Білім беру грантын өтеу
Білім беру грантын өтегеніңізді қалай растауға болады.
Грантты міндетті түрде өтеу
Қосымша сұрақтар: 8 (800) 080-28-28 (Call-орталық)
1414-тен SMS келедіМемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындарға және түлектерге грантты өтеуді мониторингтеу мақсатында жұмыс берушінің БСН-і мен жұмысқа орналасу күнін сұрайтын SMS-хабарлама жіберіледі.
15 минут ішінде жауап беріңіз511 (келісім) немесе 512 (бас тарту) деп жіберіңіз — хабарлама барлық абоненттер үшін тегін.
511 — растайтын құжаттар қажет емес«Қаржы орталығы» АҚ-қа өтегенін растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.
512 — құжаттар әр алты ай сайынРастайтын құжаттарды «Қаржы орталығы» АҚ-қа үш жыл бойы әр алты ай сайын ұсыну керек.
Бұл — «Қаржы орталығы» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесі.
Мансапқа қатысты көмек керек пе?
Жұмысқа орналастыру және құзыреттілік орталығы түлектер мен студенттерге резюме, сұхбат, бос орын іздеу бойынша кеңес береді.









