдеу зауыты» ЖШС; «Ақтөбе хромдық қосылыстар зауыты» АҚ; «Асбоцемконструкция» ААҚ; «Шымкент сыра» ЖШС; «Корона» ЖШС; «Шымкент-темір» ЖШС; "HILL Corparation" ЖШС; "Зерде-Керамика" ЖШС; "Рауан" ЖШС; "Рахат-Шымкент" ЖШС; "Tectum Engineering" ЖШС

ММГ-20-3 TK студенттері "HILL Corporation" ЖШС практикадан өту барысы

ТОО "Tectum Engineering" ЖШС оқу және өндірістік практика

Академик О.С. Балабеков атындағы зертханасындағы "Пісіру ісі" бойынша практика

ТОО "KazTransOil" ЖШС 2-ші өндірістік практика

"KazTransOil" ЖШС 2-ші өндірістік практика және жұмыс барысы

"Petro Kazakhstan Oil Prodacts" ЖШС 2-ші өндірістік практика

"Рахат-Шымкент" ЖШС 2-ші өндірістік практика

"PetroKazakhstan Oil Products" ЖШС-де дуальды оқыту. ММГ-21-4к тобы

Диплом алдындағы практиканы бағдарлау конференциясы

Халықаралық байланыс және ОПҚ ұтқырлығы

Кафедра қызметкерлері халықаралық конференцияларға белсенді қатысуда. Кафедраның ПОҚ Ресей, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Украина Хорватия және Қырғыстан ғалымдарымен жеке тұрғыда қарым-қатынас ұстауда.

«Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Белоруссия мемлекеттік техникалық университетімен Минск қаласы, Санкт-Петербург техникалық институтымен, Ресей Федерациясы тығыз қарым қатынаста.

Халықаралық қатынас шеңберінде шет-елдердің ғылымдардың және мамандарын дәріс оқу үшін оларды шақыру іс-шаралары жүргізілуде, сонымен қатар «Дөңгелек үстел» басында біріккен жобалар мен зерттеулер Ресеймен (Санкт-Петербург техникалық институты), Белоруссия мемлекеттік техникалық университеті (Минск қаласы), Беларуссия, Вильнюск университетімен, (Литва), «Манас» институтымен Қырғыстан, Бішкек қаласы, Сумы мемлекеттік универститетімен, Украина, Сумы қаласы, талқылануда.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының оқытушылары Ферғана политехникалық институтына (Ферғана, Өзбекстан) жыл сайын дәріс оқуға шақырылуда.

Кафедра докторанттары, магистранттары Германия, Ресей және Литва ЖОО алдыңғы қатарлы технологиялық ҒЗ зертханаларында білім алып, тәжірибелерден өтуде.

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының ОПҚ (Волненко А. А., Қорғанбаев Б. Н., Сейтханов Н. Т., Хусанов А. Е., Абжапбаров А. А.) Ферғана политехникалық институтының әріптестерінің шақыруымен магистранттар мен докторанттар үшін дәрістер оқыды және консультациялар өткізді

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының ОПҚ Ферғана политехникалық институтының мұражайында. Ферғана қаласы, Өзбекстан

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының ОПҚ Ферғана политехникалық институтының әріптестерімен бірге ФПИ "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының докторанттарының баяндамаларын тыңдауда.

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының ОПҚ Ферғана политехникалық институтының әріптестерімен бірге ФПИ "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының докторанттарының баяндамаларын тыңдауда.

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасының профессорлары А. А. Волненко мен Б. Н. Қорғанбаев "ERASMUS+ KA171"бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық аясында Загреб университетінің машина жасау және карабль жасау факультетінде тағылымдамадан өтті

PhD докторы Ж. Серікұлы Ахен Рейн-Вестфал техникалық университетінде

т.ғ.к., Хусанов А.Е. SDEWES 2023 конференциясында Дубровник, Хорватия

т.ғ.к., Хусанов А.Е. SDEWES 2023 конференциясында Дубровник, Хорватия

Талапкерлерге

Химия, мұнайгаз өңдеу, мұнайхимия, тамақ өндірістері мен құрылыс материалдар өндіріс кәсіпорындары Республикамыздың экономикасының қарқынды дамуын анықтаушы өнеркәсіп салалары болып табылады, сондай-ақ бюджеттік салымның қомақты түсімін анықтайды.

Қазіргі таңда «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасында келесі білім бағдарламалары бойынша халық шаруашылығының өнеркәсіп салаларына бакалавр мамандарын даярлап келеді:

  • 6В07180 -«Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары»,
  • 6В07181 -«Мұнай және газ өнеркәсіптерінің машиналары мен жабдықтары»,
  • 6В07182 -«Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары».

Қазіргі таңда аталған білім бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде білім алушы студенттер саны 421, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 380 студент оқиды.

Кафедра түлектері алдыңғы қатарлы химия, мұнайгаз өңдеу, мұнайхимия және тамақ өнеркәсіптерінде «Теңізшевройл»ЖШС; «Казмұнайгаз» АҚ; «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС; «АХҚЗ» АҚ; «ПМХЗ» АҚ; «Казфосфат» ЖШС; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары; «Алтын дән» ЖШС; «Кайнар май» ЖШС; «Мөлдір тау бұлағы» ЖШС; «Корона» ЖШС; «Оңтүстік мұнай газ» АҚ; «Шымкент Сүт» ЖШС; «Шымкент сыра» ЖШС;

Кафедра түлектерінің қызмет аясы:
  1. «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» бакалаврлары – химия зауыттары мен комбинаттарында, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттарда, гидролиз зауытында , қышқылдар өндіретін цехтарда , аймақтық технопарктерде , жобалау-конструкциялық мекемелерде ғылыми-зерттеу институттары мен монтаждау мекемелерінде конструкторлау және жобалау мекемелерінде;
  2. «Мұнай және газ өнеркәсіптерінің машиналарымен жабдықтарының» бакалаврлары-мұнай және газ өңдеу зауыттарында, газ және мұнай өндіру кеніштерінде, мұнай, мұнай өнімдері және газ кәсіпорындарында, жобалау конструкциялық және ғылыми зерттеу мекемелерінде, жанармай сақтау базаларында және т.б. кәсіпорындарда; мұнайгаз кешендерін монтаждау мекемелерінде;
  3. «Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары» бакалаврлары ұнтарту комбинаттарында , бидай сақтау , дайындау, нан және нанөнімдері, макарон шығару зауыттарында , цехтарында өсімдік майларын өндіру зауыттары мен цехтарында , азық-түлік өнмдерін сақтау қоймаларында және т.б. мекемелерде жұмыс атқаруларына болады.

Сонымен қатар кафедрада «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық (2-жыл) және бейімдік бағытта (1,5 жыл) магистрлар және докторлар даярлайды.

Қазіргі таңда білім берудің озық инновациялық әдістерін қолдануменен кадрлар даярлаудағы жаңашыл жағдай қалыптасты, яғни еліміздің алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті болуына зор үлес қосушы мамандар. Бұл мәселенің жемісті шешімін табуда кафедра ұжымы белсенді еңбек етуде.

Кафедра жетістіктері

Кафедрада 2021-23 ж.ж. жалпы сомасы 162 230 000 теңгені құрайтын 3 гранттық жоба орындалды.
Қазіргі уақытта кафедрада «ЖОО үздік оқытушысы» Республикалық грантының 5 иегері т.ғ.д., профессор А. Волненко, т.ғ.к., профессор С. Күмісбеков, т.ғ.к., доцент А. Хусанов, т.ғ.к., доцент О. Байысбай, т.ғ.к., PhD докторы, доцент Ж. Серікұлы жұмыс істейді.
Соңғы жылдары зерттеу нәтижелері 20 монография мен оқу құралдарында, Томсон Рейтер, Scopus, РИНЦ дерекқорларына кіретін 32 басылымда, ҚР Б және ЖБМ ҒжәнеЖБССҚЕК ұсынған журналдарда жарияланды.
ОПҚ жетістіктері

Достижение преподавателей


Білім алушылардың жетістіктері

"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасында 2018-2022 жылдары ҚР БҒМ ҒК гранттық қаржыландырылған 4 жоба орындалды:
- AP05132508 «Разработка технологии флотационного извлечения пластмасс стирольной группы из смеси измельченных пластмассовых отходов» жетекшісі: т.ғ.д., профессор Волненко А.А.
- AP05132794 «Разработка энергосберегающего способа ударного измельчения в поле центробежных сил и создание на его основе установок для помола сыпучих материалов» жетекшісі: PhD докторы Сарсенбекулы Д.
- АР05132925 «Разработка полимерных композиционных материалов с высоким уровнем термической стабильности» жетекшісі: т.ғ.к., Хусанов А.Е.
- АР05135389 «Разработка опытно-промышленной миниустановки для комплексной переработки молочного сырья» жетекшісі: т.ғ.к., Оспанова Б.О.


Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) 2018 жылғы Қазақстан ЖОО бакалавриат білім беру бағдарламасының рейтинг нәтижелері бойынша 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы 1-ші орын алды.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) 2018 жылғы Қазақстан ЖОО магистратура білім беру бағдарламасының рейтинг нәтижелері бойынша 6М072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы 1-ші орын алды.

Ашық сабаққа шақыру
«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»

Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындарымен таныстыру, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау және жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.

Жәрмеңке барысында факультет студенттері «QazaqGaz», «PetroKazakhstan Oil Products», «ҚазТрансОйл» сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесіп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен талаптары туралы ақпарат алды. Студенттер компания өкілдерімен байланыс орнатып, өз резюмелерін қалдырды.

Бұл олардың болашақ мамандығы бойынша еңбек нарығына алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер әртүрлі кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіби мансапты бастауға қажетті ақпараттармен бөлісті.

Осындай іс-шаралар университет, студент және жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің еңбек нарығына бейімделуіне және өз мамандығы бойынша жұмыс табуына ықпал етеді.

Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультеті студенттердің кәсіби дамуына, жұмыс берушілермен байланысын нығайтуға және болашақ мамандардың еңбек нарығында өз орнын табуына бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Факультет түлегі – Азия ойындарының чемпионы!

Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің түлегі, Қазақстанның мақтанышы Софья Берульцеваны 2026 жылғы Азия ойындарында каратэден +68 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – Софья Берульцеваның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан спортының, туған елінің және өзі білім алған университетінің үлкен жеңісі.

Жоғары деңгейдегі халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілу – үлкен еңбек, табандылық, үздіксіз жаттығу мен мықты жігердің нәтижесі.

Софьяның спорттағы жетістігі жастарға мақсатқа ұмтылудың, өз мүмкіндігіне сенудің және таңдаған бағыты бойынша аянбай еңбектенудің жарқын үлгісін көрсетеді. Факультетіміздің түлегі ретінде Софья Берульцева университетіміздің білім мен спортты қатар алып жүрген талантты жастарының қатарынан орын алады.

Оның халықаралық аренадағы әрбір жеңісі – студенттеріміз бен жас спортшыларымыз үшін үлкен мотивация. Софьяның бұл жетістігі факультет ұжымы мен студенттері үшін де ерекше мақтаныш.

Біз түлектеріміздің кәсіби салада ғана емес, спорт, ғылым, мәдениет және қоғамдық өмірдің түрлі бағыттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүргенін мақтан тұтамыз. Құрметті Софья!
Сізді Азия ойындарындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! Қазақстанның көк туын халықаралық аренада асқақтатып, алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, жеңістеріңізді еселей беруіңізге тілектеспіз! Сіздің жеңісіңіз – біздің мақтанышымыз!

Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің ұжымы Сізге әрдайым қолдау білдіреді және жаңа жеңістеріңізді асыға күтеді!

«Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің негізі»: студенттермен кездесу өтті

10 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы оқу әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы, «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы сондай-ақ факультет декандары, колледж директоры және Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ-нің жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ұшан Нұрдәулет Маратұлының қатысуымен №4 университет жатақханасында студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жатақханада тұратын студенттерге ішкі тәртіп ережелері, заң талаптары және «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жатақханадағы белгіленген ішкі тәртіп талаптарын орындау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын қалыптастыру.

«Жеңіске бірге қадам басамыз!» — Шымкент марафонында

Шымкент қаласында салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған марафон өтті.

Спорттық шараға университетіміздің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын көрсетті. Марафонға университет ректоры бастаған үлкен ұжыммен бірге Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің оқытушылары мен студенттері де қатысты.

Ауқымды спорттық шара барысында факультет ұжымы жоғары белсенділік танытып, белгіленген қашықтықты бірге еңсерді. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Марафон тек спорттық жарыс емес, университет қауымдастығын біріктірген маңызды әлеуметтік бастама болды.

Бірге жүгіру арқылы оқытушылар мен студенттер арасында өзара қолдау, достық қарым-қатынас және ынтымақтастық нығая түсті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – жастардың денсаулығы мен болашағына жасалған маңызды қадам.

Мұндай спорттық іс-шаралар студенттерді дене белсенділігіне баулып қана қоймай, оларды белсенді, жігерлі және жауапты болуға ынталандырады. Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің ұжымы алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және университеттік бастамаларға белсенді атсалыса береді. Спортта – сергектік, қозғалыста – қуат, бірлікте – жеңіс!

Доктор Камил Кайоде Катибидің қатысуымен дәрісі өтті

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында келген, Малайя университетінің (QS World University Rankings 2026 рейтингінде әлем бойынша 58-орында тұрған) постдокторант-зерттеушісі доктор Камил Кайоде Катиби бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Стандарттау және сертификаттау кафедрасының студенттеріне арналған қосымша кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, дәрістер оқиды.

Білім күні: факультеттің жаңа студенттерімен алғашқы кездесу

Білім күні: «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті жаңа студенттерді қарсы алды 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінде 1-курс студенттеріне арналған таныстыру іс-шарасы өтті. Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде факультет ұжымы университет табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларды қарсы алып, оларға студенттік өмірдің жаңа кезеңіне сәтті қадам тіледі.

Іс-шара барысында 1-курс студенттері факультет басшылығымен және кафедра ұжымдарымен танысты. Факультет басшылығы студенттерге білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, мамандықтардың ерекшеліктері, оқу тәртібі және университет қабырғасындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында студенттерге өздері білім алатын факультеттің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, кафедралардың жұмысы туралы мәліметтер ұсынылды. Оқытушылар білім алушыларға таңдаған мамандықтарының қыр-сырын түсіндіріп, оқу барысында кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгерудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, бірінші курс студенттеріне факультеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Олар оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, білім алуға және практикалық сабақтарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

Таныстыру шарасы студенттер үшін жаңа ортаға бейімделуге, факультет ұжымымен жақынырақ танысуға және алдағы оқу үдерісі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Факультет ұжымы жас білім алушыларға студенттік өмірлерінің мазмұнды әрі қызықты өтуіне, оқу жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне және болашақта өз саласының білікті маманы атануына тілектестік білдірді. Білім күні құтты болсын!

Жаңа оқу жылы барша студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктердің бастауы болсын!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша кездесу

Кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстарының жоспарына сай ,“Механика,машинажасау және мұнай газ” факультеті -“Стандарттау және Сертификаттау” кафедрасының оқытушысы М.Д. Алибекова 15.06.2026 күні Шымкент қаласы £2 мамандандырылған үш тілді мектеп интернатында түлектерге кафедра білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіби бағыт бағдару беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

«Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» жәрмеңкесі аясында Түркістан қаласында орналасқан «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіпорын мамандары компанияның негізгі қызмет бағыттары, өндірістік мүмкіндіктері және жас мамандарға ұсынылатын жұмыс орындары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар студенттерге өндірістік тәжірибеден өту, кәсіби дағдыларын дамыту және болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Компания өкілдері қазіргі таңда техникалық білімді, жауапкершілігі жоғары және жаңа технологияларды меңгеруге ынталы мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті.

«Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Механика, машинажасау және мұнай – газ ісі» факультетінің студенттері мен түлектері белсенді қатысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының қызметі, бос жұмыс орындары және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.

Жәрмеңкеге қатысқан «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ШТФ, «Интертехсервис-ИТС» ЖШС, "АйМар Құс" ЖШС, «Нефтехимстрой-ЮГ» ЖШС, «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС, «НУПЦ Мұнай газ проект» ЖШС және «Шымкент Май» ЖШС өкілдері студенттермен кездесіп, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шара жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.

Факультет студенті жеңіс төрінде!

Әбілқасым Нұрдәулет, ММГ 23-4ДК тобының студенті — Каратэ До Шотокан спорт түрінен өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 18–20 жас санаты бойынша абсолютті салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік танытып, командалық есепте І орын иеленді.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.