Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 мамырдағы №711 бұйрығымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 8D071 Инженерия және инженерлік іс бағытының келесі білім беру бағдарламалары (мамандықтары) бойынша диссертациялық Кеңес ашылды:
8D07160 (6D072000) - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
8D07170 (6D072100) - Органикалық заттардың химиялық технологиясы
8D07172-Мұнай және газ өңдеу технологиясы
8D07190-Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
Университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен диссертациялық кеңестің төрағасы ретінде химия ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры Надиров Казим Садыкович тағайындалды.
Университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің PhD докторы Назарбек Улжалгас Бакыткызы диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы болып тағайындалды.
160012, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5
Жұмыс телефоны: 8 (7252) 21-41-67
Ұялы телефон: 8 (778) 534-20-42
Электрондық пошта: unazarbek@mail.ru
СМЖ ОҚУ Е 7.22 - 2024 М. АУЕЗОВ атындағы ОҚУ Диссертациялық Кеңес туралы
Диссертациялық кеңес жұмысының 2024 жылғы жылдық есебі
Диссертациялық кеңес жұмысының 2023 жылғы жылдық есебі