«Машина жасау мәселелері» ҒЗЗ

- мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған тік цилиндрлік резервуарлардың пайдалану жағдайларындағы беріктігі, ұзақ мерзімділігі және динамикасы;

5қызметкер

Қызметкерлер 5

Айнабеков Алпысбай Иманкұлұлы

Айнабеков Алпысбай Иманкұлұлы

Зертхана меңгерушісі; Техника ғылымдарының докторы, профессор.; Байланыс ақпараты: №3 (В) корпус, 319 кабинет

Арапов Батырбек Рахметұлы

Арапов Батырбек Рахметұлы

Аға ғылыми қызметкер; Техника ғылымдарының докторы, профессор.; Байланыс ақпараты: №3 (В) корпус, 319 кабинет

Сейтказенова Қазира Кәмешқызы

Сейтказенова Қазира Кәмешқызы

Аға ғылыми қызметкер; Техника ғылымдарының докторы, профессор; Байланыс ақпараты: №3 (В) корпус, 325 кабинет

Жаңабай Нұрлан Жаңабайұлы

Жаңабай Нұрлан Жаңабайұлы

Аға ғылыми қызметкер; Техника ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор; Байланыс ақпараттары: ғимарат №16, 205 кабинет

Романова Динара Қолдасқызы

Романова Динара Қолдасқызы

Кіші ғылыми қызметкер; Байланыс ақпараты: №3 (В) корпус, 128 кабинет

Ғылыми зерттеу бағыттары

«Машина жасау мәселелері» ҒЗЛ ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары

- мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған тік цилиндрлік резервуарлардың пайдалану жағдайларындағы беріктігі, ұзақ мерзімділігі және динамикасы;

- мұнай мен газға арналған магистральдық құбырлардың пайдалану жағдайларындағы беріктігі, ұзақ мерзімділігі және динамикасы;

- механикалық кернеулер, коррозиялық орта және жоғары температура әсеріне ұшырайтын энергетикалық қондырғылар элементтерінің, химиялық технология машиналары мен аппараттарының беріктігі және ұзақ мерзімділігі;

- магистральдық құбырлардың бұзылу механикасы, оның ішінде пайдалану жағдайларын ескере отырып, олардың ұзына бойғы және көшкінді (лавиналық) бұзылуы;

- орамасының әртүрлі конструкциялық параметрлері мен пайдалану жағдайларындағы алдын ала кернелген цилиндрлік қабықшалардың беріктігі және орнықтылығы.

Халықаралық ынтымақтастық

«Машина жасау мәселелері» ҒЗЛ-ның Украина Ғылым академиясының «Беріктік мәселелері» институтымен, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен, Харьков ғылыми-техникалық университетімен (ХПИ), Люблин технологиялық университетімен, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетімен, Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтымен, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтымен көптен бергі ғылыми байланыстары бар.

Зертхана шетелдік ғалымдармен бірлесіп ҒЖБСМ Ғылым комитетінің ғылыми жобалары мен бағдарламаларын грантпен қаржыландыру желісі бойынша екі ғылыми жобаны орындап жатыр. Шетелдік ғалымдармен бірлесіп Scopus дерекқорындағы журналдарда 12 мақала жарияланды.

Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарымен, ғылыми орталықтарымен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық

Ғылыми-зерттеу зертханасы Қазақстанның ҒЗИ-лері мен жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады. Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтымен, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен, Математика және математикалық модельдеу институтымен тығыз байланыста.

Зертхана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетімен, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен, Назарбаев Университетімен, Атырау мұнай және газ университетімен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетімен, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен ынтымақтасады.

Өндіріс және бизнеспен байланыс

Ғылыми зертхана өңірдің кәсіпорындарымен және бизнеспен ынтымақтасады: «Шымкент» ӘКК; «KARLSKRONA LC/АB» ЖШС; «Карданвал» АҚ; «Шымкент Эталон» ЖШС; «КазТермоПласт» ЖШС; «Электроаппарат» АҚ; «Леңгір машина жасау зауыты» АҚ; «Казгеомаш» ЖШС; «Индустриальный синдикат» ЖШС.

«Машина жасау мәселелері» ҒЗЛ ғылыми-зерттеу жұмыстары

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды

Грантпен қаржыландыру бойынша

- 2022 жылғы 18 қазандағы № 177-3 шарт бойынша «Сейсмикалық аудандарда пайдаланылатын мұнай магистральдық құбырларының ресурсын арттыру» жобасы, жалпы сомасы 49 541 184 теңге;

- 2023 жылғы 3 тамыздағы №224/23-25-4 шарт бойынша «Магистральдық газ құбырларының ұзына бойғы көшкінді бұзылуға төзімділігінің ғылыми негіздерін әзірлеу» жобасы, жалпы сомасы 78 961 260 теңге;

- 2025 жылғы 6 қазандағы №391/25-27 шарт бойынша «Механикалық кернеулер мен коррозиялық орта, жоғары температура әсеріне ұшырайтын атомдық және жылу энергетикалық қондырғылар элементтерін инженерлік есептеу әдістемесін әзірлеу» жобасы, жалпы сомасы 114 489 547 теңге.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шаруашылық шарттар бойынша

- 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 343/21 шарт бойынша «Темірбетон конструкциялары арматуралық болаттарының механикалық қасиеттері» жұмысы, 2021 жылға 400 мың теңге сомасына;

- 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 0101/22 шарт бойынша «Темірбетон конструкциялары арматуралық болаттарының механикалық қасиеттерін зерттеу» жұмысы, 2022–2023 жылдарға 800 мың теңге сомасына;

- 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 086/24 шарт бойынша «Темірбетон конструкцияларының құрылыс арматуралық болаттары мен салынбалы бұйымдарының механикалық қасиеттерін зерттеу» жұмысы, 2024–2025 жылдарға 1 млн 400 мың теңге сомасына.

«Машина жасау мәселелері» ҒЗЛ туралы негізгі мәліметтер

Табиғи-техникалық ғылыми-зерттеу институтының «Машина жасау мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасы М. Әуезов атындағы ОҚЗУ Ғылыми кеңесінің шешімімен, «М. Әуезов атындағы ОҚЗУ» КЕАҚ Директорлар кеңесі бекіткен университеттің ұйымдық құрылымы негізінде 2020 жылғы қаңтарда құрылды. Зертхана университеттің «Механика және машина жасау» кафедрасының А. Айнабеков атындағы «Механикалық сынақтар» ғылыми-оқу зертханасының материалдық базасында ұйымдастырылды. Зертхана меңгерушісі – Айнабеков Алпысбай Иманкұлұлы, ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор, эксперименттік механика мектебінің негізін қалаушы және жетекшісі.

«Машина жасау мәселелері» ҒЗЛ қызметінің негізгі бағыттары

- мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған тік цилиндрлік резервуарлардың пайдалану жағдайларындағы беріктігін, ұзақ мерзімділігін және динамикасын кешенді (эксперименттік және теориялық) зерттеу;

- мұнай мен газға арналған магистральдық құбырлардың пайдалану жағдайларындағы беріктігін, ұзақ мерзімділігін және динамикасын кешенді (эксперименттік және теориялық) зерттеу;

- механикалық кернеулер, коррозиялық орта және жоғары температура әсеріне ұшырайтын энергетикалық қондырғылар элементтерінің, химиялық технология машиналары мен аппараттарының беріктігі мен ұзақ мерзімділігін кешенді зерттеу.

Жүргізіліп жатқан зерттеулер аясында штаттағы 3 доктор және 1 ғылым кандидаты, сондай-ақ университеттің басқа бөлімшелерінен 2 доктор, 3 ғылым кандидаты және 3 PhD докторы тартылған.

Ғылыми-зерттеу зертханасы құрылған сәттен бастап 2025 жылға дейін ғылыми жобаларды грантпен қаржыландыру аясында жалпы сомасы 240 млн теңгеден асатын 3 ғылыми жоба және жалпы сомасы 2 млн 200 мың теңге болатын 4 шаруашылық шарт орындалды.

Ғылыми-зерттеу зертханасы ғылыми жобаларды грантпен қаржыландыру аясында жалпы сомасы 240 млн теңгеден асатын 3 ғылыми жобаны және жалпы сомасы 2 млн 200 мың теңге болатын 4 шаруашылық шартты орындады.

мақала дайындалып, жарияланды (оның ішінде Scopus дерекқорында – 28 мақала, Web of Science дерекқорларында – 4 мақала, ҚР ҒЖБМ БҒСБК тізіміне кіретін журналда – 2 мақала, шетелдік және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында – 7 мақала, республикалық ғылыми журналда – 1 мақала). Қазақстан патент бюросында өнертабысқа және пайдалы модельге 4 патент алынды.

Зертхана жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша 2 PhD докторлық диссертация қорғалды.

Зертхана жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен, қондырғылармен және аспаптармен жарақтандырылған.

«Машина жасау мәселелері» ҒЗЛ ғылыми жетістіктері

Біркелкі таралған стационар ішкі қысым әсерінен көміртекті пластиктен жасалған композиттік қаптамамен нығайтылған ақаулы аймағы бар болат магистральдық құбырдың типтік учаскесінің деформациялану процесі зерттелді.

Сыни қысымдағы еркін пішінді ірі жарығы бар құбырдың кернеулі-деформациялық күйі зерттелді. Алынған зерттеу нәтижелерін құбырды бандаждау үшін көміртекті пластиктен жасалған қаптаманың қалыңдығын таңдауда пайдалануға болады.

Болат магистральдық құбырдың сызықтық бөлігінің типтік моделі негізінде ANSYS бағдарламалық кешенінде дөңгелек композиттік қаптамалар түріндегі бандажның үш негізгі параметрін: композиттік материал түрін, қаптама ұзындығын және қаптама қалыңдығын сандық модельдеу әдістемелері әзірленді.

Ішкі қысым әсерінен композиттік қаптамасы бар құбыр зақымданған учаскесінің статикалық беріктігін бағалау әдістемесі әзірленді, ол композиттік қаптаманың оңтайлы геометриялық өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жарығы пайда болып келе жатқан құбыр учаскесі бұзылған кездегі және жарық ұшы аймағында газ құбыры бұзылған кездегі натуралық магистральдық газ құбырының КДК (кернеулі-деформациялық күй) зерттеулері жүргізілді.

Есептің математикалық моделі жасалды, ол өтпелі жарығы бар құбырдың үшөлшемді геометриясын, ішкі қысымның уақыт бойынша өзгерісін, жарықтың деформациялануын, конструкция материалының пластикалық қасиеттерін, температураның конструкция материалының механикалық сипаттамаларына әсерін ескереді. Есептің сандық шешімі ANSYS-19.2/Explicit Dynamics бағдарламалық кешенінде іске асырылды, ал кеңістіктік дискреттеудің негізінде қозғалыс теңдеуіне негізделген ақырлы элементтер әдісі алынды.

Сандық зерттеулер «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистральдық газ құбырының тіректер арасындағы учаскесі мысалында жүргізілді.

Болат сақиналармен, алдын ала кернелген орамамен және композиттік қаптамалармен магистральдық құбырдағы бұзылу жарығын локализациялау және тоқтату тәсілдері әзірленіп, эксперименттік және теориялық тұрғыдан зерттелді.

Магистральдық газ құбырларының сым орамамен немесе композиттік қаптамамен күшейтілген зақымдалған учаскелерінің динамикалық беріктігін бағалауға арналған жалпыланған математикалық модель әзірленді. Модель құбыр мен сымның болаттарының серпімді-пластикалық қасиеттерін, температуралық параметрлердің болаттардың механикалық қасиеттеріне әсерін, құбырдың сым орамамен немесе композиттік қаптамамен жанасу өзара әрекеттесуін, материалдардың стационар емес ішкі қысым әсерінен жергілікті бұзылуын ескереді. Ұсынылған модель ANSYS 19.2 ортасында іске асырылды.

ANSYS бағдарламалық кешені негізінде алдын ала кернелген болат магистральдық газ құбырлары конструкциясын инженерлік есептеу және оңтайлы жобалау әдістемесі әзірленіп, ұсынылды. Әзірленген әдістеме мен алгоритм алдын ала кернеу параметрлері мен сыртқы температуралық әсерлерді ескере отырып, бұзылу жарығын локализациялау және тоқтату үшін газ құбырлары конструкцияларында алдын ала кернеу тәсілін қолдану міндетін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді;

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың оқу процесіне арнайы пәндер бойынша енгізілді.

Ғылыми-зерттеу зертханасы ғылыми жобаларды грантпен қаржыландыру аясында жалпы сомасы 240 млн теңгеден асатын 3 ғылыми жобаны және жалпы сомасы 2 млн 200 мың теңге болатын 4 шаруашылық шартты орындады.

мақала дайындалып, жарияланды (оның ішінде Scopus дерекқорында – 28 мақала, Web of Science дерекқорларында – 4 мақала, ҚР ҒЖБМ БҒСБК тізіміне кіретін журналда – 2 мақала, шетелдік және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында – 7 мақала, республикалық ғылыми журналда – 1 мақала). Қазақстан патент бюросында өнертабысқа және пайдалы модельге 4 патент алынды.

Жүргізілген зерттеулер материалдары бойынша 3 монография шығарылды.

Зертхана жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша 2 PhD докторлық диссертация қорғалды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері өндіріске енгізілді, бұл 8 енгізу актісімен расталады.

Негізгі жарияланымдар

Халықаралық ғылыми рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар
1.Zhangabay N., Ainabekov, A., Ibraimova U., Buganova S., Moldagaliyev A. Finite-Element Modeling of the Temperature Effect on Extended Avalanche Damage of Gas Main Pipelines. Materials. 17-том, 9-шығарылым, May 2024 1963 ISSN19961944 DOI https://doi.org/10.3390/ma17091963
2.Арапов Б.Р., Айнабеков А.И., Алибеков О.Б., Камбаров М.А., Абшенов Х.А. Автоклав для исследования механических свойств сталей в средах высоких параметров. Science and world. 2024. № 3 (127) С. 20-24 ISSN 2308-4804.
3Арапов Б.Р., Айнабеков А.И., Сейтказенова К.К., Алибеков О.Б., Камбаров М.А. Экспериментальное исследование температурно-деформационного старения стали 20. НАУЧНЫЙ АСПЕКТ № 2 2024. – Самара: Изд-во ООО «Аспект», 2024 . – Т1 . –С.183-186.
4.Avramov K.V., Chernobryvko M., Uspensky B., Seitkazenova K.K., Myrzaliyev D.Self-sustained vibrations of functionally graded carbon nanotubes-reinforced composite cylindrical shells in supersonic flow.Nonlinear Dynamics98-том, 3-шығарылым, 1853 - 1876 беттер, 1 November 2019. DOI10.1007/s11071-019-05292-z, Mechanical Engineering, CiteScore бойынша процентиль – 93, https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2-s2.0-85074460409&origin=resultslist&sort=plf-f
5.Zhangabay, N., Abshenov, K., Bakhbergen, S., Zhakash, A., Moldagaliyev, A. Evaluating the Effectiveness of Energy-Saving Retrofit Strategies for Residential Buildings. Int. Rev. Civ. Eng. 2022, 13, 118-126. https://doi.org/10.15866/irece.v13i2.20933
6. Rakhimova, G.; Zhangabay, N.; Samoilova, T.; Rakhimov, M.; Kropachev, P.; Stanevich, V.; Karacasu, M.; Ibraimova, U. Computational Research of the Efficiency of Using a Three-Layer Panel Made of Highly Porous Polystyrene Concrete. Materials. 2024, 17(16), 4133; https://doi.org/10.3390/ma17164133
7. Kudabayev, R.; Mizamov, N.; Zhangabay, N.; Suleimenov, U.; Kostikov, A.; Vorontsova, A.; Buganova, S.; Umbitaliyev, A.; Kalshabekova, E.; Aldiyarov, Z. Construction of a model for an enclosing structure with a heat-accumulating material with phase transition taking into account the process of solar energy accumulation. East. Eur. J. Enterp. Technol. 2022, 6, 26–37. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2022.268618
8. Zhangabay, N.; Baidilla, I.; Tagybayev, A.; Suleimenov, U.; Kurganbekov, Z.; Kambarov, M.; Kolesnikov, A.; Ibraimbayeva, G.; Abshenov, K.; Volokitina, I.; Nsanbayev, B.; Anarbayev, Y. Thermophysical indicators of elaborated sandwich cladding constructions with heat-reflective coverings and air gaps. Case Stud. Constr. Mater. 2023, 18, e02161. https://doi.org/10.1016/j.cscm.2023.e02161
9. Zhangabay, N.;Tagybayev A.; Utelbayeva, A.; Buganova, S.; Tolganbayev, A.; Tulesheva, G.; Jumabayev A.; Kolesnikov, A.; Kambarov, M.; Imanaliyev, K.; Kozlov, P. Analysis of the influence of thermal insulation material on the thermal resistance of new facade structures with horizontal air channels. Case Studies in Construction Materials. 2023, 18, e02026. https://doi.org/10.1016/j.cscm.2023.e02026
10. Zhangabay, N.; Baidilla, I.; Tagybayev A.; Sultan B. Analysis of Thermal Resistance of Developed Energy-Saving External Enclosing Structures with Air Gaps and Horizontal Channels. Buildings. 2023. 13. 356. https://doi.org/10.3390/buildings13020356
11. Zhangabay, N.; Kudabayev, R.A.; Mizamov, N.; Imanaliyev, K.; Kolesnikov, A.; Moldagaliyev, A.; Merekeyeva, A. Study of the model of the phase transition envelope taking into account the process of thermal storage under natural draft and by air injection. Case Stud. Constr. Mater. 2023, 8, e02050. https://doi.org/10.1016/j.cscm.2023.e02050
12.Zhangabay, N.; Oner, A.; Rakhimov, M.; Tursunkululy, T., Abdikerova, U. Thermal Performance Evaluation of a Retrofitted Building with Adaptive Composite Energy-Saving Facade Systems. Energies 2025, 18(6), 1402; https://doi.org/10.3390/en18061402
13. Zhangabay, N. Investigation of the impacts of the thickness of the composite material on the temperature regime of energy-saving fencing of the outer wall with closed vertical wind channels. E3S Web of Conferences. 2024, 474, 01075. https://doi.org/10.1051/e3sconf/202447401075
14. Zhangabay, N.; Tursunkululy, N.; Utelbayeva, A.; Abdikerova, A.; Sultanov, S. A Study of Temperature and Humidity Conditions in a New Energy-Efficient Design of a Wall Structure with Air Gaps. Modelling. 2025, 6(1), 12; https://doi.org/10.3390/modelling6010012
15. Zhangabay, N. Development of models and analysis of temperature fields of new energy-saving enclosing structures with an air layer. E3S Web Conferences. 2024, 474, 01009. https://doi.org/10.1051/e3sconf/202447401009
16. Zhangabay, N.;Bonopera, M.; Baidilla, I.; Utelbayeva, A.; Tursunkululy, T. Research of Heat Tolerance and Moisture Conditions of New Worked-Out Face Structures with Complete Gap Spacings. Buildings. 2023. 13(11). 2853. https://doi.org/10.3390/buildings13112853
17. Zhangabay, N.;Giyasov, A.; Ibraimova, U.; Tursunkululy, T.; Kolesnikov, A. Construction and climatic certification of an area as a prerequisite for development of energy-efficient buildings and their external wall constructions. Construction Materials and Products. 2024, 7 (5). 1. https://doi.org/10.58224/2618-7183-2024-7-5-1
18. Zhangabay, N.;Tagybayev, A.; Baidilla, I.; Sapargaliyeva B.; Shakeshev, B.; Baibolov, L.; Duissenbekov, B.; Utelbayeva A.; Kolesnikov, A.; Izbassar, A.; Kozlov, P. Multilayer External Enclosing Wall Structures with Air Gaps or Channels. J. Compos. Sci. 2023, 7(5), 195; https://doi.org/10.3390/jcs7050195
19. Zhangabay, N.; Zhangabay, A.; Utelbayeva, A.; Tursunkululy, T.; Sultanov, M.; Kolesnikov, A. Energy-Efficient Outdoor Fencing with Air Layers: A Review of the Effect of Solar Radiation on the Exterior Fencing of Buildings Made of Composite Material. J. Compos. Sci. 2025, 9(1), 9; https://doi.org/10.3390/jcs9010009
20. Zhangabay, N.; Tagybayev A.; Utelbayeva, A.; Buganova, S.; Tolganbayev, A.; Tulesheva, G.; Jumabayev A.; Kolesnikov, A.; Kambarov, M.; Imanaliyev, K.; Kozlov, P. Analysis of the influence of thermal insulation material on the thermal resistance of new facade structures with horizontal air channels. Case Studies in Construction Materials. 2023, 18, e02026. https://doi.org/10.1016/j.cscm.2023.e02026
21. Zhangabay, N.;Tursunkululy, T.; Ibraimova U.; Abdikerova, U. Energy-Efficient Adaptive Dynamic Building Facades: A Review of Their Energy Efficiency and Operating Loads. Appl. Sci. 2024, 14(23), 10979; https://doi.org/10.3390/app142310979
22. Zhangabay, N.;Chepela D., Tursunkululy T., Zhangabay A., Kolesnikov A. Analysis of the effect of porosity on thermal conductivity with consideration of the internal structure of arbolite. Construction Materials and Products. 2024. 7 (3). 4. https://doi.org/10.58224/2618-7183-2024-7-3-4
23. Zhangabay N., Giyasov A., Ybray S., Tursunkululy T., Kolesnikov A. Field thermovision study of external enclosure for multi-storey residential building under climatic conditions of Northern Kazakhstan. Construction Materials and Products. 2024. 7 (1). 1. https://doi.org/10.58224/2618-7183-2024-7-1-1
24. Giyasov A., Bakhbergen S., Tursunkululy T., Kolesnikov A. Thermovision study of a residential building under climatic conditions of South Kazakhstan in a cold period. Construction Materials and Products. 2024. 7 (2). 1. https://doi.org/10.58224/2618-7183-2024-7-2-1
25. Zhangabay N., Giyasov A., Ybray S., Tursunkululy T. Study of heat protection of external envelopes of a residential building in the cold period. E3S Web of Conferences. 2024, 542, 06003. https://doi.org/10.1051/e3sconf/202454206003
26. Zhangabay, N.;Giyasov A., Ybray S., Tursunkululy T. Study of heat protection of translucent external envelope in winter period. E3S Web of Conferences. 2024, 542, 06005. https://doi.org/10.1051/e3sconf/202454206005
27. Zhangabay N., Bakhbergen S., Aldiyarov Zh., Tursunkululy T., Kolesnikov A. Analysis of thermal efficiency of external fencing made of innovative ceramic blocks. Construction Materials and Products. 2024. 7 (3). 1. https://doi.org/10.58224/2618-7183-2024-7-3-1
28. Zhangabay, N., Ibraimova, U., Suleimenov U., Moldagaliyev A., Buganova S., Jumabayev A., Kolesnikov A.., Tursunkululy T., et al. Factors affecting extended avalanche destructions on long-distance gas pipe lines: Review. Case Studies in Construction Materials 2023, 19, e02376. https://doi.org/10.1016/j.cscm.2023.e02376
29.Zhangabay N., Ibraimova U., Bonopera M., Suleimenov U., Avramov K., Chernobryvko M., Utelbayeva A., Uspenskiy B. Finite-Element Modeling of the Dynamic Behavior of a Crack-like Defect in an Internally Pressurized Thin-Walled Steel Cylinder. Applied Sciences. 2024; 14(5):1790. https://doi.org/10.3390/app14051790
30.Zhangabay N., Ibraimova U., Ainabekov A., Buganova S., Moldagaliev A. Finite-element modeling of the temperature effect on extended avalanche damage of gas main pipelines. Materials 2024, 17(9), 1963; https://doi.org/10.3390/ma17091963
31.Zhangabay N.; Ibraimova, U.; Tursunkululy, T.; Buganova, S.; Moldagaliev, A.; Duissenbekov, B. Experimental Study of Avalanche Damage Protection Methods for Main Steel Gas Pipelines. Materials. 2024, 17(13), 3171. https://doi.org/10.3390/ma17133171
32.Zhangabay N., Ibraimova U., Bonopera M., Suleimenov U., Avramov K., Chernobryvko M., Yessengali A. Novel Methodologies for Preventing Crack Propagation in Steel Gas Pipelines Considering the Temperature Effect. Structural Durability & Health Monitoring (SDHM). 2024; 23 p. https://doi.org/10.32604/sdhm.2024.053391
33. Zhangabay, N., Tursunkululy, T., N., Avramov, K., Chernobryvko, M., Suleimenov, U., & Utelbayeva, A. (2022). Influence of the parameters of the pre-stressed winding on the oscillations of vertical cylindrical steel oil tanks. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 5(7 (119), 6–13. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2022.265107
34. Zhangabay, N., Suleimenov, U., Abshenov, K., Utelbayeva, A., Imanaliyev, K., Mussayeva, S., Moldagaliyev, A., Yermakhanov, M., Raikhanova, G. (2022). Estimating of the stress-strain state of the vertical mounting joint of the cylindrical tank wall taking into account imperfections. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 3 (7 (117)), 14–21. doi: https://doi.org/10.15587/1729-4061.2022.258118
35. Zhangabay, N., Tursunkululy T., Avramov K., Chernobryvko M., Kambarov M., Abildabekov A., Narikov K., Azatkulov O. O. Oscillation frequencies of the reinforced wall of a steel vertical cylindrical tank for petroleum products depending on winding pre-tension. East-Eur. J. Enterp. Technol. 2023, 3(7 (123), 14–25. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2023.279098
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардағы жарияланымдар
1.Стенд для исследования кавитационно-эрозионного разрушения металлов при статическом механическом воздействии. Айнабеков А.И., Арапов, Б.Р., Алибеков О.Б. «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 22» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 8-том, 2024 ж.
2.Параметрлері жоғары ортада болаттардың механикалық қасиеттерін зерттеуге арналған автоклав. Айнабеков А.И., Камбаров М.А., Арапов Б.Р. «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 22» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 7-том, 2024 ж.
3.Испытательная машина для исследования усталостной прочности металлов в условиях циклических напряжений. Айнабеков А.И., Арапов, Б.Р., Алибеков О.Б. «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 22» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 8-том, 2024 ж.
4.Методика построения тарировочного графика. Арапов Б.Р., Айнабеков А.И., Алибеков О.Б.,Серикбаев Б.Е., Сапарали Ж. «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 22» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 8-том, 2024 ж.
5.Сейтказенова К.К., Арапов Б.Р., Аким Е. Ветряк простой конструкции с полуцилиндрическими лопастями «Әуезов оқулары – 21» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, Шымкент, 2023, 7-том, 240–243 б.
6.Seitkazenova K.K., Arapov B.R. Myrzaliev D.S. Pechersky V.N., Kholmakhanov B. Wear resistance criteria for various types of wear. Material and mechanical engineering technology, № 2, 2024 ж., 91–97 б.
7.Сейтказенова К.К., Арапов Б.Р., Мырзалиев Д.С., Жумалиев Б.Б., Аким Е. Энергетический критерий износостойкости материалов. Известия высших учебных заведений. Технология текстильной промышленности, № 3 (399) 2022, 87–92 б.
Патенттер
1.Жаңабай Н.Ж., Тұрсұнқұлұлы Т., Сулейменов У.С., Абщенов Х.А., 21.10.2022 ж. № 35915 өнертабысқа патент. «Способ повышения сейсмостойкости вертикальных стальных цилиндрических резервуаров применением предварительно натяженной обмотки»
2.Жаңабай Н.Ж., Ибраимова Ұ. Б.,Сулейменов У.С., Абщенов Х.А., Жаңабай А., Дүйсенбеков Б., Молдагалиев А. 12.04.2024 ж. № 9009 пайдалы модельге патент. «Способ локализации и остановки лавинного разрушения магистральных газопроводов и нефтепроводов»
3Арапов Б., Айнабеков А.И., Алибеков О.Б., Камбаров М.А., Жаңабай Н.Ж. 11.04.2025 ж. № 37264 өнертабысқа патент. «Автоклав для испытания образцов сталей в среде высоких параметров»
4. Жаңабай Н.Ж. Способ локализации продольных (лавинных) разрушений магистральных газопроводов. 26.09.2025 ж. № 11207 пайдалы модельге патент.
Монографиялар

Байланыс

Барлық зертханалар

Университет ғалымдарымен ынтымақтасқыңыз келе ме?

Бірлескен зерттеулер, жұмыстарға тапсырыс, сынақтар және әзірлемелерді коммерцияландыру — ғылыми бөлімшелермен байланысыңыз.