6КАФЕДРА · Сәулет, құрылыс және көлік факультеті

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САРАПТАМА

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0құжат
0Кафедра материалдары

Қамбаров Медетбек Әбілдаұлы

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)

Мекен-жайы: 160012 Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5;

М.Әуезов атындағы ОҚУ, «В» ғимараты, 303 В каб.

Тел.: +7 701 713 33 65

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САРАПТАМА

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Қамбаров Медетбек Әбілдаұлы

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)

М.Әуезов атындағы ОҚУ, «В» ғимараты, 303 В каб.

Профиль →

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САРАПТАМА

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

2. Кафедраның тарихы

Сонау сұрапыл соғыстың нағыз қайнап тұрған кезінде 1943 жылда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Чимкентте Құрылыс материалдарының технологиялық институты құрылды, ол құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласында мамандар даярлауды қамтамасыз етуі тиіс болды.

Институттың педагогикалық ұжымы сәттілікке ие болды, ол Ресей мен Украинаның эвакуацияланған оқу орындарының оқытушылары арасынан құрылды.

1954 жылдан бастап ғылыми зерттеулер мен темірбетонның өнеркәсіптік өндірісін кеңінен дамыту ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен өндірістік кәсіпорындарды жоғары білікті кадрлармен және инженерлік-техникалық персоналмен қамтамасыз ету міндетін қойды.

Мұндай бейіндегі инженерлер әлемдік тәжірибеге алғаш рет 1951 жылдан бастап Мәскеу инженерлік-құрылыс институтында дайындала бастады, ал 1957 жылы Қазақстанда алғаш рет «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша инженер-технолог құрылысшылар кафедрасы ұйымдастырылды.

Инженер-технолог-құрылысшылардың алғашқы шығарылымы 1959 жылы жүзеге асырылды. Біздің университет ұзақ уақыт бойы осы саладағы мамандарды даярлайтын Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып келді. Осы уақытқа дейін 3000-нан астам инженер дайындалды.

Осы кезеңдерде «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары технологиясы» кафедрасының тұрғысынан қалыптасуында әр уақытта жұмыс істеген кафедра меңгерушілерінен бастау алатын қалыптасқан педагогикалық дәстүрлер үлкен рөл атқарды. Кафедраның бірінші меңгерушісі А.А. Хомутовтың және одан кейінгі басқарған доценттер Н. Н. Комарованың, А. М. Зинкиннің, А. Л. Глуховеровтың, профессорлар З. Ш. Шарафиеваның, Ю. А. Мамонтовтың, А. Р. Ахметовтың, А. А. Исмаиловтың, 2005-жылдардан кафедра меңгерушісі қызметін атқарған доценттер К. С. Байболовтың, Э.Н. Калшабекованың, Б. Т. Көпжасаровтың педагогикалық мұрасы кафедрада сақталады және пайдаланылады.

Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетінің қол жеткізілген деңгейі 1970 жылы аспирантура, ал 2013 жылы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша докторантура ашуға мүмкіндік берді. Кафедра 3 докторлық, 7 кандидаттық, 3 PhD докторлық және 60 магистрлік диссертациялар орындалды және қорғалды.

Кафедраның ғылыми бағыты -өндіріс қалдықтарын, сондай-ақ жергілікті шикізат базасында тиімді құрылыс материалдарын пайдалана отырып, құрастырмалы темір-бетон және құрылыс материалдары технологиясын жетілдіру болып табылады.

2009 жылдан бастап кафедра құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сапа сертификаттарын беру үшін сертификаттық сынақтар жүргізді.

2015-2017 жылдар аралығында 5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандығы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша кафедра 1-ші орынды иеленді.

«Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары технологиясы» кафедрасының түлектері министрлер, министрлердің орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері, түрлі компаниялардың бас директорлары мен президенттері, банк президенттері, профессорлар, доценттер қызметтерін атқарған және ірі және шағын кәсіпорындардың жетекші мамандары болып қызмет атқарды.

Солардың ішінде өндіріс кәсіпорындарының жоғары лауазымды қызметтерді атқарған: Хлебов В.П., Тшанов А.К., Звездин Е. А., Сейтжанов С. С., Мирер М. И. және Сейтжаппаров Н. С., Лунин В. И., Ергешов Р. Б., Естемесов 3.О., Изжанов М. М., Жунисов С. Ж., Бимурзаев С. М. Құсиди Г. Д., Ахметов Г. А., М. А. Әбішев, А.Д. Дүйсекеев атауға болады..

2017-2022 жылдарында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 6В07340 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялар өндірісі» білім беру бағдарламасы Республикамыз бойынша осы бағытта маман әзірлейтін 7 оқу орындарының арасында сәйкесінше кафедра 2 және 3 орындарды иеленді.

2023-2024 оқу жылында «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының бөлінуіне байланысты бұрынғы «Сызба геометриясы және инженерлік графика» кафедрасы оқытушыларының негізгі құрамымен біріктірілуімен «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы болып қайта құрылды.

Инженерлік бағытта мамандар дайындау тұрғысында бірнеше жылдар дербес қызмет көрсеткен «Инженерлік графика» кафедрасыныңда университет тарихында өз үлесі бар.

Кафедра өзінің қазіргі «Инженерлік графика» атауын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің техникалық институт құрамына кіруіне байланысты 2006 ж. алды. 2006 жылдың күзіне дейін кафедра «Өндіріс негіздері, инженерлік графика және ОҚТ» болып аталған.

Бұл атауын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінтінің «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасы мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің «Өндіріс негіздері және оқытудың техникалық құралдары» кафедрасының қосылуының нәтижесінде алды.

«Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасының құрылуының тарихы өткен ғасырдың 50 жылдарынан басталады.

Кафедра сол уақытта жалпы техникалық кафедралардың құрамында болған және мұнда келесі пәндер оқытылған: материалдар кедергісі; жоғары математика; механизмдер мен машиналар теориясы және машина бөлшектері; теориялық механика; физика және т.б..

Кафедра өздігінше 1954жылы құрылды және бірінші меңгеруші т.ғ.к., ғалым-энциклопедист, белгілі геометр Василий Прохорович Гончар (1906-1969) болды. Ол кісі сол уақытта Қазақ технологиялық институты бойынша, қазіргі М Ауезов атындағы ОҚМУ аталған, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар бірінші педагогтардың бірі болған.

В.П. Гончардан басқа кафедрада талантты, білімді педагогтар жұмыс істеген: Мильчо А.А., Гусев Я.В., Манухов Г.С., Фиалков М.Э., ал 1960 жылдан бастап кафедраға тәжірибелі инженерлер және конструкторлар қабылданды: Игнатович Н.Г., Рогулькин А.Г. (1974-1980 ж.ж. кафедра меңгершісі болды), Балабанов П.М., Албутова В.Н., Сапарбеков А.С. (1990-1994 ж.ж.) кафедра меңгерушісі болды), Көшербеков Р., Усманов А., ал соңғы жылдары Тұрысбеков С.Ж., Жандарбекова Д.Д., Боранбаев К.Б., Бақбергенов А.Ю., Шүленбаев Ж.Ж., Жаңабаев Ж.Ж., Воскресенская О.М.

1980 жылдан бастап кафедра меңгерушісі Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлының басшылығымен кафедрада жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттың дамуы басталды: оқу процесінде ЭЕМ пайдалану; сызба геометрия курсынан оқытудың автоматтандырылған жүйесін құрастыру;

Кафедраның жалпы құрамы 22 бірлік болса, олар 7 профессор, 4 доцент және 11 оқытушы мен аға оқытушы бірліктерінен құралған. Олардың ішінде 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаттары.

3. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы.

Кафедраның профессор оқытушы құрамы көптеген ғылыми гранттық жоба байқауларына қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде:

ҚР БҒМ МБ 2023-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру үшін ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру үшін ИРН 19679517 «Автоклавты емес ұяшықты бетоннан жасалған оқшаулау бұйымдарының энергияны аз қажет ететін технологиясын практикалық енгізу» гранттық жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми жетекшісі т. ғ. к., профессор Копжасаров Б.Т.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы байқауының жеңімпазы AP19175553 «Жылу электр станциясының күлі мен табиғи волластонит негізінде автоклавта қатайтылған ұялы бетон алудың энергия үнемдейтін технологиясын әзірлеу» тақырыбы бойынша, ғылыми жетекшісі PhD доктор Моминова Сауле Махмудовна

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы байқауының жеңімпазы AP14972832 «Баламалы күн энергиясын пайдалана отырып, бетон бұйымдары мен конструкцияларын термоөңдеудің энергия үнемдеу технологиясын әзірлеу» тақырыбы бойынша, ғылыми жетекшісі PhD доктор Кудабаев Р.Б.

Кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның мемлекеттік бюджет тақырыбы, білім беру бағдарламалары пәндері бойынша жүргізілетін зертханалық сынақтар, келісішарттық зерттеулер, студенттік үйірме жұмысары мен докторанттардың, магистранттардың зерттеу жұмыстары бойынша жүргізіледі. Ғылыми зерттеу жұмыстар кафедра оқытушыларының және ғылыми жетекшілердің басшылығымен орындалады.

Кафедраның мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ тақырыбы бойынша студенттердің зерттеу тәжірибесіне сәйкес тақырыптар ұсынылады, олар кафедра зертханаларында және өндіріс зертханаларында орындалады.

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары негізделген жобалау ғимараттар құрылысы және құрылыс материалдары үшін материалдардың стандартты сәйкестігі.

Есеп беру кезеңінде кафедра студенттері Республикалық пәндік олимпиадаға және студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсына қатысып бірнеше жүлделі орындарды иеленді.

Студентердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары:

«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» БББ бойынша I-дәрежелі диплом. Нұрболат Ш.Р. Сейдаз С.С.

2. «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» БББ бойынша II-дәрежелі диплом. Нұрланұлы Е., Сейдаз С.С.

3. «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» БББ бойынша III-дәрежелі диплом Рысқұлбек С.У.., Демеу Нұргул.

«Coursera» – қазақ тілінде» қайырымдылық жобасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының көмегімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. «Coursera» онлайн платформасына «ҚМжҚС» кафедрасы бойынша 7 студент қатысып, сертификат алды.

Халықаралық білім беру корпорациясында ЖОО студенттері арасында өткен 2024 жылғы Республикалық пәндік олимпиадада «ҚМжҚС» кафедрасы студенттері төмендегідей жүлделі орындарды иеленді.

«Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасында магистрант Көпжасаров А.Б., Тұрапбаев А.Ә. және Ажмуханов Д. 2024 жыл 27 желтоқсанда 7М07340-«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша «Техника ғылымдарының магистрі» дәрежесін алу үшін магистрлік диссертацияларын қорғады.

ДСM-22-5нр тобының докторанттары Құттыбай Мұса Талғатұлы, Нурымбетова Раушан Уалихановна, Нұғмансая Ермахан және Артиков Нұржан 02 сәуір - 02 мамыр аралығында Санкт Петербург қаласында (РФ) Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті, шетелдік ғылыми тағылымдамада.

Іс-сапар барысында “ Құрылыс материалдарының технологиялары және метрология” кафедрасында жетекшісі Пухаренко Юрий Владимировичпен ғылыми зерттеу зертханасында диссертациялық жұмыстары талқылануда.

ДСM-22(1)-4нр тобының докторанты Әбдрайымов Ильяс 04 қараш - 04 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында (ӨР) Ташкент сәулет және құрылыс университеті, шетелдік ғылыми тағылымдамада. Іс-сапар барысында “Құрылыс және қоршаған ортаны қорғау инженериясы” кафедрасында жетекшісі Касимов Ибрахим Эркиновичпен ғылыми зерттеу зертханасында диссертациялық жұмысытары талқылануда.

Сәулет, құрылыс және көлік факультеті "Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама" кафедрасының аға оқытушысы Кудабаев Руслан Бахтияровичке Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 26 маусымдағы шешімімен (N917-д бұйрық). Философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Мамандық: 6D073000 - Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру.

Диссертация тақырыбы: Құрылыс конверттеріне арналған мұнай өнімдері негізіндегі жылу сақтайтын материал.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Калшабекова Эльмира Нурлыбаевна. Шетелдік жетекшісі: т.ғ.д., профессор Касимов Иркин Умаралиевич, Өзбекстан.

Сәулет, құрылыс және көлік факультеті "Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама" кафедрасының аға оқытушысы Омаров Берик Аманкельдиевич

Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен (N150-д бұйрық) Философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Мамандық: 6D073000 - Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру.

Диссертация тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанның сазды жыныстары негізіндегі керамикалық брусчаткаларды өндіру технологиясын жасау және физикалық, механикалық, пайдалану қасиеттерін зерттеу.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Риставлетов Раимберди Аманович. Шетелдік жетекшісі: т.ғ.к., профессор Рязанов Александр Николаевич, Башкортостан.


Студенттік ғылыми конференциядан көрініс

4. Бакалавриат
5. Біліктілікті жоғарылату

Кафедрада ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 37 бабы мен «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі» және «Қызметкерлердің біліктілігін арттыру» процедурасына сәйкес ұйымдастырылады.

Кафедраның 2023-2025 жылдарға арналған біліктілікті арттыру перспективалық жоспары әзірленіп бекітілген, жоспарға сәйкес әрбір профессор-оқытушы құрамы өзінің оқытатын пәндерінің бейініне сәйкес 3 жылда кемінде бір рет жобалау ұйымдарында, өндірістік кәсіпорындар базасында немесе ҒЗИ базасында тағылымдамадан немесе біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
«Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы инженерлік-графикалық пәндер бойынша сабақ беретін оқытушыларға оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға профессор, техника ғылымдарының докторы Жанабаев Ж.Ж., ф.ғ.к. доценттер Үмбетов Н.С., Жақаш А.З., Тұрысбеков С.Ж., Досыбеков С.Қ., аға оқытушылар Бекмуратова Л.А., Жусипбеков А.Қ., Пошанова Қ.Ж., Болысбекова А.А., Күнжігітова Г.Б., Күнжігітова Г.Б., Мирзақұлов М.Е. қатысқан.

Семинар тақырыптары: Тік бұрышты проекциялар жүйесіндегі көлеңкелер, Перспективалық көлеңкелер, Ортогональды проекциялардағы көлеңкелер.

Арынбаева Роза Ануарбековна 05.03-03.05.2024ж. 6В07340 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша 120 сағат көлемінде тағылымдамадан өткендігін растайтын сертификат №15 03.05.2024ж.

Умбетов Нурлан Сагынбекович «Сәулет және құрылыстағы заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен жаңалықтар» бағыты бойынша халықаралық жазғы мектеп «Auezov University-2024» 90 сағаттық көлемінде қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық біліктілігін растайтын сертификат №786 03.06-14.06.2024ж.

Жакаш Адилби Зубайирулы «Сәулет және құрылыстағы заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен жаңалықтар» бағыты бойынша халықаралық жазғы мектеп «Auezov University-2024» 90 сағаттық көлемінде қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық растайтын сертификат №782 03.06-14.06.2024ж.

Досыбеков Серик Камбарович «Сәулет және құрылыстағы заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен жаңалықтар» бағыты бойынша халықаралық жазғы мектеп «Auezov University-2024» 90 сағаттық көлемінде қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық растайтын сертификат №783 03.06-14.06.2024ж.

Пошанова Құндызай Жолдасбековна «Сәулет және құрылыстағы заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен жаңалықтар» бағыты бойынша халықаралық жазғы мектеп «Auezov University-2024» 90 сағаттық көлемінде қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық растайтын сертификат №784 03.06-14.06.2024ж.

Бекмуратова Лаззат Алиевна «Сәулет және құрылыстағы заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен жаңалықтар» бағыты бойынша халықаралық жазғы мектеп «Auezov University-2024» 90 сағаттық көлемінде қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық растайтын сертификат №784 03.06-14.06.2024ж.

Досыбеков Серик Камбарович 08.01.-19.01.2024ж. «Инженерлік компьютерлік графика» пәнінен «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатқанын растайтын сертификат №7153, берілген күні 19.01.2024ж.

Кунжигитова Гульнур Бектемировна «TOEFL ITP» тест тапсырып Intermediate level ағылшын тіл білімінің деңгейін растайтын сертификат №46014857, берілген күні 12.09.2024ж.

Кунжигитова Гульнур Бектемировна «Duolingvo» тест тапсырып Intermediate level ағылшын тіл білімінің деңгейін растайтын сертификат ID:519fp3ji2n7vicue, берілген күні 26.12.2024ж.

Кунжигитова Гульнур Бектемировна «Duolingvo» тест тапсырып Intermediate level ағылшын тіл білімінің деңгейін растайтын сертификат ID:peshepiif75qsjw1, берілген күні 1.01.2025ж.

6. Кафедраның тәрбие жұмысы

Қыркүйек айының 1 жұлдызында Білім күніне орай «Білім туралы заңмен», ЖОО Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, студенттердің құқықтары мен міндеттерімен,университет құрылымымен танысу; кафедралар, бөлімдер және зертханалар бойынша экскурсиялар тақырыбында топтарында тәлімгерлік сағат өтті. Студенттер өз тәлімгерлерімен танысты.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерімен таныстырды. «Конституция күні», «1 қыркүйек-Білім күні» арналған университтік іс-шара ұйымдастырылды

Classroom платформасында мамыр айына «Қазақстан - батырлар елі» Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңіс күні мейрамдарына арналған тәлімгерлік сағат бекітілді. Академиялық топтарда өткен тәлімгерлік сағаттың хаттамалары мен сілтемелері Classroom электронды журналына енгізілді.

Студенттер топ тәлімгерлерімен бірге «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне барды. Ақпан айында 3-курс студенттері Шымкент көне қалашығы Өлкетану мұражайына, Тәуелсіздік саябағына экспедиция жасады.

Қазан айында академиялық топтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойына орай тәлімгерлік сағат өтті. Сонымен қатар, «ҚМжҚС» кафедрасының ПОҚ мен студенттері униветситеттің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шараға қатысты.

Қазан айында «Ата-әжеге алғыс» тақырыбында академиялық топтарда тәлімгерлік сағаттар өтті. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады, сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туа бітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.

Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз. Қыркүйек айында 2,3-курс топтарында «Отбасы –ұлттың тірегі» атты тәлімгерлік сағат өткізіліп, Classroom платформасына жүктелді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Денсаулық» және 80-жылдық мерей тойына арналған оқытушы-профессорлар және қызметкерлер арасындағы 2023-2024 оқу жылындағы дәстүрлі спартакиада өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ 80 жылдық мерейтойына арналған «Тәлімгерлік: білім мен тәжірибе тоғысы» атты университет тәлімгерлерінің форумына Көпжасарова Г.Т. және Нурымбетова Р.У.қатысты. Форумда Түркістан облысы бойынша мәдени ұйымдар өкілдері (мұражай, кітапхана, театр) тәлімгерлерді ақпараттандырды.

«14 наурыз – Көрісу күні» факультетте ерекше форматта аталып өтті. «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің «Тәрбие ісі және Әлеуметтік жұмыстары» жөніндегі декан орынбасары Керимбекова З.М. және кафедра аға тәлімгерлері Көпжасарова Г.Т. университет ұжымын Амал мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүріне сай 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін әр күнін белгілі бір тақырыпқа арналды. Академиялық топтарда тәлімгерлік сағаттар мен іс-шаралар өткізіліп, хаттамалары мен сілтемелері Classroom платформасын жүктелді.

7. Магистратура
8. Докторантура
9. Кафедраның жетістіктері

КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

«Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы өткен оқу жылдарында біршама жетістіктерге қол жеткізді. Ғылыми және ғылыми техникалық жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысып ғылыми жобаларды орындады.

Соның нәтижесінде шетелдік импакт-факторлы журналдарға ғылыми мақалалар жариялап, Web of Science базасына енетін басылымдарда Q1, Q2 және Scopus базасының процентилі 35 кем емес журналдарында жарық көрді.

Кафедра студенттері Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып жүлделі орындардан көрінді.

II- дәрежелі диплом. Құрылыс материалдары. Исмайлова А.Х.

Республикалық ғылыми конференция:

«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» бағыты бойынша I-дәрежелі диплом. Мушаев Н.Қ., Өсербаев Н.Б.

Студентердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары:

«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» бағыты бойынша I-дәрежелі диплом. Турсымбекова Д.С., Исмайлова А.Х.

2023-2024 оқу жылында докторантураны тамамдаған докторант Омаров Берік Амангелдіұлы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Жыл сайын жарияланатын Қазақстан Республикасының «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына кафедра оқытушылары үміткер болып қатысып, 2021-жылы кафедраның профессоры Риставлетов Р.А., ал 2023-жылы кафедра доценті Камбаров М.А. жеңімпаз атанып марапатталды.

Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойына орай кафедраның бірқатар профессор-оқытушы құрамы марапаттарға ие болды, оның ішінде кафедраның аға оқытушысы Құдабаев Р.Б. ғылым саласына қосқан үлесі мен белсенді қызметі үшін «Amanat» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.

Университеттің мерейтойына арнайы әзірленген «Мұхтар Әуезов» төсбелгісімен кафедраның жетекші профессор-оқытушылары ие болды

10. Халықаралық ынтымақтастық

Университетіміздің халықаралық студент алмасу бағдарламасы бойынша 6В07088 «Құрылыстағы материалдар мен құрылыстағы сараптама» мамандығы бойынша СМ – 23 – 13к2 тобының студенті Еркенбек Әсем Ерланқызы Малайзия мемлекеті «Путра» университетіне оқуға жіберілді.

11. Біздің Жас ғалымдар

Омаров Берик Аманкельдиевич

«Оңтүстік Қазақстан сазды жыныстарының негізінде керамикалық төсемдердің физика-механикалық, эксплуатациялық қасиеттерін зерттеу және өндіріс технологиясын жасау»

Кудабаев Руслан Бахтиярович

Ғимараттардың қоршау конструкцияларына арналған мұнай өңдеу өнімдеріне негізделген жылу жинақтаушы материал

Әуесбек Сұлтан Темірбекұлы

«Модификациялаушы қоспасы бар фосфор қожысынан алынған ұсақ ұнтақталған цемент негізіндегі бетондар технологиясы»

ДСM-22-5нр тобының докторанттары Құттыбай Мұса Талғатұлы, Нурымбетова Раушан Уалихановна, Нұғмансая Ермахан және Артиков Нұржан Санкт Петербург қаласында (РФ) Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті, шетелдік ғылыми тағылымдамада болды.

Сапар барысында “ Құрылыс материалдарының технологиялары және метрология” кафедрасының меңгерушісі Пухаренко Юрий Владимировичпен ғылыми зерттеу зертханасында диссертациялық жұмыстар талқыланды.

12. Практика

Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама кафедрасының практикасы, әдетте, құрылыс материалдарын өндіру, сараптама жүргізу, сапасын бақылау және құрылыстағы түрлі жұмыстарды жүзеге асыру бойынша студенттерге тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Бұл кафедраның 6В07088(1)– «Құрылыстағы сараптама және техникалық қадағалау» білім беру бағдарламасы студенттері:

  1. Құрылыс материалдарының қасиеттерін зерттеу: Құрылыс материалдарының сапасын анықтау, олардың физикалық және механикалық қасиеттерін бағалау, химиялық құрамын сараптау сияқты жұмыстарды үйренеді.
  2. Сараптамалық зерттеулер: Құрылыс жұмыстары кезінде пайда болуы мүмкін ақаулар мен қателіктерді анықтап, оларды жою жолдарын ұсыну үшін сараптама жүргізу. Бұл тек құрылыс материалдарына ғана емес, сондай-ақ құрылыс нысандарының тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатысты зерттеулер жүргізу.
  3. Құрылыс нысандарындағы сапаны бақылау: Практика барысында студенттер нақты құрылыс алаңдарына шығып, құрылыс жұмыстарын бақылап, материалдардың сапасын тексеріп, заң талаптарына сәйкестігін бағалайды.
  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу: Студенттер құрылыс материалдарының жаңа түрлерін немесе қолдану әдістерін зерттеп, ғылыми жобалар жасайды.

Кафедраның практикасы студенттерге тек теориялық білімді емес, сонымен қатар нақты жұмыстарды орындау тәжірибесін алу үшін өте маңызды. Студенттер практика кезінде құрылыс саласының кәсіби мамандарымен жұмыс істеп, болашақ жұмыс орындарына дайындалады.

Кафедраныңпрактикасыбілім беру бағдарламасы 6В07340 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» студенттеріне құрылыс индустриясында қажет болатын нақты дағдылар мен тәжірибені игеруге мүмкіндік береді. Кафедраның практикалық бөлімі төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  1. Құрылыс материалдарын өндіру процесін үйрену

Студенттер құрылыс материалдарының өндірісін ұйымдастыруды, әртүрлі құрылыс бұйымдарын (бетон, кірпіш, қаптамалар, металл конструкциялары, т.б.) жасау процесін, сондай-ақ өндіріс технологияларын зерттейді. Олар өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және материалдардың сапасын бақылау әдістерін үйренеді.

  1. Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын жасау

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын жобалау, өндіру, сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды зерттеу. Студенттер нақты құрылыс алаңдарына барып, бұйымдар мен конструкцияларды орнату процесін бақылайды және тексереді. Сонымен қатар, бұйымдардың сапасын анықтау және олардың беріктігін бағалау тапсырмаларын орындайды.

  1. Құрылыс материалдарының сапасын бақылау

Құрылыс материалдары мен бұйымдарының сапасын бақылау өте маңызды. Студенттер практика барысында материалдардың физикалық, химиялық, механикалық қасиеттерін зерттейді, материалдардың стандарттарға сәйкестігін тексереді. Олар сондай-ақ материалдардың ұзақ мерзімді пайдалану мүмкіндігін бағалауды үйренеді.

  1. Зертханалық жұмыстар мен сынақтар

Студенттер құрылыс материалдарын зертханалық сынақтан өткізу әдістерін қолдана отырып, олардың беріктігін, жылу өткізгіштік қасиеттерін, суға төзімділігін және басқа да көрсеткіштерін анықтайды. Олар өндірістік процестерде қолданылатын зертханалық жабдықтармен жұмыс істейді және тәжірибелік дағдылар алады.

  1. Ғылыми-зерттеу жобалары

Құрылыс материалдарын өндіру мен құрылыс бұйымдарының тиімділігін арттыру, жаңа материалдар мен технологияларды дамыту бойынша ғылыми жобалар жасау. Студенттер ғылыми зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін кәсіби ортада ұсынады.

  1. Өндірістік практика

Құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі бар нақты кәсіпорындарда тәжірибе жинақтау. Бұл практика студенттерге құрылыс индустриясында жұмыс істеудің нақты аспектілерін көрсетуге көмектеседі. Олар өндірістік процестермен танысып, кәсіби мамандармен бірге жұмыс істейді.

Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру кафедрасының практикасы студенттерді мамандықтарына сай тәжірибе жинақтауға, жаңа технологиялармен танысуға және өндірістік ортада жұмыс істеуге дайындайды.

Кафедрададуалды оқыту жүйесі бойынша СМ-21-8дк1 және СМ-21-8дк2 топтары Шымкент қаласындағы «Оңтүстсік Құрылыс Сервис» ЖШС кәсіпорнында «Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар» және «Бетон технологиясы-ІІ» пәндерініңпрактикалық және зертханалық сабақтары өтті.

Бұл кәсіпорынның арнайы материалдардың механикалық және химиялық қасиеттерін зерттейтін зертханалары бар.

Дуалды оқыту — бұл теория мен практиканы біріктіретін білім беру моделі, яғни студенттер тек оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ нақты жұмыс орындарында да тәжірибе жинақтайды. Дуалды оқыту жүйесі білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Дуалды оқытудың негізгі ерекшеліктері:

  1. Теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйлестіру: Студенттер оқу процесінде алған теориялық білімдерін өндірістік алаңдарда, кәсіпорындарда немесе ұйымдарда нақты жұмыс жағдайында қолдана алады. Бұл олардың білімін нақты еңбек нарығына жақындатады.
  2. Кәсіби дағдыларды дамыту: Студенттер жұмыс орнында тәжірибе жинақтап, белгілі бір саладағы қажетті дағдылар мен кәсіби құзыреттерге ие болады. Бұл тәжірибе олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, себебі жұмыс берушілер практикалық тәжірибесі бар мамандарды жоғары бағалайды.
  3. Кәсіпорындармен серіктестік: Дуалды оқыту жүйесі оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы тығыз ынтымақтастықты талап етеді. Кәсіпорындар студенттерді қабылдап, оларды белгілі бір міндеттер мен жобаларға қатысуға тарту арқылы болашақ жұмысшыларын даярлайды.

Білім беру бағдарламасы бойынша қалыптастыру барысында оқу үрдісінің практикалық құрамдас бөлімін жүзеге асыру мақсатында кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша төмендегі кәсіпорындармен 01.09.2027 жылға дейін келісім шарттар түзілді.

№

Кәсіпорын атаулары

1

«BOKEI» ЖШС, Шымкент қ.

2

«АзияСтройПроект» ЖШС, Шымкент қ.

3

«ВОЛНА» ЖШС, Шымкент қ.

4

«Строй Инвест АА» ЖШС, Шымкент қ.

5

«Birlik stroy» ЖШС, Шымкентқ.

6

«АБС-ПроектСервис» ЖШС, Алматы қ.

7

«Жоба Строй ЛТД» ЖШС, Шымкент қ.

8

«Бірлестік» ЖШС, Шымкент қ.

9

«Юсталькон» ЖШС, Шымкент қ.

10

«Контроль Качество.kz» ЖШС, Шымкент қ.

11

«ҚазМұнайГазҚұрылыс» ЖШС, Шымкент қ.

12

«Qazag Development» ЖШС, Шымкентқ.

13

«Политехстрой» ЖШС, Түркістан қ.

14

«Capital Citi KZ» ЖШС, Түркістанқ.

15

«АТИНА» ЖШС, Шымкент қ.

16

«ВИБО-строй» ЖШС, Шымкент қ.

17

«Конструктор Сапа» ЖШС, Шымкент қ.

18

«Castrol Construction» ЖШС, Оралқ.

19

«MONOLIT LRT.KAZ» ЖШС, Шымкент қ.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша SMART цифрлық базасына оқу жоспары және 2024-2025 оқу жылының кестесіне сәйкес білім беру бағдарламасы 6В07340 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» және 6В07088(1)– «Құрылыстағы сараптама және техникалық қадағалау» білім беру бағдарламасы студенттеріне келісім шарттарды, практика бағдарламасын және әдістемелік нұсқаулар енгізілді.

ҚР ҒЖЖМ-ның ЖОО-ғы кәсіптік практиканың ұйымдастырылуы мен өткізілуін регламенттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерін жүзеге асыру барысында кәсіпорындардың басшыларымен келісе отырып, практикаға келісім шарттар түзілді.

13. Кәсіби бағдар жұмыстары

Білім беру бағдарламалары:

6В07340 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру.

7М07340 Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының өндірісі

Бағдарламаны игеру барысында білім алушылар білім мен дағдыларды алады:

  • Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру технологиясындағы;
  • Өндірісте қабылданған құрылыс материалдарының жаңа құрамын жобалау және оңтайландыру әдістері;
  • Жаңа энергия тиімді технологиялар мен прогрессивті энергия үнемдейтін материалдарды қолдануда;
  • құрылысматериалдары мен конструкциялары кәсіпорындарының технологиялық желілерін есептеу және жобалау әдістерінде, оның ішінде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді пайдалану;
  • өнім шығару бойынша кәсіпорынның техникалық және нормативтік құжаттамасын жасауға қойылатын негізгі талаптарды; сапаны басқару саласындағы халықаралық стандарттарды; сала экономикасының, менеджменттің негіздерін.

Сабақтар құрылыс материалдары мен бұйымдарын дайындауға және сынауға арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған дәрістік аудиторияларда және мамандандырылған зертханаларда өткізіледі.

Біліктілік - оқуды толық бітірген студентке «Құрылыс материалдарын бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» бакалавры деген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша Магистратура және PhD докторантурада білімін жалғастыра алады. Магистратураны бітіргендер жоғары ғылыми педагогикалық академиялық дәрежесін алып шығады.

Жұмыс орындары:

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" бағыты бойынша түлектер келесідей қызметтерді атқара алады:

  • басқарушы қызметкерлер-директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, өндірістік зертхана бастығы, сапаны бақылау бөлімінің бастығы, техникалық бөлім бастығы, цех бастығы, цех шебері;
  • инженер-инженер, инженер-конструктор, инженер-зертханашы, сапа жөніндегі инженер, инженер-технолог, I санатты техник, I санатты техник-конструктор, I санатты техник-зертханашы, I санатты техник-технолог;
  • ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау, іздестіру ұйымдарына ортақ техникалық қызметкер, техник-зертханашы.
  • құрылыс материалдарын, темір-бетон конструкцияларын өндіру жөніндегі кәсіпорын;
  • ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары;

6В07088 (1) – Құрылыстағы сараптама және техникалық қадағалау

Бағдарламаның мақсаты: Көшбасшылық және кәсіпкерлік қасиеттері бар, құрылыстың барлық кезеңдерін қадағалауды, Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасын бақылауды жүзеге асыруға, құрылыс объектілері мен құрылыстарының сапасына әсер ететін себеп-салдарлық байланыстар орнатуға қабілетті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі:

«Құрылыстағы сараптама және техникалық қадағалау» Білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар МСҚБ (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы) басқармасының құрылыстағы техникалық қадағалау бөлімдерінің қызметкерлері мен инспекторлары, учаске шебері, өндірісті бақылау жөніндегі өндірістік зертхананың инженері, тәжірибелік өндіріс цехының инженері, құрылысты қадағалау жөніндегі инженер, инженер, сапаны бақылау бойынша инженер-технолог, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау үшін техникалық қызметкерлердің лауазымдары, іздестіру ұйымдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы сарапшылардың лауазымдарын атқара алады.

Оқу мерзімі – күндізгі оқу бөлімі 4 жыл. Оқу барысында улгерімі жоғары және денсаулығы жақсы студенттер әскери кафедрадан өтіп, офицер атағын алады.

Докторантура

8D07340 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Мақсаты:Жоғарғы білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін «Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша сұранысқа ие ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау.

Берілетін дәреженің атауы:Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға, ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің оң шешімі нәтижесінде "8D07340-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) докторы дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет саласы:Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындар; жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.