5КАФЕДРА · «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті

Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0Кафедра материалдары

Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Кафедра тарихы

Кафедра «Высшая математика» была создана в 1958 году в составе Казахского химико-технологического института.

Первым заведующим кафедрой был Кузнецов М.С.

В 2005 году он был выделен из факультета «Естественные науки и педагогика» и вошел в состав факультета «Механика и нефтегазовое дело».

В 2015-2017 годах кафедра входила в состав Высшей школы «Текстильное и пищевое машиностроение».

2017 год с августа он вновь был включен в состав факультета «Механика и нефтегазовое дело» и получил название «Высшая математика и физика для технических специальностей».

В 2009-2019 годах кафедру возглавлял кандидат технических наук, доцент Аширбаев Хасымхан Атырханулы.

Кафедра «Физика» была создана в 1958 году как отдельная часть бывшего Казахского химико-технологического института.

Именно доцент., к.ф.-м.н Н.С. Мендахов организовал кафедру физики и стал ее первым заведующим.

В последующие годы кафедру возглавляли:

к.ф.-м.н., доцент Беспалова В.Г. (В 1967-1975 гг);

д.ф.-м.н., профессор Бахтыбаев А.Н. (В 1975-1985 гг);

к.т.н., доцент Сейтбеков Т.С. (В 1985-1988 гг);

д.х.н., профессор Грызунов В.И. (В 1988-1992 гг);

к.х.н., профессор Қабылбеков К.А. ( В 1992-2001 гг );

д.ф.-м.н., доцент Тұрманбеков Т.А (В 2001-2002 гг );

к.ф.-м.н., доцент Сағындыков А.С. (В 2002-2006 гг );

к.х.н., доцент Мұсаев Ж.М. (В 2006-2007 гг );

к.ф.-м.н., доцент Сайдуллаева Н.С. (В 2007-2017 гг)

2019 год с июня заведующим кафедрой «Высшая математика и физика для технических специальностей» является кандидат физико-математических наук, доцент Утенов Науат Марзанович.

Кафедра меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі

Утенов Науат Марзанович,

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 10, ОҚУ, Б ғимараты, 415 кабинет

е-mail:

Ашық сабаққа шақыру
«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»

Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындарымен таныстыру, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау және жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.

Жәрмеңке барысында факультет студенттері «QazaqGaz», «PetroKazakhstan Oil Products», «ҚазТрансОйл» сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесіп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен талаптары туралы ақпарат алды. Студенттер компания өкілдерімен байланыс орнатып, өз резюмелерін қалдырды.

Бұл олардың болашақ мамандығы бойынша еңбек нарығына алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер әртүрлі кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіби мансапты бастауға қажетті ақпараттармен бөлісті.

Осындай іс-шаралар университет, студент және жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің еңбек нарығына бейімделуіне және өз мамандығы бойынша жұмыс табуына ықпал етеді.

Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультеті студенттердің кәсіби дамуына, жұмыс берушілермен байланысын нығайтуға және болашақ мамандардың еңбек нарығында өз орнын табуына бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Факультет түлегі – Азия ойындарының чемпионы!

Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің түлегі, Қазақстанның мақтанышы Софья Берульцеваны 2026 жылғы Азия ойындарында каратэден +68 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – Софья Берульцеваның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан спортының, туған елінің және өзі білім алған университетінің үлкен жеңісі.

Жоғары деңгейдегі халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілу – үлкен еңбек, табандылық, үздіксіз жаттығу мен мықты жігердің нәтижесі.

Софьяның спорттағы жетістігі жастарға мақсатқа ұмтылудың, өз мүмкіндігіне сенудің және таңдаған бағыты бойынша аянбай еңбектенудің жарқын үлгісін көрсетеді. Факультетіміздің түлегі ретінде Софья Берульцева университетіміздің білім мен спортты қатар алып жүрген талантты жастарының қатарынан орын алады.

Оның халықаралық аренадағы әрбір жеңісі – студенттеріміз бен жас спортшыларымыз үшін үлкен мотивация. Софьяның бұл жетістігі факультет ұжымы мен студенттері үшін де ерекше мақтаныш.

Біз түлектеріміздің кәсіби салада ғана емес, спорт, ғылым, мәдениет және қоғамдық өмірдің түрлі бағыттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүргенін мақтан тұтамыз. Құрметті Софья!
Сізді Азия ойындарындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! Қазақстанның көк туын халықаралық аренада асқақтатып, алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, жеңістеріңізді еселей беруіңізге тілектеспіз! Сіздің жеңісіңіз – біздің мақтанышымыз!

Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің ұжымы Сізге әрдайым қолдау білдіреді және жаңа жеңістеріңізді асыға күтеді!

«Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің негізі»: студенттермен кездесу өтті

10 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы оқу әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы, «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы сондай-ақ факультет декандары, колледж директоры және Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ-нің жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ұшан Нұрдәулет Маратұлының қатысуымен №4 университет жатақханасында студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жатақханада тұратын студенттерге ішкі тәртіп ережелері, заң талаптары және «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жатақханадағы белгіленген ішкі тәртіп талаптарын орындау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын қалыптастыру.

«Жеңіске бірге қадам басамыз!» — Шымкент марафонында

Шымкент қаласында салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған марафон өтті.

Спорттық шараға университетіміздің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын көрсетті. Марафонға университет ректоры бастаған үлкен ұжыммен бірге Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің оқытушылары мен студенттері де қатысты.

Ауқымды спорттық шара барысында факультет ұжымы жоғары белсенділік танытып, белгіленген қашықтықты бірге еңсерді. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Марафон тек спорттық жарыс емес, университет қауымдастығын біріктірген маңызды әлеуметтік бастама болды.

Бірге жүгіру арқылы оқытушылар мен студенттер арасында өзара қолдау, достық қарым-қатынас және ынтымақтастық нығая түсті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – жастардың денсаулығы мен болашағына жасалған маңызды қадам.

Мұндай спорттық іс-шаралар студенттерді дене белсенділігіне баулып қана қоймай, оларды белсенді, жігерлі және жауапты болуға ынталандырады. Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің ұжымы алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және университеттік бастамаларға белсенді атсалыса береді. Спортта – сергектік, қозғалыста – қуат, бірлікте – жеңіс!

Доктор Камил Кайоде Катибидің қатысуымен дәрісі өтті

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында келген, Малайя университетінің (QS World University Rankings 2026 рейтингінде әлем бойынша 58-орында тұрған) постдокторант-зерттеушісі доктор Камил Кайоде Катиби бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Стандарттау және сертификаттау кафедрасының студенттеріне арналған қосымша кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, дәрістер оқиды.

Білім күні: факультеттің жаңа студенттерімен алғашқы кездесу

Білім күні: «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті жаңа студенттерді қарсы алды 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінде 1-курс студенттеріне арналған таныстыру іс-шарасы өтті. Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде факультет ұжымы университет табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларды қарсы алып, оларға студенттік өмірдің жаңа кезеңіне сәтті қадам тіледі.

Іс-шара барысында 1-курс студенттері факультет басшылығымен және кафедра ұжымдарымен танысты. Факультет басшылығы студенттерге білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, мамандықтардың ерекшеліктері, оқу тәртібі және университет қабырғасындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында студенттерге өздері білім алатын факультеттің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, кафедралардың жұмысы туралы мәліметтер ұсынылды. Оқытушылар білім алушыларға таңдаған мамандықтарының қыр-сырын түсіндіріп, оқу барысында кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгерудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, бірінші курс студенттеріне факультеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Олар оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, білім алуға және практикалық сабақтарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

Таныстыру шарасы студенттер үшін жаңа ортаға бейімделуге, факультет ұжымымен жақынырақ танысуға және алдағы оқу үдерісі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Факультет ұжымы жас білім алушыларға студенттік өмірлерінің мазмұнды әрі қызықты өтуіне, оқу жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне және болашақта өз саласының білікті маманы атануына тілектестік білдірді. Білім күні құтты болсын!

Жаңа оқу жылы барша студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктердің бастауы болсын!

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша кездесу

Кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстарының жоспарына сай ,“Механика,машинажасау және мұнай газ” факультеті -“Стандарттау және Сертификаттау” кафедрасының оқытушысы М.Д. Алибекова 15.06.2026 күні Шымкент қаласы £2 мамандандырылған үш тілді мектеп интернатында түлектерге кафедра білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіби бағыт бағдару беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

«Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» жәрмеңкесі аясында Түркістан қаласында орналасқан «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіпорын мамандары компанияның негізгі қызмет бағыттары, өндірістік мүмкіндіктері және жас мамандарға ұсынылатын жұмыс орындары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар студенттерге өндірістік тәжірибеден өту, кәсіби дағдыларын дамыту және болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Компания өкілдері қазіргі таңда техникалық білімді, жауапкершілігі жоғары және жаңа технологияларды меңгеруге ынталы мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті.

«Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Механика, машинажасау және мұнай – газ ісі» факультетінің студенттері мен түлектері белсенді қатысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының қызметі, бос жұмыс орындары және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.

Жәрмеңкеге қатысқан «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ШТФ, «Интертехсервис-ИТС» ЖШС, "АйМар Құс" ЖШС, «Нефтехимстрой-ЮГ» ЖШС, «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС, «НУПЦ Мұнай газ проект» ЖШС және «Шымкент Май» ЖШС өкілдері студенттермен кездесіп, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шара жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.

Факультет студенті жеңіс төрінде!

Әбілқасым Нұрдәулет, ММГ 23-4ДК тобының студенті — Каратэ До Шотокан спорт түрінен өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 18–20 жас санаты бойынша абсолютті салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік танытып, командалық есепте І орын иеленді.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.