6КАФЕДРА · Заң факультеті

Саясаттану

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0Кафедра материалдары



Кафедра меңгерушісі
Монтаев Ардақ Базарбекұлы PhD, доцент.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы,Тауке-хан даңғылы 5.М.Әуезов атындағы ОҚУ, бас ғимараты,113 кабинет.

Телефон:
8-7252-30-13-78

Саясаттану

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Саясаттану

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Жалпы мәлімет

"Саясаттану"кафедрасының тарихы 1943 жылы Шымкент кұрылыс материалдары технологиялық институтында "қоғамдық пәндер" кафедрасы ашылған кезден басталады. Кейінірек кафедраның атауы "Ғылыми коммунизм" болып өзгертілді. Сол кезде кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ш. Б. Байтасов болды.

1988 жылы кафедра "әлеуметтік-саяси ғылымдар" кафедрасына айналды. 1992-1993оқужылында "Философия" және "саясаттану" кафедралары қамтылып, оларды тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Исмаилов - Ресей Федерациясы Әскери академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері көтерді. Қазақстан Тәуелсіздігінің сипаттамасы кафедраның дамуымен ілгерілеуіне айтарлықтай әсер етті. 1998 жылы "Халықаралық қатынастар" мамандығы ашылып, кафедра "Халықаралық қатынастар және саясаттану" кафедрасына ауыстырылды.

Сол кезде кафедрада келесі оқытушылар жұмыс істеді: профессор Исмаилов А.И., доцент Пак Л. И., доцент Тулебекова С. К., доцент Ешаманова Е. Ж., доцент Таубаева М. Е., доцент Корганова С. С., доцент Болегенова Б. Б., доцент Г.А. Базарбаева. 2007 жылы "Саясаттану" кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А. Алтаев болды.
2008-2009 оқу жылында кафедраныңаға оқытушылары М.У. Жұмабеков, С. Ж. Рысбаева, Э. С. Таукебаева Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.

2011жылы"Саясаттану "кафедрасын философия ғылымдарының кандидаты, доцент С.А. Мәжинбеков басқарды.

Ол кафедраның дамуына баға жетпес үлес қосты.Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық практикалық конференциялар өткізуге және "МәңгілікЕл" және "Рухани жаңғыру" бағдарламалары аясында түрл іоқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге белсенді қатысты.
2017-2018 оқу жылының басында "Философия" және "саясаттану" кафедраларының бірігуі болды.

Жаңа кафедра "Философия және мәдениеттану" деп аталды. Кафедра меңгерушісі ретінде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М. У. Жұмабеков тағайындалды. Оның жетекшілігі мен кафедраның ПОҚ қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсады. М. У. Жұмабековтың меңгеру кезеңінде тәжірибе алмасу мақсатында Ресей, Өзбекстан және ҚХР университеттерімен екі жақты меморандумдарға қол қойылды.
2018 жылы кафедра бакалавриаттың екі білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді даярлауға лицензия алды: 6В02210– философия және 6В03120 – саясаттану, сондай – ақ 7М03120 - саясаттану магистратурасының білім беру бағдарламасы бойынша.
2020 жылы кафедра "Философия және саясаттану" болып өзгертілді.

2018-2019 жылдары кафедра доценттері С.С. Қорғанова мен А. Б. Монтаев ШЫҰ шеңберінде ғылым және білім саласында тәжірибе алмасу шарты негізінде ҚХР-дағы Дальян университетінде кәсіби біліктілігін арттырды. 2021 жылдың қыркүйегінде университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен "Саясаттану" кафедрасы жеке кафедра болып қайта құрылды.
2021 жылы кафедра доценті Ж. Е. Төреқұлова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған конкурс аясында "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері атанды.

2022-2023 оқу жылында кафедра доценті Монтаев А. Б. "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
2022 жылдың мамыр айынан бастап кафедраны қайтадан доцент Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы басқарды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ұжымына 20 адам, оның ішінде 4 ғылым докторы, 4 доцент, 12 аға оқытушы кіреді. 2022 жылы кафедраның аға оқытушысы Ж.М. Аширова PhD докторы атағына диссертация қорғады. 2024 ж "Саясаттану" кафедрасының доценттері М. У. Жумабаков пен Ж. Е. Турекулова Болашақ бағдарламасы "500 ғалым" жобасы бойынша Ресей Федерация Москва қаласындағы Ломоносов атындағы МГУ де ғылыми тағылымадан сәтті өтіп келді.

Кафедра "Б 21-14-12 Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары мен мәселелері" мемлекеттік бюджеттік тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Шымкент қаласындағы және ел өңірлеріндегі жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2025-2026 оқу жылынан бастап кафедраны Монтаев Ардақ Базарбекұлы басқаруда.
Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылынан бастап 6В11410 – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы құрылымдық өзгерістерге сәйкес Саясаттану кафедрасының құрамына енгізілді.

Ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ұжымына 20 адам, оның ішінде 4 ғылым кандидаты, 4 PhD доцент, 12 аға оқытушы кіреді. 2018-2019 жылдары кафедра доценттері С.С. Қорғанова мен А. Б. Монтаев ШЫҰ шеңберінде ғылым және білім саласында тәжірибе алмасу шарты негізінде ҚХР-дағы Дальян университетінде кәсіби біліктілігін арттырды.

2021 жылы кафедра доценті Ж. Е. Төреқұлова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған конкурс аясында "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері атанды. 2022-2023 оқу жылында кафедра доценті Монтаев А. Б. "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2022 жылы кафедраның аға оқытушысы Ж.М. Аширова PhD докторы атағына диссертация қорғады. 2024 жылы "Саясаттану" кафедрасының доценттері М. У. Жумабаков пен Ж. Е. Турекулова Болашақ бағдарламасы "500 ғалым" жобасы бойынша Ресей Федерация Москва қаласындағы Ломоносов атындағы МГУ - де ғылыми тағылымадан сәтті өтіп келді.

Кафедра "Б 21-14-12 Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары мен мәселелері" мемлекеттік бюджеттік тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Шымкент қаласындағы және ел өңірлеріндегі жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Студенттердің іс тәжірибесі

«Саясаттану» кафедрасында студенттердің кәсіби практика базалары «6В03120 – Саясаттану» білім беру бағдарламасының оқу жоспарының құрылымына сәйкес кәсіби практиканың оқу-танысу практикасы, өндірістік практика-I, өндірістік практика-II, дипломалды практика түрлері қарастырылған. «6В03120 – Саясаттану » білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби практика базалары ретінде Шымкент қаласы және басқа өңірлерде орналасқан бірнеше мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдармен келісімшарттар түзілген.

Олар:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.
2. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы. 3. «Ақжол» партиясы Шымкент қалалық филиалы. 4.

Жастар ресурстық орталығы. 5. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық әкім аппараты. 6. Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. 7. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы. 8.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігі. 9. Шымкент қаласы Дін істері басқармасы.
10.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауылдық округі әкім аппараты.
11.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық-округ әкім аппараты.
12.
Кентау қаласы ішкі саясат бөлімі.
13.
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округ әкім аппараты. 14.

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округ әкім аппараты.
15. Ордабасы ауданы аумақтық сайлау комиссиясы. Студенттер кәсіби практиканың нәтижесінде жұмысқа орналасты.

Мысалы, «Саясаттану» білім беру бағдарламасының 2022 бітіруші түлегі Мұхаддас Ақдариға Түркістан телеарнасында қызмет атқарады.

Сонымен қатар, «Саясаттану» білім беру бағдарламасының 2024 жылғы бітіруші түлектері Кадеева Аида және Райхан Балжан «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасында» қызмет атқарады.

Кафедра жаңалықтары

Кафедра жаңалықтары04.04.2025ж күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМ: ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» атты тақырыбында жаратылыстану, техникалық әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша "Саясаттану" кафедрасы "Саясаттану" секциясының ұйымдастыруымен XXVIII республикалық студенттік ғылыми конференциясы болып өтті.

Конференцияда студенттер тақырыбына сәйкес жазған ғылыми мақалаларын қорғады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Заң" факультеті, "Саясаттану" кафедрасы 6В03120-саясаттану білім беру бағдарламасының 4курс студенті Серікқызы Табиғат дипломалды практикасын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасында теорияда алған білімін практика барысында көрсетуде.

Студенттердің өндірістік практикасы

27.01.2025-21.02.2025 ж аралығында «Саясаттану» кафедрасы саясаттану білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттері өндірістік практикасынан өтті. Практика барысында студенттер практика құжаттарымен танысып, ғылыми жұмысын жазды. Саясаттану білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттері 03.03.2025 ж күні практикасын қорғады.ады.

13.01.2025 - 21.02.2025ж аралығында «Саясаттану» кафедрасы саясаттану білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері ІІ-өндірістік практикасынан өтті. Практика барысында студенттер практика құжаттарымен танысып, ғылыми жұмысын жазды. Саясаттану білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері 04.03-05.03.2025 ж күндері практикасын қорғады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің "Заң" факультеті "Саясаттану " кафедрасы 6В03120-саясаттану білім беру бағдарламасының 4 курс оқитын студенттері дипломалды практика базасында теориядан алған білімін практика барысында көрсетуде.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.