
5КАФЕДРА · Сәулет, құрылыс және көлік факультеті
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

Раматуллаева Лаззат Имамадиновна
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымд.профессор
Мекен-жайы: 160012 Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5;
М.Әуезов атындағы ОҚУ, «В» ғимараты, 312 В каб.
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Профессор-оқытушылар құрамы
Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.


Махатов Жақсылық Бауманұлы
Зертхана меңгерушісі, магистр, аға оқытушыПрофиль →
Шапалов Шермахан Куттыбаевич
PhD, профессорПрофиль →
Наукенова Айгуль Сагиндыковна
т.ғ.к., профессорПрофиль →
Нестеренко Нина Георгиевна
т.ғ.к., доцентПрофиль →
Колесников Александр Сергеевич
т.ғ.к., профессорПрофиль →
Керимбекова Заурекуль Майданбековна
т.ғ.к., доцентПрофиль →
Мамитова Айгуль Джанабаевна
т.ғ.к., қауымд.профессорПрофиль →
Макулбекова Гульназ Оразбековна
PhD, доцентПрофиль →
Багова Зарина Ильесовна
PhD, доцентПрофиль →
Калдыбаев Алмас Бакитович
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Жуматаева Салтанат Бекдаулетовна
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Оралбекова Лазат Меирбековна
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Алиева Бағила Бердуақасовна
магистр, аға оқытушыПрофиль →
Жарылқасын Перизат Мұратқызы
магистр, оқытушыПрофиль →
Ташпулатова Акмарал Мадияровна
магистр, оқытушыПрофиль →ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Құжаттар мен бағдарламалар
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Кафедра материалдары
Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.
2. Кафедраның тарихы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетіне қарасты «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы 1991 жылы ұйымдастырылды.
Кафедраның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан меңгерушілері т.ғ.к., профессор Сүлейменов А.Т., т.ғ.д., профессор Сатаев М.И., т.ғ.д., профессор Жантасов К.Т., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Наукенова А.С., PhD доктор, қауымдастырылған профессор Шапалов Ш.Қ. үздіксіз еңбек етті.
2023 жылдың қазан айынан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Раматуллаева Лаззат Имамадиновна басқаруда.
1991-1999 жылдары аралығында «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі Техника ғылымдарының кандидаты., профессор Сүлейменов Ануар Таширбаевич

1999- 2003 жылдары аралығында «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының докторы, профессор Сатаев Марат Исакович

2003-2010 жылдары аралығында «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының докторы, профессор Жантасов Курманбек Тажмаханбетович

2010-2019 жылдары аралығында «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

2019-2023 жылдары аралығында «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі PhD доктор., қауымдастырылған профессор

2023 жылдан бастап «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша аккредиттеу және Атамекен рейтингі және Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі жүйесінде соңғы 5 жыл ішінде жоғары орынға ие болып келеді. Қазіргі уақытта кафедрада 5 «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫ» (Сатаев М.И., Жантасов К.Т., Наукенова А.С., Колесников А. С., Шапалов Ш.К.) және университеттегі алғашқы «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» сыйлығының иегері (Колесников А.С.) қызмет етеді.
Кафедра «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша үш сатылы деңгейде, яғни, бакалавр, магистратура, докторантура бойынша білім беруде.
Аталған білім беру бағдарламасы бойынша докторантура деңгейі Қазақстан Республикасы бойынша тек осы кафедрада және Докторантура бойынша Диссертациялық Кеңес жұмыс жасауда. 2015 жылдан бері 11 докторант PhD доктор атағын алды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, гигиена және өндірісте еңбекті қорғау, өнеркәсіптік экология және табиғи, техногендік, әлеуметтік және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жұмыстарды ұйымдастыру салаларында құзыреттер мен дағдыларды меңгерген мамандарды даярлауда.
3. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы.
Кафедраның профессор оқытушы құрамы көптеген ғылыми гранттық жоба байқауларына қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде:

ҚР БҒМ МБ 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған «Балқаш байыту фабрикасы мен әктастың қалдықтарын Жоғары температуралы синтез әдісімен цемент клинкерін алу және ілеспе мырыш суағарларын алу арқылы кешенді қайта өңдеу» гранттық жобасы бойынша, ғылыми жетекшісі Т. ғ. к., профессор А. С. Колесников;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы байқауының жеңімпазы AP15473389 «Түсті металдарды алу үшін қорғасын өндірісінің техногендік қалдықтарын қайта өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеу және тіршілікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру» тақырыбы бойынша, ғылыми жетекшісі PhD доктор Багова З.И.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы байқауының жеңімпазы AР15473446 «Өсімдік шикізатынан алынатын азықтық ақуыздың биотехнологиясын әзірлеу» тақырыбы бойынша, ғылыми жетекшісі аға оқытушы Махатов Ж.Б.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы байқауының жеңімпазы AP19175875 «Табиғи шикізат және техногендік қалдықтар негізінде көп мақсатты жылу оқшаулайтын өнімдер алу» тақырыбы бойынша, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Кочеров Е.Н., ғылыми кеңесшісі т.ғ.к., профессор Колесников А.С.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023-2024 жылдарға арналған BR18574143 бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасының жеңімпазы «Жер асты суларын тазарту технологиясын әзірлеу және енгізу және ауыл шаруашылығы кәсіпорнының халқы мен жануарларын ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша, ғылыми жетекшісі, т.ғ.д., профессор Сатаев М.И.
4. Республикалық студенттік пәндік олимпиада
«Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті» КЕАҚ, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы 13-14 сәуір 2026ж. 6B11210-«Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша «Өрт қауіпсіздігі» пәнінен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді. Шақыру хаты төменде тіркелген.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ» ПӘНІ БОЙЫНША ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
2025 жылдың 24-25 сәуірінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде 6В11210 - "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы аясында «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға қатысқан командалардың арасында өткізілген екі турдың нәтижелері бойынша, «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша жүлделі орындарды иеленген команда мүшелері дипломдармен марапатталды.
I орын және олимпиаданың кубогы – Шаймерден Алина Нұржанқызы, Мухамбетқалиева Ботагөз Хайырғалиқызы, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» командасы, жетекшісі: Бергенева Нургуль Сагиевна; II орын - Ержанова Жанзада Бауржанқызы, Абдешов Жүрсін Бауыржанұлы, «Шығыс «Қорған»» командасы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, жетекшісі: Сейітжан Дидар Қынатұлы; II орын - Баженов Владимир Витальевич, Амзенов Темирлан Болатбекович, «Оқ жетпес» командасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, жетекшісі: Магжанов Куандык Маратович; III орын – Бисеналы Нұрила Нұрланқызы, Жолмағанбетова Мерей Болатбекқызы, «Safety life» командасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жетекшісі: Нуржанова Диляра Бекмуратовна; III орын - Репишев Руслан Александрович, Баннова Снежана Олеговна, «Прометей» командасы, Жетісу университеті, жетекшісі: Турлыбекова Меруерт Рыскельдиевна; III орын - Бейсенова Асылжан Жасуланқызы, Болатова Айзере Бериковна, «Қос жебе» командасы, Қ. Кулажанов атындағы Қазақ университеті Технология және Бизнес, жетекшісі: Нұртай Жадыра Тастенбекқызы.
Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер қатысушы сертификаттарын, ал барлық жетекшілер алғыс хаттарын алды. Студенттердің XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына қатысуына мүмкіндік берген университеттер басшылығына алғыс білдіреміз. Барлық олимпиада қатысушыларына келешекте табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!!!

16-17 сәуір аралығында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті базасында 6B11210 - "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасы аясында "Өрт қауіпсіздігі" пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Екі кезеңде өткен Қазақстан Республикасының түрлі жоғары оқу орындарынан 15 - ке жуық команда қатысқан бәсекелестік зияткерлік шайқастардың нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері қатысты.
"Тіршілік кауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау " кафедрасынан Қуанышбай Жансая Ерланқызы (СМ 21-9к2) және Нишанова Зарина Набиқызы (СМ 21-9к2) катысты.
Екі турдың қорытындысы бойынша олимпиада жеңімпазы және І дәрежелі диплом иегерлері Қуанышбай Жансая Ерланқызы және Нишанова Зарина Набиқызы (жетекшісі: PhD, кауымд.профессор Шапалов Ш.К.) иеленді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті олимпиада жеңімпаздарын құттықтайды!
Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

29-30 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында 6В11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы аясында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Екі кезеңде өткен Қазақстан Республикасының түрлі жоғары оқу орындарынан қатысқан командалардың бәсекелестік зияткерлік бәйгесіне М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасынан екі студентіміз Имамадин Аруай Қайратғалиқызы (СМ-20-9ка) және Асқар Нұржамал Рашитқызы (СМ-20-9к2) қатысты.
Екі турдың қорытындысы бойынша Имамадин Аруай Қайратғалиқызы (жетекшісі: PhD, профессор Шапалов Ш.К.) олимпиада жеңімпазы атанып, I дәрежелі диплом иегері атанды.

5. Кафедраның тәрбие жұмысы

30.10.25ж күні «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы, СМ-22-9к1 топ тәлімгері т.ғ.к., доцент Керимбекова З.М. топ студенттерімен Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Батыр қыз-ел ішінде» атты тәлімгерлік сағат өткізді.
Мақсаты - батыр арудың ерлікке толы өмір жолын дәріптеп, жас ұрпақ бойында отансүйгіштікті қалыптастыру. Топ студенттері Әлияның ерліктері туралы пребаяндады. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында қазақтың жауынгерлік рухын, жасымас жігерін, ерліктің өшпес ізін қалдырған Әлияның батырлығы – қазақ қыздарының қай-қайсысына да тән.
Мұны тарих та дәлелдеп отыр. Ол өз дәуірінің намысын қорғап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа рух беретін өнегелі бейнеге айналды. Әлияның өмір жолы – Отанға адал қызмет етудің, ел мүддесі үшін жанын пида етудің айқын айғағы. Әлия Молдағұлова – ерлік пен нәзіктіктің, намыс пен адалдықтың тоғысқан бейнесі.
Уақыт өткен сайын оның есімі ұлт рухының шамшырағына айналып, жаңа ұрпақтың жүрегіне от себуде.

Бүгін, 21.10.2025 ж., «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының дарынды студенттері Инновациялық сессия (Хакатон) “Бүгінгі шебер – ертеңгі маман” атты байқауға қатысып, II орынға ие болды! Бұл жетістік — студенттеріміздің ізденісі мен еңбегінің нәтижесі!
Қатысушылар: 1️⃣ Тлеуов Арлен — СМ22-9ка 2️⃣ Тунгушбек Бекзат — СМ22-9к1 3️⃣ Даулетбек Аяулым — СМ22-9к2 Жас мамандарымызды құттықтаймыз! Жаңа идеялар мен табыстардың бастауы болсын!

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ 6В11210 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі Білім беру бағдарламасының СМ-22-9ка тобының 4-ші курс студенттерімен
1) “Бейбітшілік- ең асыл құндылық” “Студенттік қалқан” байқауы аясында
тәлімгерлік сағаты өтті.
2) Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Батыр қыз – ел есінде» атты тәлімгерлік сағаты өтті.
Топ тәлімгері: Макулбекова Г.О.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, 5 маусым «Эколог» күні мен «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күні мерекесіне орай іс шаралар жоспарын жасады және кестеге сай орындалуда.
Атап айтсақ «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының оқытушысы С.Т.Төлепберген «Қоршаған ортаның техногендік ластануының алдын алу» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды, дәріс соңында сұрақ-жауап, пікірталас жүргізілді.


Президент Қ.К. Тоқаевтың «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ» 2025 жылғы Жолдауының атауы: «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу». СМ 22-9ка тобы жолдаумен танысып, өз пікірлерімен бөлісті. Топ тәлімгері: Макулбекова Г.О.

Ғылым-қоғам дамуындағы үлкен қозғаушы күш екені белгілі. Ел ғылымын дамытудағы ғалымдардың ғылыми жетістіктері байтақ еліміздің жемісі деп бағалауға әбден болады.Осы орайда жоспарға сәйкес СМ-22-9к2 тобы «Ғылымда жетістікке жеткен ардагер»тақырыбында ғылымның жолындағы ұлағатты ардагер ұстазымызбен кездесу өткізілді.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.
Бүгінгі ардагер ұстаз Шымкент қаласының құрметті азаматы, ғылым жолында 40 жылға жуық ұстаздық қызмет атқарып жүрген,саналы ұрпақ тәрбиелеп ,аянбай еңбек еткен ұлы ұстаз және талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан Жантасов Құрманбек Тажмаханбетұлы.
Ардагер ұстаз студенттерге өмір жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп ,ақыл кеңесін беріп,әңгіме сұхбат жүргізді.

02.05.2025ж. күні СМ-22-9к1 тобында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді Мақсаты- Ұлы жеңісті дәріптеу, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы болған – Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Қазақстан халқының осы жеңіске жету жолындағы қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі ұшан теңіз.
Шайқастардағы майдангерлердің ерен ерліктері – бүгінгі және болашақ Отан қорғаушылар үшін шынайы үлгі болса, тылда өздерінің қажыр-қайратымен еңбек етіп, майданды және соғыстан жапа шеккен аудандарды азық-түлік, керек-жарақтармен қамтамасыз етуге зор үлес қосқан еңбеккерлеріміздің табандылығы халқымызға өнеге боларлық іс. Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.

2024 жылдың 5 желтоқсан күні «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы, СМ-24-9к тобында топ тәлімгері Исмаилов Б.А., ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты тәлімгерлік сағат өткізді.
Топ студенті Керимкул Мадина аталған тақырып бойынша дайындаған презентациясын мультимедиялық тақта арқылы студенттерге баяндады. Топ студенттері пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы, еңбегі мен ерлігі.
Тәуелсіздік арқылы біз өзіміздің тіл, дін, салт-дәстүрімізді сақтап, ұрпақтарымызға мұра ретінде қалдыру мүмкіндігіне ие болдық. Енді оны сақтау, нығайту және дамыту – біздің басты міндетіміз. Тәуелсіздік – бұл тек өткенімізге тағзым ғана емес, болашаққа деген сенімді қадам.
Біз өз елімізді әлемге танытып, оның әрбір жетістігімен мақтануымыз керек. Сіздер – Қазақстанның болашағысыздар. Әрқайсысыңыздың армандарыңыз бен жетістіктеріңіз тәуелсіздік тірегіне айналады.

2024 жылдың 30 сәуір күні "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының оқытушысы Кадирбекова Асем Асанқызы СМ-22-9к2 тобымен "Әділетті Қазақстан, Адал азамат" атты тәрбие сағатында.

Университет басшылығы ұйымдастырған «35 атаулы шәкіртақы» конкурсының жеңімпаздары «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының СМ-20-9к1 тобының студенті Утеген Маргарита Нематулоқызы-Аққағаз Досжанова атындағы шәкіртақы, СМ-20-9кА тобының студенті Аманжолова Зарина Маратқызы- Нәйла Базанова атындағы шәкіртақы, СМ-21-9к2 тобының студенті Қуанышбай Жансая Ерланқызы- Балдырған Қожамқұлова атындағы шәкіртақы иегерлері болды.
35 шәкіртақы – қазақ халқының дамуына сүбелі үлес қосқан, тарихта таңба қалдырған 35 тұлғаның құрметіне берілді. Үздік студенттерді анықтау, оларды ынталандыру, ғылыми әлеуетін көтермелеу, қазақтың біртуар азаматтарының есімдері мен еңбектерін насихаттау мақсатында 35 студентке 100 000 теңгеден атаулы шәкіртақы тағайындалды.

6В11210 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының жас дарындары 2 курс студенттері Тлеуов Арлен және Даулетбек Аяулым, 3 курс студенті Қуанышбай Жансая, 4 курс студенттері Аманжолова Зарина, Имамадин Аруай және Утеген Маргарита «ЕЛБАСЫ МЕДАЛЫ»
Республикалық бағдарламасының қола медальдарымен марапатталды. «Елбасы медалы» бағдарламасы спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік бағыттары бойынша жүргізілді.

20-21 сәуір аралығында Тараз университетінде «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша 6В11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ жоғары оқу орындарының студенттері арасында СМ-20-9к2 тобының студенті Оңғар Бақдәулет XV Республикалық пәндік олимпиадада 1 орын иеленді.

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы тәрбие бойынша жауапты, аға тәлімгер, PhD Макулбекова Гульназ Оразбековна «Ел Үміті» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен, өзін-өзі жетілдіруге, көшбасшылыққа және әлеуметтік белсенділігін арттыруға, дамытуға бағытталған «Жеке дамуды басқару: мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, тайм-менеджмент» оқуын өтті.


6. 6В11210 – "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы
7. 7М11210 – "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы
8. Магистратура

2025 жылғы 5-16 мамыр аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасының магистранттары ЕҚРҒЗИ-да ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында магистранттар еңбекті қорғау саласындағы өзекті зерттеулермен танысып, өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістерін меңгереді, сондай-ақ институттың талдамалық жұмыстарына белсенді қатысады.
ЕҚРҒЗИ жас ғалымдарды қолдауға және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми әлеуетті дамытуға әрдайым дайын!

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында магистрант Илес Арман Нұрланұлы 2024 жыл 27 желтоқсанда 7М11210-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша «Ғылым магистрі» дәрежесін алу үшін «Көліктегі төтенше жағдайларды бақылаудың автоматтандырылған ақпараттық бақылау жүйесін жетілдіру» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
Кафедраның т.ғ.к., профессоры Колесников А.С. магистранттармен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауда
9. 8D11210 – "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы
10. Докторантура

Бүгін «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында Еңбек күніне орай «Қауіпсіздік сізден басталады: жас мамандарға арналған еңбек қауіпсіздігі интерактивті іс-шарасы» өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өндірістегі қауіп-қатерлердің алдын алу және болашақ мамандардың қауіпсіз еңбек дағдыларын дамыту.
Кездесуге өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мамандары арнайы шақырылып, студенттермен тәжірибелерімен бөлісті.
Мамандар өндірістегі нақты жағдайлар мен практикалық мысалдар негізінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, қауіпті өндірістік факторларды анықтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету мәселелеріне тоқталды.
Интерактивті форматта өткен іс-шара барысында студенттер түрлі практикалық тапсырмаларға қатысып, өндірістік жағдайларды талдап, еңбек қауіпсіздігіне қатысты өз сұрақтарына кәсіби мамандардан жауап алды.
Мұндай кездесулер студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастырып, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, тәуекелдерді алдын ала бағалау және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында студенттер өндірістік қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, мамандарға тәжірибелік әрі пайдалы кездесу үшін алғыстарын білдірді. Қауіпсіз еңбек – әр адамның жауапкершілігінен басталады!

ДСM-22-5a тобының Докторанттары 25 қараша - 25 желтоқсан аралығында Санкт Петербург қаласында (РФ) Санкт Петербург мемлекеттік технологиялық институтында, шетелдік ғылыми тағылымдамада.
Іс-сапар барысында “Қоршаған ортаны инженерлік қорғау” кафедрасында жетекшісі Ивахнюк Григорий Константиновичпен “Каталитикалық технологиялар” ғылыми зерттеу зертханасында диссертациялық жұмысытары талқылануда.
Сәулет, құрылыс және көлік факультеті "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының аға оқытушысы Макулбекова Гульназ Оразбековнаға Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 17 наурыздағы шешімімен (N123 бұйрық). ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (PhD) дәрежесі берілді. Мамандық: 6D073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Диссертация тақырыбы: Жергілікті минералды шикізаттар мен көмір өндірісінің қалдықтары негізінде жылуоқшаулауыш, өрт және экологиялық қауіпсіз керамзитті грануляттар алу технологиясын жасау". Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Кочеров Еркебулан Нургалиевич.
Шетелдік жетекшісі: т.ғ.д., профессор Пивоваров Александр Андреевич, Украина.
11. Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі
Білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілерге «қызмет көрсету саласындағы бакалавр» дәрежесі беріледі. «6В11210 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ББ бакалавры бастапқы лауазымдарды атқара алады:
- Еңбек жағдайларының факторларын талдау жөніндегі сарапшы
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
- Инженер Еңбекті қорғау және қауіпсіздік инженері
12. Біздің Жас ғалымдар
Жас ғалым 2022-2024 Багова Зарина Илесовна
Багова Зарина Илесовна AP15473389 «Түсті металдарды алу арқылы қорғасын өндірісінің техногендік қалдықтарын өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеу және тіршілікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру» жобасымен «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология» басымдығы бойынша «2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысып, грант ұтып алды.
Бұл ғылыми жоба бағалы түсті металдарды алу мақсатында қорғасын өндірісінің улы шлактарын кәдеге жарату есебінен тіршілікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін жақсартуға бағытталған.
Техногендік қалдықтарды зерттеудің заманауи технологиялық әдістері негізінде қорғасын өндірісінің токсиндерін кәдеге жарату жолымен түсті металдарды іріктеп алудың жетілдірілген және қауіпсіз технологиясын әзірлеуге бағытталған жоба қоршаған ортаның ластану проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Жас ғалым 2022-2024 Махатов Жақсылық Бауманұлы
2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына Махатов Жақсылық Бауманұлы АР15473446 «Өсімдік шикізатынан алынатын азықтық ақуыз биотехнологиясын дамыту» жобасымен қатысқан болатын.
Жоба «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша грант иеленді.
Ғылыми жоба өсімдік шикізатынан жоғары тиімді ақуыздық жемшөп қоспаларын алудың жаңа биотехнологиясын әзірлеу арқылы ауылшаруашылық жануарларының жемшөп базасын жақсартуға бағытталған.
AP19175875 Табиғи шикізат пен техногендік қалдықтар негізінде көп мақсатты жылу оқшаулағыш бұйымдарды алу
Жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Кочеров Еркебұлан Нұрғалиұлы
Жобаның мақсаты: сазды шикізат пен техногендік қалдықтар негізінде көп мақсатты жылу оқшаулағыш бұйымдарды алудың ғылыми негіздерін жасау, кеуекті толтырғыштардың жылу оқшаулағыш қасиеттерін арттырудың ғылыми негізделген әдісін әзірлеу. Күтілетін нәтижелер: техногендік қалдықтар негізінде отқа төзімді ұнтақпен шаңдану кезінде ісінудің температуралық аралығын кеңейту арқылы Сазды жыныстардан түйіршіктердің ісінуін арттыру тәсілі әзірленетін болады.
Беріктігі мен суға төзімділігі жоғары жылу оқшаулағыш бұйымдарды алу үшін Шикізат қоспасының құрамы әзірленетін болады.
Технологияны енгізу нәтижесінде шикізат ресурстарын, Өндіріс қалдықтарын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері шешіледі.
Алынған нәтижелерді саз жыныстарының минералды және құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу, олардың термиялық қасиеттері мен реактивтілігін зерттеу, ісіну заңдылықтарын эксперименталды түрде анықтау, жылу оқшаулағыш бұйымдардың құрылымын қалыптастырудың физика-химиялық процестерін зерттеу және технологиялық факторлардың ісіну процестеріне әсері, фазалық құрамы мен құрылымын зерттеу және тығыздықты, кеуектілікті анықтау болып табылатын ғылыми мәселенің шешімі ретінде жіктеуге болады. материалдың су сіңіргіштігі, беріктігі және жылу өткізгіштігі.
13. Практика


«6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс СМ-24-9к тобының студенттері, 2024-2025 оқу жылының академиялық күнтізбесіне және оқу жоспарына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 16.05.2025ж. №657c бұйрығы негізінде 02.06.-06.06.2025ж. аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында оқу практикасынан өтті.
Студенттер кафедра зертханасының материалдық-техникалық ресурстарымен, сондай ақ кәсіби міндеттерімен танысты, теориялық алған білімін практикада шыңдай түсті, сонымен қатар жеке тапсырма бойынша есептерін дайындады.
11 маусым күні кестеге сай 314В аудиторияда оқу практикасы бойынша арнайы құрылған комиссия мүшелері алдында есептерін қорғады.

2024-2025 оқу жылының 02.06.2025ж.-06.06.2025ж. аралығында оқу жоспары мен академиялық күнтізбесіне сәйкес 6В11210 - "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі " БББ бойынша күндізгі оқу бөлімінің 1-курс студенттері оқу практикасында.

6В11210 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің кауіпсіздігі БББ 2 курс студенттері 20.01- 21.02.2025ж. аралығында І-өндірістік практикасын «Стандарт Цемент» ЖШС өтуде.

2024-2025 оқу жылының академиялық күнтізбесіне және оқу жоспарына сәйкес "Сәулет, құрылыс және көлік" факультетінің 6В11210 - ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ Білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3 курс студенттері 13.01.2025 - 21.02.2025 ж. аралығында I-өндірістік практикасын өтуге практика базаларына жіберілді.
СМ-22-9ка тобының білім алушылары Шымкент қаласы Санитарлық - эпидемиологиялық департаментінде өндірістік іс тәжірибені өтуде. Шымкент қ. Санитарлық - эпидемиологиялық департаментінің директорының орынбасары Тұрымбетова Айгуль Мелесовна департаменттің тарихы, жұмыс барысы, практика бағдарламасы, білімалушыларға жеке тапсырмалар беріп, іс тәжірибені бастады.

6В11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ бойынша
ПРАКТИКА БАЗАСЫ
- «Стандарт Цемент» ЖШС Шымкент қаласы
- "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шымкент сушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
- «Өрт және өнеркәсіп қауіпсіздік орталығы» ЖШС Шымкент қаласы
- «АзияТехПожСервис» ЖШС Шымкент қаласы
- «ПромБез-АрхСтрой-Эксперт» ЖШС Шымкент қаласы
- Түркістан облысы ТЖД « Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ЖШС Қазығұрт елді-мекені
- «Шымкент қалалық өрт сөндіру ерікті қоғамы» Шымкент қаласы
- «Бал Текстиль» ЖШС Шымкент қаласы
- «Стройснаб ЛТД» ЖШС Шымкент қаласы
- «ШымкентРемСервис» ЖШС Шымкент қаласы



14. Академиялық ұтқырлық






Жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты келісім шарт негізінде академиялық ұтқырлық аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымд. профессор Раматуллаева Лаззат Имамадиновна 26.01-06.02.2026ж.ж. аралығында 6В11278 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына «Техникалық жүйелер сенімділігі және тәуекелділікті басқару» пәнінен және 7М11279 - «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (Техносфералық қауіпсіздік)» білім беру бағдарламасының 1 курс магистрантарына «Техникалық жүйелердің сенімділігін және қауіпсіздігін бағалау» пәнінен оффлайн форматта дәріс оқыды.

Білім беру, ғылыми, техникалық және инновациялық қызмет саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру және Ташкент мемлекеттік көлік университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Техносфера» университетінің «Техносфера» кафедрасының бакалавриат, магистранттары және докторанттары үшін шолу дәрістерін өткізді.

Жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты келісім шарт негізінде отандық профессор-оқытушы ғалымдарды дәріс жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Раматуллаева Лаззат Имамадиновна 03.02-07.02.2025 ж.ж. аралығында 6В11210 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша «Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария» пәнінен оффлайн форматта дәріс оқыды.

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының оқытушы-профессор құрамының Ташкент мемлекеттік көлік университетінің шақыртуы аясында стратегиялық жоспарын орындауға сыртқы академиялық ұтқырлық және кәсіби бағдар бойынша шет ел студенттерін тартуға іс шаралар жүргізілуде.


15. KIOSH, Құтқарушылар күні

2025 жылғы 17 қазанда Шымкентте Құтқарушылар күнінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл маңызды мереке төтенше жағдайларда құтқару және қорғау міндеттерін орындай отырып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін күн сайын күзететін барлық адамдардың еңбегін атап өтті.
Мереке аясында құтқару қызметтерінің үздік қызметкерлері, сондай-ақ құтқарушыларды даярлауға және қолдауға белсенді қатысатын ұйымдардың өкілдері марапатталды. Сонымен қатар, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі Л.И.Раматуллаева алғыс хатпен марапатталды.
Құтқарушылар күнінің 30 жылдығын мерекелеу құтқарушы мамандығының маңыздылығының жарқын дәлелі болды, сондай-ақ өмір қауіпсіздігі саласында білікті мамандар даярлау қажеттігін атап өтті.

2025 жылғы 28 мамырда «KIOSH 2025» бас залында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттердің ұлттық жүйесін трансформациялау тақырыбында алғашқы күннің ең бірінші панельдік сессия өтті.
Сессияға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің " Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау " кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Раматуллаева Лаззат Имамадинқызы сессияға қатысып, баяндама жасады.
Баяндамада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттердің ұлттық жүйесін трансформациялау мәселелерін көтерді.
16. Диссертациялық кеңес 6D073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»


М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті жанындағы Диссертациялық Кеңесте 6D073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Жарылқасын Перизат Мұратқызының «Мұнай өндіру қалдығы – Тенгіз күкіртін қолдана отырып термотұрақты композициялық материалдар технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын 2024 жылдың 30 желтоқсан күні қорғады.
Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында орындалды. Ғылыми кеңесшілер:
- Раматуллаева Лаззат Имамадиновна - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі.
- Мезиани Смаил - PhD, Лотарингии университетінің профессоры (Франция Республикасы).
Докторант Сатимбекова Асем Базаровна докторлық диссертациясын қорғауда

М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті жанындағы Диссертациялық Кеңесте 6D073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Сатимбекова Асем Базаровнаның ««Қостанай минералдары»
АҚ территориясының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында хризотил-асбест қалдықтарынан өңдеп магний тұздарын алу» тақырыбындағы диссертациясын 2024 жылдың 30 желтоқсан күні қорғады.
Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында орындалды. Ғылыми кеңесшілер:
- Бекаулова Алия Аманкуловна – техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті;
- Ауешов Абдразах Пернебаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Сапа» ҒЗ және СО меңгерушісі;
- Ивахнюк Григорий Константинович - химия ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым және техника саласында Ресей Федерациясы Үкіметі сыйлығының лауреаты, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтының (техникалық университет), «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, (Ресей Федерациясы).
Докторант Уали Алмас Болатұлы докторлық диссертациясын қорғауда

М. Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті жанындағы Диссертациялық кеңеске ұсынылған Уали Алмас Болатұлының 8D11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»
БББ бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ізденудегі «Өндірістік жарақаттану және кәсіби ауырулардың пайда болу тәуекелділігін төмендету мақсатында мұнай өңдеу өндірісінің өндірістік жабдықтарының операторлары үшін қауіпсіз еңбек шартын жасау бойынша сауықтыру іс-шараларын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын 2024 жылдың 27 желтоқсан күні қорғады.
Диссертация «М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университеті» КЕАҚ «Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында орындалды. Ғылымикеңесшілер:
- Наукенова Айгуль Сагиндыковна – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;
- Корсун Олег Николаевич – Н.Е. Бауманатындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, т.ғ.д., ФАУ МемАЖҒЗИ басшысы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
Докторант Уахитова Багдагуль Тулеуовна докторлық диссертациясын қорғауда

6D073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Уахитова Багдагуль Тулеуовнаның «Ферроқорытпа цехтарының қауіпті кәсіптерінде қызметкерлерді кәсіби іріктеудің өңделген критерийлері негізінде еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғаған туралы хабарлайды.
Диссертация «Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы, КЕАҚ М.Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан университетінде орындалды. Ғылыми кеңесшілер:
- Раматуллаева Лаззат Имамадиновна – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
- Имангазин Марат Кыдырбаулы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;
- Перятинский Алексей Юрьевич – Н.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің «Өнеркәсіптік экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., Магнитогорск қ., Ресей Федерациясы.
Докторант Багова Зарина Илесовна докторлық диссертациясын қорғауда

Докторант Макулбекова Гульназ Оразбековна докторлық диссертациясын қорғауда

"Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының Instagram
Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?
Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.