"Тарих және педагогика", "Филология", "Мәдениет және өнер", "Спорт және туризм" факультеттері және «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» жоғары мектебінің 6B01 – Педагогикалық ғылымдар білім беру бағдарламалары бойынша «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практикаларды ұйымдастыруға жауапты.
Кафедрада студенттердің педагогикалық практикасын өткізу туралы келісімшарттар практика басталғанға дейін екі ай бұрын жасалды.
1–2 курс студенттерінің тәжірибесі «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында 2025–2026 оқу жылына арналған оқу үдерісінің кестесіне сәйкес өткізілді.
Практика базалары
Студенттердің педагогикалық практикасы келесі білім беру ұйымдарында өткізілді:
№1 А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназия
№3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп,
№7 Қ. Сыпатаев атындағы IT мектеп-лицейі,
№9 Ө. А. Жолдасбеков атындағы IT мектеп-лицейі,
№11 А. Навои атындағы жалпы орта білім беретін мектебі,
№12 М. Горький атындағы жалпы орта мектебі,
№14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі,
№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп-лицейі,
№17 М. Ю. Лермонтов атындағы жалпы орта мектебі,
№20 Г. Титов атындағы мектеп-гимназиясы,
№23 З. Космодемьянская атындағы мектебі,
№24 С. Ерубаев атындағы IT мектеп-лицейі,
№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы,
№28 орта мектебі,
№33 К. Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі,
№36 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі,
№38 Н. Оңдасынов атындағы гуманитарлық гимназия мектебі,
№39 М. Жұмабаев атындағы орта мектеп,
№40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназиясы,
№45 С. Королев атындағы мектеп-гимназиясы,
№46 мектеп-лицейі,
№47 Т. Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясы,
№52 М. Өтемісұлы атындағы мектеп-лицейі,
№56 С. Көбеев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі,
№62 жалпы білім беретін мектеп,
№64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы,
№65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы,
№77 А. Асқаров атындағы мектеп-лицейі,
№80 IT Ақселеу Сейдімбек атындағы лицей-мектебі,
№87 А. Назарбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі,
№132 жалпы орта білім беретін мектеп,
№141 жалпы білім беретін мектебі,
«Ай-Көркем» бөбекжай балабақшасы.
Педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практика барысында студенттер оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуды және заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, олардың кәсіби дағдылары дамып, болашақ маман ретінде тәжірибесі қалыптасады.