«Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы

«Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында Елімізде тұңғыш Республикалық физикалық антропология зертханасы ашылды: Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомство аралық жұмыс…

4қызметкер
23жарияланым

Қызметкерлер 4

Авизова Айман Қарайдарқызы

Авизова Айман Қарайдарқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты,, ғылыми орталықтың аға ғылыми қызметкері

Байтанаева Олеся Анатольевна

Байтанаева Олеся Анатольевна

Тарих ғылымдарының кандидаты, философия (PhD) докторы, ғылыми орталықтың аға ғылыми қызметкер

Ергешбаев Азамат Әділұлы

Ергешбаев Азамат Әділұлы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, ғылыми орталықтың аға ғылыми қызметкері (PhD докторант)

Байтанаев Елнар Бауыржаұлы

Байтанаев Елнар Бауыржаұлы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі,, ғылыми орталықтың кіші ғылыми қызметкері

Ғылыми орталықтың атауы

«Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы

Ғылыми орталық туралы негізгі ақпарат

«Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында Елімізде тұңғыш Республикалық физикалық антропология зертханасы ашылды: Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомство аралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының 2013 жылғы 5 маусымдағы №03-5.17 хаттамасының негізінде Республикалық физикалық антропология зертханасы ашылды.

2021 ж. «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы болып «Археологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы мен «Физикалық антропология» республикалық ғылыми-зерттеу зертханасының базасында жүргізіліп жатқан және болашақта жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қайта құрылды.

Ғылыми орталықтың қызметі қазіргі археологияның негізгі бағыттарын қамтиды

- қалалық мәдениет пен ежелгі қала құрылысы ескерткіштерін зерттеу;

- ерте ортағасырлық және ортағасырлық қалашықтар мен қоныстарды зерделеу;

қорғандық жерлеу ескерткіштерін барлау және қазба жұмыстарын жүргізу;

- тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтауға, сондай-ақ бұрын белгілі нысандарды қайта тексеруге бағытталған археологиялық барлау жұмыстары;

- жер учаскелерін игеру және шаруашылық жобаларды іске асыру барысында археологиялық және тарихи-мәдени сараптама жүргізу;

- сүйек қалдықтарын тазарту, консервациялау және бастапқы сәйкестендіруді жүргізе отырып, антропологиялық өңдеу.

Ғылыми орталықтың тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясы мен аккредитациясы бар (қосымша).

Жұмыста кешенді пәнаралық тәсіл қолданылады

- археологиялық барлау және қазба жұмыстары;

- ғарыштық түсірілімдерді талдау;

- фотограмметрия және 3D-модельдеу;

- аспаптық топографиялық түсірілім;

- далалық және камералдық құжаттаманың толық жүргізілуі.

Ғылыми орталықтың қызметкерлері археология саласындағы түрлі халықаралық семинарларға қатысып, заманауи жабдықтар мен бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, археологиялық құжаттаманың жаңа әдістерін меңгерген. Алынған білімдер негізінде фотограмметрия әдісімен жасалған 3D-модельдер бойынша топографиялық жоспарлар құрастырылуда. Алынған дағдылар М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің археологиялық экспедициясының кейінгі зерттеулерінде кеңінен қолданылып келеді және алдағы уақытта да пайдаланылатын болады.

Зерттеу мақсаты

Ғылыми орталық Қазақстан халықтарының бай мәдени мұрасын, олардың этникалық өзара байланысын, сондай-ақ қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейін және ХХ ғасырдың ортасына дейінгі қалалық мәдениеттің даму динамикасын зерттейді.

Ғылыми орталық жұмысының нәтижелері

2024 жылы ғылыми орталықтың қызметкерлері Испиджаб тарихи-мәдени округі аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштерге қатысты деректер жинау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы Өтеміс кентінің шығысында орналасқан Ақтөбе қалашығы, Ақтөбе және Нартөбе қоныстары зерттелді. Зерттелген нысандарда археологиялық құжаттау жұмыстары жүргізілді. Қолда бар ғарыштық түсірілімдерді құжаттау барысында алынған жаңа деректермен ұштастыру нәтижесінде археологиялық нысандардың кешенді көрінісі жасалды.

Археологиялық құжаттау ғылыми орталықтың арсеналындағы заманауи құрал-жабдықтар көмегімен жүзеге асырылды: қашықтықты өлшеп, нақты орналасу орнын анықтайтын спутниктік навигация жүйесі (GPS), сондай-ақ ескерткіштердің аэрофототүсірілімдері жүргізілген ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Түсірілген суреттер негізінде кейін ортофотожоспар жасауға пайдаланылған фотосуреттер топтамасы алынды. Теңестірілген суреттер мен құрылған модельдер негізінде зерттелген үш ескерткіштің сандық жер бедері модельдері (СЖБМ) жасалды. СЖБМ арқылы ескерткіштердің жер бедері ерекшеліктерін топографиялық жоспармен бірге қарастыруға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, үш нысанның барлығына микрорельеф ерекшеліктері мен биіктік көрсеткіштері көрсетілген топографиялық жоспарлар жасалды.

  • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы

Ақтөбе қалашығының сандық жер бедері моделі (СЖБМ)

  • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 2

Нартөбе қонысының сандық жер бедері моделі (СЖБМ)

  • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 3

Ақтөбе қонысының топографиялық жоспары, 2024 ж. өлшеу жұмыстары

2024
жылы 2 каталог құрастырылды: Шымкент қалашығы, Сайрам, Қараспан, Ханқорған ескерткіштері мен Қайтпас қорымынан алынған материалдық мәдениет заттарының каталогы және ғылыми орталық қоры материалдары негізінде дайындалған палеоантропологиялық коллекциялар каталогы.
Аталған каталогтар археологтар, этнографтар, тарихшылар, өнертанушылар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері, студенттер, мектеп оқушылары және Оңтүстік өңірдің, жалпы Қазақстанның мәдени мұрасына қызығушылық танытатын кең қауымға арналған.
Артефактілердің басым бөлігі өз уақытында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне (Астана қ.) тапсырылған. Материалдық мәдениет заттарының каталогына М. Әуезов атындағы ОҚУ музейінде сақталған коллекцияның бір бөлігі енгізілді.

  • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 4
  • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 5

Ғылыми орталық қызметкерлері 2024 жарық көрген «Шымкент қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығын» дайындау жұмыстарына белсене араласты.

2025 жылдың күнтізбелік жоспарына сәйкес келесі жұмыстарды жүзеге асырды: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің «Археология» институты арасында ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми кадрлар даярлау туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. Аталған меморандум аясында ғылым саласындағы конкурстарға қатысу, бірлесе жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялау, PhD докторанттарын даярлау мәселелері жүзеге асырылуда.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті және «Инженерная археология» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Шымкент қаласының солтүстік-батыс шетінде орналасқан Қайнарбұлақ оба қорымында және обалар тобында, сондай-ақ Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан Жайсан қорғандар кешенінің қорғау-құтқару археологиялық қазба жұмыстарына қатысу жүзеге асырылды.

Қайнарбұлақ кешенінде барлығы 16 топырақ үйіндісі бар обалар аршылып, сол арқылы жерлеу рәсімдері, жоспарлау ерекшеліктері мен құрылымдық сипаттамалары туралы маңызды деректер алынды.

  • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 6

Қайнарбұлақ-2 ескерткішіндегі оба-3 астындағы қаңқа қалдығын тазалау барысы

    Жоғарыда аталған Шымкент қаласы маңындағы Қайнарбұлак оба қорымы мен Жамбыл облысы, Шу ауданында орналасқан Жайсан қорғандарының қазба жұмыстарының барысында алынған антропологиялық материалдар «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы қорына тапсырылып, сол жерде сараптама жүргізілді. Сүйек қалдықтары сұрыпталып, олардың алдын ала сақталу деңгейі анықталды. Қазіргі таңда сүйек қалдықтарының антропологиялық сипаттамасы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 7
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 8
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 9

    Палеоантропологиялық материалдарды зертханалық өңдеу және оларды қалпына келтіру

    2025 жылдың бірінші тоқсанында тарих, "археология және этнология" мамандығы студенттері үшін оқу-тәжірибелік далалық экспедиция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау мәселелерін тереңірек зерделеу және олардың қазіргі жай-күйін жергілікті жерлерде талдау болды.

    Экспедиция аясында студенттерді археологиялық зерттеулердің далалық әдістерімен таныстыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұл қатысушыларға ғылыми жұмыс процесіне тікелей араласуға мүмкіндік берді. Зерттелген негізгі нысандардың бірі – археологиялық және тарихи тұрғыдан аса маңызды Қайнарбұлақ обалары болды.

    Жергілікті жердегі жұмыстар барысында студенттер мен гуманитарлық мамандық магистранттары археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдерін бақылап, алынған деректерді тіркеу және жүйелеу әдістерімен танысты. Әсіресе, заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдануға назар аударылды: геодезиялық құрылғылар, цифрлық фототүсірілімдер, сондай-ақ артефактілерді 3D модельдеу мен талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.

    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 10
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 11
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 12

    2026 жылғы ҒЗЖ жоспарына сәйкес зертхана ғалымдары киелі Испиджаб, киелі Отырар оазисі аймағындағы Бесінші төбе, киелі Қазығұрт тауына қатысты зерттеу жұмыстарын бастады. 2026 жылы бірінші тоқсанында Испиджаб тарихи-мәдени өңірінің маңызды тарихи-мәдени ескерткіштерінің сандық деректері дайындалды. Атап айтсақ Сайрам тұрғын алабының батыс шетінде, Сауран-2 жаңа шағын ауданының оңтүстік бөлігінде, Сайрам-су өзенінің оң жақ жайылма террасасында орналасқан Қаратөбе оба қорымы аумағында обалардың сақталу деңгейін нақтылау және олардың қазіргі жағдайын тіркеу мақсатында визуалды тексеру жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында қорымның негізгі бөлігі шоғырланған орталық аймаққа фотограмметриялық түсірілім жасалды. Аэрофотосы жасалып, антропогендік факторлардың ауқымын бағалауға мүмкіндік берді.

    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 13

    Қаратөбе оба қорымының орталық бөлігі. Солтүстік-шығысқа қараған көрініс.

    Монографиялар мен кітаптар

    1. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А.А., Шаяхметов А.Х., Сулейменова Ж.Ж., Бейсенов Н.Б. Археологическая наука ЮКУ им.М.Ауэзова в эпоху независимости. Мың жылдық белес (Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ). Ұжымдық монография. – Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2021. – Б.149-184.
    2. Саипов А., Толеубаев А.Т. Культ природы в традиционном мировоззрении казахов. Мың жылдық белес (Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ). Ұжымдық монография. – Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2021. – Б.185-216.

    Elibrary-те тіркелген журналдарда жарияланған мақалалар

    1. Saipov A., Abekova Zh.A., Dmitriyev Yu.A., Yergeshbayev A., Azirbai Ye.A. Study of the Structure of Ancient Materials under the Microscope JSM-6490LV. Industrial Technology and Engineering. - 2021, 1 (38). - Рр. 52-59. The owner: Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan Non-Profit Joint Stock Company “M.Auezov South Kazakhstan University”. ScienceIndex – Российский научный индекс цитирования.
    2. Saipov A., Tuyakbayev M., Dmitriev Yu. FROM THE PAGES OF THE HISTORY OF THE GREAT STEPPE: TURKESTAN BRANCH OF THE SHAIBANI DYNASTY. Proceeding VIII International Conference «Industrial Technologies and Engineering» ICITE – 2021, Volume IV M. Auezov South Kazakhstan University, Shymkent, Kazakhstan. November 10-11, 2021. – Рр.283-287.
    3. Tuyakbayev M., Saipov A., Dmitriyev Yu. Arhcitectural and construction characteristics of the old Turkestan pantheon buildings for their dating and identification. The journal of Industrial technology and engineering №2(39) 2021. M.Auezov South Kazakhstan
    4. Саипов А., Абекова Ж.А., Дмитриев Ю.А., Ергешбаев А., Әзірбай Е.А. Көне материалдардың құрылымын JSM-6490LV микроскобында зерттеу. М.Әуезов атындағы ОҚУ Ғылыми еңбектері. - №1, 2021. - Б. 38-45.

    Ғылыми конференциялар мен семинарлар материалдарында жарияланған мақалалар

    8 / 8
    1. Байтанаев Б.А., Горячев А.А., Ергешбаев А.А.. Древний археологический комплекс долины реки Усиктас // Материалы международной научно-практической конференции «Маргулановские чтения–2021», посвященной теме: «Великая Степь в контексте этнокультурных исследований», посвященной 30-летию независимости Республики Казахстан и 30-летию Института археологии им. А.Х. Маргулана. – Алматы, 2021.
    2. Тұяқбаев М.Қ., Саипов А. Ескі Түркістан пантеоны. «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 28 қыркүйек 2021 ж. Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. 2021. – Б.76-84.
    3. Тұяқбаев М.Қ., Саипов А., Дмитриев Ю.А. Түркістанда жерленген Әмірзада Әли М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті. «Qazaqtaný» республикалық ғылыми журналы №3 (11) 09 / 2021. – Б.40-45.
    4. Археологические исследования Караултобе Шубарсу // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 30-летию независимости Республики Казахстан «Гуманитарные науки в эпоху глобализации: исследования и решения». – Шымкент, 2021. – С.212-217.
    5. Исследования археологических памятников периода кангюй в Отрарском оазисе: итоги и перспективы // Вестник науки Южного Казахстана. 2021, № 2 (14). –С.113-119.
    6. Авизова А.К. Баскожаева Ж.А. Ежелгі діни наным-сенімдер және Қазақстанның оңтүстігінде ислам дінінің таралу ерекшеліктері // Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. №3 (02). -2021. –С. 3-6.
    7. Археологические памятники кангюйского периода Отрарского оазиса: итоги и перспективы исследований // Труды МНПК «Казахстанский путь Независимости: 30 лет созидания», приуроченной 30-летию Независимости Республики Казахстан. Т.I. -2021. –С.3-8.
    8. Байтанаев Б.А., Горячев А.А., Егорова Т.А., Байтанаева А.Б., Байтанаев Е.Б., Чернов М.А. Исследования археологического комплекса ущелья Боралдай в 2015–2021 гг. // Маргулановские чтения–2021: м-лымеждунар. науч.-практ. конф. «Великая степь в контексте этнокультурных исследований», посвящ. 30-летию Независимости Республики Казахстан и 30-летию Института археологии им. А.Х. Маргулана (г. Алматы, 26–27 октября 2021 г.). – Алматы, 2021. Т. 2. –С. 238–262.

    Жарияланымдар тізімі 2022 жыл

    15 / 15
    1. Murzamadiyeva, M. , Shormakova, A. , Mukhamejanova, A. , Saipov, A. , Yessengaliyeva, V. Audiovisual translation of discursive markers in texts with academic terms. XLinguae this link is disabled , 2022, 15(2), pp. 173–183. Saipov, Amangeldi B. - сведенияобавторе - Scopus Preview
    2. Parmankulova Perizat Zhaksylykovna, Zholdasbekova Saule Abdrazahovna, Nurzhanbayeva Zhanat Oralbaykyzy, Saipov Amangeldi Baidullayevich, Zhiyentaev Begaim Zhiyentayevna, Kuanyshbayeva Zhazira. Dual education conditions for pedagogical bases ofspecialists inclusive training //Published: 31 March 2022. by Sciencepark Research Organization and Counseling. Journal: Cypriot Journal of Educational SciencesCypriot Journal of Educational Sciences, Volume 17, pp 765-771; https://doi.org/10.18844/cjes.v17i3.6937
    3. Mainura Murzamadiyeva, Arailym Shormakova, Ainagul Mukhamejanova, Amangeldi Saipov, Venera Yessengaliyeva. Audiovisual translation of discursive markers in texts with academic terms // Published: 1 April 2022by SlovenskaVzdelavacia a Obstaravacias.r.o. Journal: XLinguae, Volume 15, pp 173-183; https://doi.org/10.18355/xl.2022.15.02.14 Show/hide abstracthttps://www.scilit.net/articles/search?q=author_full%3A%28Saipov%29&highlight=1
    4. Murat Kamalov, Amangeldi Saipov, Yusubali Kamalov. Training of future teachers about educational technologies of vocational training // Published: 30 September 2022 by Sciencepark Research Organization and Counseling Journal: World Journal on Educational Technology: Current IssuesWorld Journal on Educational Technology: Current Issues, Volume 14, pp 1279-1290; https://doi.org/10.18844/wjet.v14i5.8055 Show/hide abstracthttps://www.scilit.net/articles/search?q=author_full%3A%28Saipov%29&highlight=1
    5. Saipov , Abekova, A. Oralbayev, G. Ormanova, and M. Aman. Strength properties of alloys at different temperatures and their effect on phase structural transformations //Pp. 020012-1-9 VIII International Annual Conference “Industrial Technologies and Engineering” (ICITE 2021) scitation.org/journal/apc Volume 2650 Shymkent, Kazakhstan • 11–12 November 2021 Editors • NazarbekUlzhalgas, NadirovKazim and Daniele Conficoni Conference collection Melville, New York, 2022 AIP Conference Proceedings To learn more about AIP Conference Proceedings visit ISBN 978-0-7354-4228-3 ISSN 0094-243X Printed in the United States of America file:///H:/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D0%BA-%D0%9B%D0%9D%D0%A0-22/titlepage-icite2021_cp-Scopus-22.pdf
    6. Жетісудың ерте ортағасырлық қала мәдениетінің даму ерекшеліктері // Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. -№4 (23). -2022. -С. 127–129.3.3 . (Соавтор: Толашов Ж.Р.)
    7. Қараханилер дәуіріндегі Отырар алқабы тұрғындарының діни наным-сенімдеріндегі қаңлы мәдени дәстүрлері// Труды МНПК «Ауэзовские чтения–20: Наследие Мухтара Ауэзова – достояние нации», посвященной 125-летию М.О. Ауэзова. Т.2. -Шымкент: ЮКУ им. М. Ауэзова. -2022. -С.6–9.
    8. Қараханилер кезеңіндегі көшпелі және отырықшы халықтың өзара мәдени ықпалдастығы мәселесі // Труды МНПК «Ауэзовские чтения–20: Наследие Мухтара Ауэзова – достояние нации», посвященной 125-летию М.О. Ауэзова. Т.2. -Шымкент: ЮКУ им. М. Ауэзова. -2022. -С.10–12. . (Соавтор: Даулетбаева Г.А.)
    9. Ежелгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің бастаулары мен даму кезеңдері туралы // Труды МНПК «Ауэзовские чтения–20: Наследие Мухтара Ауэзова – достояние нации», посвященной 125-летию М.О. Ауэзова. Т.2. -Шымкент: ЮКУ им. М. Ауэзова. -2022. -С.13–15. (Соавтор: Кабланова Г.Б.)
    10. Авизова А.К. Қараханилер дәуіріндегі Отырар алқабы тұрғындарының діни наным-сенімдеріндегі қаңлы мәдени дәстүрлері // Труды МНПК «Ауэзовские чтения–20: Наследие Мухтара Ауэзова – достояние нации», посвященной 125-летию М.О. Ауэзова. Т.2. -Шымкент: ЮКУ им. М. Ауэзова. -2022. -С.6–9.
    11. Қараханилер кезеңіндегі көшпелі және отырықшы халықтың өзара мәдени ықпалдастығы мәселесі // Труды МНПК «Ауэзовские чтения–20: Наследие Мухтара Ауэзова – достояние нации», посвященной 125-летию М.О. Ауэзова. Т.2. -Шымкент: ЮКУ им. М. Ауэзова. -2022. -С.10–12. (соавтор Даулетбаева Г.А.)
    12. Ежелгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің бастаулары мен даму кезеңдері туралы // Труды МНПК «Ауэзовские чтения–20: Наследие Мухтара Ауэзова – достояние нации», посвященной 125-летию М.О. Ауэзова. Т.2. -Шымкент: ЮКУ им. М. Ауэзова. -2022. -С.13–15. (соавтор Кабланова Г.Б.)
    13. Авизова А.К. Толашов Ж.Р. Жетісудың ерте ортағасырлық қала мәдениетінің даму ерекшеліктері // Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. -№4 (23). -2022. -С. 127–129. (соавтор Толашов Ж.Р.)
    14. Ергешбаев, А., Шаяхметов, А., Байтанаева, А.Б., Байтанаев, Е.Б. Археологические исследования на городище Койбота (Предварительные итоги). Международный Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» 2022, No4.
    15. Байтанаев Е.Б. Изучение городища Отрар членами Туркестанского кружка любителей археологии // Ахинжановские чтения–2022: международная научная конференция студентов и молодых ученых (г. Алматы, 20-22 апреля 2022 г.) – Алматы, 2022. – С.71–73.

    Жарияланымдар тізімі 2023 жыл

    1. Саипов А., Байдалиев К.А., Омаров Б.С., Кошкинбаева Н.Р. Мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысы: тарихи алғышарттар мен мәселелер // Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабарлары, «Педагогика ғылымдары» сериясы. №2 (69). -2023. -Б. 358–375
    2. Авизова А.К. Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларындағы ақша және ақша айналымы туралы // Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. №5 (23). №5 (23). -2023. –С.24-26. (соавтор Зиябекова Қ.Қ.)
    3. Авизова А.К. Қазақстан археологиясындағы ғұндар мәселесі туралы // Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. №3 (02). - 2023. –С.32-34. (соавтор Игенбаева У.М..)
    4. Авизова А.К. Көшпелілердің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі мәселесі туралы// Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. №5 (23). -2023. – С.34-37. (соавтор Игенбаева Д.М..)
    5. Академик К.М.Байпақовтың Қазақстанның археологиялық ғылыми мектебініңдамуына қосқан үлесі // Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. №3 (02). –Б.150-153 (соавтор Шайзулла А.Е.)
    6. Байтанаев Б.А., Уалтаева А.С., Байтанаев Е.Б. Түркістан археология әуесқойлары үйірмесі тарихынан (А.А. Диваев – В.А. Каллаур және В.В. Бартольд) // Еуразия далаларының археологиясы. - Қазан, 2023. №5. – Б. 293-303.
    7. Байтанаев Е.Б. Г.И. Пацевич зерттеулеріндегі Тараз археология ескерткіштері // Еуразия далаларының археологиясы. - Қазан, 2023. №6. - Б. 347-357.

    Жарияланымдар тізімі 2024 жыл

    1. Авизова А.К. Оңтүстік Қазақстанның ерте қоныстары: зерттелу тарихы мен топографиялық ерекшеліктері // Труды МНПК «Ауэзовские чтения - 22: Академик Каныш Сатпаев - основоположник казахстанской науки» посвященной 125 - летию академика Каныша Сатпаева- Шымкент: ЮКИУ им. М. Ауэзова, 2024 г. №5 (23). -Б.233-236. (соавтор Отарбаева А.К);
    2. Avizova A.K. On commodity-money circulation in medieval cities of Southern Kazakhstan // The proceedings book: International Topkapi Congress IV (September 18-20, 2024 – Istanbul). -Б.135–139. (бірлескен авторлар M. Syzdykova, Prof. Dr. Yücel Gelişli).
    • 1Археологиялық зерттеу әдістері. Оқу құралы. –Алматы: Эверо. -2024. -123 б.
    • 2Байтанаев Б.А., Байтанаев Е.Б. Баба-ата цитаделінің сакрализациясы (сәулеттік-археологиялық талдау) // Жетісу тарихы мен археологиясы. №8. – Алматы, 2024. - Б. 45-79.
    • 3Байтанаев Е. Б. Қази-Байзави некрополі. // Шымкент қаласының тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы. – Шымкент, 2024. – Б. 183-185
    • 4Байтанаев Б.А., Байтанаев Е.Б. Баба-ата қалашығындағы «ғибадатхана» – адасушылықтар ескерткіші. Еділ бойы археологиясы №2 (48), 2024. Б. 84-110.

    Scopus деректер базаларында индекстелетін журналдарда жарияланған мақалалар

    1. Saipov A. Analytical review of the use of artificial intelligence in the diagnosis and prevention of teacher burnout in inclusive settings.International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(5) 2025, pages: 1113-1126 Scopus: Q2(Бірлескен авторлар: Parmankulova, P.Z., Zholdasbekova, S.A., KabylbekovaZ, Mustapaeva T.)
    2. Ергешбаев А.А. Қаратау жотасының палеометалл дәуірі ескерткіштерінің археологиялық зерттеулері 2020-2022 жж. // Қазақстан археологиясы. – 2025. – №1 (27) – Б. 185-213 (Бірлескен авторлар: Байтанаев Б.А., Горячев А.А., Егорова Т.А., Байтанаева А.Б., Шаяхметов А.Х.)
    3. Байтанаев Е.Б., Уалтаева А.С., Апендиев Т.А. Ақыртас – Талас алқабының ескерткіші // Еуразия далаларының археологиясы – Қазан, 2025. – №1. Б. 163-172.

    Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған мақалалар

    1. Саипов А. Инклюзивті білім берудегі педагогтердің кәсіби күйзелісі: жетекші деректер қорларындағы жарияланымдарға шолу. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабарлары, «Педагогика ғылымдары» сериясы №2 (77) 2025 Б. 14-32 (Бірлескен авторлар: Парманкулова П.Ж., Ахметова Э.К., Байдалиев К.А.)

    Отандық және шетелдік журналдарда және конференция материалдарында жарияланған мақалалар

    • 1Авизова А.Қ., Саипов А. Отырар оазисі тұрғындарының исламға дейінгі дәуірдегі діни наным сенімдері туралы. Жалпы ғылым мен білімнің жаршысы. № 7(4). -2025. - Б. 50-53.
    • 2Ергешбаев А.А.Археологические исследования курганного могильника Кайнарбулак // Turkic historical studies. №2 (5) 2025 сәуір-маусым. – С. 22-35 (Бірлескен авторлар: Байтанаев Б.А., Байтанаева О. А.)
    • 3Ергешбаев А.А.Археологические исследования Караултобе Шымкента // Turkic historical studies. №2 (5) 2025 сәуір-маусым. – С. 22-35 (Бірлескен авторлар: Байтанаев Б.А., Байтанаева О. А.)

    Оқу құралы

    1. Авизова А.Қ. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлау. Дәрістер жинағы. -Алматы: Эверо. -2025. (6,5 б.т.).

    БАҚ-тағы сұхбаттар мен жарияланымдар

    2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЫ

    «МАТРЁШКА» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН: ҒЗИ КӨРСЕТКІШІ = ЗЕРТХАНАЛАР КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ҚОСЫНДЫСЫ; ДЕПАРТАМЕНТ — ЖИЫНТЫҚ KPI ИЕСІ; БЛОК — БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР БОЙЫНША ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШ

    Бөлім: ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмыстары — бағалау коэффициенті: 1,0

    № Көрсеткіштің атауы Жоспарлы мәні Балл саны Растайтын құжаттар Ескертпе
    «Археология және антропологиялық зерттеулер» ҒО — 5 бірлік
    01 Бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) күнтізбелік жоспарын орындау 100% 25 Бекітілген жоспар, есептер (жылдық, тоқсандық) Бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарын ұйымдастыру, үйлестіру және орындалуын бақылау. Жоспардың орындалуы тоқсандық және жылдық есептермен расталады.
    02 ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдардағы жарияланымдар 3 30 ҒЖБССҚК тізілімі, жарияланымдардың шығу деректері Стратегиялық жоспарға сәйкес. Жоспарлы көрсеткіш — 3 жарияланым: 2026 жылы — 1 жарияланым, 2027 жылы — тағы 2 жарияланым. Орындалуы ҒЖБССҚК тізілімімен және жарияланымдардың шығу деректерімен расталады.
    03 Scopus/WoS базаларындағы Q1–Q4 санатындағы жарияланымдар 2 20 Scopus/WoS базаларынан алынған деректер, сілтемелер Стратегиялық жоспарға сәйкес. Жоспарлы көрсеткіш — 2 жарияланым: 2026 жылы — 1 жарияланым, 2027 жылы — 1 жарияланым. Орындалуы жарияланымдардың шығу деректерімен және журналдың Scopus/WoS дерекқорларында индекстелгенін растайтын мәліметтермен расталады.
    04 Ғылыми жобалар / монографиялар 1 25 Шарттар, бұйрықтар, өтінімдер 1 ғылыми жоба; оны іске асыру жоспарлы көрсеткіштің орындалуы ретінде есепке алынады. Растайтын құжаттар: жобаны бекіту туралы бұйрық, іске асыру жоспары, орындалуы туралы есеп және басқа да ілеспе құжаттама.

    «Матрёшка» қағидаты. Зертханалардың ғылыми нәтижелілігі бойынша жоспарлы көрсеткіштер штат санына қарай есептеледі (Scopus Q1–Q4 = штат саны × 0,75; ҒЖБССҚК басылымдары = штат саны × 0,40; жобалар = штат саны × 0,30; әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы бөлімдер үшін: ҒЖБССҚК басылымдары = штат саны × 0,50; Scopus = штат саны × 0,30; жобалар = штат саны × 0,25). Нәтижелер бүтін санға дейін дөңгелектенеді.

    ҒЗИ көрсеткіші оның зертханалары көрсеткіштерінің қосындысына тең; департаменттер университеттің жиынтық KPI көрсеткіштеріне (жарияланымдар, жобалар, коммерцияландыру) жауап береді; проректор блогы университеттің даму жоспары бөлімінің интегралдық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

    Ескертпе. Штат саны толық жасақталмаған құрылымдық бөлімшелер үшін сандық көрсеткіштер штат санына пропорционалды түрде есептеліп, бүтін санға дейін дөңгелектенеді, бірақ кемінде бір бірлік болуы тиіс. Пайыздық көрсеткіштер төмендетілмейді. Бір нәтиже бірнеше көрсеткіш бойынша және «матрёшка» жүйесінің бірнеше деңгейінде қайталап есепке алынбайды (нәтиже зертхана/бөлім деңгейінде бір рет қана есепке алынады).

    Археология және антропологиялық зерттеулер ғылыми орталығының ғалымдары Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар ҒЗИ-ның ғалымдарымен алдағы қараша айының 3-не жоспарланған "Алтын Орда тарихы" атты ғылыми конференцияға дайындықты талқылауда.

    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 14
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 15
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 16
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 17
    • «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығы — 18

    Фотосуреттер

    Барлық ғылыми орталықтар

    Университет ғалымдарымен ынтымақтасқыңыз келе ме?

    Бірлескен зерттеулер, жұмыстарға тапсырыс, сынақтар және әзірлемелерді коммерцияландыру — ғылыми бөлімшелермен байланысыңыз.