★Әскери кафедра
«80 КҮН – 80 ИГІ ІС»: БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«80 КҮН – 80 ИГІ ІС»: БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Университетімізде Әскери кафедрада Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қолға алынған «80 күн – 80 игі іс» акциясы аясында Шымкент қаласы колледждері мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараға 85 мектеп, 17 колледжден жалпы 2000-ға жуық оқушы қатысты.М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің бірінші проректорының м.у.а. Қ.Сарыкулов, «ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник С.Онбаев, Шымкент қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Ә.Шегебаев, Әскери кафедраның бастығы, полковник Ж.Кенжебаев құттықтау сөз сөйлеп, патриоттық тәрбие беру, отаншылдық рухты көтеру, ұрпақ бойына патриоттық құндлықтарды сіңірудегі ойларымен бөлісті.
Патриоттық іс-шарада студенттер арасында өткен «Ұлы Жеңіске 80 жыл: естелік, мақтаныш, мұра» тақырыбындағы байқау жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, келушілер назарына Әскери кафедраның әскери техникалар, қару-жарақ және РХБҚ приборлар көрмесі ұсынылып, атыс алаңында жаттығулар көрсетілді.
Іс-шараға қатысқан оқушылар әскери сала мамандығына қызығушылық танытқанын және Әуезов университетіне оқуға түсуге ниетті екендігін білдірді.




Басқа жаңалықтар

«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕРЛЕР, ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕРЛЕР, ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуе
VKӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 289 ТҮЛЕККЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 289 ТҮЛЕККЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде әскери кафедраны т

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ 2026 жылғы 5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әскери кафедрасында бітіруші түле