4КАФЕДРА · Тарих және педагогика факультеті

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0Кафедра материалдары

Жунусбаев Серик Мутанович

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра меңгерушісі

Байланыс мәліметтері: М.Х.Дулати көш., 198 (№9 ғимарат), 325 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-71-87


Кафедра тарихы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы университеттік «Қазақстан тарихы» кафедрасы өз тарихын 1943 жылы қаланған Құрылыс материалдары институтынан (кейін ҚазХТИ, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) бастау алады.

Ол кезде кафедра «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасы деп аталып, қоғамдық пәндер оқытылды. Казіргі университет құрамына 1967 жылда құрылған Аль Фараби атындағы Мәдениет институтының «КПСС тарихы және политэкономия» кафедрасы қосылған.

Ол кафедраны т.ғ.к., доцент Тилеуберидев А.Т., Жанысбеков А.Ж., 1990 жылдары бұл кафедра «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасы деп өзгертіліп, оны э.ғ.к., доцент Раимкулов С.Т. басқарған. Содан соң кафедра қоғамда қалыптасқан жағдайларға байланысты атын бірнеше рет өзгертті.

Кафедра «кеңестік қоғамда Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы жетекші роль атқаратындығы» туралы КСРО Конституциясының 6 - бабына сәйкес 1980-1989 жылдары «КОКП тарихы» кафедрасы, КОКП-ның дағдарысқа ұшырауымен 1989-1991 жылдары «ХХ ғасырдың саяси тарихы» кафедрасы деп аталды.

Кеңестер Одағының ыдырауы және Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымына да түбірлі өзгерістер алып келді.

Осыған байланысты 1992 жылдан бастап Қазақтың төл тарихын жастар санасына сіңіру мақсатында кафедра «Қазақстан тарихы» кафедрасы деп аталып, тарихи санасы қалыптасқан, отаншыл, мемлекетшіл жастарды даярлайтын лабораторияға айналды. Кафедраның қалыптасып, аяғынан тік тұрып кетуіне Е.М.Гольцман, А.Сүлейменов, П.И. Малышев, Ш.А. Абубакирова сынды ғалымдар үлкен еңбек сіңірді.

1983-1995 жылдары кафедраны тарих ғалымдарының докторы, профессор Атауов Сақтап Атауұлы басқарды. 1995 – 2004 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы басқарды. Бұл кезде кафедрада «Отан тарихы» мамандығы бойынша магистратура және аспирантура ашылды.

2004-2007 жылдары кафедраны тарих ғылымдарының докторы Ауанасова Алима Мүсірқызы басқарды. 2008-2014 оқу жылдары тарих ғылымдарының докторы, доцент Сапарбаев Бақыт Қойшыбайұлы басқарды, осы кезеңде кафедраның ғылыми потенциалы кандидаттық және докторлық диссертацияларының қорғалуы нәтижесінде өсті.

2014-2020 оқу жылдары кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Карибаев Сәрсебай Өскенұлы басқарды. Кафедра мүшелері «Мәнгілік Ел» ұлттық идеясы контекстіндегі Отандық тарихтың концептуалды негіздері» атты бюджеттік бағдарламада зерттеу жұмыстары белсенді қатысты.

2020 жылдан бастап кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Джунусбаев Серик Мутанович басқарып келеді. Казіргі күнде ҚР БжҒМ Отан тарихы, этнология мен этнография саласындағы бағдарламалық ғылыми жобалары негізінде ғылыми бағдарламалар құрастырылып, орындалуда. Бүгінгі күні кафедрада 23профессор-оқытушылар жұмыс істеуде.

Оның ішінде 10 тарих ғылымының кандидаты, 1 PhD докторы және7 магистр. Кафедра университеттің барлық факультеттерінің 1 курс бакалавриатында «Қазақстан тарихы», «Қоғамдық сананың жаңғыртудың өзекті міселелері» пәндері бойынша оқу үдерісін қамтамасыз етеді.

Кафедра қызметінде басты орынды оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары алады.

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Алиев Уткур

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: М.Дулати көшесі, 198 (№9 ғимарат), 321 кабинет

Профиль →

Белгібай Жанар Құрманқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: М.Дулати көшесі, 198 (№9 ғимарат), 321 кабинет

Профиль →

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Жетістіктер және жүлделер

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ - 2024»

«Қазақстан тарихы » кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Джунисбаев Серик Мутанович «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ - 2024» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ Бағалау критерийлеріне сәйкес оқытушылардың ғылыми еңбектері үздік деп танылып, оқыту сапасы, маман даярлаудағы үлесі және отандық ғылымдағы жаңашылдығы жоғары бағаланды

Кафедраның профессор -оқытушылары құрамы «Мәнгілік Ел» ұлттық идеясы контекстіндегі Отандық тарихтың концептуалды негіздері» атты бюджеттік бағдарламада зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып келе жатыр.

Қазіргі күнде Отан тарихы, этнология мен этнография саласындағы бағдарламалық ғылыми жобалары негізінде ғылыми бағдарламалар құрастырылып, орындалуда. 2024-2025 оқу жылында ҚР ҒжЖБМ қаржыландырылған жоба – бар «Қазақстан тарихы» кафедрасында ҚР ҒжЖБ «Ғылым қоры» АҚ қаржыландыратын жобалар орындалды.

"Қазақстан Республикасының тілдік даму міндеттері тұрғысында Түркістан облысындағы тіл саясаты мен практикасын зерделеу" тақырыбында ғылыми зерттеу жобаға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

2024-2025 оқу жылындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасында 21 профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс істеуде. Оның ішінде 10 тарих ғылымының кандидаты, 1 PhD докторы және 10 магистр оқытушы . 2024 жылы кафедрамыздың оқытушысы Джалилов Асан А. Ясауи атындағы ХҚТУ-не «Тарих» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды.

Кафедраның профессор оқытушылар құрамының Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымдарда 8 ғылыми мақала жарық көрді. Кафедра профессор-оқытушыларының 4 монография, 4 оқу құралы баспадан шығарылды.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мақұлдаған журналдарда 15 мақала, халықаралық РИНЦ журналдарында 10 мақала, алыс, жақын шет елдер конференцияларының Еңбектер жинағында және ҚР халықаралық конференциялар жинағында 120 астам мақала жарыққа шықты.

«Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор-оқытушыларының, ғылыми жетекшілігімен, университет студенттері республикалық, аймақтық студенттердің ғылыми парктикалық конференцияларында жүлделі орындар алып келе жатыр.

Кафедра мүшелері "Мәңгілік Ел "ұлттық идеясы контекстіндегі Отан тарихының тұжырымдамалық негіздері" тақырыбында мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбие жұмысы

«Қазақстан тарих» кафедрасында тәрбие жұмысы факультет деканы бекіткен кафедраның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Студенттер арасында тәрбие жұмысы оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары негізінде университеттің және факультеттің тиісті бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі.

Идеологиялық, насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, дәстүрлерге сүйене отырып, білім мен ғылымға үлес қосатын жаңашыл тұлғаларды анықтауға, әрбір білім алушының тұлғасын «ТАЛАП, ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ, ҚАНАҒАТ, РАХЫМ» талаптарына сәйкес қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысында толыққанды нәтижеге қол жеткізу.

Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары жасалып, талқыланып, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті бекіткен кафедраның тәрбие жұмысының жоспары негізінде төменгі тізімде көрсетілген бағыттар бойынша . Ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылады

  1. Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие;
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие беру;
  3. Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие беру;
  4. Діни толеранттылықты қалыптастыру;
  5. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  6. Экологиялық тәрбие беру
  7. Интеллектуальды және коммуникативтік мәдениетті дамыту;
  8. Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие
Оқу-әдістемелік жұмыстар

«Қазақстан тарихы» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысының мақсаты - оқу процесін оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу құжаттарымен және педагогикалық әзірлемелермен қамтамасыз ету, «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту әдістемесін жетілдіру, оған ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру, инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыру нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды енгізу.

«Қазақстан тарихы» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы 2024-2025 оқу жылына бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізілді. Оқу-әдістемелік комиссияның құрамына кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына жауапты тәжірибелі оқытушылар кірді.

Оқу-әдістемелік кеңесте кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары, оқу-тәрбие жұмыстары, оқу әдебиеттерін жоспарлау және олардың орындалуын талқылау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы оқу жылының бірінші жарты жылдығында жоспарға сәйкес 9 ОӘӘ баспаға ұсынылды, оның ішінде 5 мемлекеттік тілде және 4 орыс тілінде.

2024-2025 оқу жылына жоспарланған ОӘӘ: - оқулық - 1 (орыс тілінде -1) - оқу-әдістемелік құралдар – 13 (мемлекеттік тілде – 10) - әдістемелік нұсқау – 4 (мемлекеттік тілде – 2)

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.