★Әскери кафедра

Әскер-Патриоттық тәрбие жұмысы жүргізілді

2023 жылдың 10 ақпанында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ әскери кафедрасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамызындағы «Азаматтарды әскери - патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту туралы» № 597 қаулысын негізге ала отырып, Шымкент қаласы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялық колледж студенттері, A.Асқаров атындағы № 77 мектеп - лицей оқушыларымен әскери - патриоттық жұмыс жүргізілді. ЖОО жетістігін насихаттау мақсатында оқушылар мен студенттерге видеороликтер, әскери кафедраның әскери техникасы мен қару жарақтары көрсетілді, ЖОО орны туралы буклеттер таратылды.

← Барлық жаңалықтар