★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
Жұмыс берушілермен кездесу
20 ақпан 2019 жылы Университетте «Механика және машинажасау» кафедрасында 5В071200 «Машина жасау» мамандығының 2-ші, 3-ші және бітіруші курс студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласы машина жасау саласында өнімдер шығаратын KARLSKRONA LC AB» ЖШС кәсіпорыны өкілдерімен кездесті. Кәсіпорын жағынан компанияның техникалық директоры Наумов О.Г., қызметкерлер бойынша директор қ.а. Дүйсенбекова Д.Б., маркетинг департаменті директоры Сипульдина С.А., Бас директор көмекшісі Алтаев Н., сапа бақылау бөлімінің басшысы Ажаев А.С., жетекші инженер-технолог Султанов Х.Т., №2 өндіріс цехының басшысы Шевченко Г.Ю. және сорғыш жабдықтарын іріктеу бойынша жетекші инженерАлиева М.О. қатысты.
Кездесу барысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС өкілдері кездесуге қатысушыларға компанияның структурасы, даму болашағы және жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы баяндап берді.
Жұмыс берушілер осы өндіріс саласының дамуына өз үлестерін қосатын алғыр да білгір жастардың қажеттігі жайлы ерекше айтып өтті.
Кездесу кезінде қатысушы қонақтар студенттер тарапынан берілген жұмысқа орналасу, өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өту кезіндегі білімді жетілдіру жолдары, жұмысқа орналасу және т.б.сұрақтарға жауап беріп,болашақ жас мамандардың көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді талқылады.
Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж