М.Әуезов атындағы ЮҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы (2025-2026 оқу жылына)

Quality management system documents for the academic year.

This material is available in Russian only.

2025-2026 оқу жылының «М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнамасының нәтижесі бойынша аналитикалық есеп



Ағымдағы 2025 жылдың 01 – 15 қазан аралығында университетіміздің Әлеуметтік зерттеулер бөлімі «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.
Зерттеудің мақсаты:
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.

Зерттеудің міндеттері:

  • Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
  • Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
  • Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
  • Студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.

Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің №1,4,5 жатақханалары сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің студенттері тұратын жеке меншік жатақханалар: "ИП Шарталь", "Санрайс", "Панбаев" және №3 жатақхана.

Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.

Зерттеу объектісі бойынша жалпы сипаттама

Зерттеу барысында ОҚУ-нің №1, 4, 5 жатақханаларында тұратын барлығы 2141 студенттен 1340 студент сауалнамаға қатысты. Сауалнамаға қатыстқан студенттердің үлесі 62,6% құрады.

05.11.2025 жылғы декан сағатының отырысында қаралды, №4 хаттама


Хабарлама

Сауалнама

Декан сағаты шешімдерінің орындалу нәтижелері

Have a question?

Get in touch — we will help you find the information you need.