★«Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті
Стандарттау саласындағы жаңа заңнама
Стандарттау саласындағы жаңа заңнама
Қазақстан Республикасында ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыру бойынша Техникалық реттеу жүйесін дамыту жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңы күшіне енеді. Аталған заңның ережелерін түсіндіру үшін 09.04.2019 ж. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК филиалы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін семинар ұйымдастырды. Жиында М. Әуезов атындағы ОҚМУ "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының меңгерушісі Тулекбаева Айжамал Конисбаевна баяндама жасап, ұлттық стандарттау жүйесі үшін стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында кадрлар даярлау бойынша білім беру жүйесінің рөлін атап өтті.Басқа жаңалықтар

"Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Жолдасбекованың ашық дәрісі
2026 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:05, 403Б аудиториясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ

Ашық сабаққа шақыру

«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос ж