★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Тәрбие жоспарының бағдарламасына сәйкес «Студенттерді салауатты өмір салтын ұстану» мақсатында ММГ 14-6р тобы және топ тәлімгері Г.Макулбекова, өз денсаулығын және қоршаған ортаға қарай жауапты көзқарастарын насихаттау, жеке және әлеуметтік басымдылық ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт күнін ұйымдастырды.
«Тау самалы» шаңғы базасы Тоғыс және Доңғыстау өзендерінің арасы мен «Тянь-Шань» тауының батыс жақ етегінде, Шымкент қаласынан 55 км қашықтықтағы көркем жерде орналасқан. Демалысымыз денсаулыққа өте пайдалы болды. Біз арқанды жолға, шаңғыға, шанаға және де атқа отырып, уақытты көңілді өткіздік.
Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж