2КАФЕДРА · Тарих және педагогика факультеті

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0Кафедра материалдары

Ермекбаев Мухтар Абенович

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра меңгерушісі

Байланыс мәліметтері: Дулати көшесі, 198
(№9 ғимарат),215 кабинет

Жұмыс телефоны: +7 701 562 23 24

Е-mail:

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Кафедра тарихы

►Жаңалықтар

►Жетістіктер және жүлделер

►Оқу-әдістемелік жұмыстар

►Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

►Тәрбие жұмысы

►Хабарландыру

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы мен табыстары

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және педагогика» факультетінін «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталды.1997-2000 жылдар аралығында кафедраны филол.ғ.к., профессор Қ.Молдабек басқарды.

2001 жылы кафедра екіге бөлінді: «Бастауыш мектептің жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Л.Т.Ысқақова) кафедрасы және «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі филол.ғ.к.,профессор Қ.Молдабек).

2003-2005 жылдар аралығында «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі»кафедрасына п.ғ.д., профессор А.Б.Абибуллаева басшылық етті. 2007 жылы екі кафедра бірігіп, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды.

Кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.д., профессор Л.Т.Ысқақова атқарды. 2012-2017жылдар аралығында кафедраны 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» б.ғ.к., доцент С.М.Сихимбаева басқарды. 2017-2020 жылдар кафедраны ф.ғ.к., доцент, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Қ.М.Уразбаев басқарды.

2020 жылдан қаңтар айынан бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту мен әдістемесі» кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы атқарады.

Кафедра тарихында ЖОО-ң «Үздік оқытушы» грантының жеңімпаздары С.М.Сихимбаева, Л.Т. Искакова, Г.О.Жетпісбаеваны атап өтуге болады.Кафедрада кәсіби деңгейлі профессор оқытушылар мен жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Елбасының үш тілді саясаты бойынша кафедрада үш тілділік топтар ашылып, жұмыс жасауда.

Сонымен қатар кафедра ұжымы «Отандық мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің вариативтілігі» атты өзекті мәселелер бойынша түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

2018-2019 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадада 6В01210- «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы»мамандығы бойынша «Күншуақ» командасы 1-орын, 6В01310-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Болашақ» командасы 3-орын иеленді.

Оқытушы-профессорлар құрамы

Кафедраның толық штат саны -31, оның 2 ғылым докторы,14-і ғылым кандидаты, 1-профессор,15-і доцент, 6-еуі аға оқытушы.Кафедра құрамындағы профессор-оқытушылар өз ісінің шебері,«ЖОО орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың иегерлері тәрбие мен білімді ұштастыра білген ұстаздар қызмет етеді.

6В01210- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 6В01310 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі қорытындысы бойынша үш жыл қатарынан І орынды иеленіп келеді.Ұлттық аккредитация орталығы ұйымдастырған рейтинг бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалавриат мамандықтары Республикамызда І орынды иеленген.

Кафедраның тәрбие жұмысының орындалуы

Барлық академиялық топтарда оқу жылына арналған жаңа тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген.

Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырады. Мерекелер қарсаңында қабырға газеттері шығарылып, кафедра және аудиторияны безендіруге әр топ ат салысады.

Сонымен қатар кафедра тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Нашақорлық – ғасыр індеті», «Табиғатты аялайық», «Жаны саудың – тәнісау», «Діні қуатты елдің іргесі берік», «Жастар және дін» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары өтіледі.

Тәрбие сағаттарының мақсаты студенттердің бойына салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, нашақорлықтың алдын алу, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Жалпы кафедрадағы жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар уақытында өтіліп тұрады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік,патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады. Аталған тақырыптар бойынша презентация жасалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 90-жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға зиялы қауымдармен бірлесе отырып,М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінің ректоры Д.П.Қожамжарова және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Қ.М.Оразбаев өз үлестерін қосты.

Кафедра оқытушыларының білімін жетілдіру жайлы мәлімет

Кафедра бойынша оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру жоспары құрылған. Кафедрада ОПҚ жоспарға сәйкес біліктілікті арттыру курстарын шетел және республикалық ЖОО, «Өрлеу» ҰБАО біліктілікті арттыру орталығында білімдерін жетілдіру жоспарланған.

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

Студенттердің теориялық білімдерін іс-жүзінде шыңдау үшін қаладағы озық, тәжірибелі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелермен келісімшартқа тұрып, сол мектептер мен бала-бақшаларда педагогикалық іс-тәжірибелер өткізіледі.

2018-2019 оқу жылында келісімшартқа тұрған іс-тәжірибе базалары: 6В01210- «Мектепкедейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығы №82 «Еркемай» бөбекжай балабақшасы, №20«Қазына», №45«Аққу», №69«Еркебұлан» балабақшалары, ал 6В01310 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейіне, №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейі, А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп -гимназиясы.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Оразбекұлы Қуандық

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: А.Байтұрсынов көшесі,

Профиль →

Есім Ұлжалғас Әшімовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: А.Байтұрсынов көшесі,

Профиль →

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

«Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы 10 қаңтар 2020 жыл құрылған. «Тарих және педагогика» факультет құрамында жұмыс атқаруда. Кафедра бакалавриат және магистратура бағыт бойынша мамандар даярлайды.

2020 жылдың 15 қаңтар аралығында кафедра «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы тарапынан кезекті ресертификациялық аудиттен сәтті өтті.

Кафедрада 14 білім беру бағдарламасы негізінде мамандар даярлайды, оның ішінде: бакалавриат - 8, магистратура - 6.

Кафедра келесі мамандықтан мамандар даярлайды:

6В01, 7М01 - Педагогикалық ғылымдар: 6В01610 - Тарих,

6В02, 7М02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар: 6В02220 Тарих, 6В02230 – Археология және этнология, 6В02240 - Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 7М02220 - Тарих, 7М02230– Археология және этнология;

6В03,7М03 - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: 6В03210 – Кітапхана ісі, 7М03210 – Кітапхана ісі.

.

Оқу үдерісін жоспарлау және теориялық білімді өндірісте практикалық дайындықпен ұштастыру негізінде кафедрада „Кітапхана ісі“ мамандығында дуальды оқыту жүйесі енгізген.

Есепті кезеңде дуальді оқыту жүйесін енгізу негізінде келісім-шарттар жасалып, өндірісте 6В02, 7М02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағытының 6В02220 - Тарих мамандығы бойынша кафедра филиалын ашу жұмыстары жүргізілуде (Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві). Филиалда өндірістегі тәжірибелі мамандарды тарта отырып, дәріс және семинар сабақтар өткізіледі.

Оқу жылында студенттер арасынан үштілді арнайы топтарын құру үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандары өтіп, ТП 18-4тк тобынан студент іріктеліп алынды. Кафедра оқытушылары ағылшын тілінде дәріс беруге кіріспес бұрын, арнайы комиссиядан іріктеу конкурсы арқылы өтті.

Үштілді топтарда сабақ беретін оқытушылардың саны 1 адамды құрайды, қазіргі таңда кафедраның 6 профессор оқытушысы құрамы әртүрлі деңгейде: PreIntermediate, Intermediate, Upper-Intermediate ағылшын курстарына қатысуда.

Кафедра №7 оқу корпусы А.Байтурсынов көшесінде №306 аудитория профессор оқытушылар үшін орналасқан.

Кафедраның оқу-өндірістік базалары: Шымкент қаласының орта және жалпы мектептері мен гимназия, лицейлері, Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысының мемлекеттік архиві, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Д. Қонаев мемориалдық музейі, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», қалалық жасөспірімдер кітапханасы, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.

«Жалпы тарих және мүражай ісі» кафедрасында 24 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 1 тарих ғылымының докторы, профессор, 1 PhD докторы, 1 педагогика ғылымының докторы, профессор 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 тарих ғылымдарының кандидаты, 1 философия ғылымдарының кандидаты жұмыс жасайды.

Магистратураның бiлiм беретiн қызметiнің іс-әрекеті"

Бағдарламаның мазмұны

Кафедра бірнеше бағытта магистраттарды дайындайды:

7М01 Педагогикалық ғылымдар: 7М02 –Өнер және гуманитарлық ғылымдар: 7М02220 - Тарих, 7М02230– Археология және этнология

7М03 – Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: 7М03210 – Кітапхана ісі. Магистранттар 2 жыл бойы магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конференцияларда, мерзімді басылымдарда және БАҚ-да жариялайды. 2019-2020 оқу жылында барлығы 18 мақала жарық көрген.

Оның 3-ККСОН, 7-мерзімді басылымдарда, 8-әртүрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық конференцияларда жарық көрген.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

« Заманауи педагогика және психология" кафедрасының оқытушылары жыл сайын жаңа пәндер бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді басылымнан шығарады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ Кафедрада ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысында қаралған мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. ҚР Білім министрі А.Қ.Аймағанбетов сапалы білім берудің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелерін атап өтті.

Жастарды тәрбиелеу, ғылым, мәдениет, даму ерекшеліктері бар балаларға білім беру, инклюзивті білім беру проблемалары, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударылды.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.Бөлетова Л.А. психологиялық-педагогикалық мәселелерге, педагогтар мәртебесінің проблемасына және педагогика мен психологияның келешегіне тоқталды.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы барысында

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.