3КАФЕДРА · «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі

Экология

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0құжат
0Кафедра материалдары

Кафедра меңгерушісі

Абдуова Айсулу Алшынбекқызы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Г.Ильяева көшесі-8
М.Әуезова атындағы Юку.
А ғимараты 414 бөлме.

Е-mail:


Экология

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Исаева Разия Адильбековна

Кандидат технических наук, профессор

ЮКУ имени М.Ауезова, «А» корпус, 423 кабинет Исаева Разия Адильбековна

Профиль →

Экология

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

2. Білім беру бағдарламалары
3. Кафедра тарихы

«Экология» кафедрасының тарихы

1973 жылы Қазақ КСР жоғары білім Министрлігі ҚазХТИ-де табиғи сулар мен өндірістік тастамаларды тазарту бойынша инженерлерді дайындау жайлы шешім қабылдады.

Осы жылы «Бейорганикалық заттар технологиясы» кафедрасына бірнеше мамандық бойынша алғашқы студенттер қабылданып, олардың жалпы саны 1217- ге жетті. 1977 жылы Ш.М. Молдабековтың басшылығымен «Табиғи және ағынды суларды тазарту технологиясы» атты жеке кафедра болып бөлініп шықты.

Кафедра елдің инженер құрылыс жоғары оқу орындарының «Сумен қамту және канализация» факультетінің бітіруші-мамандарымен жинақталды: Новосибир (В.И.Зражевская), Мәскеу (Джанабаев Н.С.), Ленинград (Нурумбетов Н.С. және Камшыбаев А.А), жол – құрылыс институты (Дергачев П.П және Егорова О.В.).

Кафедраға жұмыс істеуге келген ғылым кандидаттары Кожевникова Г.И., Прусова В.Н., Навесов Ш.А., Бестереков У.Б., Умарова Ж.А., Серманизов С.С. және т.б. 1978 жылы табиғи және ағынды суларды тазарту технологиясынан бірінші бітіруші инженерлер шығарылды.

1980 жылы кафедра атауы «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және өндірістік ағынды суларды залалсыздандыру» деп өзгертілді. Осы мерзімде біздің кафедра Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиядағы жалғыз профильді кафедра болып табылды. Мамандарды дайындау бойынша 50 кәсіпорынмен келісім жасалды.

12 жыл аралығында кафедра жыл сайын Өзбек және Қырғыз КСР үшін кооперациялы келісім бойынша 17 маман дайындайтын.

1989 жылы «СРҰП ж/е ӨАСТ» кафедрасының негізінде «Өндірістік экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы ұйымдастырылды және 2513–«Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қорғау» мамандығының екі мамандығы бойынша: «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау» және «Өндірістік экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» мамандықтары негізінде инженер-экологтарды қосымша түрде дайындауды қолға ала бастады.

Кафедра 2908 және 2513 мамандықтары бойынша Қарақалпақстанның су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау басқармасының тікелей келісімін орындап отырды.

1999 жылдан бастап кафедра «Тіршілік қауіпсіздігі және экология» деп аталды да, 1703–«Қолданбалы экология» мамандығы бойынша инженер-экологтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындады. 2006 жылы кафедра екі кафедраға бөлінді: «Экология» және «ТҚ ж/е ҚОҚ».

2010 жылдық 24 қыркүйегінде «Экология» және «География» кафедралары «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасы атауымен біріктірілді. 2014 жылдың тамыз айынан бастап кафедра «Экология» атауын қайта алды.

Қазіргі таңда кафедра 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша бакалавр және 6М060800 – «Экология» мамандығы бойынша магистрларды дайындайды. Кафедраның ғылыми бағыттарының негізін келесі ғалымдар қалаған: ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Ш.М. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Шәкіров Б.С., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Сатаев М.И., техника ғылымдарының докторы, профессор Бахов Ж.К. Олар өз кезегінде бүгінде еліміздің ғылым саласындағы танымал тұлғаларына айнала отырып, еліміздің ғылым кеңістігінде айтарлықтай орынға ие болумен бірге шәкірт тәрбиелеуде де жемісті жетістіктерге иек артып келеді.

Кафедраның оқу-ғылыми жетістіктеріне үлкен үлес қосқан ғалымдар: т.ғ.к., доцент Кожевникова Г.И., аға оқытушы Дергачев П.П, аға оқытушы Зырянова В.И., техника ғылымдарының докторы, профессор Серманизов С.С., техника ғылымдарының докторы, профессор Бестереков У.Б., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Навесов Ш.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Сарбасов А.С., техника ғылымдарының кандидаты Джанабаев Н.С., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қамшыбаев А.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Прусова В.Н., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Салыбаев А.С., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Туляева Р.Х., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Умарова Ж.А. және т.б. Сонымен қатар кафедрада зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу барысында жауапкершілігімен, біліктілігімен, студенттерді оқытудан жалықпаған оқу-көмекші қызметкерлерді - Гавриленко Нина Сергеевна, Дальман Людмила, Тоқсеитова Гүлдана Молдалиевнаны атауға болады.

Кафедраның әр жылдарда бітірген түлектері – Бестереков Е.У., Садыков М., Қалдыкозов Т.А., Сатаева Л.М., Мамитова А.Ж., Кенжибаева Г.С., Жолдасбекова Н.Ш., Ашитова Н.Ж., Шингисбаева Ж.А., Қозыбаев Е.Т., Бейсенбаев Қ., Қырықбай Б., Смағұл А., Мусалиев Б.П. т.б. өздері білім алған осынау қарашаңырақтың абыройын асқақтатып, әрқайсысы әр салада еселі еңбектерімен, игі істерімен және қызметтегі оң бастамаларымен еліміздің білім саласының өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

Кафедраны әр жылдарда басқарған тұлғалар: Кожевникова Г.И. (1975-1980жж) Молдабеков Ш.М. (1980-1984жж) Шакиров Б.С.(1984-2001жж, 2006-2014жж) Сарбасов А.С. (2001-2002жж) Оспанов А.Н. (2002-2003жж) Сатаев М.С. (2003-2004жж) Сатаев М.И. (2004-2006жж) Бахов Ж.К. (2014-2015жж) Исаева Р.А. (2015-2018жж) Шингисбаева Ж.А.(2018-22жж) Абдуова А.А. (2022жылдан бастап кафедраны басқаруда).

4. Оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы «Экология» кафедрасының оқытудың инновациялық технологиялары және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің жұмысы оқытушылардың жеке жоспарына, кафедраның және ЖМ оқу-әдістемелік жұмысының жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Оқу-әдістемелік құжаттар келесі отырыста талқыланады: кафедра, жоғары мектептің әдістемелік комитеті, университеттің ОӘК және олардың оң қорытындысы берілген жағдайда оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор бекітеді.

Кафедра бойынша оқытылатын барлық пәндер кафедралардың ПОҚ құрастыратын тиісті оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. 2024-2025 оқу жылындағы өзгерістерге байланысты пәннің оқу бағдарламасының нысандары қайта қаралып, ОҚУ-дың СМЖ ПР 7.03-2015 талаптарына сәйкес оқу бағдарламалары әзірленді.

Оқу бағдарламалары кафедра мәжілісінде, "Химиялық инженерия және биотехнология" ЖМ оқытудың инновациялық технологиялары және әдістемелік қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 31 маусымдағы (№1 хаттама) отырысында қарастырылды және М.Әуезов атындағы ОҚУ ОӘК мәжілісінде қарастырылып бекітілді.

Білім беру бағдарламаларының барлық оқылатын пәндері бойынша қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер бар. Мемлекеттік тілде өткізілетін пәндердің әдебиетпен қамтамасыз етілуі жеткілікті.

5. Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

«Экология» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А. Абдуова, аға оқытушы Н. Жорабаева және «Су ресурстары, жерге орналастыру және агротехнология» кафедрасының меңгерушісі Г. Кенжалиева Болгарияның Русе қаласында өткен, жоғары оқу орнының 80 жылдығына арналған Русе университетінің ғылыми конференциясына қатысты.

«Ангел Кънчев» атындағы Русе университеті — Болгарияның Русе қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны. Университет 1945 жылы Жоғары техникалық мектеп ретінде құрылған, кейіннен білім беру қызметін кеңейтіп, елдегі жетекші университеттердің біріне айналды.

Болгар инженері Ангел Кънчевтің есімімен аталған бұл университет дәстүр мен заманауи білім беру тәжірибесін үйлестіреді. Университет инженерия және технология салаларындағы білім беру бағдарламаларымен танымал, бұл салаларда жоғары сапалы білім ұсынады.

Мұндай бағыттар әсіресе өнеркәсібі дамыған өңірлер үшін өзекті болып табылады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің экология мамандығының студенттері Сейтхан Айғаным және Шыңғыс Жанел және Экология кафедрасының профессоры Изтлеуов Ғани Өзбекстан республикасында Бұхара қаласында Green metrics meetings student leaders аясында кездесуге қатысып экологиялық мәселелер жөнінде өз пікірлерін білдіріп пікір сайысқа қатысты.

ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

“Экология” кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның жалпы бекітілген ҒЗЖ жоспарына сай оқытушы-профессорлардың жетекшілігімен жүргізілуде. Кафедрада «Экос» атты ғылыми үйірме жұмыс істейді.

Осы үйірмеде жыл сайын 40-тан астам ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқылануда, ең үздік шыққан баяндамалар факультеттік және университеттік конференцияларда баяндалып, дипломдармен марапатталуда. Студенттер жақын және алыс шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға белсене қатысуда.

Соңғы оқу жылында студенттердің 30-дан астам ғылыми еңбектері мақала түрінде жарияланды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.

Инновациялық жобалар

«National Conservation Initiative» корпоративтік қоры «Назарбаев Университеті» орнықты даму офисімен бірлесіп, «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясы демеушілік ететін және кампуста орнықты даму жөніндегі зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған Sustainability Living Lab бағдарламасын іске асырады.

Университет студенттері, профессорлары мен қызметкерлері ( жоба бюджеті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді қоса алғанда, 1 200 мың теңгеден аспауы тиіс). Биыл М. Әуезов атындағы ОҚУ бұл байқауға алғаш рет қатысып, 6 жоба ұсынылды, олардың олардың біреуі жеңімпаз атанды: «Экофильтр»

Экология кафедрасы ХТ-21-4к тобының студенті Илесова Азада дайындаған жоба, Ғылыми жетекшісі Абдуова Айсулу

Экология кафедрасының студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары
“Экология” кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның жалпы бекітілген ҒЗЖ жоспарына сай оқытушы-профессорлардың жетекшілігімен жүргізілуде. Кафедрада «Экос» атты ғылыми үйірме жұмыс істейді.

Осы үйірмеде жыл сайын 40-тан астам ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқылануда, ең үздік шыққан баяндамалар факультеттік және университеттік конференцияларда баяндалып, дипломдармен марапатталуда. Студенттер жақын және алыс шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға белсене қатысуда.

Соңғы оқу жылында студенттердің 30-дан астам ғылыми еңбектері мақала түрінде жарияланды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.

ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:

  • таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру; - бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету; - әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту, СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері: - өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту; - студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту; - студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру; - ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру; - ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру; - студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету; - отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;

Халықаралық жоба Басқарма төрағасы- М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова GE2506 "Ауыз суды тазалауға және зарарсыздандыруға арналған бактерицидті және цеолитті сүзгілер" халықаралық жобасының шартына қол қойды, жобаның қатысушылары Грузия, Армения және Қазақстан сияқты елдер болып табылады, іске асыру жылдары-2022-2024.

Грант ХҒТО бөледі, қаржыландыру-Жапония. Жоба жетекшісі Джакипбекова Н.О. "Экология", "Химия", "Мұнай өңдеу және мұнай химиясы" кафедраларының доценттері мен оқытушылары жобаның қатысушылары болып табылады.

Шартқа Тбилиси мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Шарвашидзе, армян ұлттық аграрлық университетінің ректоры Вардан Урутян да қол қойды. Жобаның серіктестері АҚШ, Жапония, Швеция, Австралия, Греция, Болгария сияқты елдер. Жоба қатысушыларына жемісті жұмыс тілейміз!

6. Халықаралық ынтымақтастық және отандық серіктестер

Халықаралық экологиялық ынтымақтастық кеңейіп келеді

2025 жылдың 13–15 қазан аралығында «Экология» кафедрасының меңгерушісі Абдуова А.А. мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Раима Шириновамен кездесу өтті.

Келіссөздер барысында университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Экология» кафедрасының қызметкерлері сондай-ақ Өзбекстан ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқып, экологиялық білім беру, ғылыми зерттеулер және экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.

Бұдан бөлек, «Экология» кафедрасы мен Өзбекстан ұлттық университеті факультетінің басшылығы арасында магистранттар мен докторанттарға шетелдік кеңесшілерді тарту, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды кеңейту және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайту жөнінде келіссөздер жүргізілді.

«Экология» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық пен халықаралық тағылымдамалар аясындағы серіктес жоғары оқу орындары:

  • Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Ресей

  • Д.А. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты, Беларусь мемлекеттік университеті, Минск қаласы, Беларусь

  • Пекин мемлекеттік химия-технологиялық университеті, Пекин қаласы, Қытай

  • Гуго Коллонтай атындағы Ауыл шаруашылығы университеті, Краков қаласы, Польша

  • Валенсия политехникалық университеті, Валенсия қаласы, Испания

  • Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Саратов қаласы, Ресей

  • Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті, Саратов қаласы, Ресей

  • Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (техникалық университет), Санкт-Петербург қаласы, Ресей

  • Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан

  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласы, Ресей

  • И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Бішкек қаласы, Қырғызстан

  • Дрезден техникалық университеті, Дрезден қаласы, Германия

  • «Харьков политехникалық институты» ұлттық техникалық университеті, Украина

  • Өзбек техникалық университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан

  • Халықтар достығы Ресей университеті, Мәскеу қаласы, Ресей

  • Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Омбы қаласы, Ресей

  • Адам Мицкевич атындағы университет, Познань қаласы, Польша

  • Фейсалабад Мемлекеттік колледж университеті, Пәкістан

Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті (ШЫҰУ) аясында Мәскеу қаласындағы Халықтар достығы Ресей университетімен бірлескен «Экология және табиғи ресурстарды пайдалану» атты магистратура бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Желтоқсан айының 13 жұлдызында Үндістан мемлекеті, Коттаяма қаласы, Махат Маганди университетінде “International Conference on Water: From Pollution to Purification (ICW 2024)” атты конференцияға Экология кафедрасының меңгерушісі Абдуова А.А. және профессор Изтлеуов Ғ.М. қатысып “Түркістан аймағындағы ластанған суларды тазарту” тақырыбында баяндама жасады.

Бұл конференцияға Норвегия, Вьетнам, Ресей, Германия, Италия т.б. елдердің ғалымдары қатысты және су тазарту мәселесі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

7. Академиялық ұтқырлық

2025 жылғы 17–20 қараша аралығында “Экология” кафедрасының профессоры, х.ғ.к. Изтлеуов Ғани және “Бейорганикалық және мұнайхимиялық өндіріс технологиясы” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Дауренбек Н.М., “Силикаттар технологиясы және металлургия” кафедрасының доценті, т.ғ.к. Айтуреев М.Ж.Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетіне “Химиялық инженерия” факультетінің шақыруы бойынша іссапармен барды.

Сапар барысында олар “Химиялық инженерия” факультетіне барып, оқу үдерісімен, ғылыми зерттеулермен және факультеттің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сапар нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің “Химиялық инженерия және биотехнология” Жоғары мектебі мен Синьцзян университетінің “Химиялық инженерия” факультеті арасында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Экология кафедрасының ХТ-21-4тр тобының студенті Мамыт Аяулым Мухитқызы Алматы технологиялық университеті нің Тағам өндірістерінің факультетінің Химия, химиялық технология және экология кафедрасында академиялық ұтқырлық бойынша білім алды

ХТ -21-4тр тобының студенті Шыңғысқан Жанел осы оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша, университеттің академиялық ұтқырлық және Болон процессі орталығының көмегімен, "6В05210-Экология" БББ бойынша Польшада білім алуда. Оқу елдегі ең үздік ЖОО-да Лодзь университетінде өтуде. Бұл мамандық бойынша ғана емес, ағылшын тілін дамытуға жақсы мүмкіндік береді.

8. Тәжірибе базасы

Жұмыс жоспарына, оқу процессінің кестесіне сәйкес «6В05210-Экология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар оқу, өндірістік І, өндірістік II, педагогикалық, дипломалды практикаларынан өтеді.

Практика базалары: «Технолог» оқу-сауықтыру лагері, А.Аскаров атындағы «Дендросаябақ», «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағы», «Экология» кафедрасының зертханалары, Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті, «ECOCENTRE-CONSULTING» ЖШС, «Казфосфат»

Минералды тыңайытқыштар зауыты ЖШС, «Экологиялық сүйемелдеу және сараптама орталығы», «ПетроКазахстанОйлПродакс» ЖШС "КазНИИхимпроект" ЖШС, "3-Энергоорталық" АҚ, ОҚО «Орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы", «Су ресурстары маркетинг" ЖШС, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжі, №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейі, «Отырар» колледжі, №24 С.Ерубаев атындағы мектеп лицейі, №33 К.Қасымұлы атындағы жалпы орта мектеп, №63 жалпы орта мектебі

9. PhD докторантура, магистратура

8D05210-«Экология» 8D05210- «Экология» PhD философия докторын дайындау бірегейлігі Табиғатты қорғау саласында алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу жүргізумен жаңа білімді түсіндіре алатын жаңа формацияның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын, экология саласындағы оқытушыларды даярлауға бағытталған; түлектердің PhD философия докторы құзыреттілігін, стандартты емес ойлау қабілетін және батыл өзіндік шешімдерді меңгеруін қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасы Болон процесі, студентке шоғырланған оқыту, тез табылатын және инклюзивтілік принциптерін қолданумен, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы оқыту нәтижелеріне жетуге бағытталған.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелеріне келесі оқу іс-шаралары арқылы жетеді: - аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар-оқытудың инновациялық технологияларын, ғылымның, технологиялардың және ақпараттық жүйелердің жаңа жетістіктерін қолданумен жүргізіледі; - аудиториядан тыс сабақтар: білім алушының өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының басшылығымен жеке кеңес беру; - кәсіби тәжірибелерді өткізу, докторлық диссертацияларды орындау. - докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы(ДҒЗЖ): білім алушының өзіндік ғылыми жұмысы, соның ішінде докторлық диссертацияларды орындау және ғылыми тағылымдама.

ББ оқу қызметінің түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері: Университетте академиялық адалдық пен академиялық еркіндікті қолдау, білім алушыларға қатысты төзімсіздік пен кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғау бойынша шаралар қабылданған.

ББ сапасы стейкхолдерлерді оны әзірлеуге және бағалауға тартумен, жүйелі мониторинг және оның мазмұнын шолумен қамтамасыз етіледі. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік қағидаларына сәйкес бекітіледі. Мамандық бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ББ мақсаты: "Қоршаған орта" бағыты бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, ел заңнамасының талаптарына сәйкес оларды практикалық қызметте жүзеге асыру дағдыларын дамыту.

ББ міндеттері: -жоғары зияткерлік даму деңгейін алу, ғылыми-педагогикалық қызметте ғылыми еңбекті ұйымдастыру дағдысын және логикалық пен сыни ойлауды меңгеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету; - ғылыми, басқарушылық және технологиялық міндеттерді шешу, мәселелік жағдайларда жедел шешім қабылдау үшін кәсіби қызметте алған білімдерін пайдалана білуді дамыту; - докторанттарға өзгермелі жағдайларға табысты бейімделуге мүмкіндік беретін барлық кәсіби қызмет барысында өз бетінше білім алу және үздіксіз біліктілікті арттыру дағдыларын дамыту; - экологиялық ғылымның қолданбалы және теориялық бағыттары бойынша білімді кеңейту;

8D05210 Экология білім бағдарламасының 3 курс докторанты Жантасова Дина шетелдік ғылыми тағлымдамасын Беларусь Республикасы Минск қаласындағы Беларуссиялық технологиялық университетінде өтті, Тағлымдама барысын университеттің жетекші ғалымдар жетекшілік етті. Тағлымдамадан толық өткеннең кейін сертификат және мемлекеттік куәлік берілді

10. Тәрбие жұмысы

1 қазан — Жоғары оқу орны қызметкерлері күні “Экология” кафедрасында салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара барысында кафедра оқытушылары мен қызметкерлерінің білім беру мен ғылым саласындағы қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді.

Кафедра меңгерушісі құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарына қосып жүрген үлесін жоғары бағалады.

Мерекелік жиын барысында бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер айтылды.

Кафедра ұжымы бір-біріне ізгі тілектер білдіріп, кәсіби бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұжымдық рухты нығайта түсті.

Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!

Бүгін, 23 қазан 2025 жылы, “Экология” кафедрасының Хт-25-4к2 тобы ұйымдастырған
«Республика – Бірлігіміздің Нышаны» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті!

Шара барысында студенттер еліміздің тарихы мен жетістіктері жайлы ой бөлісіп, патриоттық әндер шырқалды, өлеңдер оқылып, күй шертілді.

«Тәуелсіздік тұғырым» атты 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті.
Атаулы күнге орай профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер бірлесіп, Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне барды.

Іс-шара барысында ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған ердің есімі құрметпен аталып, оның ерлігі мен қайсар рухы еске алынды.

Қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл тағылымды шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсінуге бағытталды. Іс-шара жоғары тәрбиелік мәнге ие болып, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.

«Пластиксіз 1 күн» экологиялық челленджі

Челлендждің басты мақсаты: Қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару және күнделікті өмірде экологиялық таза баламаларды (эко-сөмкелер, шыны ыдыстар, қағаз қаптамалар) қолдануды насихаттау

Қоршаған ортаны қорғау — бұл тек білім ғана емес, ол ерте жастан қалыптасатын жауапты мәдениет. Осы мақсатта «Экология» кафедрасының оқытушысы Үкібай А.С. ұйымдастыруымен өткен «Пластиксіз 1 күн» экологиялық челленджі білім берудің үш буынын — балабақша, мектеп және жоғары оқу орнын біріктірді.

Экологиялық ағарту жұмыстары балабақша деңгейінде де жалғасын тапты. Тәрбиешілер бүлдіршіндерге пластиктің табиғатқа тигізер зияны туралы арнайы сабақ өткізіп, қызықты ертегі қойылымын ұйымдастырды. Бұл шаралар табиғатты қорғаудың ортақ іс екенін және оған әрбір азаматтың үлес қоса алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

11. Еңбегі мен жетістіктері

"Экология" кафедрасының студенттері “ПИ-Навигатор: Ғылым әлемін ашу жолында”атты Республикалық интеллектуалды байқау-олимпиадасының қатысушы 30 команда ішінен финалға өтіп, жүлделі 2 орынға ие болды!

Экология кафедрасының доценті, т.ғ.к. Абдуова А.А. «Болашақ» халықаралық «500 ғалым» бағдарламасы аясында Иллинойс университеті, Урбана Шампейнінде (Иллинойс, Америка Құрама Штаттары) «Қоршаған орта және метеорология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Кафедра профессоры Ғ.М. Ізтілеуов ғылыми топтың құрамында әлемдік жаңалық ашты-олар химиялық әдістермен ең берік металдардың бірі-титанды ыдыратты.Титанның әртүрлі бөліктерінің температурасы-сұранысқа ие титан қосылыстарын алу үшін өнеркәсіптік қалдықтар. Жұмыс авторлары медальдармен және дипломдармен марапатталды

М. Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесі Экология білім беру бағдарламасы бойынша Тілеуберді Аяулым Нұрланқызын 8D05210 – «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін берілуімен құттықтаймыз!
Ғылыми кеңесшілер:
Тлеуова Салтанат Талиповна – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейорганикалық және мұнай өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.
Мисюченко Виктория Мечеславовна – Беларусь мемлекеттік университетінің А.Д.Сахаров атындағы Мемлекеттік Халықаралық Экологиялық Институты «Экологиялық мониторинг және менеджмент» кафедрасының доценті, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (Беларусь Республикасы, Минск қ.).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 30 қазандағы № 991 бұйрығы.
Шығармашылық табыс және ғылыми жетістіктер тілейміз.

«Жас ғалым» грант иегері ағын суларды хемотрофты микроағзаларды қолдана отырып биологиялық тазартумен айналысады

Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған «Жас ғалым» конкурсының қорытындысы бойынша АР22685211 «Органика құрамды ағын суларды хемотрофты микроағзаларды пайдалану арқылы биологиялық тазарту технологиясы» жобасымен докторант Сыздыкова Маржан Нұрланқызы грант ұтып алды.
Жоба «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» басым бағыты бойынша 2024-2026 жылдары орындалатын болады.

Жобаның мақсаты - хемотрофты бактериялардың тіршілік әрекетін пайдалана отырып, өндіріс орындарынан шыққан органика құрамды ағынды суларды ластауыштардан биокоагуляциялық тазарту технологиясын әзірлеу.

Бұл технологияны әзірлеу қоршаған ортаның екінші реттік ластануына ықпал ететін қымбат химиялық реагенттер – химиялық коагулянттардан бас тартуға мүмкіндік береді және ағынды суларды тазартудың экологиялық таза әдістерін қолдануға ықпал ететін болады.
Маржан Нұрланқызына осы грант нәтижесінде докторлық диссертациясын жемісті қорғап алуына тілектеспіз!

Сәттілік тілейміз!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология» кафедрасы ЖШС «ЕСОCENTRE-CONSULTING» бірлесе отырып дуалдық білім беру жүйесінің ашу рәсімі өтті. Дуальды оқыту (ДО) - бұл жүйе бір мезгілде екі бағыт бойынша-теориялық және практикалық маманды даярлауды көздейді.

Оқу уақытының 1/3 бөлігі ЖОО-да базалық білім алады, ал 2/3 бөлігі өндірісте — оқыту кәсіпорнында машықтарды шыңдайды және іс жүзінде маңызды білім алады.

Басты мақсат — өндірісте жұмыс істеудің базалық дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және бейінді білім беру жүйесінде ДО қазақстандық моделін әзірлеу. Дуалды білім беру, кәсіби тәжірибені оңтайлы берумен қатар, өндірістік жағдайларда өз ұстанымын бекітуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорындар студенттерден келетін жаңа идеялар мен импульстардан пайда көреді. Оқу аяқталғаннан кейін студенттер бірден өндіріске қатыса алады.

12. Кафедра түлектері

Мусалиев Бахыт Пралиевич Дата рождения: 31.08.1979г. Место рождения: ЮКО, г.Шымкент 2000-2005 гг - студент ЮКГУ им.М.Ауэзова по специальности «Прикладная экология» 2005-2012гг - ст.преподаватель ЮКГУ им.М.Ауэзова, кафедра «Геоэкология и природопользования» 2012-2014 гг - поступил магистратуру по специальности 5В060800 -Экология 2014года - по настоящее время руководитель отдела животного мира и охотничьего хозяйства Территориальной инспекций лесного хозяйства и животного мира по Туркестанской области.

Жолдасбекова Нургуль Шаяхметовна Дата рождения: 21.12.1978г. Место рождения: ЮКО, г.Шымкент 1995-2000гг – студент ЮКГУ им. Ауезова по специальности 5В060800-Экология 2004-2011гг - Специалист в.у.к.-менеджер «Службы качества»

Южно- Казахстанского государственного университета им.М.Ауезова 2011-2014гг - Старший преподаватель кафедры «Экология» Южно- Казахстанского государственного университета им. М.Ауезова 2014гг. по настоящее время – инженер–эколог отдела охраны природы ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс»

Калдыкозов Талғат Абдиманапович Дата рождения: 15.02.1966г. Место рождения: ЮКО, г.Шымкент 1983-1990 гг. - Студент казахского химико-технологического института по специальности «Рациональное использование природных ресурсов и защита окружающей сред», ныне Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауэзова 2005 - по настоящее время - начальник химического цеха АО «Энергоорталық - 3»

Шингисбаева Жадра Атирханкызы - М. Әуезов ат. ОҚУ Экология“ кафедрасының техника ғылымының кандидаты, профессор, “Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика және тұрақты даму орталығының” директоры.

Қозыбаев Ермахан Тастанбекұлы - Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы.
Туған жылы: 14.11.1983
"Экология" кафедрасының 2001-2006 жылғы түлегі.

Қырықбай Бақытжан Есіркепұлы Дата рождения: 26.12.1979г. Место проживания: Туркестанская область, г.Туркестан 1997-2002гг. – студент, ЮКГУ им.М.Ауэзова по пециальности «Прикладная экология» 2012-2019гг. - Заместитель руководителя, Туркестанская областная территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира; С 16.04.2019г. по настоящее время – Руководитель Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области.

Серикова Мөлдір Қанатқызы Дата рождения: 05.04.1996г Место рождения: г.Алматы Место проживания: г.Шымкент 2013-2017 гг. - студент ЮКГУ им.М.Ауэзова, факультет: Химико- технологический, специальность – «Экология» 2017г. по настоящее время – главный специалист в отделе «Экологическое просвещение и туризм» в Сайрам – Угамском государственном национальном природном парке (ГНПП)

Турсынбай Балжан Даулетқызы - Түркістан облысы бойынша экология Департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы- инспектор.

Абдукахарова Гулдана Сайфуллаевна - Қазакстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің тапсырмаларын орындалуын бақылау жөніндегі инспекторы.

Қожатайұлы Мәди -Түркістан облысы бойынша экология Департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.
"Экология" кафедрасының 1997-2002 жылғы түлегі.

Курганбеков Жангелди Нурумбетович - М.Әуезов атындағы ОҚУ, Инновациялық білім беру технологиялар институтының директор орынбасары.
"Экология" кафедрасының 2007-2011 жылғы түлегі.

Орынкулова Мереке Калдыбаевна - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Түркістан облысы бойынша экология департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Экологиялық реттеу бөлімі бас маманы.
"Экология" кафедрасының 1999-2004 жылғы түлегі.

Дюсекенов Адлет Камелбекович - ҚР ТЖМ Абай облысы ТЖД Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі.
"Экология" кафедрасының 2004 жылғы түлегі.

Құрал Нұрсейіт Нұрсұлтанұлы - "KazEcoHolding" ғылыми зерттеулер және экологиялық сараптама орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қоршаған ортаны қорғау бойынша бас маман.
"Экология" кафедрасының түлегі.

ПЕРНЕБАЕВ ЖАҚСЫЛЫҚ ДӘУЛЕТБАЙҰЛЫ - "KazEcoHolding" ғылыми зерттеулер және экологиялық сараптама орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы.

Сәтенов Берік Тұрсынұлы - "ҚазТрансОйл" Акционерлік қоғамы Шымкент мұнай құбыры басқармасының инженер-экологы.
"Экология" кафедрасының 2004 жылғы түлегі.

Мусабай Ержан Сапарбекұлы - Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы. 01.05.1979 туылған жылы.
"Экология" кафедрасының 1996-2001 жылғы түлегі.

Изтлеуова Айгерим Бакбергеновна
Экология кафедрасының магистр, аға оқытушысы
2007-2011жылғы түлегі.
8-778-577-27-67

Бейсенбаева Эльмира Кидиралиевна - Эколог-проектировщик, ТОО «MegaTransGroup».
Туған жылы : 11.09.1988 г.
"Экология" кафедрасында 2018-2020 жылы магистратурада білім алған.

Байланыс нөмірі: +77058933331,

13. Талапкерлерге

6В05210-Экология

“Экология” мамандығының мақсаты- табиғат пен табиғи ресурстардың жай-күйін талдай алатын, экологиялық сараптаманың тиімді әдістерін меңгерген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау.

Кафедраның оқу процесіне ғылыми, оқытушылық және өндірістік қызметте үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар құрамы, ғылым докторлары, кандидаттары тартылады.

Қызмет ету саласы

Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік қызмет ету аймағына өндірістік, басқарушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру саласы, мониторингтің экологиялық қызметі, қоршаған орта сапасын бақылау мен адам денсаулығы жатады.

Түлекке "6В05210-Экология" БББ бойынша жаратылыстану ғылымдарының «бакалавры» дәрежесі беріледі. "6В05210-Экология" БББ бойынша бакалаврлар инженер-эколог, орман дақылдары жөніндегі инженер және ағынды суларды тазалау инженері, техник-эколог, ғылыми-зерттеу экологиялық мекемелерінде, зерттеу зертханаларында қалдықтарды өңдеу және сұрыптау жөніндегі оператор қызметтерін, педагокикалық салада атқара алады.

Оқу мерзімі

Күндізгі оқу бөлімі - 4 жыл. Оқу барысында жақсы оқыған және денсаулығы мықты студенттер (ұлдар мен қыздар) әскери дайындықтан өтіп, офицерлік атақ ала алады. Компьютер білімі мен ағылшын курстары қарастырылған.

Жұмыс орындары

- түрлі салалардың министрліктері мен департаменттері;

- санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС);

- барлық деңгейдегі экологиялық қызметтер;

- экологиялық прокуратура;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;

- өндірістік-технологиялық;

- тәжірибелік-зерттеу;

- білім беру (педагогикалық);

- жобалық.

- ғылыми –зерттеу институттары;

- халық шаруашылығының барлық өнеркәсіп өндіріс орындарында;

Экология мамандығына түсу үшін емтиханда тапсырылатын пәндер : БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ

"Экология" кафедрасының Instagram

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.