|
Оралбай Ержан Нұрдәулетұлы |
Ғылыми жобалар департаменті
Іргелі және қолданбалы зерттеулерінің дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа техника, технологиялар мен материалдарды, сондай-ақ білім беру процесінің әлеуметтік-гуманитарлық және психологиялық-педагогикалық негіздерін әзірлейді және енгізеді. Ірі ғылыми-техникалық міндеттерді бірлесе шешіп және университет әзірлемелерін өндіріске енгізуді кеңейту мақсатында халық шаруашылығы салаларымен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы нысандарын дамытады. Университеттің заманауи эксперименттік-өндірістік базасын құра отырып және жоғары оқу орындары арасындағы аумақтық ғылыми-өндірістік жүйелерді ұйымдастырады. Үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттей отырып әзірлейді. Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) бойынша жобаларды іске асыру барысында ғылыми жетекшілерге ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық қолдау көрсетеді. Қаржыландырылатын ҒЗЖ жобаларын орындау барысына талдау жүргізіп және бюджеттік өтінімдер бойынша есептілік дайындайды. Қаржыландырылатын жобалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасайды.
Жобаларды қалыптастыру орталығы
|
Дархан Асель Зұлпықарқызы Жобаларды қалыптастыру орталығының басшысы М. Әуезоа ат. ОҚУ, 16 корпус, 218 кабинет |
|
Жобаларды қалыптастыру орталығының негізгі міндеттері: |
Жобаларды жүргізу орталығы
|
Омаров Бекжан Темірханұлы Жобаларды жүргізу М. Әуезов ат. ОҚУ, 16 корпус, 218 кабинет |
|
|
Султанова Молдир Ергешкызы Жобаларды жүргізу орталығының бас маманы М. Әуезов ат. ОҚУ, 16 корпус, 218 кабинет |
|
|
Джанзакова Меруерт Айдаровна Жобаларды жүргізу орталығының бас маманы М. Әуезов ат. ОҚУ, 16 корпус, 218 кабинет |
Жобаларды сүйемелдеу орталығының негізгі міндеттері:
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобаларын іске асыруда ҚҒЗЖ ғылыми жетекшілеріне ұйымдастырушылық және техникалық көмек көрсету;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ бойынша жобаларды орындау барысы бойынша талдау және есептілік жүргізу;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы эксперименттік-өндірістік базаны құруға жәрдемдесу;
-іргелі, қолданбалы, іздестіру-тәуекел, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар бойынша республикада және шетелде жарияланған конкурстар туралы жобалар басшыларының уақтылы хабардар болуын қамтамасыз ету.
Жобаларды сүйемелдеу орталығының негізгі функциялары:
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша шарттарды, қосымша келісімдерді дайындау, рәсімдеу және жүргізу;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша орындалған жұмыстардың актілерін, аннотациялық, жылдық, аралық және қорытынды есептерді дайындау, ресімдеу және жүргізу;
-ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, ғылыми-техникалық өнімді әзірлеуге және беруге өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен, коммерциялық фирмалармен және компаниялармен шаруашылық шарттарды дайындау, ресімдеу және жүргізу;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық шарт жобалары бойынша ақпараттық деректер базасын құру және жүргізу;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша ішкі құжаттаманы жүргізу;
-гранттық және бағдарламалық-нысаналы жобаларға камералдық мониторинг жүргізу;
-өз қызметінің саласы шеңберінде университет бөлімшелеріне ақпарат беру;
-ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу және пайдалану бойынша коммерцияландыру офисімен өзара іс-қимыл жасау, жобаларды практикалық іске асыру үшін материалдық-техникалық, қаржылық және өзге де жағдайларды қамтамасыз ету, тәжірибелік және пилоттық өндірістер құру, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық, әдістемелік қызметтер алуға және практикалық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
-ЖСО қызметі туралы ақпараттық материалдарды дайындауды, шығаруды және таратуды жүзеге асыру.
Жобаларды экономикалық координациялау бөлімі
|
Оралбай Ержан Нұрдәулетұлы Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы М. Әуезов ат. ОҚУ, 16 корпус, 218 кабинет |
|
Ілебай Айдана Илдарқызы Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің бас маманыМ. Әуезов ат. ОҚУ, 16 корпус, 218 кабинет |
Жобаларды экономикалық үйлестіру бөлімінің міндеттері:
-жобаларды іске асыруда гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ ғылыми жетекшілеріне экономикалық көмек;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ бойынша жобаларды және бюджеттік қарыздарды орындау барысы бойынша талдау және есептілік жүргізу;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын және технологияларды коммерцияландыруды қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы эксперименттік-өндірістік базаны құруға жәрдемдесу.
Жобаларды экономикалық үйлестіру бөлімінің негізгі функциялары:
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ қаражатын бөлу бойынша жалпы базаны қалыптастыру;
-ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, ғылыми-техникалық өнімді әзірлеуге және беруге өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен, коммерциялық фирмалармен және компаниялармен шаруашылық шарттардың шығыс сметасын дайындау және ресімдеу;
-жобаларды техникалық-экономикалық сүйемелдеу, материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша жалпы өтінімді дайындау және гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша жабдықтарды сатып алуға жетекшілік ету, қаржыландырылатын жобалар қаражаты үшін ҒЗ, ҒО және ҒЗИ сатып алынған жабдықтардың пайдаланылуын бақылау;
-гранттық, бағдарламалық-мақсатты, халықаралық, бастамашыл шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ жобаларының қаражаты үшін сатып алынатын қолда бар зертханалық және зерттеу жабдықтарын есепке алу, ғылыми зертханалық базаны жарақтандыру процестерін реттеу;
-қаржыландырылатын жобаларға камералдық мониторинг жүргізу;
-белгіленген тәртіпте сметалық құжаттаманы тексеру, қабылдау.






