★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындарымен таныстыру, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау және жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету. Жәрмеңке барысында факультет студенттері «QazaqGaz», «PetroKazakhstan Oil Products», «ҚазТрансОйл» сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесіп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен талаптары туралы ақпарат алды. Студенттер компания өкілдерімен байланыс орнатып, өз резюмелерін қалдырды. Бұл олардың болашақ мамандығы бойынша еңбек нарығына алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер әртүрлі кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіби мансапты бастауға қажетті ақпараттармен бөлісті. Осындай іс-шаралар университет, студент және жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің еңбек нарығына бейімделуіне және өз мамандығы бойынша жұмыс табуына ықпал етеді. Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультеті студенттердің кәсіби дамуына, жұмыс берушілермен байланысын нығайтуға және болашақ мамандардың еңбек нарығында өз орнын табуына бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.












Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

Факультет түлегі – Азия ойындарының чемпионы!
Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің түлегі, Қазақстанның мақтанышы Софья Берульцеваны 2026 жылғы Азия ойындарында каратэден +68 кг салмақ дә