
1КАФЕДРА · Заң факультеті
Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Кафедра меңгерушісі Таукебаева Эльмира Сериковна PhD, доцент.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
М. Әуезов атындағы ОҚУ, бас ғимараты,150 кабинет.
Телефон: 8-701-710-27-98
Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Мамашарипова Гульнар Ануаровна
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.shabanov-54@mail.ruПрофиль →
Бекбосынов Ермек Туленович
PhD докторыПрофиль →
Бихондиева Акбота Бекниязовна
Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.Профиль →
Қалдарбек Аружан Әбдімомынқызы
Әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы.Профиль →
Аширбекова Айнур Бейсенбаевна
Заң ғылымдарының магистрі, оқытушы.Профиль →
Орынбаев Жасулан Балабекович
Phd, доцент.Профиль →
Алиев Бақытберген Шухратуғли
Әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы.Профиль →
Айтбаева Сандугаш Нурлановна
Әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы.Профиль →
Омаров Алижан Омарулы
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы.Профиль →Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
Құжаттар мен бағдарламалар
Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
Жалпы мәлімет
Қазіргі таңда «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасында 6B03110 – «Халықаралық қатынастар» және 6B04220 – «Халықаралық құқық» ББ бойынша оқытушылар қызмет етеді.
Кафедра Халықаралық қатынастар саласында қызмет атқаратын бакалаврлар, магистрлер даярлайтын кафедралардың бірі болып табылады. «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мамашарипова Гульнар Ануаровна. Оқыту бағдарламасы өзекті оқу пәндерін қамтиды: «Геосаясат негіздері», «Көпжақты дипломатия», «Халықаралық қатынастардағы діни фактор», «Халықаралық қатынастардағы гендерлік фактор», «Халықаралық қатынастардағы саяси лидерлік институты», «Халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялар», «Халықаралық қатынастарды қолданбалы талдауына кіріспе». Кафедра түлектері мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдарында, қазақстандық және халықаралық компанияларда, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда, талдау және консалтингтік орталықтарда; PR-агенттіктерде; ғылыми-зерттеу құрылымдарында; бұқаралық ақпарат құралдарында; білім беру мекемелерінде жұмыс істей алады. Кафедраның ғылыми бағыты халықаралық-тарихи процестің өзекті мәселелерін зерттеумен, халықаралық қатынастар теориясы мен тарихымен, дүниежүзілік тарихпен, халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялармен, аймақтанумен байланысты.
Кафедра жұмысының ерекшелігі жаһандық және өңірлік үдерістерді кешенді талдау негізінде заманауи әлемдік жүйе туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыс болып табылады.
Жетістіктер
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
7М03110- Халықаралық қатынастар БББ бойынша тақырыбы: ГБ-НИР-21-03-04"Қазақстан Республикасының халықаралық дипломатиясымен сыртқы саяси стратегиясы" Қазақстан Республикасының дипломатиясымен сыртқы саясатын зерттеу.
7М03110- Халықаралық қатынастар БББ бойынша серіктес авторлары: Тастан Т.Р., Абдуллина Ж.А., Саранова Д.Ю.
Өткізілетін уақыты: 25.02.2026
Білім алушының іс тәжірибесі
Кафедра түлектері
Кафедра жаңалықтары
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.