★Әскери кафедра
«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕРЛЕР, ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕРЛЕР, ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған рухы асқақ мерекелік салтанатты іс-шара өтті.«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге» атаумен өткен салтанатты іс-шара Мемлекеттік Тудың ортаға шығарылып, Әнұранның шырқалуымен басталды.
Мерекелік шара барысында университеттің Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки құттықтау сөз сөйлеп, бұл қос мерекенің халқымыз үшін тарихи әрі тағылымдық мәні зор екенін атап өтті. Ол өз сөзінде баһадүр бабалардың батырлығы мен қайсар рухы – бүгінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге екенін айтып, университет ұжымын Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында университеттің бірқатар қызметкерлері адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапат төрінен көрінді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хаттары табысталып, әскери кафедра бастығы, полковник Жақып Кенжебаев «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, әскери кафедраның бірқатар қызметкерлеріне жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру жолындағы еңбектері үшін университет ректорының Алғыс хаттары табысталды.
Кештің концерттік бағдарламасы мерекелік рухты одан әрі күшейте түсті. Сахнадағы жігерлі билер мен патриоттық әуендер елге деген сүйіспеншілік сезімін арттырғаны анық. Университет жастары өз өнерлері арқылы бейбіт күннің бағасын ұғындырып, Жеңіс рухын жаңғыртты.
Басқа жаңалықтар
VK
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 289 ТҮЛЕККЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 289 ТҮЛЕККЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде әскери кафедраны т

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ 2026 жылғы 5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әскери кафедрасында бітіруші түле
VKӘСКЕРИ КАФЕДРАДА “ АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА “ АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ 2026 жылдың 16 сәуірінде Ұлы жеңістің 81 жылдығы қарсаңында “Ерлікке тағзым” акциясы аясында және “Отан қорғаушылар” күн














