1КАФЕДРА · Тарих және педагогика факультеті

Жалпы педагогика және психология

Кафедра мамандар даярлайды және ғылыми жұмыс жүргізеді. Мұнда құрам, бағдарламалар, құжаттар мен материалдар жиналған.

0оқытушы
0құжат
0Кафедра материалдары

Үсенова Ақкенже Мұқанқызы

PhD доктор,

қауымдастырылған профессор (доцент)

Кафедра меңгерушісі

Байланыс мәліметтері: М.Х.Дулати көш. 198,
(№9 ғимарат),
202 кабинет

Е-mail:

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының тарихы

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Тарих және педагогика» факультетінің педагогикалық және психологиялық ғылыми бағыттарда мамандар даярлап отырған жетекші кафедраларының бірі болып табылады.

Кафедраның даму тарихы өңірдің бірқатар жоғары оқу орындарының қайта құрылуынан және үш университеттің М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне бірігуінен басталды. 1996 жылы "Жалпы педагогика және этнопедагогика" кафедрасы ұйымдастырылып, өз қызметін бастады.

Кафедраның дамуына 1998-2011 жылдар аралығында "Жалпы педагогика және этнопедагогика" кафедрасын басқарған ҚР ГҒА академигі, п.ғ. д., профессор Қалыбекова Асма Ахметқызы үлкен үлес қосты.

Асма Ахметқызы Қалыбекова өзінің бай тәжірибелік жұмыс тәжірибесін, терең ғылыми білімі мен ұйымдастырушылық талантын кафедраның жемісті қызметінің негізін қалады. Оның ғылыми жетекшілігімен 5 докторлық және 35 кандидаттық, 52 магистрлік диссертациялар қорғалды.

Кейінгі жылдары университет жұмысын оңтайландыру мақсатында кафедралар бірнеше рет қайта құрылып, атаулары өзгертіліп, кафедраларға басшылықты әр уақытта: п.ғ.д., профессор Арымбаева К.М., п.ғ.к., доцент Қойшыбаева Н.И., пс.ғ.д., профессор Искакова М.С., п.ғ.к., профессор Кабылбекова З.Б., п.ғ.к., доцент Примбетова С.К., пс.ғ.д, профессор Лекерова Г. Ж., п.ғ.к., доцент Булетова Л.А., Phd доктор Шалхарбекова Н.А., Phd доктор, доцент Сахиева Ф.А. басқарды.

"Жалпы педагогика және психология" кафедрасы 2023 жылғы 28 тамыздағы (19 хаттама), Басқарма отырысының шешімімен "Заманауи педагогика және психология" және "Психология және арнайы педагогика" кафедраларын бірігуі арқылы құрылды.

Қазіргі уақытта "Жалпы педагогика және психология" кафедрасын Phd доктор, доцент Үсенова Ақкенже Мұқанқызы басқарады.

Кафедрада бакалавриат және магистратура, докторантура: 6В01110-«Педагогика және психология», 6В01900 - «Арнайы педагогика», 6В03130 - «Әлеуметтік салада психолог - кеңесшілерді даярлау», 6В01110 - «Психология IP», 7М010300 - «Педагогика және психология», 7М01110 - «Білім берудегі менеджмент», 7М03130-«Психология», 7M01114- «Психологиялық педагогикалық білім» (қос дипломды), 8D010300-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламаларын - п.ғ.д., профессор 3, пс.ғ.д., профессор 2, п.ғ.к, доценттер 5, пс.ғ.к., доцент 1, PhD доценттер 5, п.ғ.м., аға оқытушылар 15, п.ғ.м., оқытушылар 6 қызмет атқарады.

Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегерлері, «Болашақ» бағдарламасының иегері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі, «Алғыс хаты», «Құрмет грамотасы» және т.б., марапаттар иегерлері дәрістер оқиды.

Мен және жаңа орта психологиялық тренингі

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде өндірістік педагогикалық практика барысында өздерін белсенді көрсетуде.

ТП-24-1кс тобының ұйымдастыруымен «Мен және жаңа орта» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренинг барысында студенттердің жаңа ортаға бейімделуі, бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуы, өзара түсіністік пен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруына бағытталған психологиялық жаттығулар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар:
▪️ Канытбек Амина
▪️ Гиззатова Дильназ

«Қарым-қатынас – адам өмірінің негізгі факторы»

ЮКУ колледжінде педагогикалық практика аясында ТП-23-1К тобының ұйымдастыруымен «Қарым-қатынас – адам өмірінің негізгі факторы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттерге арналған психологиялық тренингтер мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, олардың өзара қарым-қатынас жасау, бір-бірін тыңдау және түсіну дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылар:
▪️ Сағатбекова Мереке
▪️ Абыдрайм Дариға
▪️ Сейдалы Ақерке

Практика жетекшісі: Садывова А. А.

Қарым-қатынас — түсіністік пен сыйластықтың, өзара сенім мен жақсы қарым-қатынастың негізі!

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ӘР АДАМНЫҢ АДАЛ ӘРЕКЕТІ МЕН ШЫНАЙЫ СӨЗІНЕН БАСТАЛАДЫ

«Кітапханадағы бір күн» жобасы аясында іс-шаралар легі жалғасуда. Асма Қалыбекова атындағы ғылыми оқу залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» кітабы негізінде «Оқушы және студент жастардың идеялық-саяси тәрбиесінің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шара «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Ақкенже Усенованың бастамасымен ұйымдастырылды.

Жиында Президент еңбегінде көтерілген әділеттілік, адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным құндылықтарының жастар тәрбиесіндегі маңызы талқыланды.

Оқытушылар мен студенттер жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, адалдық қағидаттарын қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинар кітапта көтерілген идеялар мен студент жастардың көзқарасын тоғыстырып, әділетті қоғам мен адал азамат қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналған мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

Жаңашыл педагогтардың VI халықаралық форумы аясындағы маңызды жетістіктер мен іс-шаралар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» тақырыбында жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумы жоғары деңгейде өтті.

Халықаралық форумға Қазақстан, Ресей, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да елдердің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мұғалімдері де белсенді қатысып, тәжірибе алмасты.

Форумның басты мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, білім беру сапасын жетілдіру, адами капиталды дамыту және тұрақты даму жағдайында педагогикалық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқылау.

Ашылу салтанатында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев сөз сөйлеп, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы Көбенованың құттықтауын жеткізді.

Форум барысында шетелдік ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасады:

  • Гази университеті профессоры Южель Гелишли – «Білім берудегі инновациялық әдістердің рөлі: мұғалімдерді даярлау»;

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Ташкент филиалы доценті Л.З. Султанова – «Студент және жасанды интеллект: жаңа білім беру тәжірибесінің психологиясы».

Питч-сессия: үздіксіз педагогикалық білім берудің даму бағыттары

Форум аясында «Үздіксіз педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы тенденциялары мен даму болашағы» тақырыбында арнайы питч-сессия ұйымдастырылды.

Мақсаты:
үздіксіз педагогикалық білім берудің заманауи трендтері мен даму перспективаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеу.

Модераторлар:

  • Қалыбекова Асма Ахметқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі;

Жалпы педагогика және психология

Профессор-оқытушылар құрамы

Әріптестерді тегі немесе лауазымы бойынша іздеңіз.

Калыбекова Асма Ахметовна

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Байланыс мәліметтері: М.Х.Дулати көш. 198, №9 ғимарат, 205 кабинет

Профиль →

Искакова Мира Садвакасовна

Психология ғылымдарының докторы, профессор

Байланыс мәліметтері: М.Х.Дулати көш. 198, №9 ғимарат, 205 кабинет

Профиль →

Исабаева Айман Сагинтаевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс мәліметтері: М.Х.Дулати көш. 198, №9 ғимарат, 205 кабинет

Профиль →

Жалпы педагогика және психология

Құжаттар мен бағдарламалар

PDFЭПК Психология IPPDFҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІFILE«Жалпы педагогика және психология» кафедрасыPDFЭПК ПИПBINЭПК Арнайы педагогикаPDFЭПК Əлеуметтік салада психолог-кеңесшілерді даярлауPDFБББ 6В01110 - Педагогика және психологияPDFБББ 6В01101 - Психология IP - 2024жPDFБББ 6B01101 Психология (IP) - 2025жPDFБББ 6B01901 Арнайы педагогика (IP) - 2025жPDFБББ 6В01911 - Арнайы педагогикаPDFБББ 6В03131 - Әлеуметтік саладағы психолог-кеңесшілерді даярлау - 2024жPDFБББ 6B03131 Әлеуметтік саладағы психолог-консультантты даярлау - 2025жPDFБББ 7М01110 - Педагогика және психология МАГИСТРАТУРАPDFБББ 7М01113 - Білім берудегі менеджмент МАГИСТРАТУРАPDFБББ 7М01114 - Психологиялық-педагогикалық білім беру қосдипломды МАГИСТРАТУРАPDFБББ 7М03130 - Психология МАГИСТРАТУРАPDFКафедра жетістіктеріPDFҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының БАҒДАРЛАМАСЫBINҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының СЦЕНАРИЙІPDFАҚПАРАТТЫҚ ХАТЫFILEЛекерова Г.Ж. - 1.Предмет, задачи и особенности психологии как наукиFILEЛекерова Г.Ж. - 2.Психический процесс – ощущенияFILEЛекерова Г.Ж. - 3.Психический процесс - восприятиеFILEЛекерова Г.Ж. - 4.Психический процесс – ВниманиеFILEАлметов Н.Ш. - 1.Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.FILEАлметов Н.Ш. - 3.Педагогика ғылымының әдіснамасы.FILEАлметов Н.Ш. - 4.Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппараты.FILEАлметов Н.Ш. - 7.Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика).FILEШоманбаева А.О. - 1.Современное понимание предмета этнопсихологии как междисциплинарной областиFILEШоманбаева А.О. - 2.Этнос и его сущность. Культура как психологическое понятие.FILEШоманбаева А.О. - 3.Зарождение этнопсихологии в философии и истории.FILEШоманбаева А.О. - 4.Психологическое направление американской этнологии.FILEШоманбаева А.О. - 5.Этнопсихологические идеи К.Б. Жарыкбаева. Этнопсихологические исследования С.М.

Жалпы педагогика және психология

Кафедра материалдары

Тарих, ғылым, практика, жетістіктер және басқа бөлімдер.

Кадрларды кәсіби бағдарлау

Кафедра халықаралық стандарттарға сай мамандарды дайындайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары әлемнің жетекші университеттерінің үлгілеріне негізделген және теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тереңдетуге бағытталған. Төменде көрсетілген мамандандырылған оқу бағдарламалары қатысушыларға халықаралық стандарттарға сәйкес үш деңгейдегі академиялық біліктілікті береді. Бакалавриат бағдарламалары:

  • 6В01110 – «Педагогика және психология»
  • 6В01101 – «Психология IP»
  • 6В01911 – «Арнайы педагогика»
  • 6В03130 – «Психология»
  • 6В03131 – «Әлеуметтік салада психолог-кеңесшілерді даярлау»

Магистратура бағдарламалары:

  • 7М01110 – «Педагогика және психология»
  • 7M01113 – «Білім берудегі менеджмент»
  • 7М01114 – «Психологиялық-педагогикалық білім» (қос диплом)
  • 7M03130 – «Психология»

Докторантура бағдарламалары:

  • 8D01110 – «Педагогика және психология»
Магистратура және докторантура

Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылады:

№

Білім беру бағдарламалары

контингент

Аккредиттеудің болуы (қолданылу мерзімі)

2021-2022

2022-2023

2023-2024

2024-2025

1

БББ 7М01110-«Педагогика және психология»

198

15

103

51

2029 ж.

2

БББ 7М01113- «Білім берудегі менеджмент»

10

-

-

1

2025 ж.

3

БББ 7М01114- Психологиялық-педагогикалық білім (қосдипломды)

-

-

-

1

2029 ж.

4

БББ 7М03130-«Психология»

3

9

24

8

2029 ж.

5

БББ 8D01110-«Педагогика және психология»

9

9

7

11

2028 ж.

7М01110- «Педагогика және психология», 7М03130- «Психология», 8D01110- «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының практикасы келесі мекемелерде өткізіледі:

  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы, Біліктілікті арттыру институтының Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласындағы филиалы.
  • Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Шымкент қаласы химия-биология ғылымдары бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицейі
  • А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы
  • А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия.
  • ТОО Zangar Bilim, лицей «Auzhan KTL»
  • ИП «Юнусов Р.Х». - Yunussovʾs logocenter
  • «BOLMYS» практикалық психология орталығы
  • «Медициналық психология және әлеуметтік қорғау одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
  • «Инновациялық психология» республикалық қоғамдық қоры.
Оқу-әдістемелік жұмыс

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы 2024-2025 оқу жылына бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізілді. Оқу-әдістемелік комиссияның құрамына кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына жауапты тәжірибелі оқытушылар кірді.

Оқу-әдістемелік кеңесте кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары, оқу-тәрбие жұмыстары, оқу әдебиеттерін жоспарлау және олардың орындалуын талқылау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығында жоспарға сәйкес 23 оқу-әдістемелік жұмыс баспаға ұсынылды, оның ішінде 18-і мемлекеттік тілде, 5-і орыс тілінде.

2024-2025 оқу жылына жоспарланған:

  • Оқулық - 1 (мемлекеттік тілде -1)
  • Оқу құралы-4 (мемлекеттік тілде-2, орыс тілінде-2)
  • Оқу-әдістемелік құрал-4 (мемлекеттік тілде -4)
  • Конспект - 13 (мемлекеттік тілде - 12, орыс тілінде - 1)
  • Әдістемелік нұсқаулар-6 (мемлекеттік тілде - 6)
  • Рөлдік ойын-4 (мемлекеттік тілде - 4)
  • Кейс-4 (мемлекеттік тілде - 4)
Элективті пәндер каталогы
БББ 6В01110 - Педагогика және психология
БББ 6В01101 - Психология IP
БББ 6B01901 Арнайы педагогика (IP)
БББ 6В01911 - Арнайы педагогика
БББ 6В03130 - Психология
БББ 6В03131 - Әлеуметтік саладағы психолог-кеңесшілерді даярлау
БББ 7М01110 - Педагогика және психология МАГИСТРАТУРА
БББ 7М01113 - Білім берудегі менеджмент МАГИСТРАТУРА
БББ 7М01114 - Психологиялық-педагогикалық білім беру қосдипломды МАГИСТРАТУРА
БББ 7М03130 - Психология МАГИСТРАТУРА
БББ 8D01110 - Педагогика және психология ДОКТОРАНТУРА
Ғылым

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмысы екі г/б тақырып бойынша жүргізіледі:
1. Б-21-01-12 “ЖОО-да психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жаңғырту”
2.

ГБ ҒЗЖ-21-70-10 “Инклюзивті білім беру жағдайында “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру аспектісінде болашақ мамандардың құзыреттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері”.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы болашақ педагог-психологтарды және ғылыми-педагогикалық кадрларды психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесінде даярлаудың әдістемесі, теориясы және технологиясын қазіргі заманғы білім беру тенденциялары мен даму перспективалары аясында әзірлеуде, сондай-ақ болашақ мамандардың құзыреттілік негізінде психологиялық-педагогикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар кафедраның ғылыми мақалаларының жариялану белсенділігінде көрініс табуда. Ғылыми мақалалар ХҒТК мен журналдарда, оның ішінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда, Scopus (Скопус) дерекқорында, сондай-ақ ККСНВО басылымдарында дайындалады және жарияланады.

Тек 2024 оқу жылында кафедрада Scopus базасына 5 мақала және ККСНВО басылымдарында 14 мақала жарияланды. Г\б ҒЗЖ деректері шеңберінде 7М01110- “Педагогика және психология”, 7М03130-“Психология”, 8D01110- “Педагогика және психология” БББ бағыттары бойынша докторлық және магистрлік диссертацияларды қорғауға дайындық жүргізілуде.

Кафедраның ПОҚ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы басым бағыттар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша ҒЖБМ ұйымдастырған байқауларға қатысады.

Кафедрада монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқулықтар әзірленіп, шығарылады.
ҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

Академиялық ұтқырлық

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Қыркүйек айының 11–12 күндері Өзбекстан Республикасының Абдулла Қодирий атындағы Жиззақ мемлекеттік педагогикалық университетінде «Білім берудегі жасанды интеллект және цифрландыру: заманауи педагогикалық мәселелер мен шешімдер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Өзбекстан, Қазақстан, Малайзия, Ресей, Әзербайжан және басқа да елдердің жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының ғалымдары, профессор-оқытушылары қатысты.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Абдулла Қодирий атындағы Жиззақ мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы да жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарлама негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 6В03130 – «Психология» және 6В03131 – «Әлеуметтік саладағы психолог-кеңесшілерді даярлау» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері Жиззақ қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.

Конференция жұмысына М.Әуезов атындағы зерттеу университеті, Жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Төлешова Ақерке Әбдіманапқызы қатысып, «Цифрлық білім беру ортасында студенттердің оқу мотивациясын қалыптастыру: жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Баяндама барысында білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану, студенттердің оқу мотивациясын арттыру және заманауи педагогикалық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.
Конференция аясындағы пікір алмасулар мен ғылыми талқылаулар тәжірибе алмасуға, академиялық байланыстарды кеңейтуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және жандандыру мақсатында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы Туркия, Ресей, Өзбекістан университеттерімен ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында, 6B03131- «Әлеуметтік саладағы психолог консультанттарды даярлау», 6B03130- «Психология», 6B01110- «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына дәріс оқылып, тренингтік режимде педагогикалық-психологиялық бағытта жұмыс жүргізіледі.

«6В03131 - Әлеуметтік саладағы психолог консультанттарды даярлау», «6B03130- «Психология», 6B01110- «Педагогика және психология» бағыттары бойынша, келесідей ЖОО серіктермен Түркия мемлекеті Гази университеті (Анкара қаласы), Бұхара мемлекеттік медицина институты, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) келісім шарттар негізінде жұмыс атқарылуда.

Кафедра түлектері

Беркимбаева Гүлманат Джалинбековна
Туған күні: 29 тамыз 1987 жыл
Білімі:
• 2005–2009 жж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
• Мамандығы: Педагогика және психология Еңбек жолы:
• 2005–2007 жж. – Психолог, №70 «Шолпан» балабақшасы
• 2007–2013 жж. – Әдіскер, №1 «Әлем» балабақшасы
• 2013–2020 жж. – Басшы, №18 «Бәйтерек» балабақшасы
• 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Басшы, №32 «Еркін» балабақшасы Жетістіктері мен марапаттары:
• Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Алғыс хаттары (2020, 2022, 2023, 2024 жж.)
• Шымкент қаласы Білім басқармасының Алғыс хаттары (5 хат)
• Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының Алғыс хаттары (2022, 2023, 2024 жж.)
• Арнайы білім қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету орталығының Алғыс хаттары (8 хат) Гүлманат Джалинбековна өз кәсіби қызметін мектепке дейінгі білім беруді дамытуға, әсіресе балаларды коррекциялық оқыту саласында арнады.

Оның жұмысы Қазақстан Республикасының білім жүйесіне қосқан үлесі үшін көптеген марапаттармен бағаланды.

Вероцкая Гүлжан Ералиевна
Туған күні: 11 қараша 1987 жыл
Білімі:
• 2005-2009 жж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
• Мамандығы: Педагогика және психология Еңбек жолы:
• 2011-2012 жж. – М. Әуезов атындағы ОҚМУ Жастар орталығының директорының орынбасары
• 2012-2015 жж. – «Global Education» оқу орталығының психологы
• 2014-2018 жж. – «Еркебұлан-Транзит»

ЖШС-ның құрылтайшысы
• 2015-2018 жж. – «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бизнес-тренері
• 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «REFRAME» тұлғалық даму орталығының негізін қалаушы және психолог
• 2018 ж. – Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек бөлімі басшысы
• 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «INNOVATION PSYCHOLOGY» республикалық қоғамдық қорының құрылтайшысы және басқарма төрағасы
• 2018-2021 жж. – Мәскеу заманауи НЛП институтының Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы ресми өкілі Жетістіктері мен марапаттары:
• Елбасы Н.А. Назарбаевтан Алғыс хат (2020)
• Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Халықтық алғыс» мерейтойлық медалі (2020)
• Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының «МАПН-25 жыл» медалі (2018)
• КНБ Шекара қызметінің «Шекара қызметінің үздігі» медалі (2023) Гүлжан Ералиевна психология саласында белсенді жұмысын жалғастырып, адамдарға өз потенциалын ашуға, жеке және кәсіби мақсаттарға жетуге көмектесуде.

Қыстаубаева Айғаным Сенбекқызы
Туған күні: 10 қаңтар 1989 жыл
Білімі:
• 2006–2010 жж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
• Мамандығы: Дефектология Еңбек жолы:
• 2010–2011 жж. – Педагог-тәжірибеші
• 2011–2014 жж. – Тифлопедагог
• 2014–2021 жж. – Дефектолог
• 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Шымкент қаласы Білім басқармасы «Психологиялық-медико-педагогикалық кеңес №2» бөлімінің басшысы Жетістіктері мен марапаттары:
• «Нұр Отан» партиясынан Алғыс хаттар (2020, 2021 жж.)
• Шымкент қаласы Білім басқармасының Алғыс хаттары (2021, 2022, 2023 жж.)
• Халықаралық ғылым және білімді қолдау орталығының Құрмет грамотасы (2023 ж.)
• Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының Алғыс хаттары (2023 ж.)
• «Аманат» партиясынан Алғыс хат (2023 ж.)
• Қазақстан Республикасы Білім министрінің Құрмет грамотасы (2024 ж.)
• Шымкент қаласы сапа қамтамасыз ету бөлімінен Алғыс хат (2024 ж.) Айғаным Сенбекқызы өз кәсіби қызметін коррекциялық білім беру және инклюзивті оқытуға арнады.

Оның білім беру жүйесіне қосқан үлесі көптеген марапаттармен бағаланып, кәсіби деңгейі мен өз ісіне адалдығын дәлелдейді.

Минтаева Ақмарал Еркінқызы
Туған күні: 19 маусым 1988 жыл
Білімі:
• 2005–2009 жж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
• Мамандығы: Дефектология Еңбек жолы:
• 2009–2012 жж. – Әлеуметтік педагог, Облыстық ПМПК
• 2012–2020 жж. – Логопед мұғалім, мүгедектігі бар балаларға арналған интернат мектебі
• 2020–2023 жж. – Басшы, Келес ауданындағы Психолого-педагогикалық коррекциялық кабинет
• 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Басшы, №6 Психолого-педагогикалық коррекциялық кабинет Жетістіктері мен марапаттары:
• Ішкі саясат және жастар мәселелері департаментінің, Шымкент қаласының Білім басқармасының, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әйелдер кеңесі төрағаларының Алғыс хаттары (2024 ж.)
• Түркістан облысы Адам ресурстарын дамыту басқармасының, Қосымша білім беру аймақтық орталығының Алғыс хаттары (2022 ж.)
• Түркістан облысы Адам ресурстарын дамыту басқармасының Құрмет грамотасы (2020 ж.)
• Келес ауданы әкімінің Алғыс хаттары, Арнайы және инклюзивті білім беру бойынша Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаттары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттары (2021 ж.)
• Түркістан облыстық жергілікті кәсіподақ бірлестігінің Құрмет грамотасы (2021 ж.)
• Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының Аттестаты (2022 ж.)
• Қоғамдық ұйымдар мен ғылыми-әдістемелік орталықтардан Алғыс хаттары және мойындау (2021–2022 жж.) Ақмарал Еркінқызы өз кәсіби қызметін коррекциялық білім беруді дамытуға, арнайы білім қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетуге және осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға арнады.

Оның білім беру жүйесіне қосқан үлесі республикалық және аймақтық деңгейде көптеген марапаттармен бағаланып, мойындалды.

Тастемирова Ақерке Еркінқызы
Туған күні: 18 қараша 1991 жыл
Білімі:
• 2009–2013 жж. – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
• Мамандығы: Педагогика және психология Еңбек жолы:
• 2013–2014 жж. – Педагог-психолог, ММ «Үміт» интернат мектебі
• 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Инспектор-психолог, келіссөз жүргізуші, Шымкент қаласы Полиция басқармасының арнайы жылдам әрекет ету отрядының майоры Жетістіктері мен марапаттары:
• «Құқық қорғау саласының үздігі» медалі
• Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінен марапаттар мен Алғыс хаттар
• Шымкент қаласы КПГ басшысынан жоғары жетістіктері және үлгілі қызметі үшін марапаттар
• Дисциплинарлық жазасыз мінсіз қызмет Ақерке Еркінқызы өзінің кәсіби қызметін құқық қорғау органдарында, полиция қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсетіп, қиын жағдайларда келіссөздер жүргізу саласында арнады.

Оның кәсібилігі мен қызметке деген адалдығы көптеген марапаттар мен басшылықтың мойындауымен бағаланды.

Кафедра жетістіктері

Кафедра жетістіктері

Кафедраның жетістіктері

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы «Қазіргі педагогика және психология» мен «Психология және арнайы педагогика» кафедраларының бірігуі арқылы құрылды (2023 жылғы 28 тамыздағы 19 хаттама, басқарма мәжілісінің шешімі).

Қазіргі уақытта кафедраны PhD докторы, доцент Үсенова Ақкенже Мұқанқызы басқарады.

Кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлау жүргізіледі:

  • 6В01110 – «Педагогика және психология»
  • 6В01911 – «Арнайы педагогика»
  • 6В03130 – «Әлеуметтік саладағы психолог-консультанттарын даярлау»
  • 6В01110 – «Психология ІР»
  • 6В03130 – «Психология»
  • 7М01110 – «Педагогика және психология»
  • 7М03130 – «Психология»
  • 7М01113 – «Білім беру менеджменті»
  • 7М01114 – «Психолого-педагогикалық білім беру» (қос дипломды РУДН)
  • 8D01110 – «Педагогика және психология»

Кафедраның ППС (педагогикалық және ғылыми қызметкерлерінің) ең маңызды жетістіктері:

  • 2024 жылдың қараша айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым сапасын бағалау комитеті кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Н.Ш. Алметовке 30500 - Білім беру мамандығы бойынша профессор атағын берді.
  • 2024 жылдың желтоқсан айында кафедраның аға оқытушысы С.Е. Дуанаева ҚазҰУ-де PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғап, мақұлданды.
  • 2024 жылы кафедраның аға оқытушысы Г.Б. Сейдулла ҚазҰУ-дың докторантурасына «Педагогика және психология» мамандығы бойынша, аға оқытушы Ж. Нигматуллина ҚазНПУ-дың докторантурасына «Дефектология» мамандығы бойынша түсіп, сондай-ақ кафедраның аға оқытушылары Г.Б. Нурханова, Л.Ж. Бегалиева, Г.Т. Малгайдарова ЮКУ-дың «Педагогика және психология» мамандығына докторантураға түсіп, білім алып жатыр.
  • 2024 жылы кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының докторы З.Б. Кабылбекова «Болашақ» халықаралық бағдарламасының грантын ұтып, қазіргі уақытта Ұлыбританияның Рединг университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
  • 2024-2025 жылдар аралығында ғылыми мақалалар Scopus базасында импакт-факторы 5 бар басылымдарда және ҚР КОКСОН журналдарында 16 мақала жарияланды.
  • Кафедрада Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушы» грантының 3 лауреаты жұмыс істейді: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Лекерова, психология ғылымдарының докторы, доцент М.С. Искакова, педагогика ғылымдарының докторы З.Б. Кабылбекова.
  • Үсенова А.М. «Зақымдалған жастардың әлеуметтік-психологиялық әлеуетін бағалау» ғылыми-техникалық жобасының мүшесі, МНВО РК қаржыландыратын, Марат Оспанов атындағы ЗКУ университетінің IRN AP 19678139 жобасы бойынша жұмыс істейді.

ЮКУ М. Ауэзов атындағы университетінің 80 жылдығына орай кафедраның ППС мүшелері жоғары білім мен ғылыми-зерттеу қызметі үшін келесі марапаттарға ие болды:

  • Шымкент қаласының Құрметті азаматы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А. Қалыбекова «Ахмет Байтурсынов» алтын орденімен,
  • Психология ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Лекерова және педагогика ғылымдарының докторы, профессор З.Б. Кабылбекова «А. Байтурсынов» күміс медалімен,
  • Психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.О. Шоманбаева «Үздік зерттеуші» медалімен,
  • Психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Исабаева, PhD докторы Ф.А. Сахиева «ЮКУ 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
  • Тәуелсіздік күні қарсаңында кафедра профессоры Н.Ш. Алметов ҚР МНВО-ның «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Инклюзивті кабинет

2024 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін кафедраның психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.М. Нурбекова және аға оқытушылар У.А. Абдукаримова, Ж.Ш. Нигматуллина «ABA - қолданбалы мінез-құлық талдауы» және «ADOS-2 аутизм спектрі бұзылыстарын диагностикалау» курстары бойынша ҚазНПУ-да білім алды.

«Орта білімді модернизациялау» жобасын жүзеге асыру аясында кафедрада инклюзивті білім беру кабинеті ашылды, оның құрылуына Дүниежүзілік банк қолдау көрсетті (40 миллион теңге).

Студенттердің жетістіктері:

  • 2024 жылдың 19 сәуірінде ҚазНПУ-де өткен педагогикалық мамандықтар студенттері арасындағы республикалық олимпиадада «Нұрлы Ақыл» тобы 3-орынға ие болды (ғылыми жетекшісі: PhD докторы А.М. Үсенова).
  • 2024 жылы 21-23 сәуір аралығында ҚазҰУ-де өткен XV республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 курс студенті А.М. Жолдасбекова «Білім мен іскерлік деңгейі үшін» номинациясында марапатталды.

Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздары:

  • 2023 жылы Кокшетау университетінде өткен ғылыми жұмыстар конкурсында студент Анастасия Ким «Ұстаздардағы эмоционалды күйзелісті зерттеу және алдын алу» тақырыбы бойынша 3-орынға ие болды.
  • 2024 жылы ЕНУ-де өткен ғылыми жұмыстар конкурсында студент Мария Анепкина «Студенттер арасында тәуелді мінез-құлықтың зерттелуі және алдын алу» тақырыбы бойынша 3-орын алды.

Кафедраның зерттеу қызметкерлері, магистранттары мен студенттері республикалық және халықаралық деңгейде белсенді жұмыс істеп, білім беру мен ғылыми жетістіктерге жетуде.

Ғылым мен білімге қосқан үлес: Жалпы педагогика және психология кафедрасының ғалымдары марапатталды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жалпы педагогика және психология кафедрасының ғалымдары мереке қарсаңында білім мен ғылым саласын дамытуға қосқан үлестері үшін жоғары марапаттарға ие болды.
Кафедраның педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гульсим Жанабергеновна Лекерова Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің Алғысымен марапатталды.

Ведомство басшысы бұл марапатты ғалымның отандық білім мен ғылымды дамытудағы абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін табыстап, кәсіби қызметіне табыс тіледі.
Сондай-ақ, Ұстаздар күніне орай кафедраның педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гулдана Адемовна Нуридиноваға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы атынан Алғыс хат табысталды.

Партия филиалы төрағасының орынбасары Е. Байқонысов педагогтің білім берудегі адал еңбегін, кәсіби шеберлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан айрықша үлесін жоғары бағалады.
Кафедра ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!

Ғалымдарға зор денсаулық, отбасылық амандық және ғылыми-педагогикалық қызметте жаңа шыңдар мен толағай табыстар тілейді. Білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі қуанышқа бөлей берсін!

М. Әуезов атындағы ОҚУ-да «Жаңа буын педагогі» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті

2026 жылдың 2 қазанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Бас корпусында «Жаңа буын педагогі: Цифрлық, дәлелді, инклюзивті педагогика. Тәлімгерлік» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға офлайн режимде де, Zoom платформасы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік берілді.
Семинарға кафедра меңгерушілері, факультеттер мен жоғары мектептердің академикалық сапа жөніндегі комитет төрағалары және «6B01 – Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларының әзірлеушілері қатысты.
Іс-шараны Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректор Рысгүл Орынбасарқызы Құдретуллаева ашып бере отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар бағдарламасында заманауи білім берудің өзекті мәселелері талқыланды:
* Жасанды интеллектті енгізу жағдайындағы педагогикалық білім беру: Оқу-әдістемелік орталықтың бастығы Барна Махаматовна Хамитова жасанды интеллект дәуіріндегі педагогикалық білім беруді дамытудың заманауи бағыттарын саралады.
* Инклюзивті білім беру ортасы: «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Заурет Бердикуловна Кабылбекова заманауи қазақстандық жоғары оқу орнындағы жүйелі мәселелерден кәсіби құзыреттілікке өту жолдарын сөз етті.
* Жасанды интеллект ортасындағы педагогикалық қызмет: «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Негматжан Шадиметович Алметов оқытушының психологиялық дайындығы тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында офлайн және Zoom арқылы онлайн қатысқан әріптестер өзара еркін пікірталас өткізіп, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Орта Азияның үздік студенті – 2026” байқауының жеңімпазы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тарих және педагогика факультеті, Жалпы педагогика және психология кафедрасының 6В01901 – Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының ТП25-16кр тобының студенті Мықтыбекқызы Балауса “Орта Азияның үздік студенті” атты республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна.

Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 21 наурыз күні Астана қаласында салтанатты түрде өтті.

Университет ұжымы студентіміз Балаусаны жоғары жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми жолында үлкен табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейді!

Студентіміз республикалық байқауда І дәрежелі диплом иегері атанды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тарих және педагогика факультеті, Жалпы педагогика және психология кафедрасының 6В03130 «Психология»

БББ, ТП-25-13р тобының студенті Искандарова Каролина Бахадуровна "Жаңа Қазақстандық патриотизм" жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған "Үздік студенті" атты республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 21-ші наурыз күні Астана қаласының төрінде өтті.
Алдағы уақытта студентіміз Каролинаға ғылым жолында тек сәттілік тілейміз.

М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті «Жылдың үздік студенті» атанды

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Тарих және педагогика факультетінің, 6B01901 Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының, ТП-25-16кр тобының 1 курс студенті Садуахас Әсел Жандосқызы бірнеше байқаулардың жеңімпазы, "Алтын белгі" иегері.
Сонымен қатар, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты талантты студенттердің байқауының жеңімпазын М.Әуезов атындағы ОҚЗУ басқарма төрағасы Дархан Жұмаханұлы Ахмед-Закидің марапаттау сәті.
Жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Каракпаева Сарбиназ Куанышбековна!

Студентіміз Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Тарих және педагогика» факультетінің «Психология» (6В03130) білім беру бағдарламасының ТП-25-13р тобының 1-курс студенті Искандарова Каролина Бахадуровна жоғары көрсеткіштері үшін марапатталып, «KKO.KZ» веб-сайты ұйымдастырған «Психология» пәні бойынша Республикалық олимпиадада I орын иеленді.
Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Лекерова Г.Ж.

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 25 шілде № 1209 бұйрығымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті " Жалпы педагогика және психология " кафедрасының меңгерушісі PhD доцент Үсенова Ақкенже Мұқанқызына "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Ғылыми атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Мира Садақасовна! Сізді «Жан әлемінің жанашыры» –«Қазақстан психология ғылымының дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін» атты жоғары марапатқа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Мира Садақасовна!


Сізді Психологтар күніне орай ұйымдастырылған Республикалық психологтар форумында «Жан әлемінің жанашыры» –«Қазақстан психология ғылымының дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін» атты жоғары марапатқа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл марапат – Сіздің көпжылдық ғылыми-зерттеу еңбегіңіздің, педагогикалық қызметіңіз бен психология ғылымының дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіздің әділ бағалануы. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, ғылымға деген адалдығыңыз бен шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әріптестеріңіз бен жас мамандарға үлгі болып келеді.

Сізді отандық психология ғылымының дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін зор құрметпен атап өтеміз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер, мықты денсаулық пен жаңа биіктер тілейміз. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті бола берсін!

Марапатыңыз құтты болсын!

Кафедраның тәрбие жұмысы

SenimART Volunteer Club – ресми түрде ашылды!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде “Жалпы педагогика және психология” кафедрасы базасында жаңа SenimART Volunteer Club еріктілер клубы өз жұмысын бастады.
Бұл бастама – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және қоғамға қызмет ету мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
SenimART – тек клуб қана емес, бұл мейірім, жанашырлық және адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін орта.
Клубтың басты мақсаты – жастардың жүрегіне ізгілік ұялату, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда бірлік пен жанашырлықты нығайту.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі».
Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 2026 жылдың Халықаралық волонтерлік жылы болып жариялануы бұл бағыттың өзектілігін одан әрі арттыра түседі.
Клубтың ашылуына “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының 8D0111 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының PhD докторанты Бердалы Абдыхалықұлының «Студент жастардың әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын волонтерлік іс-әрекет негізінде дамыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы мен арнайы курсы негіз болды.
«Волонтерлік – бұл жай ғана көмек емес, ол – жүректің таңдауы» SenimART Volunteer Club – жастарды игі істерге біріктіретін, қоғамға оң өзгеріс әкелетін жаңа алаң.
Клуб құрамына қосылып, жақсылық жасауға өз үлесіңізді қосыңыз!

SenimART-пен бірге жақсылық жаса!

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістері» тақырыбында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы 19-20 қарашада өтілді. Конференцияға әр түрлі мамандықтардан жұмылдырылған 44 студент қатысты.

Студенттер жаңа технологиялармен қаруланған білімдерін толықтыра түсті.Ұсынылған баяндамалардың арасында айрықша ерекшеленгендері марпатқа ие болды. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізілуі, студенттердің осы бағытта білімдерін шыңдауын талап етіп отыр.

Осыған орай студенттерді дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуде жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруде өтілетін осындай іс-шаралардың маңызы зор.

Конференцияда кафедра меңгерушісі PhD., қауым.проф., Усенова А.М., кафедра құрамы және СҒЗЖ на жауапты PhD., доцент Дуанаева С.Е. жетекшілік жасады.

13.11.2025ж. сағат 8:30 «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к Нуридинова Гульдана Адемовна «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті» тақырыбы бойынша ЕП-24-21к, ЕП-24-16к, ЕП-24-4 к, ЕП-24-16а топтарында ашық сабағы өз дәрежесінде өткізілді

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының п.ғ.к., доценті А.С. Исабаева, 2025 жылғы 13 қазан сағат 12:50 ТП-24-18ТК тобы «Бала психологиясы» пәнінен ағылшын тілінде «Ерте балалық шақтағы (1-3 жас) психикалық даму» атты тақырыптағы өткізген ашық сабағы жоғары дәрежесінде өткізілді.

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының п.ғ.д., профессор Н. Ш. Алметовтің 2025 жылғы 03 желтоқсан сағат 16:00 ДТП 25-1тк топтары «Білім берудің заманауи парадигмалары» пәнінен «Технократтық (прагматикалық) парадигма» атты тақырыптағы өткізген ашық сабағы жоғарғы дәрежеде өткізілді. Профессор Н.Ш.Алметов «миға шабуыл» әдісінің көмегімен докторантардың «технократия», «технократиялық парадигма» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастырды. Технократтық парадигманың түрлі модельдері туралы ақпарат проблемалық сұқбат әдісі көмегімен жеткізілді.

ҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

ҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының БАҒДАРЛАМАСЫҚалыбекова Асма Ахметқызының 80 жылдық мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарыҚАЛЫБЕКОВА АСМА АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ 80 жылдығына арналған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының СЦЕНАРИЙІ

ҚР ГҒА академигі, ҚР Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, Халықаралық Психология ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалыбекова Асма Ахметқызының ғылыми педагогикалық қызметі.

Қалыбекова Асма Ахметқызы 1945 жылдың 3 тамызында Павлодар облысы, Галкинск ауданының Шанды аулында дүниеге келді.

1969 ж. Н.А.Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмыстарының әдіскері мамандығы бойынша бітірді.

Сонан соң әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында педагогика, психология кафедрасының оқытушысы қызметінен (1969 ж.) педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі (1988-1996 ж.ж.) қызметіне дейінгі еңбек жолын өтті.

1996 ж. жоғары оқу орындарын - әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, Шымкент педагогикалық дене мәдениеті институтын және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтын біріктіруге байланысты Қалыбекова А.А. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
А.А.Қалыбековаың еңбек жолындағы қызметі білім беру және ғылыммен тығыз байланысты.

30 жылдан аса М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Жалпы педагогика және этнопедагогика" кафедрасының меңгерушісі қызметі атқарып, кафедраның қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлесін қосты.
Өзінің бай іс-тәжірибесін, ғылыми білімін, ұйымдастырушылық талантын Асма Ахметқызы кафедраның қызметіне негіз етіп қалады.

Оның белсенді атсалысуымен 13.00.01 мамандығы бойынша аспирантура, докторантура, 6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша магистратура, әрі 13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, 13.00.02- Оқыту мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі(бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі), 13.00.02 - Оқыту мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі (бейнелеу өнері) мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациялық Кеңес ашылды.

Сол Кеңестің төрайымы болып 10 жылдан аса басқарды. Диссертациялық Кеңесте қорғалған бір де бір жұмыс ВАК -тан (ҒЗЖБСБК) кері қайтарылған жоқ, барлығы бекітілді.
А.А.Қалыбекова М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында 1996 жылы гуманитарлық білім мәселелері тәжірибесінің негізін салды.

2000жылдан А.А.Қалыбекованың жетекшілігімен "Этномәдени білім беру кеңістігі - Қазақстанның ұлттық мәдениетін жаңғырту және дамытудың іргелі негізі" атты ғылыми бағдарлама жоғары жетістіктермен аяқталды.
Көп жылдар бойы А.А.Қалыбекова аспиранттар мен магистранттар, ізденушілердің ғылыми жетекшісі.

Оның ғылыми жетекшілігімен
5 докторлық, 35 кандидаттық, көптеген магистрлік диссертациялар қорғалды.

Магистрлік диссертациялардың ағылшын тілінде қорғалуы А.А.Қалыбекованың жетекшілігінің бәсекеге қабілеттілігінің айғағы.
А.А.Қалыбекованың қазіргі уақыттағы іс-әрекетінің бағдары - қазақ халқының педагогикалық мәдениетін, ұмытылған салт-дәстүрлерін зерделеу, талдау және қайта жаңғырту, оларды өскелең ұрпаққа тәрбиелік ықпал етудің негізгі әдістері мен құралдары ретінде пайдалану мәселесі.

Мұның барлығы оның "Қазақ халық педагогикасының теориялық және қолданбалы негіздері"атты еңбегінен көрініс тауып, Ы.Алтынсарин атындағы І ші премия жүлдегері атанды. Алғашқы кітаптың үлкен жетістігі келесі кітаптардың жарық көруіне негіз болды.

Осылайша "Народная мудрость казахов о воспитании" кітабы шығып ол еңбегін автор "Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы" атпен қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ұсынысымен бұл кітап ағылшын тіліне аударылып, баспадан шықты.

Кітап үш тілде Қазақстанның барлық елшіліктерінде бар және жоғары бағаға ие.
"Народная мудрость о воспитании", "Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы" монографиялары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында өтіп, онда Парламент мәжілісі депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени орталықтардың өкілдері өздерінің жоғары бағаларын берді.
А.А.Қалыбекова 350ден аса ғылыми еңбектердің, 6 монографияның авторы.

Оның ішінде 2 монография ағылшын тілінде, ғылыми еңбектер мен мақалалар, халықаралық конференциялар мен симпозиумдар материалдарында жарияланған.
А.А.Қалыбекованың жетекшілігімен көптеген конференциялар ұйымдастырылып өткізілді.

Соның ішінде М.Әуезовтың 100- жылдығына арналған "М.Әуезов және қазіргі заман" атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция, "Оқу - тәрбие процесінің тәжірибесінде халық педагогикасының құралдарын пайдалану мәселелері" атты Республикалық конференция, "Ауыл мектебі; өзекті мәселелері және даму болашағы" атты ғылыми - әдістемелік семинар, "Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлаудағы жоғары оқу орны мен мектептің байланысы" атты жылжымалы әдіснамалық семинар, "Жоғары оқу орнының оқу - тәрбие процесінің тәжірибесіндегі инновациялық технологиялар" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар жыл сайын "Жалпы педагогика және этнопедагогика" кафедрасы дәстүрлі педагогикалық олимпиадалар өткізіледі.
Ғылыми - зерттеу саласындағы осындай жетістіктердің барлығы А.А.Қалыбекова 1999 жылы академик Қ.И. Сатпаевтың 100-жылдығына орай, Оңтүстік Қазақтсан облысы әкімінің премиясымен, 2001ж.

Қазақстан Республикасының үкіметтік наградасы - "Құрмет" орденімен, 2004ж. ғылым мен техниканың дамуына мол үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік стипендиямен, 2005 ж. педагогика саласында ең таңдаулы ғылыми зерттеулер үшін тағайындалатын
Ы.

Алтынсарин атындағы 1ші - премиямен марапатталды.
А.А.Қалыбекованың ғылыми еңбектері Кембридждегі биографиялық орталықтың назарын аударып, 2001ж. қазанында "ХХІ ғасырдағы кімнің кім екендігі туралы" атты бағдарламаның аясында ұлттық рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен және дипломмен марапатталды.
Ғылыми - зерттеу жұмыстарымен қатар А.А.Қалыбекова ауқымды қоғамдық жұмыстармен де айналысады.

Ол 1996-1998ж. Оңтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімшілігінің жанынан құрылған отбасы, әйелдер және демографиялфқ саясат мәселелері жөніндегі Кеңестің жұмысын басқарды. Оның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан облысы әйелдерінің 2 форумы өткізілді. 1998ж. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың бастамашыл тобының құрамына енгізіліп, Оңтүстік Қазақстан әйелдерімен үлкен сайлау алды жұмыстарын жүзеге асырды.
А.А. Қалыбекова қайырымдылық істермен де белсенді жұмыс жүргізеді.

Осылай Мақтаарал ауданының Үлгілі ауылында Асма Ахметқызы 200 орындық бастауыш мектеп ашып, оқушылардың сапалы білім алуы үшін, оқу-тәрбие үрдісіне қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді.
2008ж. қарашасында А.А.Қалыбековаға "Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
А.А.Қалыбекова 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы атынан бірегей болып, "Меценат - 2012" медалімен, "Білім меценаты-2012" дипломымен марапатталып, «Білім меценаттары» алтын кітабына енді.
Сонымен қатар, А.А.Қалыбекова Оңтүстік Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы мектептерінің кітапханаларына өзінің "Народная мудрость казахов о воспитании", "Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы" атты 500 кітабын сыйға тартты.
Асма Ахметқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблеясы жанындағы ғылыми - сарапшылық кеңесінің жетекшісіболып 10 жылдан астам үлкен ғылыми жұмыс атқарды, оның ұйымдастыруымен дөңгелек үстелдер, әдіснамалық жылжымалы семинарлар, әлеуметтік зерттеулер, "Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың тәжірибесі, мәселелері, даму болашағы" атты Республикалық ғылыми- практикалық конференция, "Қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеудің мәселелерімен даму болашағы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.
А.А. Қалыбекованың белсенді қоғамдық жұмысынң нәтижелері ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуға, рухани келісіммен адамгершілігінің ізгі мұраттарына аянбай қызмет еткені үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Грамотасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен наградталды.
Қалыбекова А.А. сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, достықты нығайтуға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен жоғары жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің грамотасымен, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медальдарымен марапатталды.
2024ж.

«Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. «Жергілікті органдардың дамуына қосқан үлесі үшін»(2024) медалімен марапатталған.
Екі ұлы, немерелері бар ардақты ана, аяулы әже.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Педагог - ғалым Асма Қалыбекованың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ұстаз-ғалым, ҚР ГҒА академигі, ҚР ПҒА, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалыбекова Асма Ахметқызының 80 жылдық мерейтойы аясында «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Санкт-Петербург, Түркия, Өзбекстаннан және Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері оқу ордасының профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты.

Қоғам қайраткерлері Бекет Тұрғараев, Кенжехан Төлебаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызы қонақта болды.
Салтанатты кеште университеттің БасқармаТөрағасы-ректордың м.у.а. Ернар Имангалиұлы ғалым-ұстазды мерейтойымен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек арнайы келіп, құрметті ұстазды құттықтап, Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтың құттықтауын жеткізді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияда Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, п.ғ.д, профессор Асқарбек Құсайынов «Басты мақсат – білім сапасы»; А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, «Кадрлік менеджмент және білімді басқару» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор Трапицын Сергей Юрьевич «Перспективы и тренды развития современного образования» тақырыбында баяндама жасаса, Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университеті «Педагогика» кафедрасының п.ғ.д, профессор Жампеиісова Қорлан Тоқтамысқызы; п.ғ.д, профессор Гази университеті ректорының кеңесшісі Южель Гелишли; Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің п.ғ.д, профессоры Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы; Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы» кафедрасының доценті, PhD Отажанов Джамшидбек Машрабжанович;.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Кентау институтының директоры, п.ғ.д, профессоры Беркімбаев Камалбек Мейірбекұлы өз құттықтауларын жеткізді.
Атап өтейік, Асма Ахметқызы қазақ халқының педагогикалық мәдениетін, ұлттық тәрбие жүйесін, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді зерделеп, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеп, қазіргі білім беру процесінде қолданудың жолдарын ұсынып келеді.

Ғалымның еңбектері ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпақ тәрбиесіне рухани бағыт-бағдар беруге зор үлес қосып келеді.

Видеолекция

Лекерова Г.Ж. - 1.Предмет, задачи и особенности психологии как науки Лекерова Г.Ж. - 2.Психический процесс – ощущенияЛекерова Г.Ж. - 3.Психический процесс - восприятиеЛекерова Г.Ж. - 4.Психический процесс – ВниманиеАлметов Н.Ш. - 1.Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.Алметов Н.Ш. - 3.Педагогика ғылымының әдіснамасы.Алметов Н.Ш. - 4.Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппараты.Алметов Н.Ш. - 7.Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика).Шоманбаева А.О. - 1.Современное понимание предмета этнопсихологии как междисциплинарной областиШоманбаева А.О. - 2.Этнос и его сущность.

Культура как психологическое понятие.Шоманбаева А.О. - 3.Зарождение этнопсихологии в философии и истории.Шоманбаева А.О. - 4.Психологическое направление американской этнологии.Шоманбаева А.О. - 5.Этнопсихологические идеи К.Б. Жарыкбаева.

Этнопсихологические исследования С.М.

Instagram

Оқуға түскіңіз келе ме немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Қабылдау комиссиясы мен деканат бағдарлама таңдауға көмектеседі.