★Әскери кафедра
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ


ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлім арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы бастамашы болған келісім аясында алдағы уақытта патриоттық тәрбие беру, әскери патриоттық іс-шараларды атқару және жеке құраммен тәрбиелік жұмыстар бірлесе атқарылатын болады. Бұдан бөлек, кездесу аясында әскери салада туындайтын өзекті мәселелер ғалымдармен бірге талқыға салынды. Тараптар жағынан жастар арасында қоғамды алаңдатып отырған лудомания, есірткіге тәуелділік, суицидтің алдын алуда ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеу және нақты шешу жолдарын қарастыру ұсынысы айтылды. Университеттің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры У.Сулейменов нақты ғылыми жобалар арқылы мәселелерді зерттеуге мүмкіндіктер бар екенін жеткізсе, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғ.Бесбаев оқу ордасындағы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы психологиялық ғылыми бағыттарда мамандар даярлап отырған жетекші кафедраларының бірі екенін және психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейтінін атап өтті.





Басқа жаңалықтар

«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕРЛЕР, ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕРЛЕР, ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуе
VKӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 289 ТҮЛЕККЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 289 ТҮЛЕККЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде әскери кафедраны т

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ 2026 жылғы 5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әскери кафедрасында бітіруші түле